Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №16 Кәмелетке толмағандардың еңбек іс-әрекеті



бет34/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция
Ғылыми-зерттеу әдістері және академиялық хат пәні, 2-ДӘРІС ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ
Лекция №16
Кәмелетке толмағандардың еңбек іс-әрекеті


Лекция жоспары:
1. Кәмелетке толмағандардың еңбек іс-әрекеті туралы
2. Кәмелетке толмағандардың еңбек іс-әрекетіне қатысу құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау


Лекция мәтіні:
1. Кәмелетке толмағандардың еңбек іс-әрекеті туралы
Жасы 18-ге жетпеген адамдар кәмелетке толмағандар болып есептеледі. Заң кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын айрықша қорғайды, өйткені олар дене күші жағынан да, рухани жағынан да толық өсіп-жетілмеген. Заң, сонымен қатар кәмелетке толмағандарды өздерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында түрлі қоғамдық қатынастарға қатысушылар деп те таниды.
Кәмелетке толмағандар құқық субъектілері ретінде өздерінің кәсіби қызметтің қайсыбір түріне қабілеттілігін байқатуға, өздерін жеке тұлға ретінде көрсетуге мүмкіндік беретін еңбек қатынастарын ерекше бөліп көрсету керек. Кәмелетке толмағандардың еңбек құқығы субъектілері ретіндегі жалпы және арнаулы құқықтың мәртебесі сипатына байланысты ажыратылады.
Республика аумағында тұратын жас азаматтарға: кәсіби-бағдарлық қызметті, кәсіби даярлықтан және қайта даярлықтан өтуді; бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды; қолайлы жұмыс таңдау және жұмысқа орналасуды өкілетті органдардың делдалдық көмегін пайдалануда жұмысқа қабылдаудан орынсыз бас тарту және жұмыстан негізсіз шығарудан қорғау жөнінде тегін көмек алуға кепілдік беріледі.
Жас азаматтармен жеке еңбек шартын жасасқан кезде олардың білім алу, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік мүдделері ескерілуі керек. Жұмыс берушілер тарапынан жастардың құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда жас азаматтардың олардың іс-әрекеттері жөнінде сотқа щағымдануға құқығы бар.
Кәмелетке толмағандар еңбектік жасқа толуына байланысты еңбек қатынасына кірісе алады. Еңбекке қабілетті деп төменгі және жоғарғы шегі еңбек заңында анықталатын жас танылады. Адамды жұмысқа қабылдауға болатын ең төменгі жас он алты жас болып белгіленген. Он бес жасқа толған адамдар орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда, ата-аналарының немесе қорғанышы-қамқорлығының келісімімен жеке еңбек шартын жасаса алады. Кейбір жағдайларда 14-ке толған оқушыларды олардың денсаулығына және оқуына зиян келтірмейтін, оқудан бос уақытында атқаратын жұмыска ата- аналарының біреуінің (қорғаншы, қамқоршы) келісімімен ғана алуға рұксат етіледі. Бұл жағдайда ата-анасы (қорғаншы, камқоршысы) жеке еңбек шартына кәмелетке толмағандармен бірге қол қояды.
Жүйке ауруынан және ақыл-есінің кемістігінен сот тәртібімен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адам, еңбек құқығының субъектісі бола алмайды.
Кәмелетке толмағандарды жұмыска қабылдағанда мемлекеттік, коғамдық органдардың келісімінің қажеті жоқ.
Кәмелетке толмағандар еңбектік жасқа толуына байланысты еңбек қатынасына кірісе алады. Еңбекке қабілетті деп төменгі және жоғарғы шегі еңбек заңында анықталатын жас танылады. Адамды жұмысқа қабылдауға болатын ең төменгі жас он алты жас болып белгіленген. Он бес жасқа толған адамдар орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда, ата-аналарының немесе қорғанышы-қамқорлығының келісімімен жеке еңбек шартын жасаса алады. Кейбір жағдайларда 14-ке толған оқушыларды олардың денсаулығына және оқуына зиян келтірмейтін, оқудан бос уақытында атқаратын жұмыска ата-аналарының біреуінің (қорғаншы, қамқоршы) келісімімен ғана алуға рұксат етіледі. Бұл жағдайда ата-анасы (қорғаншы, камқоршысы) жеке еңбек шартына кәмелетке толмағандармен бірге қол қояды.
Жасы он сегізге толмаған адамдарды дене еңбегін қажет ететін ауыр жұмыстарға және еңбек жағдайы зиянды, ірі қауіпті жұмыстарға қабылдауға рұқсат етілмейді. Ауыр дене еңбегі дегеніміз - қызметкердің ауыр заттарды көтеруіне және оларды қол күшімен басқа жерге орналастыруына немесе 300 ккал/сағат энергия шығындауына байланысты болатын жұмыстар.
Қазір қолданылып жүрген "Еңбек туралы" заңдарда барлық еңбекке қабілетті азаматтарға кәсіп, қызмет және жұмыс түрін таңдауда тең мүмкіндіктер белгіленген. Жұмысқа қабылдау кезінде жынысына, нәсіліне, ұлтына және дінге көзқарасына байланысты оның құқығын қандай да бір тікелей немесе жанама шектеуге, тікелей не жанама артықшылықтар белгілеуге жол берілмейді.
18 жасқа толмаған қызметкерлер жалпы ереже бойынша еңбектік-құқықтық қатынастарында кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, еңбек демалысы және өзге де еңбек жағдайлары саласында еңбек заңында белгіленген жеңілдіктерді пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет