сурет. Сынауықтар қойылған демонстрациялық үстел
Демонстрациялық экспериментің технологиясы. Демонстрациялық эксперимент жүріп жатқан уақытта жас мұғалімде де, тәжірибелі мұғалімде де кездейсоқ сәтсіздіктер болып қалуы мүмкін. Сондықтан алдын – ала эксперимент жүргізудің бірнеше варианттарын қарастырып қою керек. Мысалы, алюминийдің ауада тотығуын көрсететін эксперимент.
1 вариант. Алюминий пластинкасын алдын – ала натрий гидроксидінің концентрлі ерітіндісіне салады, сосын сумен жуады, содан соң барып сулеманың (HgCl2) қаныққан ерітіндісімен өңдейді.
вариант. Алюминий пластинкасын алдын – ала дайындаусыз ақ сынап иодидімен өңдейді. Осы сияқты бір тақырып бойынша көрсетілетін эксперимент түрлеріне бірнеше тәсілдерді жинақтау керек. Алдын – ала жасап көріп әрбір тәсілдің әлсіз және көрнекі жақтарын анықтап тиімдісін қолданған дұрыс .
Көптеген жағдайларда арнайы биіктікті қадағалаушы көтергіш орындықтарды қолданған пайдалы. Кей кездері бірнеше тәжірибелер жәй сынауықтарда өтіледі, бірақ мүмкіндігі барынша үлкен көлемді демонстрациялық сынауықтарды қолданған жөн. Үстелдің ортасына қарай ашық жер қалдырып, демонстрациялық сынауықтарды орналастыру керек.
Сынауықты ұстап тұрушы штативтер мұғалімге қаратылып, ал бет жағын оқушыларға қаратып қою керек. Таразылар әрқашанда алдыңғы жағы сыныпқа, газометр мен Кипп аппараты қырымен тұруы керек (2-сурет).
2 сурет. Демонстрациялық үстелдегі газометр мен
Кипп аппаратының орналасуы
Дидактикалық міндеттерді шешу тәсілдері бойынша демонстрациялық эксперименттер төмендегідей болып бөлінеді:
заттың қасиеттерін зерттейтін эксперименттер;
белгілі бір заттардды алуға немесе қосуға арналған эксперименттер;
негізгі химиялық түсініктер, заңдар – теорияларды түсіндіретін эксперимент түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |