3 сурет. Демонстрациялық үстел
Демонстрациялау әдісі – эксперименттің жақсы, көрнекі, сәтті, түсінікті өтуін қамтамасыз ететін тәсілдер жиынтығы. Эксперимент техникасы мен әдісі өзара тығыз байланысты және жалпы атауы демонстрациялық эксперименттің технологиясы деп аталады [3].
Демонстрациялық эксперименттің әдістері:
тәжірибенің мақсатын қою қажет, яғни эксперимент не үшін өткізіледі, экспериментті бақылау нәтижесінде нені түсіну қажет;
тәжірибе жүргізілетін құрылғыны суреттеу, тәжірибе шартын және реактивтерге сипаттама беру керек.
Зертханалық тәжірибелер – мұғалімнің бақылауымен оқушылар өз бетінше орындайтын жұмыс түрі. Зертханалық тәжірибелер жаңа материалды толық ұғыну үшін және нақты, дәлелді білім алу үшін сабақтың кез-келген ыңғайлы бөлігінде жасалатын тәжірибе түрі. Зертханалық тәжірибелер сабақтың барлық бөлігін алмайды, тек белгілі бір бөлігінде ғана жасалады, яғни тәжірибені қай уақытта жасау ыңғайлы екенін мұғалім өзі алдын-ала ойластырып шешеді .
Зертханалық тәжірибелер, теориялық ұғымдар, ережелер және кейбір түсініктерді нақтылау үшін заттардың физикалық және химялық қасиеттерімен танысу, физика – химиялық құбылыстарды бақылау және тағы сол сияқты жұмыстарды қамтиды.
Кейде жаңа материады тәжірибе арқылы түсіндіру үшін зертханалық тәжірибе танымдық мақсатта жүргізіледі. Тәжірибенің бұл түрі оқушылардың ойлау іс – әрекеттерін дамытатын белсендіретін зерттеушілік сипатта болады. Демонстрациялық экспериментпен салыстырғанда зертханалық тәжірибе кезінде оқушылар өз бетінше жұмыс жасайтын болғандықтан олардың бойында эксперименттік білік пен дағды біртіндеп қалыптаса бастайды. Бұл зертханалық тәжірибенің демонстрацциялық тәжірибеден негізгі айырмашылығы. Тағы бір айырмашылығы – барлық зертханалық тәжірибелер зертханалық тәжірибелерді жүргізуге көп уақыт кетуі мүмкін. Жалпы эксперименттер жүйелі жүргізілетін мектептерде ғана зертханалық тәжірибелер берілген уақытта сапалы және нәтижелі жүруі мүмкін.
Ұқсастығы: жаңа материалды практикалық тұрғыда толықтырушы ретінде жүргізіледі, оқушыларда заттың қасиеті химиялық процестер туралы көрнекі көзқарастар қалыптасады. Сабақ барысында және күннделікті өмірде қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарға белгілі бір көзқараспен қорытынды жасауға үйретеді .
Практикалық жұмыс – тақырыпты немесе тарауды оқып болғаннан кейін сол жаңа материалға сәйкес химиялық тәжірибелерді арнайы сабақта оқушылар өз бетімен жасайтын жұмыстың түрі, оқу жоспарында практикалық жұмысқа арнайы сағат бөлінеді. Практикалық жұмыс басқа сабақ түрлеріне қарағанда алынған білімді қорытындылауға және ол білімді қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар, эксперименттік білік пен дағдының қалыптасуына және дамуына көмектеседі .
Практикалық сабақтарға қойылатын талаптар және ондағы мұғалімнің ролі.
жұмыс жүргізілуі үшін кейбір өзгерістер болған жағдайда, мұғалім сабақтың барысында хабарлап себебін түсіндіру керек;
оқушылар үйде жұмысқа дайындалу барысында туындаған сұрақтарына мұғалім сабақтың барысында жауап беріп түсіндіру керек. Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар міндетті түрде осы жасалынатын жұмыс мазмұны бойынша болу керек;
жұмыстың кейбір қиындау бөліктерін немесе алғаш жасалайын деп тұрған бөліктерін мұғалім алдын – ала түсіндірріп, тіпті кейбір жағдайда жасап кетуіне болады.
әрбір оқушының жұмысқа дайындығы толық тексерілгеннен кейін ғана жұмысқа рұқсат беріледі. Осыдан кейін оқушылар жұмысты бастайды, ал оқытушы әрбір жұмыс үстеліндегі оқушының қимылын бақылап, мұқият қадағалап тұрады. Қажет болған жағдайда ғана жеке көмек көрсетуіне болады. Егер оқытушының кейбір кемшіліктерін байқап қалған жағдайда, оның өзі бірден түзетпей оқушының өзі ойланып іздеп табуына мүмкіндік беру керек. Егер химиялық кабинет қажетті реактивтермен, құрал – жабдықтармен толық жабдықталған болса, практикалық жұмысты әрбір оқушы жеке орындаған дұрыс, ондай мүмкіндік жоқ болған жағдайда кем дегенде екі оқушы бірігіп орындауы керек, бірақ екеуі де белсенді жұмыс жасауы керек. Кері жағдайда, яғни біреуі ғана орындап, екіншісі тек жанында көріп отыратын болса, ол оқушының эксперименттік білігі мен дағдысына кері әсер етеді. Оқушылар жұмысты бірігіп жасағанмен де жұмыс қорытындыларын байқағандарын қажетті реакция теңдеулерін және есептеулерді әрқайсысы жеке жазуы керек. Сонда ғана оқушының білімі тереңдейді және практикалық білігі артады. Оқытушының практикалық сабаққа арналған жеке журналы болған дұрыс, онда әрбір оқушының химиялық операциялары элемнтін меңгергендігі экспериментті жасай білу қабілеттілігі, техника қауіпсіздігі ережелерін қаншалықты білетіндігі теориялық білімдерін практикада қолдана білу білігі жазылады. Ең соңында «ескертулер» деген графа болуы керек, сол жерге әрбір оқушының кемшілігі тіркелген дұрыс. Мысалы: полимерлі материалдар пластмассалар туралы тақырыпта:
химиялық талшықтарды танып білу;
оқушыларға алдын – ала тапсырма беру;
әртүрлі пластмассаның, талшықтың үлгілерін алып келу;
физикалық қасиеттерін танып білу (түсі, исі, иілгіштігі, созылғыштығы);
спиртшамның жалынында қыздыру;
әртүрлі еріткіштерде (су, ацетон, спирт қышқылдарда, сілтілерде, бензинде, керосинде) ерітіп көру;
әртүрлі талшықтардың, пластмассаның тығыздығын анықтаулары қажет .
Оқытушы осындай эксперименттің нәтижесінде оқушылардан қандай білік пен дағдыны байқауы керек:
спиртшаммен жұмыс жасай білуі;
заттардың сыртқы қасиетіне қарап, ажырата білуі;
әртүрлі ерітінділермен жұмыс жасай білуі;
өздерінің эксперимент нәтижелерін қорытындылап, анықтамалық мәліметтермен салыстыра білуі .
Жұмысты орындап болғаннан кейін оқушылар дәптерлеріне жазбаша есеп жазады. Онда:
қандай заттарға тәжірибе жасағандығы;
қандай тәжірибе түрлерін жасағандығы;
байқаған құбылыстары, сол құбылыстарды түсіндіру;
қорытынды қамтылуы қажет.
Осы арқылы оқушының теориялық білігі де, практикалық білігі де артады.
Эсперимент есептердің оқу – тәрбиелік маңызы мен типтері.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндәк білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу танымдық іс–әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр.
Ұстаз міндеті – оқушыға кез–келген білім саласын меңгертудің жеңіл де тиімді жолдарын тауып, шығармашылық жұмыс істей білуге үйрету. Кезінде педагог – ғалым В.А. Сухомлинский «Сабақ – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы» деген болатын. Уақыт өткен сайын сабақ өткізуді жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңаруда. Оқытудың көптеген түрлерінің ішінде балаға білім беруді практикалық оқытудың алатын орны зор, оның ішінде химияны оқытуда эксперименттік есептер шығарту ерекше орын алады, себебі, ол – химия сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізгі жолдарының бірі .
Эксперименттік есептер - тек тапсырмалардан тұратын оқушылар өз бетінше орындаған жұмыстың түрі, яғни есеп мазмұны беріледі, оны шешудің және практика жүзінде жүргізудің жолдарын оқушылар өздері өз бетінше анықтайды және таңдайды, іс жүзінде жүзеге асырады. Жұмыстың мұндай түрін орындау оқушылардан тек теориялық білімдерін пайдалануын ғана емес, сәйкес тәжірибелерді жүргізе алу қабілеттіліктерінің болуын талап етеді.
Эксперименттік есептерді шешуде әртүрлі жаңа технологияларды қолдануға болады, соның ішінде ақпараттық – коммуникативті, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту технологиялары және интерактивті тақтаны тиімді пайдалану өз нәтижесін беруде. Әсіресе, интерактивті тақтада алдын – ала дайындалған эксперименттер, бейне тәжірибелерді көру арқылы оқушы тапсырманы терең меңгеріп, дұрыс тұжырым жасап, қорытынды шығара алады .
Химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде сарамандық әдістердің тобына жатады. Есеп - шығару оқушылардың теориялық білім мен тәрбие арасындағы байланысты жүзеге асырады. Оқушылар есеп барысында химиялық ұғымдарды, теорияларды қалыптастыруға, олардың химиялық тілмен сөйлеу мәдениетін байытуға, іскерлікке, ізденгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Химиялық есептер: жаңа сарамадық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру химиялық ұғымдар мағлұматтарды үйрету; білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру; проблема қою және проблемалық ахуал туғызу; материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; оқушылардың әртүрлі деңгейдегі шығармашылық қабілетін тәрбиелеу мақсатында беріледі.
Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге жіктеледі. Сапа есептері эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін бақылап, бағалауда маңызы зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Олар химиялық құрал – жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі. Эксперимент есептерін үзбей шешіп, машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзімен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасы мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын білінеді. Сондықтан химиядан мектеп бітіру емтиханы билеттерінің бір сұрағы эксперимент есебі түрінде беріледі .
Эксперименттік есептерді орындаудың мақсаты – теориялық білімді практика жүзінде өз бетінше қолдана білуге үйрету, әрбір зерттеу жұмыстарын жүргізіп үйрену үшін эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыру.
Практикалық сабақтар мен зертханалық тәжірибелерден эксперименттік есептердің айырмашылығы материалды меңгеру, қорытындылау, бекіту кезінде оқушының білімін тексеру және үй жұмысын тексеру үшін жүргізуге болады. Эксперименттік есептерді жеке – жеке топпен немесе бір мезгілде бүкіл сынып болып орындауға болады. Оқушылар эксперименттік есептерді орындай отырып, бұрынғы қалыптасқан білік пен дағдыларын жетілдіріп қана қоймай алған білімдерін қолдана білуге үйренеді. Бұл алға қойған міндеттердің теориялық шешімін өз бетінше табуға және алынған нәтиженің дұрыстығын тәжірибелік жолмен тексеруге мүмкіндік береді .
Эксперименттік есептерге арнайы нұсқаулар жоқ. Сондықтан оны орындау оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуді көбірек талап етеді. Танымдық жағынан сандық есептерге қарағанда эксперименттік есептерді орындау оқушыларға тиімді. Себебі, эксперименттік есептерді шешу үшін оны теориялық негіздеу қажет, сәйкес тәжірибе жүргізу қажет және тәжірибе нәтижелерін теориямен салыстырып түсіндіру қажет.
Эксперименттік есептерді орындау мұғалімдер оқушылардың материалды қаншалықты меңгергендігін және алған білімдерін практика жүзінде қалай қолдана алатындығын қысқа уақыттың ішінде тексеруге және бағалауға мүмкіндік береді. Есеп нәтижелерін талдау оны шешудегі қателіктерді табуға, себептерін анықтауға және оларды түзете білуге мүмкінді береді. Сонымен қатар, кейбір оқушыларға жеке көмек бере отырып, эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыруына жол көрсетеді .
Химиялық эксперимент есептерін шығарту жолдарының негізгі кезеңдері.
1 – кезеңде берілген есеп теория жүзінде талқыланады. Мұғалім әңгімелесе отырып жоспар құрады, қажетті тәжірибелерді анықтайды да бір оқушы немесе мұғалімнің өзі көрнекі көрсетеді.
2 – кезеңде есепті шығару жоспары көпшілік оқушылармен бірлесіп талқылау арқылы жүзеге асырылады да, тәжірибелер демонстрация түрінде көрсетіледі.
3 – кезеңде арнайы практикалық сабақтарда оқушылар эксперименттік есептерін өздігінен орындайды .
Эксперименттік есептер оқушылардың танымдық іс – әрекетінің сипатына қарай бірнеше типтерге бөлінеді. Солардың іс жүзінде жиі қолданылатындары:
заттарды бір – бірінен ажырату;
химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру;
заттарды алу;
заттардың сапалық құрамын анықтау;
қоспаның құрамын анықтау және бөлу;
берілген заттарға тән реакциялар жасау;
әртүрлі концентрациялы ерітінділерді даярлау;
химиялық сапасын құрастыру және оны қолдану.
Эксперимент есептерінің аталып өткен типтерін шешу жолдары:
сынау және қателесу тәсілі;
есте қалғаны бойынша шығару;
анализ және синтез;
гипотеза жасау;
алгоритм тәсілі.
Экспериментті есептердің типтері
химиялық формулалар мен заттың молекулалық массасын қатынасын есептеу.
реагенттер мен өнімнің белгілі бір санымен химиялық теңдестіруді пайдаланып массасын есептеу.
реагенттер мен өнімдердің белгілі бір санымен газ көлемін анықтау.
ерітіндідегі заттың массалық бөлігі мен заттың массасын есептеу.
Химия пәнін оқу барысында оқығанда маңызды орынды экспериментті есептер алады. Эксперименттік есептер шарты мен талабы бойынша екіге бөлінеді. Экспериментті есептерді шыгару оқушылардан терең білімді, теорияны, химия заңдары мен түсініктерді, нақты материалды (құрамы жөнінде қасиеті, алынуы) игеруді және химия ғылымдарының әдістерін білуді талап етеді .
Ой эксперименті оқушылардың танымдық іс – әрекеттерін блсендіру әдіс ретінде ұмыт болған эксперимент түрінің бірі. Оны көптеген химия пәні мұғалімдері қолданбайды да, себебі, бұл эксперимент түрі туралы оқу құралдарында, әдістемелік құралдарда және басқа да ақпарат көздеріндегі мәліметтердің өте аздығынан. Ой эксперименті өзінің аты айтып тұрғандай теория жүзінде жүргізіледі. Оған уақытта салыстырмалы аз жұмсалады. Тіпті қаржылық (экономика) тұрғысынан да тиімді. Аз уақыт ішінде белсенді ой іс – әрекеті іске асырылады:
сабақтың тақырыбына сәйкес эксперименттің мақсаты қойылады;
шешілетін міндеттер анықталынады;
проблема туындайды;
гипотеза (болжам) сыналынады;
проблеманы шешу жолдары қарастырылады;
экспериментті жүргізу жоспары қарастырылады;
жоспар бойынша эксперимент ойша жүргізіледі;
нәтижесі де теория жүзінде талқыланады;
қажетті есептеулер жүргізіледі;
реакция теңдеулері және қорытынды жазылады.
Химия кабинетінде экспериментті жүргізуге қажетті құрал – жабдықтар реактивтер бар болған жағдайда, оқушылар өздерінің теориялық ой экспериментін практика жүзінде жүргізуге болады.
Ой экспериментін жүргізуде мұғалімнің рөлі өте жауапты. Мұғалімнің міндеті оқушыларға тапсырма берілгеннен кейін олардың эксперимент жүргізу жолдарын талдау, талқылау және абстракты ойлау процестерін үзбей бақылап отыру қажет. Оларды мүқият тыңдай отырып орбитор (баға беруші) рөлін атқару қажет. Оқушылардың өзінің ұсынған жолдарын олардың өздерімен бірге талқылай отырып қажет болған жағдайда бағыт – бағдар көрсету қажет. Соңында әрбір оқушының сабаққа белсенділігін, іс – әрекетін бақылау қажет.
Кейбір орта мектептерде, әсіресе, шалғай ауыл мектептерінде нақты химиялық экспериментті жүргізу мүмкіндіктері болмағандықтан, оған альтернатив ретінде ой экспериментін қолдануға болады. Ой экспериментін жоғары сынып оқушыларымен жүргізген дұрыс, себебі, олар анализ - синтез және салыстыру сияқты ой операцияларымен таныс және оларды оңай жүргізе алады. Эксперименттің мұндай түрін қолдану оқушылардың абстракты ойлау ойша көз алдына елестету қабілеттерін дамытады. Ал ондай қабілеттіліктің болашақта пайдасы орасан зор .
Айқындау эксперименті. Бұл бағыт бойынша мектеп оқушыларының химия пәніне деген ынтасы, қызығушылығы және жалпы сынып оқушыларының пәнді оқыту кезіндегі белсенділіктері зерттеледі. Мектептегі педагогикалық үрдіс химия пәнінің норммативті құжаттарында (стандарт, бағдарлама, оқулық) көрсетілген міндеттердің іске асуы, сондай – ақ, мектептің негізгі және жоғары сатысындағы дайындық деңгейіне қойылатын минимум талаптардың орындалуы тұрғысынан зерделенеді. Сонымен қатар, айқындау эксперименті кезінде оқушылардың химия пәнінен білім сапасы, деңгейі ғана анықталып қоймай, кездескен кемшіліктердің себебі сараланды, оларды болдырмау шаралары қарастырылып, оқулықтар мен оқу – әдістемелік кешенді химиядан білім беруде пайаланудың және тиімділігін анықтаудың өлшемдері айқындалады .
Оқыту эксперименті – экспериментке дейін байқалған кемшіліктерді ескеріп, химияның жаңа буын оқулықтарының дәстүрлі оқулықтардан басты ерекшеліктерін айқындап, оларды пайдалану әдістемесін анықтады. Оқыту эксперименті бойынша мектепте химия пәнін оқыту үрдісінде жаңа буын оқулықтарын пайдаланудың жағдайы, деңгейі сарапталып, эксперименттік оң нәтиже беруіне ықпал ететін педагогикалық мүмкіндіктер нақтыланады, тиімді әдіс – тәсілдерді таңдау жүзеге асырылады .
Бақылау сұрақтары:
Химиялық эксперимент тің таным көзі және тәрбилеу құралы болуын қалай түсіндіресің?
Химиялық эксперимент түрлерінің жіктелу негізі неде?
Қандай эксперимент түрі химиялық нысанның қасиеттерін жан-жақты қарастыруға арналған?
Эксперименттік практикумның мәні неде?
Сарамандық және зертханалық тәжірибелердің ерекшелігі неде?
Әдебиеттер:
И.Нұғыманұлы, Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева. Химияны оқыту әдістемесі – Алматы. «Print-S» баспаханасы, 2005. - 353 б.
Г.М.Чернобельская. Методика обучения химии в средней школе. М.:Владос, 2000. -413 с.
М.В.Зуева, Н.Н.Гара. Школьный практикум. Химия. 8-9 классы. Москва, Изд. Дом «Дрофа», 1999.
Н.Н.Гара, М.В.Зуева. Школьный практикум. Химия. 10-11 классы. Москва, Изд. Дом «Дрофа», 1999.
Дәріс №5-6. Химиялық экспериментті ұйымдастыру мәселелері.
Жоспары:
Химиялық экспериментті қоюда мұғалімнің жұмысы.
Химиялық экспериментті жүргізуде оқушының оқу әрекеттері.
3. Химиялық экспериментті қоюда зертханашының жұмысы.
Химиялық экспериментті қоюда мұғалімнің жұмысы.
Химиялық эксперименттің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып мұғалім оқушыны теориялық білімдерін нақтылауға, жинақтауға және практика жүзінде іске асыруға үйретеді. Химиялық эксперимент оқушыларға теория жүзінде оқыған, меңгерген түсініктері мен қалыптасқан білімдерін практика жүзінде көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, жасап көруі арқылы тереңдетуге көмектеседі. Оқушылар жинақтаған білім, біліктерін және қалыптасқан дағдыларын тек орта мектепте ғана пайдаланып қоймай, одан кейін де пайдалана алады.
Химия пәнін үйретудің тиімділігі оқу материалын жалпы жоспарлаумен тығыз байланысты. Жоспарлау кезіндегі шешілетін негізгі міндеттер – оқу процесін тиімді қарастыру; оқу материалының көлемін анықтау; сабақ кезіндегі және үйге берілетін тапсырмаларды жинақтау; зертханалық тәжірибелерді және практикалық сабақтарды жүргізу, эксперименттік есептеулерді шешуге арналған сабақтарды жоспарлау және уақытын анықтау, барлық сабақ түрлерін қорытындылау.
Химия пәнін үйретудің тиімділігі оқу материалын жалпы жоспарлаумен тығыз байланысты. Жоспарлау кезіндегі шешілетін негізгі міндеттер:
оқу процесін тиімді қарастыру;
оқу материалының көлемін анықтау;
сабақ кезіндегі және үйге берілетін тапсырмаларды жинақтау;
зертханалық тәжірибелерді және практикалық сабақтарды жүргізу;
эксперименттік есептеулерді шешуге арналған сабақтарды жоспарлау және уақытын анықтау, барлық сабақ түрлерін қорытындылау.
Химия пәнінің мұғалімі барлық тақырыптар бойынша және белгілі бір сабақ бойынша экспериментті жоспарлай алуы керек, оны әдістемелік тұрғыдан дұрыс жүргізе білуі керек .
Ақыл – ойдың дамуында теория маңызды роль атқарады, бірақ эксперимент жүргізілетін болса, онда оқушылардың білім сапасы сөзсіз артар еді. Жалпы химиялық экспериментті жүргізу жолын бірнеше этаптарға бөлеміз:
1-этап. Химиялық тәжірибені жасауды теориялық негіздеу;
2-этап. Тәжірибе барысын жоспарлау;
3-этап. Тәжірибеге қажетті құрал – жабдықтар мен реактивтер жиынтығын дайындау (қажет жағдайда қондырғы дайындау);
4-этап. Тәжірибе барысында қажет техника қауіпсіздігі ережелерін еске түсіру;
5-этап. Тәжірибені жоспар бойынша жүргізу, бақылау, қажетті мағлұматтардыжазып отыру;
6-этап. Тәжірибенің аяқталуын мұқият қадағалау;
7-этап. Тәжірибе нәтижесінде қорытындылау қажетті реакция теңдеулерін, есептеулерді жүргізу;
8- этап. Тәжірибе барысын және нәтижесін бағалау
Химиялық эксперименттің бірнеше түрлері бар, оның әрқайсысың өзіндік ерекшеліктері, яғни білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары болады. Бұл мақсаттар оқушылардың химия сабағына деген қызығушылығын, еңбекке баулуын және ең бастысы құзыреттілігін жоғары деңгейде қалыптастырады .
Мұғалім үшін химиялық эксперимент бір жағынан , оқушыларды түсіну мен танып білу, олардың өзіндік ерекшеліктерін бағалауға, екінші жағынан, өзіндік құндылық, жұмысқа деген шығармашылық ізденіс және жеке ойларын жүзеге асырудағы негізгі мүмкіндік болып табылады. Мұғалімнің іс – әрекеті оқушыларды өзіне тартады, оқушылар бақылаған экспериментті мұғалім көрсеткендей етіп жасауға тырысады. Мұғалім көрсеткен эксперименттерді байқай отырып, оқушылар құбылыстың мәнін түсінумен қатар, құралдың құрылысы, оның бөлщектерінің орналасуы, жеке жұмыстарды орындау реті, жұмысты дұрыс істеу мен құрал – жабдықтарды дұрыс қолдана білу жөнінде түсінік алады.
Мұғалім еңбегінің ең бастысы сыныптағы оқушылармен жұмыс істеуге бағытталады. Ол әр баланың жас ерекшелігімен жеке қабілеттерін ескере отырып, танымдық қызығушылығын қалыптастыруға міндетті. Жеке жұмыс жүргізу үшін түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану баланың еңбек дағдысын, шығармашыл, дара қабілеттерін дамытады .
Зерттеу барысында тынымсыз ізденіс арқасында кей кездері мектепте елеусіз жүргізілетін үйірме жұмыстарында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеу арқылы оқушылардың дарындылық қабілетін ашуға, ізденіске түсуіне, нәтижесінде оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысып, аудандық олимпиадада жүлделі орындарға ие болуына әкелді. Бұл үлкен жауапкершілікті керек етеді. Мұндағы ерекшелік – оқушы білімді саналы меңгереді, біреуге үйрету, біреуден үйрену арқылы логикалық ойлау, салыстыру, дәлелдеу т.б. дағдыларды қалыптастырады.
Химияны білмейінше, дүниенің қазіргі ғылыми көрінісін жасау мүмкін емес. Химия жалпы білім беретін мектептің негізгі пәні, бұл пәнді оқушылар тек оқып, теориясымен танысып қана қоймай, қайта қолданылуын білсе құба – құп болар еді. Осы кзде ғана оқушының пәнге деген қызығушылығы ашылады, мамандық таңдауына көмегі тиеді. Кейбір кезде оқушылар өздері түсінейтін терминдерді жаттау арқылы, берілген материалды тек оқып алуына шектеледі. Химия пәнінің білімділік пен тәрбиелік мәнін терең түсіндіру үшін өмірмен байланысын күшейту қажет .
Химиялық экспериментті жүргізуде оқушының оқу әрекеттері.
Оқушы үшін химиялық эксперимент – өзіндік шығармашылық қабілеті мен жекелік сапасын дамытуға мүмкіндік береді, нәтижесінде оқушылар өздері жеке реактивтер мен жұмыстарды таңдап, эксперименттің орындалу жоспарын құрады және құрал – жабдықтарды жинайды, содан кейін экспериментті жүргізеді .
Әдістемелік әдебиеттерде жаңа оқу материалын үйрену кезінде оқушы экспериментін басқару үшін қолданылатын екі әдіс қарастырылады: зерттеу және иллюстративті. Зерттеу әдісін сипаттауда әдіскерлер мен дидактар арасында бірауыздылық жоқ;біреулері оұытудағы зерттеу әдістерін шамадан тыс күрделенедіріп, ғылыми зерттеу әдістермен қатар қояды;екіншілері бұл талаптарды азайтып, көптің қолы жететін еткізеді.
Зерттеу әдісінің күрделі вариантына мыналар кіреді:
Химиялық оқу экспериментінің мақсатын түсіндіру.
Оқушылардың гипотеза жасауы.
Эксперимет жұмысының жоспарын құру.
Тәжірибе жасайтын приборларды немесе қондырғыларды ойласытру немесе құрастыру.
тәжірибені орындау, бақылау, жазу;
бақылаудан қорытынды және есеп беру;
алынған нәтижелерді қолдану.
тәжірибені орындау, бақылау, жазу;
бақылаудан қорытынды және есеп беру;
алынған нәтижелерді қолдану.
Зерттеу әдісінің мұндай күрделі варианты орта мектептегі химияны оқытуда кеңінен қолданылуы (оны сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланады) мүмкін емес. Бұл әдістің оңай вариантын белгілі методист-педагог К. П. Ягодовский сипаттап жазған, ол зерттеу әдісі деп аталу үшін екі жағдай керек екенін атап өтеді:
Әр түрлі оқу объектілерін зерттеу негізінде оқушылар белгілі дәрежеде өздігінен ббрын өзіне белгісіз ғылыми деректі (заттың белгісіз каеиеттерін, химиялык реакцияның ерекшеліктерін және басқа мәліметтерді) ашады.
Белгілі деректер негізінде (тәжірибеден, бақылаулардан немесе кітаптан оқушылар өздері алған біЛім) оқушылар белгілі дәрежеде өздігінен бүрын өзіне белгісіз ғылыми қорытындыны жасайды.
Оқушылар ашқан ғылыми деректер және корытындылар оларға бейтаныс болғанмен ғылымда белгілі болуы мүмкін. Оқушылардың даярлығына және басқа жағдайларға байланысты оқушылардың зерттеу әдісінін жоғарыда келтірілген күрделі схемадан өзге белгілері де болуы мүмкін.
Иллюстративті әдісті кейбір дидактикалық еңбектерде хабарлама әдіс немесе дайын білім әдісі деп атайды. Оның мәнісі мынада: мұғалім алдымен тәжірибе нәтижесінде алынуға тиістіні хабарлайды, айтылғандардын дүрыстығының иллюстрациясы есебінде оқушылар тәжірибені орындайды. Оқушылардың химиялық эксперименті- күрделі педагогикалық процесс. Оның төрт негізгі бөлігі бар:
1) заттарды (тәжірибеге берілген немесе тәжірибе нәтижесінде алынған) зерттеу; 2) прибор әзірлеу немесе дайынын пайдалану; 3) тәжірибені орындау; 4) есеп жазу.
Заттарды зерттеу. Окушылар химиялық тәжірибелер жасағанда жалпы міндетке және тәжірибенің мазмұнына сәйкес заттарды әр түрлі дәрежедегі тереңдікте зерттейді. Мәселен, айрылу реакциясы туралы үғымның қалыптасу процесіндегі тәжірибені орындағанда оқушы негіздік көмір кышкыл мыстың сыртқы түрін және айрылудың екі өнімін (су және мыс оксиді) білуі керек. Үшінші өнімді (көмір қышқыл газын) оқушы , оның қасиетін (жанған шыраны сөндіру және ізбес суын лайландыру) біліп анықтайды.
Заттың сыртқы түрімен таныстыру сөзді көрнекілік құралдармен үйлестірудің бірінші немесе үшінші формасы бойынша жүзеге асуы мүмкін. Бұл жағдайда сөз мұғалімнің ауызша сөзі немесе тапсырмада басылған болуы мүмкін. Көмір қышқыл газын білу үшін екінші немесе төртінші форманы колдану қажет, өйткені оның пайда болғаны туралы бұрын алған білім негізінде: шала жанған шырамен сынау немесе ізбес суы арқылы өткізіп біледі .
Анализаторлар жәрдемімен қабылданбайтын физикалық қасиеттерді: тығыздығы, электр өткізгіштігі, қайнау және қату тем-пературасы танып білу қиынға түседі. Олар туралы приборлардың көрсетуі бойынша біледі. Мәселен, еру процесін өткенде оқушылар таза судың және еритін заттардың, содан соң алынған ерітіндінің электр өткізгіштігін сынайды. Бұл жағдайда да окушылар ерітіндінің тікелей қабылданатын қасиеті ретінде прибордың керсетуін (лампа жанады) қабылдайды. Электролиздің электрхимиялық процестері таныс емес 8 - сынып оқушысы үшін электр лампасының қызуы қышқылдар мен сілтілер ерітінділерін лакмуспен сынағандағы тәрізді индикатор болып табылады. Электролиз процесін білетін 9-сынып оқушыларында прибордың керсетуі мен зат қасиеттерінің арасында қысқа байланыс туады.
8- сыныптағы тәжірибелерде көмір қышқыл газын анықтау үшін ізбес суын индикатор ретінде пайдаланады.
Тәжірибе нәтижесінде алынатын заттарды зерттеу біраз күрделірек. Бүл жағдайда сөзді көрнекі қүралдармен үйлестірудің баска формалары
колданылуы мүмкін. Бірақ барлық жағдайда химиялык, тәжірибелер кезіндегі заттарды зерттеу процесі үлестірілетін материалды зерттеуге үқсас.
Лабораториялық жұмыс жасай отырып окушылар жаңа білім алмайды, заттар мен процестерді жакыннан бакылап білімді нақтылай түседі. Сонымен бірге олар мұғалімнің айтуы немесе жазбаша нұскау бойынша өздігінен жұмыс істеу дағдыларын және химиялык эксперимент техникасы бойынша дағдыларды үйренеді. Оқушылардың орындаған тәжірибелері мұғалімнен білгенін растайды. Бақылау жасамастан бұрын бакылау нәтижелерін жазады. Бақылағандарымен мұғалімнен білгендерінің арасында айырмашылық болған жағдайда окушылар мүғалімнің айтқанына сенеді. Бүл тақырыпка зерттеу әдісімен өткізілген зертханалық жұмыс басқаша ұйымдастырылады. Тақырып сол болғанымен максат басқа: оқушылар мұғалімнің басшылығымен химиялық тәжірибелерді ездігінен жасай отырып, білімді тәжірибс мен бакылау негізінде қабылдауға үйренеді. Мәселен, «Қосылу реакциясы» такырыбына оқушыларды лабораториялык жүмыска даярлайтын әңгімелесуде мүғалім кандай күбылыстар химиялық деп аталатыны, заттардын, механикалық араласуынан олардың айырмасы, өздері бақылаған сынап оксиді айрылу реакциясын атом молекулалық ілім түрғысынан калай тусіндірілетіні жөніндегі білімдерін нактылайтын сұрактар береді. Содан соң мүғалім зертханалық жұмыстардың тақырыбын және мақсатын тұжырымдайды, бұл жұмыстың жоспарын ұсынады:
1.Темірдің (ұнтақ күйінде) қасиеттерін зерттеу:
а)сырткы түрі;
б) кышкылмен әрекеттесе ме (реакцияның белгісі — иіссіз газ
бөлінуі).
Күкіртті зерттеу.
Күкірт пен темірдің коспасын зерттеу.
4.Күкірт пен темірдің химиялық косылу реакциясын жүзеге
асыру (бұл тәжірибені орындау техникасы бойынша мүғалім нұс-
қаулар береді).
Күкіртті темірдің касиеттерін зерттеу.
Қорытындылар.
Бұл жұмыс химияны оқытудың бастапкы кезеңінде оқушыларда ұзак уакыт өздігінен жұмыс жасау дағдысы жок кезде өткізілетін болғандықтан мұғалім жоспардың әр бөлімі бойынша нұсқау береді және әр бөлім орындалған соң ұжымдық тексеру жүргізеді. Жұмыстың қорытындысын жалпылама әңгімелесуде тұжырымдайды
Химия ғылымын меңгерудегі эксперименттің ролі, оның түрлері – демонстрациялық эксперимент (демонстрациялық столда мұғалім өзі жасап көрсетеді), оқушылар жасайтын эксперименттер (практикалық жұмыстар, зертханалық тәжірибелер және эксперименттік есептер). Эксперименттің ерекше бір түрі – ой эксперименті. Әр эксперимент түрінің өзіндік ерекшеліктері, жүргізілу уақыты.
Демонстрациялық эксперимент негізінен жаңа материалды түсіндіру кезінде оқушыларда заттар, химиялық құбылыстар және процестер туралы нақты көзқарастар қалыптастыру үшін жүргізіледі. Демонстрациялық эксперимент жүргізуге қойылатын талаптар.
Практикалық жұмыс – тақырыпты немесе тарауды оқып болғаннан кейін сол жаңа материалға сәйкес химиялық тәжірибелерді арнайы сабақта оқушылар өз бетімен жасайтын жұмыстың түрі, оқу жоспарында практикалық жұмысқа арнайы сағат бөлінеді. Практикалық сабақтарға қойылатын талаптар және ондағы мұғалімнің ролі.
Зертханалық тәжірибелер-мұғалімнің бақылауымен оқушылар өз бетінше орындайтын жұмыс түрі. Зертханалық тәжірибелер жаңа материалды толық ұғыну үшін және нақты, дәлелді білім алу үшін сабақтың кез-келген ыңғайлы бөлігінде жасалатын тәжірибе түрі. Зертханалық тәжірибелер сабақтың барлық бөлігін алмайды, тек белгілі бір бөлігінде ғана жасалады, яғни тәжірибені қай уақытта жасау ыңғайлы екенін мұғалім өзі алдын-ала ойластырып шешеді. Зертханалық тәжірибелердің маңызы. Эксперименттік есептердің түрлері және олардың маңызы.
3. Химиялық экспериментті қоюда зертханашының жұмысы.
Әдебиеттер:
И.Нұғыманұлы, Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева. Химияны оқыту әдістемесі – Алматы. «Print-S» баспаханасы, 2005. - 353 б.
Г.М.Чернобельская. Методика обучения химии в средней школе. М.:Владос, 2000. -413 с.
М.В.Зуева, Н.Н.Гара. Школьный практикум. Химия. 8-9 классы. Москва, Изд. Дом «Дрофа», 1999.
Н.Н.Гара, М.В.Зуева. Школьный практикум. Химия. 10-11 классы. Москва, Изд. Дом «Дрофа», 1999.
Лекция №7-10. Мектептегі химия кабинетінің құрал жабдықтары. Қажетті реактивтер мен құралдар жиынтығы. Химиялық кабинеттегі оқушының жұмыс орны.
Жоспары:
Химия кабинетінің орналасуы .
Химия кабинетінің құрал-жабдықтары
Зертханалық шаруашылық
Химия кабинетінің құрал-жабдықтары
Химиядан құрал жабдықтардың алатын орны. Олардың көмегімен күрделі процестерді көрсетіп, оқытылатын құбылыстың қатынасы мен байланысын ашады.
Мектепте қолданылатын құралдарды үш топқа бөлуге болады. 1) өлшегіш құралдар 2) қыздырғыш құралдар 3) тәжірибе жүргізуге арналған арнайы құралдар.
Осы үш топтағы құралдар демонстрационды және лабораториялық болып бөлінеді.
Жұмыстың орындалу негізіне байланысты қыздыруға, балқытуға, өлшеуге, балқу және қайнау температурасын өлшеуге, тығыздығын, ерігіштігін, фильтрлеу, айдау, бөлу, ион алмасу ж.б өлшеуге арналған деп бөлінеді.
Заттардың агрегаттық күйіне байланысты тәжірибе жүргізілетін құралдар. Ондай құралдарға газдармен тәжірибе (алу, жинау, сақтау, тазалау, жұту, тығыздығын анықтау химиялық реакция жүргізу) сұйықтармен тәжірибе (бөлу, қайнау температурасын, тығыздығын анықтау) қатты және сұйық заттармен тәжірибе (фильтрлеу, ерігіштігі, абсорбция, кристаллизация) жүргізіледі.
Электр тогымен (электролиз, электр өткізгіштік, электрод потенциалын анықтау) және қыздырумен (термохимиялық реакция, пиролиз) жүргізілетін тәжірибе маңызды орын алады.
Зертханада химиялық экспериментті өткізу үшін арнайы ір түрлі құрал-жабдықтар, ыдыстар пайдаланылады. (сурет. 1.)
Шыны ыдыс барлық химимялық тәжірибелерге қажет. Мектептегі химия кабинетінде әдетте үш түрлі шыны ыдыстарын қолданады: 1) жеңіл балқитын шыныдан жасалған жұқақабатты ыдыс (сұйықтықтрды қыздыруға арналған); 2) қиын балқитын шыныдан жасалған жұқақабатты ыдыс (құрғақ заттарды қыздыруға арналған); 3) қалың қабатты ыдыс (реактивтерді сақтауға және қыздыруды қажет етпейтін тәжірибелер үшін).
Жұқақабатты ыдыс (бірдей сыйымдылықтағы) қалың қабаттыдан анағұрлым қымбат. Мұны қыздыруды қажет етпейтін және өздігінен қызбайтын заттар бар тәжірибелерде, өте нәзік жұқақабатты ыдысты қолдануды шектеу керектігін ұмытпау керек.
Химиялық ыдыстарды алғанда және тапсырыс бергенде оның өлшемін,атауын, ал кей жағдайларда шыны сортын (мысалы, жұқақабатты ыдыстар үшін мүмкіндігінше қиын балқитын шыны) айту керек. Сонымен қоса прейскурант бойынша номерін көрсетуге болады. Әртүрлі ыдыстар үшін жеке өлшемдер анықтау қабылдаған: сыйымдылығына қарай (миллилитр немесе су граммы); ұзындығы және кеңдігі, ұзындығы және диаметрі бойынша (кейде сыртқы және ішкі диаметр бойынша), кей жағдайларда номері бойынша және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |