Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет19/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

Мазмұндық тұрғыдан адам санасы әлеуметтік – тарихи ықпалға тәуелді. Даму (антропогенез) үдерісінде қалыптаса отырып, сананың барша құрылымдары әлеуметтік –мәдени сипат алады.

Жеке адам санасы және оның құрылымдары кіші балалық шақтан сыртқы әлеуметтік жанамаланған іс-әрекеттер құрамын өз бойына сіңіре меншіктеумен (интериоризация) қалыптасып барады.



  1. Психика деңгейлерінің өзара байланысы


Адамның психикалық іс-әрекеті және оның психикасы бірдей уақытта үш өзара байланысты деңгейде қызмет етеді. Мұндай деңгейлер ғылымда келесідей аталған: бейсана, астар сана және ашық сана.

Психикалық іс-әрекеттің бейсана (бессознательный) деңгейі адамда, жалпы жануарлар әлемінде тума инстинктті – рефлекторлы қалыптасады. Бұл деңгейдегі барша әрекет – қылықтар ой түсінімінде жоқ, ойластыруға келмейтін биологиялық тетіктер арқылы басқарылып, реттеледі. Олардың бәрі биологиялық қажеттерден туындайтын әрекеттер, яғни – организмнің және тек өкілінің өз тіршілігін сақтауы, жалғастыруы (қоректену, қорғану, ұрпақ қалдыру).

Алайда, адам әрекет-қылығының (генетикалық шартты) бағдарламасы түптен дербес емес, ол дамудың соңғы кезеңдерінде қалыптасқан ми құрылымдарының бақылауында болады. Дегенмен, кейбір сындарлы жағдайларда (адам басына қауіп-қатер төнгенде) бейсана психика өзінен өзі іске қосылып, тіршілік сақтау, қорғану әрекеттерін реттеп, басқарады. Тек өкілінің (индивидтің) бұл көңіл-күй және бей-берекет (импульс) әрекеттері аймағы ми жарым шарларының таламус және гипоталамус бөліктерінде орналасқан.

Психикалық іс-әрекеттің астар сана (подсознательный) деңгейі - жеке тұлғаның тәжірибесінде жалпыланып, автоматтық күйге енген оның өз әрекет-қылығының тұрақтанған формалары – ептіліктері, дағдылары, әдеттері, сезімдік көрегендігі (интуиция). Тек өкілінің мұндай әрекет-қылықтарының негізі оның алғашқы даму кезеңдерінде қалыптасқан. Бұлар қатарына бас миының қабық асты (лимбикалық) жүйесінде құрылымдық орын тепкен импульстік-көңіл-күйлік (импуль- сивно-эмоциональные) әрекеттері аймағы да кіреді. Осы психикалық аймақта тек өкілінің өзі сезбейтін ұмтылыстары, ниеттері, құмарлықтары мен ұстанымдары қалыптасады. Бұлардың бәрі тұлғаның ырықсыз аймағы, «адамның екінші табиғаты» немесе дағдылы жеке қылық- әрекеттерінің «көзі», бойға біткен мінез әдеттері.



Астар сана көп деңгейлі құрылым: төменгі деңгейде ол – автоматтасқан дағдылар және олардың бірігімдері, ал жоғары деңгейде бұл – сезім көрегендігі (интуиция).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет