Лекция №1 Химиялық эксперименттің химиядан білім берудегі рөлі және орны Жоспары



бет7/13
Дата12.03.2017
өлшемі2,58 Mb.
#11549
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

3.Зертханалық шаруашылық

Тәжірибелер дайындауға арналған бөлме немесе зертхана сынып сияқты қажет. Бұл бөлмеде оқытушы мен лаборант алдын-ала тәжірибелерді дайындайды және тексереді, құралдарда жинайды, сабаққа барлық керектісін таңдайды. Бұнда сабақтан соң, барлық құралдарды әкеледі немесе келесі сабаққа дейін жиналған күйінде сақтайды немесе бөлшектейді, жуады және тазалайды. Бір сөзбен, зертханада жұмысқа дайындық шаралары жүргізіледі. Бұл бөлме барлығына ортақ болмай, ұстаз бен лаборанттың толық қарамағында болу керек. Бөгде адамдар кірмес үшін, оны бекітеді.

Зертхананы физикалық құралдарды сақтау үшін қолдануға болмайды, себебі қышқылды және басқа зиянды заттардың әсерінен олардың бұзылуы сөзсіз болады. Зертханада да тартқыш шкаф болу керек.

Зертханада құралдарға, ыдыстарға, материалдар мен реактивтерге арналған шкафтар болады. Заттардың бір бөлігі, мысалы, дайын ерітінділер және үлкен банкаларды, құралдарды қабырға бойынша сөрелерге қоюға болады. Концентрленген қышқылдар және, әсіресе, қауіпті және улы заттарды әрқашан кілтпенен бекітілетін ерекше шкафта сақтау керек.

Құралдар мен реактивтер бір шкафта сақталмау керек, себебі барлық құралдардың металдан жасалған бөліктері таттанады және біржолата бұзылады. Металдық бөлшектері бар қымбатты құралдарды, мысалы, таразыларды, зертханадағы емес сыныптағы арнайы шкафта не сыныпқа жақын бөлмеде сақтау керек.

Зертханада үстелдер маңында және тартқышта газ (егер ол ғимаратта болса) және су тартып жеткізілген болу керек.

Зертханада үстелдер бірнешеу болу керек. Солардың біреуі ─ оқытушы үстелі, барлық кәдімгі зертханалық үстелдер тәрізді жасалған: тығындарға, каучуктерге, бұрғыларға, егеулерге, қасықтарға, т.б. арналған шекаралар бар тарта қораптармен, астындағы шкафтармен және үстіндегі реактивтерге арналған сөрелермен. Екінші үстел қолжуғыш қасында тұратын, кір ыдыс қоюға арналады.

Зертханада шынымен жұмыс істеуге арналған үстел және шыны түтіктерге арналған тіреу болу керек. Бұнда ыдыс кептіруге арналған үлдірік қойып, суды айдауға арналған дистиллятор орнату қажет.




Бақылау сұрақтары

  1. Мектеп химия кабинетінде қандай ыдыстар бар және оларға қандай талаптар қойылады?

  2. Мектеп химия кабинетінде қандай реактивтер бар және оларға қандай талаптар қойылады?

  3. Зертхана шарауашылығына не жатады және олардың мақсаты неде?



Әдебиеттер:

  1. И.Нұғыманұлы, Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева. Химияны оқыту әдістемесі – Алматы. «Print-S» баспаханасы, 2005. - 353 б.

  2. Г.М.Чернобельская. Методика обучения химии в средней школе. М.:Владос, 2000. -413 с.

  3. М.В.Зуева, Н.Н.Гара. Школьный практикум. Химия. 8-9 классы. Москва, Изд. Дом «Дрофа», 1999.

  4. Н.Н.Гара, М.В.Зуева. Школьный практикум. Химия. 10-11 классы. Москва, Изд. Дом «Дрофа», 1999.


Лекция №11-16. Орта мектепте химиялық эксперименттерді өткізу ерекшеліктері.



  1. Көрнекі тәжірибе технологиясы.
    2. Лабораториялық тәжірибелерді қою..
    3. Практикалық сабақтарды қою..
    4. Эксперименттік есептерді шешу.
    5. Химиялық ой-эксперименті.
    6. Мәселелік оқытуда химиялық эксперимент.
    7. Химиялық эксперимент және техникалық құралдар.

  1. Көрнекі тәжірибе технологиясы.

Көрнекі эксперимент негізінен жаңа материалды түсіндіру кезінде оқушыларда заттар, химиялық құбылыстар және процестер туралы нақты көзқарастар қалыптастыру үшін жүргізіледі. Ол өтілген материалды аз ғана уақыт ішінде қорытындылау немесе маңызды қорытындыларды түсіндіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар ол зертханалық тәжірибелерді және басқа да эксперимент түрлерін, жеке операцияларды жасауды үйретеді.

Көрнекі эксперименттер келесі жағдайларда жүргізіледі:



  • тәжірибе жүргізу техникасы оқушылар үшін қиын болған жағдайда;

  • тәжірибені кейбір қауіпті заттармен (концентрлі қышқылдармен, сілтілермен, сілтілік металдармен жұмыстар, жоғары кернеулі электр тогымен жұмыстар және т.б.) жүргізу керек болған жағдайда;

  • тәжірибе жүргізуге қажет құрал-жабдықтар саны жеткіліксіз болған жағдайда;

  • көрнекі экспериментке сабақтың аз уақыты ғана берілетін болғандықтан, жұмысты жылдам жүргізу керек жағдайда.

Әрбір көрнекі эксперименттің бақыланатын құбылыстың сипатына байланысты және сабақтың нақты оқу-тәрбиелік міндеттеріне байланысты өзіне тән ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, химиялық көрнекі эксперимент төмендегі талаптарға сай жүргізілуі керек:

  • эксперимент көрнекі жүргізілуі керек (демонстрациялық столда жасалып жатқан жұмыс барлық оқушыларға толық және жақсы көрінуі керек);

  • эксперименттің жүргізілу техникасы қарапайым және түсінікті болу керек;

  • эксперимент олқылықсыз сәтті жүргізілуі керек;

  • қауіпсіз жүргізілуі керек;

Көрнекі эксперименттің педагогикалық нәтижелігі, оның білімге және эксперименттік білік пен дағдыға әсері экспериментті жүргізу техникасына тәуелді.

Демонстрациялық эксперименттер төмендегідей жағдайларда жасалады:

  • дәріс негізінде;

  • кейбір тәжірибелерді жүргізу қауіптілігі бар зауыттарды қажет ететін жағдайда (концентрлі қышқылдар, сілтілер, сілтілік металдар, оңай тұтанатын заттар, спирт, эфир, кернеулігі жоғары ток көзі, және т.б.);

  • эксперимент орындауға қажетті құрал – жабдықтар мен реактивтердің мөлшері аз болған жағдайда;

  • тәжірибе күрделі, оны оқушылар өз бетінше жүргізе алмайтын жағдайда;

  • тәжірибенің жүргізу техникасын оқушылар меңгерген жағдайда;

  • кейбір тәжірибені реактивтердің микромөлшерімен жүргізу қажет болған жағдайда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет