Латын емтихан жауаптары Жазудың пайда болуы мен даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз


Қазақ жазуын зерттеген ғалымдардың тұжырымдрын саралап, концептуалды кестеге түсіріңіз



бет16/42
Дата26.01.2023
өлшемі2,56 Mb.
#166496
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
Байланысты:
Латын эмтихан жауабы дайын (копия) (копия)

21.Қазақ жазуын зерттеген ғалымдардың тұжырымдрын саралап, концептуалды кестеге түсіріңіз.





Ғалымдар

Тұжырымдары

1

Бабаш Әбілқасымов 

«Газеттер пайдаланған араб графикасына негізделген алфавитте араб әліппесіндегі әріп таңбалары түгел дерлік сақталған. Оның үстіне парсы тілі арқылы енген , , , әріптерінің таңбалары және қазақтағы мұрын жолды "ң" дыбысының таңбасы ретінде "н" мен "к" дыбыстарының қосынды таңбасы алынған. Араб әліппесін толықтыратын асты, үсті, үтір сияқты қосымша белгілер пайдаланылмаған»

2

 Гүлфар Мамырбекова

  1. Мұндай гетерогенді жазба тілді меңгеру көпшіліктің үлесінде емес, тек сол кездегі элиталық топтың ғана оқу құралы болды. 

  2. Ескі қазақ жазба тілінде дәстүрлі түркі әдеби тіл әсері толық сақталғандықтан, қазіргі кезде кодификацияланған сөздер екіұшты таңбаланған.

  3. Сондай- ақ түбірге қосымша қосылғанда, дыбыс үндестігі заңы сақталмай жазылды. 

3

Қ.Жұбанов 

  1. Қазақ тіл білімінің сан саласынан іргелі-іргелі зерттеулер жаза отырып, сол тұстағы көкейтесті мәселелердің бірі болған қазақ жазуы мен әліпбиі бойынша белгілі фонетист ғалым ретінде құнды-құнды пікір айтып, ғылыми маңызы зор еңбектер жазған.

  2. Қ.Жұбановтың әліпби және жазу мәселесіне қатысты көзқарастарын оның «Әліппеміз бұқарашыл болсын», «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы», «Қосар ма, дара ма?», «К проекту реформы казахского алфавита»,«Проект казахского алфавита».

  3. Ғалымның жазу, орфография жөніндегі теориялық зерттеулері негізінен қазақ әліпбиін жасау, бөгде тілдің графикасын қазақ тілінің ішкі ерекшелігіне бейімдеудің тиімді жолдарын іздестіру, жүйелі жазу емлесін құрастыру, оны жетілдіру, орфоэпия мен орфографияның өзіндік белгілеріне сай қазақ тілі дыбыстарының ерекшеліктерін көрсету, қазақ тіліне енген терминдердің жазылу заңдылықтарын бір жүйеге келтіру, қазақ орфографиясының жетекші принципін анықтау, т.б. бағыттарда болды.

  4. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады десек, графиканың басты қағидаларының бірі - белгілі бір әріп бір ғана фонеманың таңбасы болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет