Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Жүйке жүйесінің құрылымы



бет33/60
Дата23.01.2023
өлшемі1,53 Mb.
#166188
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияны п ні, ма саты, принциптері м

Микроцефалия. Бұл бас сүйегінің және мидың өлшемдерінің қалыпты жағдайдан кіші болуы. Оған әсіресе үлкен ми сыңарларының дамымағандығы тән болады. Әдетте микроцефалия кезінде кемақылдылықтың (олигофрения) ауыр түрлері байқалады (24-сурет). Мидың салмағы өте төмен – 200-400 г, сайлар мен иірімдердің суреті тым қарапайым болады. Гистологиялық зерттеу жүргізгенде қыртыс қабаттарындағы жасушалардың дұрыс орналаспауы, санының аздығы, талшықтарының жұтаңдығы анықталған. Физикалық дамуы тарапынан дене бітімінің диспластикалығы, бойының жасына сәйкес қалыпты орташа шамадан кем екендігі байқалады. Ерекше жүріс тән – аурулар алға бүкірейіп жүреді. Микроцефал балалар көп қимылдайды, бірақ бұл қозғалғыштық бұрыс сипатта болады, қимылдарының ішінде қажетсіз, артық қимылдар көп, ал тұрақтылығы жоқ болады. Жалпы гипотония мен буындардың сылбырлығы тән. Психикасы жағынан имбецильдік немесе терең дебильдік түріндегі ауыр ақыл-ой кемістігі байқалады. Мінез жағынан бұл балалар жайдары және ақкөңіл болып келеді. Сөйлеу қабілеті әдетте кем дамыған. Соңғы жылдарда көмекші мектептерде микроцефалдардың кейбірін (ақыл-ой кемістігі азырақ білінетін түрлерінде) әдейі имбецилдерге арналған сыныптарда оқытуға талпынып жатыр.
Анэнцефалия. Бұл сирек кездесетін және өте ауыр даму ақауы кезінде нәрестенің ми қыртысы дамымай туылады. Кейде тек үлкен ми жартышарларының жоқтығы немесе олардың дамуы өте ерте бастапқы даму деңгейінде тоқтап қалған жағдайда екендігі анықталады. Мұндай ауыр кемтарлығы бар балалар көбінесе өлі туылады немесе бірнеше сағат не күн өмір сүреді. Әдебиетте кездесетін өте сирек жағдайларда анэнцефалдар бірнеше айдан 4 жылға дейін өмір сүргендігі белгілі. Бұл кезде көптеген мүшелер тарапынан ауыр бұзылыстар болған.
Өз бетінше дайындық сұрақтары:

  1. Эпилепсия (қояншық ауруы) дегеніміз не? Ол қай заманнан бері белгілі?

  2. Эпилепсияның жіктелуі жайында не айталасыз? Жеке дара эпилепсиялық ауру мен эпилепсиялық синдром айырмашылығы неде?

  3. Тырысу ұстамасының алыс және жақын хабаршылары қалай білінеді?

  4. Үлкен эпилепсиялық ұстамаға сипаттама беріңіз. Тоникалық және клоникалық тырысу дегеніміз не?

  5. Кіші эпилепсиялық ұстама немен сипатталады, оның түрлері?

  6. Эпилепсия кезіндегі психикалық эквиваленттерді қалай түсіндіңіз? Оның жиі кездесетін көріністері қандай?

  7. Эпилепсиялық мінез-құлық қандай түрде білінеді?

  8. Ұстаманың патогенезін түсіндіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет