Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Жүйке жүйесінің құрылымы


Лекция 10. Балалардың церебралдық параличі (ДЦП)



бет34/60
Дата23.01.2023
өлшемі1,53 Mb.
#166188
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияны п ні, ма саты, принциптері м
1551283593, срс9, гоха хирургия, Дипломдық жұмыс жоспары
Лекция 10. Балалардың церебралдық параличі (ДЦП).

  1. Оның себептері мен механизмы және клиникалық белгілері.

  2. ДЦП-ның тобы: антенаталдық, интранатлдық және постнаталдық.

  3. ДЦП-ның тұрақты болып қалатын зақымдылықтары.

Әдебиет:

  1. Ляпидевский С.С. Невропатология. – М.: ВЛАДОС, 2000.-384 с.

  2. Бадалян Л.О. Невропатология. – М.: Академия, 2006.

  3. Бадалян Л.О., Журба Л.Т., Тимонин О.В. Детские церебральные параличи.-Киев: Здоровья, 1988.

  4. Тайжан А.А., Шубаева Ғ.С., Манжуова Л.Н., Байдосова Д.Қ., Тастемірова Г. Невропатология негіздері. 1-бөлім.-Алматы: Қазақ университеті, 2006.-137 б.

  5. Шубаева Ғ.С. Невропатология негіздері. 2-бөлім.-Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ.-2007.-87 б.

  6. Қайшибаев С. Неврология (1-кітап). – Алматы: ҚР ДСМ С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазММУ, 1999.

  7. Қайшибаев С. Неврология (2-кітап). Арнайы невропатология. – Алматы: С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазҰМУ, 2003.

  8. Манжуова Л.Н. Клинические особенности развития детей с ограниченными возможностями. Алматы, 2009 (6 б.б.).

  9. Манжуова Л.Н. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың дамуының клиникалық ерекшеліктері. - Алматы, 2010 (7 б.б.).

  10. Умешов А.У. Основы невропатологии (для дефектологических специальностей). – Алматы, 2010.



«Балалардың церебралдық сал ауруы» (БЦСА) (детский церебральный паралич (ДЦП)) терминімен мидың онтогенездің ерте сатыларында зақымдануы салдарынан пайда болатын, денені дұрыс қалпында ұстап тұра алмаумен және ерікті қозғалыстарды орындай алмаумен білінетін синдромдарды атайды. Қимыл-қозғалыс бұзылыстары (салданулар, парездер, координация бұзылыстары, еріксіз зорлық қозғалыстар) ақыл-ес, сөйлеу, есту өзгерістерімен, тырысу ұстамаларымен, сезіну бұзылыстарымен қатар жүруі мүмкін. БЦСА ағымы үдемелі емес, резидуальды (қалдықтық) патологиялық жағдай болып табылады. Жүйке жүйесінің әртүрлі құрылымдарының өзара қарым-қатынасының өзгеруіне байланысты жас ұлғайған сайын неврологиялық симптомдар біршама түзелуі мүмкін.
Церебралдық салдарды зерттеудің негізін қалаушысы ағылшын дәрігері, хирург-ортопед В. Литтл болып саналады. Ол ХІХ ғасырдың аяғында аурудың клиникалық көрінісін сипаттап, оның қолайсыз босанумен, шала туылғандықпен және нәресте асфиксиясымен байланыстырған. Ол аяқтардың бұлшық еттерінің тонусының жоғарылығына көңіл аударып, бұл жағдайды жайылмалы тонус деп атады. Кейіннен қолдардағы бұлшық еттер гипертониясы мен еріксіз зорлық қозғалыстар (гиперкинездер) байқалатын жағдайлар да сипатталды. Церебралдық салдарды зерттеу мен жіктеп ажыратуға З. Фрейд зор үлес қосқан. Ол өзінің жіктеуін ұсынып, гемиплегияны, церебралдық диплегияны, жайылмалы ригидтілікті (бұлшық еттердің тартылуы немесе керілуі) және қос атетозды бөліп шығарған. Кейінгі жылдарда бұл жіктеу өзгертіліп, толықтырылды. Қазіргі кезде 1978 жылы К. А. Семенова ұсынған жіктеу қолданылады. Онда БЦСА мынандай түрлері ажыратылған: спастикалық диплегия, қос гемиплегия, гиперкинетикалық түрі, атониялық-астатикалық түрі және гемиплегиялық түрі.
Жүйке жүйесінің белгілі бір деңгейінің пісіп жетілуі дамудың генетикалық бағдарламасымен белгіленеді және адамның қимыл-қозғалыстары мен дене қалпының белгілі бір ретпен қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бірақ әртүрлі құрылымдардың жетілу мерзімдері мен қарқындылығы сыртқы орта әсеріне де байланысты. Афференттік түрткілер қозғалыс анализаторының дамуын тездетеді. Жүйке жүйесінің дамып жетілуінің мәнісі реттеудің филогенездік ежелгі деңгейлерден эволюция тұрғысынан жасырақ жетілген кейінірек дамыған деңгейлерге біртіндеп көшуінде, осы қимыл-қозғалыстар дамуының негізін құрайды (Л. Т. Журба). Қызметтік жүйелердің біртіндеп күрделенуі организмге дәл осы мезгілде бейімделулік маңызы ең жоғары болып табылатын белгілі бір қызметті жүзеге асыруға қатысатын қандай да бір филогенездік деңгейдің іске қосылуын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесінің белгілі бір деңгейлері қалыптасуының бұзылуы осы аурудың клиникалық көрінісін анықтайды.
Осылайша, БЦСА даму қаупін тудырушы жайттарға мыналар жатады: анасының жасы, жүктілік кезіндегі анасының соматикалық және эндокриндік аурулары, ұрықтың құрсақ ішілік жұқтырылуы (вирустар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар тудыратын инфекциялар), ұрықтың жүйке жүйесінің анасының жасушаларының тіршілік өнімдерімен сезгіштендірілуі (сенсибилизациясы), ана мен ұрықтың иммундық сәйкессіздігі, кейбір дәрі-дәрмектер, физикалық және химиялық ықпалдар (ішімдік, никотин), жүктіліктің кеш токсикоздары, мерзімінен асып кеткен немесе көп ұрықты жүктілік.
Интранаталдық қауіп тудырушы әсерлерге босану кезіндегі асфиксия және босану кезінде болған бас-ми жарақатынан кейінгі қан құйылу жатады. Ми затына, ми қабықтарының астындағы кеңістікке, ми қарыншаларына, мишыққа және мидың басқа да бөлімдеріне әртүрлі дәрежедегі (аздаған және көптеген) қан құйылулар болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет