Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Жүйке жүйесінің құрылымы


Лекция 11. Жүйке жүйесінің уақытша пайда болатын функционалдық өзгерістері



бет38/60
Дата23.01.2023
өлшемі1,53 Mb.
#166188
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияны п ні, ма саты, принциптері м

Лекция 11. Жүйке жүйесінің уақытша пайда болатын функционалдық өзгерістері.

  1. Невроздар. Неврастениялар. Истерия. Олардың клиникалық белгілері.

  2. Эндокриндік бұзылыстардың әсерінен туатын жүйке жүйеінің өзгерістері (гипофиз, эпифиз, айырша без, қалқанша без, қалқаншамаңайындағы бездер, бүйрекүсті бездер және жыныс бездердің бұзылыстарының әсерінен). Олардың клиникалық белгілері.

Әдебиет:

  1. Ляпидевский С.С. Невропатология. – М.: ВЛАДОС, 2000.-384 с.

  2. Бадалян Л.О. Невропатология. – М.: Академия, 2006.

  3. Бадалян Л.О., Журба Л.Т., Тимонин О.В. Детские церебральные параличи.-Киев: Здоровья, 1988.

  4. Тайжан А.А., Шубаева Ғ.С., Манжуова Л.Н., Байдосова Д.Қ., Тастемірова Г. Невропатология негіздері. 1-бөлім.-Алматы: Қазақ университеті, 2006.-137 б.

  5. Шубаева Ғ.С. Невропатология негіздері. 2-бөлім.-Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ.-2007.-87 б.

  6. Қайшибаев С. Неврология (1-кітап). – Алматы: ҚР ДСМ С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазММУ, 1999.

  7. Қайшибаев С. Неврология (2-кітап). Арнайы невропатология. – Алматы: С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазҰМУ, 2003.

  8. Манжуова Л.Н. Клинические особенности развития детей с ограниченными возможностями. Алматы, 2009 (6 б.б.).

  9. Манжуова Л.Н. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың дамуының клиникалық ерекшеліктері. - Алматы, 2010 (7 б.б.).

  10. Умешов А.У. Основы невропатологии (для дефектологических специальностей). – Алматы, 2010.



Невроздар (жүйкенің тозуы). Невроздарға жүйке ұлпасының құрылымындағы күрделі органикалық өзгерістер болмайтын, жүйке қызметінің қызметтік бұзылыстарын жатқызады. Біздің халқымызда бұрыннан мұндай жағдайдағы адамдар туралы «жүйкесі тозған», «жүйкесі жұқарған», «сіркесі су көтермейді» деп айтатын.
Алайда мұндай анықтама белгілі дәрежеде шартты болып келеді, бұл невроздардың табиғаты ұзақ уақыт толық зерттелмегендігіне байланысты. Организмнің жалпы соматикасындағы кейбір бұзылыстар (қан аздық, зат алмасу бұзылыстары, азу және т.б.) шын мәнісінде тек невроздардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын жанама аурулар болып табылады.
Невроздардың негізгі себебі психикалық жаралану болып табылады, бірақ ауруға дейінгі тұлғалық бейімділіктің де маңызы зор. Мысалы ата-анасынан тұқым қуалай берілген сезім тұрақсыздығының, сана-сезімінің нәзіктігінің және т.с.с. Осылайша, невроздар жүйке жүйесінің шамадан тыс кернелуі мен жүйке қызметінің тозуының нәтижесі болып табылады. Невроздардың ағымы екі түрлі сипатта болуы мүмкін. Кейбір түрі бірқатар жағдайларға байланысты бірте-бірте дамиды. Мұндай жағдайларға кейде жүйке жүйесінің туа біткен әлсіздігі жатады. Жанұясындағы қолайсыз жағдай, дұрыс емес тәрбие беру туа біткен жүйке әлсіздігін өршітіп, невроздың ауыр түрлерінің қалыптасуына септігін тигізуі мүмкін. Басқа жағдайларда невроз жедел түрде бала өміріндегі белгілі бір қолайсыз жағдайларға жүйке жүйесінің әсерленісі ретінде пайда болуы мүмкін. Сонымен, невроздардың негізінде не жатыр екен? Жүйке қызметінің аталған бұзылыстарының физиологиялық тетіктері неде?
И. П. Павлов пен оның шәкірттерінің еңбектері невроздар дамуын шақыратын патофизиологиялық тетіктердің сырын ашуға көмектесті. Мұндай бұзылыстардың мәні ең алдымен қозу мен тежелу үрдістерінің арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуында. И. П. Павлов бойынша үлкен ми сыңарларының физиологиялық қызметінің қалыпты жағдайына тән тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын қиыспау, «кездесудің қиындығы» байқалады. Негізгі жүйке процестері арасындағы өзара қарым-қатынас бұзылғандықтан, жоғарғы жүйке қызметінің ағымы өзгереді. Бұл кейіннен қозу үрдісінің, немесе тежелу үрдісінің патологиялық басымдылығын шақыруы мүмкін.
Мектептегі жүйкесі жұқарған балаларды зерттеу олардың арасында негізінен екі топты бөлуге мүмкіндік берді. Бірінші топқа жатқызылған балалар жүйке жүйесінің жоғары қозғыштығымен, тынымсыздығымен, моторлық ұстамсыздығымен сипатталды. Өмірде бұл тым қозғалмалы, шулы балалар. Олар сабақта тыныш отыра алмайды, қасындағыларға тисе береді, назарын бір нәрсеге қысқа мерзімге де тоқтата алмайды, ұшқалақ. Олар тез арада, ойланбастан мұғалімнің сұрағына жауап береді, асығып сөйлейді. Мұндай тәртіп қозу процесінің тұрақсыздығына және ішкі тежелудің әлсіреуіне байланысты болса керек. Екінші топқа жататын балалар сирегірек кездеседі. Оларға селқостық, баяулық, қимылдарының аздығы тән. Бұл тежелуге бейімділігінің, тежелу үрдісінің инерттілігінің нәтижесі.
Клиникада невроздардың бірқатар түрін ажыратады. Біз солардың ішіндегі негізгілеріне ғана тоқталамыз. Бұл – неврастения, жабысқақ жағдайлар неврозы және истерия. Осы невроздардың барлығына ортақ белгілер тән екендігін атап кету қажет, соның ішінде ең негізгісі жүйке тонусының тұрақсыздығы болып табылады. Алайда олардың әрқайсысының өзіндік арнайы ерекшеліктері болады, бұл олардың клиникалық тәжірибеде бөлінуіне мүмкіндік береді. Невроздардың қандай да бір түріне тән ерекшеліктер ересек адамдарда қаттырақ білінетінін ескерген жөн. Белгілі бір түрге тән ерекшеліктер балаларда кейде көмескі түрде білінеді. Сонымен бірге негізінен балалық шаққа тән біраз ерекшеліктер де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет