Лактулоза- биогенді қосылыс



бет8/20
Дата18.12.2021
өлшемі193,01 Kb.
#103233
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
сүт өнімдері

Тоқ ішектегі лактулоза

Энергия және көмірсу көзі





Биомасса



Бактериялардың биотрансформациялану нәтижесінде қысқа тізбекті май қышқылдарына айналу



Осмостық қысым



рН



Көлемі





Перистальтика



Тоқ ішекарқыла өткен уақыты

4-ші суретте. Лактулозаның адам организміне әсерінің схемасы

Лактулозаны қабылдаудан қандағы глюкоза мөлшері көтерілмей, тіпті глюкозаның сіңірлуі баяулайтындығы айтылады.Сол себепті лактулозаны қант диабетін емдеуге пайдалану қарастырылған.

K. Suzuki және тағы басқалары, лактулозаның тышқан органтзміндегі Са, Мg, Zn, Cu , Fe –ды ұстап қалатындығы және адсорбциялайтынын бақылады. C. Igarashi өз әріптестерімен, лактулозаның жекелей және бифидобактериялармен комбинациялана отырып кальциидің сіңірлу мүмкіндігін арттыратындығын, сондай-ақ сүйек остеопорозының алдын алатындығын дәлелдеді.Лактулозаның тағы бір маңызды әсер ету бағыты,иммунитеттің белсенділігін арттыру, бауыр циррозын болдырмау немесе жұқпалы ауруларға қарсы тұру.

Лактулоза метаболизмінің ерекшелігі, оның бауырдың қабынуы кезіндегі антиэндотоксиндік эффектісі және өт жолына жасалған операциялардан кейінгі асқынуды болдырмау. Қан құрамындағы холистериндік алмасуды реттеуде лактулоза таптырмайтын әдіс. Ол қан сарысуындағы холистерин мен триглицеридтердің көрсеткішін реттеп отырады. Адсорбентті(лигин) лактулозамен бірмезгілде пайдаланғанда оның гипохолистериндік әсері күшейе түседі.

Соңғы жылдары жылықанды жануарлар организмінде бифидобактериялардың маңызды роль атқаратындығы белгілі болды, оның үстіне адам организмінің жануарлардан ішек микрофлорасы бойынша ерекшеленетіндігін бәріміз білеміз. Зерттеулер нәтижесі анықтағандай, лактулозаны болашақта ауылшаруашылығында жас малдарға беретін, дисбактериоздың алдын алатын азықтық қоспа дайындауда пайдалану.

Лактулозаның бифидогенді механизмі, аз қорытылатын көмірсулардың адам үшін маңызды екендігін ғалымдар ашып, дәлелдеді. Соңғы жылдары бифидогенді олигосахаридтерді өнеркәсіпте өндіруге сұраныс күннен- күнге арта түсуде. Алайда, биологиялық құндылығын мен зияндылығын тереңірек зерттеу арқылы фрукто-,мальто-,изомальто-,галакто-,ксило- және басқа да олигосахаридттер кеңінен қолданылуда. Лактулоза 30 жылдан астам уақытта түрлі ортада жан-жақтылы, кеңінен пайдаланылу кезінде өз мүмкіндігін қазірге де, болашақта да дәлелдеп отыр. Зерттеуші мамандардың болжамы бойынша лактулоза, адам денсаулығын және оның өмір сүру белсенділігін арттыратындығын тұжырымдап берді.

Соңғы жылдары тамақтану институттары құрамында лактулозасы бар бірнеше түрлі тағамдарды шығарды. Атап айтқанда, сарысулы сусын «Яблонька» (ТУ 9223-033-0041900-96) сүт сарысуына жүгері немесе төменгіқантты үгінді, лизоцим, лактулоза (1 тонна өнімге 4кг), қант, алма шырыны, ароматизаторлар қосылған тағамды 1 жастағы балаларға арналған тағам ретінде беру көзделіп отыр. Бұл тағамның құндылығы, 1 жастағы баланың асқорту жолдары мүшелерінің ауруларын және ішек микрофлорасын қалпына келтіруде өте маңызды. Сол сияқты, құрамында лактулозасы бар сүтқышқылды «Истринский» сусыны (ТУ 9224-032-004190030-96) 6 айлық сау және ауру балаларға арналып шығарылды. Сүтті құрғақ «Бифилак»(ТУ 9243-031-004190003-96) өнімі: майсыз сүттің тоңазытып кептірілген қоюлатылған қоспасынан, кілегей, жұмыртқа саруызы, жүгері майы, нәруыз сарысуы, төменгіқантты немесе жүгері ұнтағы, сүт қанты,(8,78%) лактулоза, витаминдер, лизоцим, ұнтақталған қанттан тұрады. Оны 6 айлық балаларға арналған тағам ретінде беруді ұсынады. Балалар тағамын өндіретін Ғылыми зерттеу институттарының ұсынысымен лактулозасы бар бұл тағамдарды емшек жасындағы балаларға ана сүті жетіспегенде, сондай-ақ балалар мен ересектерге (әсіресе қарттарға) асқазан жолдарының созылмалы және түрлі ауруларға емдік тағам ретінде беруді ұсынды.

Лактулозаны гиперанемияда,бауыр жетіспеушілігінде және портальды жүйенің энцефалоптиясы(ПЖЭ) кезінде кеңінен қолданатындығы белгілі. ПЖЭ –бұл орталық жүйке жүйесінің метаболизімінен туындайтын психологиялық және неврологиялық жағдайдың бұзылуы.Соның әсерінен, ақыл-естен біртіндеп айырлу,кейіннен комаға түсуге әкеледі. Аурудың туындауы, ішектегі шіріту бактерияларыдың әерінен аммиактың қан арқылы

бауырға сіңуінен болады.Бауырдың бұзылуы нәтижесінде аммиак миға түсіп,токсин ретінде ағзаға әсерін тигізе бастайды.1964 жылы J. Brirchtr және

басқалары бұл мүмкіншілікті экстеримальды зерттеудің мәліметтерімен дәлелдеді.

Дәрігерлердің көп жылғы тәжірибелерінің қорытындысы бойынша мынадай шешім жасалды: ПЖЭ- мен ауратын және асқынудан комаға түскенде лактулозаның-бірегей ,шынайы өмір сүру мүмкіншілігі екенді дәлелденді.

ПЖЭ кезінде лактулозаның емдік әрекеті микрофлораның шіріткіштік деңгейінің төмендеуімен түсіндіріледі.Метаболизм кезіндегі өзгерістің бірегейлігі,ішек ішіндегі қышқылдылықтың жоғарлауына әсер етуі болып табылады.Соның салдарынан,аммиактан аминқышқылдарының және мочевинаның түзілу деңгейі төмендеп,қанға сіңірлуі азайып,иондалған аммонилік формаға көшетіндіктен,ішектің сілемейлі қабығының өткізу қабілеті баяулайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет