Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Жүйке жүйесінің құрылымы



бет9/60
Дата23.01.2023
өлшемі1,53 Mb.
#166188
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияны п ні, ма саты, принциптері м

Лимбикалық аймақ ми қыртысының ежелгі құрылымы (лимбикалық немесе жиектік қыртыс), жарты шарлардың төменгі және ішкі бетінде орналасқан. Ол қыртыс асты құрылымдары тобына жататын бадам тәрізді ядромен, иіс сезу жүйкесімен, мидың үлкен жарты шарлары қыртысының маңдай, төбе және самай бөліктерінің кей аймақтарымен, сонымен қатар төмпешік асты аймағымен және ретикулярлық формациямен бірігіп лимбико-ретикулярлық жүйе құрайды. Бұл күрделі, көп деңгейлі құрылым қыртыстың тонусынының реттелуін, ішкі мүшелердің әр тарапты күрделі қызметін, мотивациялық-эмоциялық реакциялар мен күрделі инстинкттерді қамтамасыз етеді, сыртқы әлеммен байланыстырады. Филогенездің ерте кезеңдерінде бұл аймақ күрделі қызмет атқарған және тірі организмдердің өмірінде маңызы зор болған иіс сезу жүйкесімен тығыз байланыста қалыптасқан (иіс сезу миы). Адам өмірінде иіс сезу өзінің бастапқы мағынасын жоғалтты, бірақ эмоциялар тарапына, соматикалық және висцералдық қызметтердің жағдайына әсер етуін сақтап қалды.


Өз бетінше дайындық сұрақтары:

  1. Ақырғы ми онтогенезде қай ми көпіршігінен дамиды?

  2. Ми қыртысының архитектоникасына сипаттама беріңіз?

  3. Қыртыстың жасушалық қабаттарын атап шығыңыз?

  4. Қыртыстың алаңдарға бөлінуі неге байланысты?

  5. Ми қыртысының қандай бөліктері бар?

  6. Әр бөліктің біріншілік, екіншілік және үшіншілік алаңдарының орналасуына және қызметіне тоқталып өтіңіз?

  7. Маңдай конусының ерекшелігі неде?

  8. Лимбикалық аймаққа сипаттама беріңіз?



Лекция 3. Орталық жүйке жүйесінің перинаталды зақымдануы және резидуалды-органикалық бұзылыстары туралы түсінік

  1. Перинаталды энцефалопатия (ПЭП)

  2. Органикалық бұзылыстар

  3. Функционалдық бұзылыстар

Әдебиет:

  1. Ляпидевский С.С. Невропатология. – М.: ВЛАДОС, 2000.-384 с.

  2. Бадалян Л.О. Невропатология. – М.: Академия, 2006.

  3. Бадалян Л.О., Журба Л.Т., Тимонин О.В. Детские церебральные параличи.-Киев: Здоровья, 1988.

  4. Тайжан А.А., Шубаева Ғ.С., Манжуова Л.Н., Байдосова Д.Қ., Тастемірова Г. Невропатология негіздері. 1-бөлім.-Алматы: Қазақ университеті, 2006.-137 б.

  5. Шубаева Ғ.С. Невропатология негіздері. 2-бөлім.-Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ.-2007.-87 б.

  6. Қайшибаев С. Неврология (1-кітап). – Алматы: ҚР ДСМ С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазММУ, 1999.

  7. Қайшибаев С. Неврология (2-кітап). Арнайы невропатология. – Алматы: С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазҰМУ, 2003.

  8. Манжуова Л.Н. Клинические особенности развития детей с ограниченными возможностями. Алматы, 2009 (6 б.б.).

  9. Манжуова Л.Н. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың дамуының клиникалық ерекшеліктері. - Алматы, 2010 (7 б.б.).

  10. Умешов А.У. Основы невропатологии (для дефектологических специальностей). – Алматы, 2010.

Сонымен, жүйке ауруларының клиникасы туралы берілген мәліметтерді қорытындылай келе, практикада жиі кездесетін диагноздарға талдау жасайық. Өйткені дефектолог мамандар өзінің кәсіптік тәжірибесінде мүмкіншілігі шектелген балалардың медициналық құжаттарынан «орталық жүйке жүйесінің перинаталды зақымдануы» және «ОЖЖ резидуалды-органикалық бұзылыстары» деген диагноздарды жиі кездестіреді. Сол себепті олардың мәнін түсіну маңызды деп санадық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет