Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Жүйке жүйесінің құрылымы


ОЖЖ-нің резидуалды-органикалық зақымдануы



бет11/60
Дата23.01.2023
өлшемі1,53 Mb.
#166188
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияны п ні, ма саты, принциптері м
1551283593, срс9, гоха хирургия, Дипломдық жұмыс жоспары
ОЖЖ-нің резидуалды-органикалық зақымдануы (лат. residualis – қалдықтық) – бұл да бұрын кеңінен таралған, қазір де кездесетін, ОЖЖ-дегі тұрақты, қалдықтық, салдарлық патологиялық жағдайларды білдіретін жиынтық диагноз. Оны резидуалды-органикалық бұзылыс, резидуалды-органикалық фон деп те атайтын (орыс тілінде қысқартып РОП ЦНС, РОН ЦНС, РОФ ЦНС деп белгілейтін). Егер балада 1 жасқа дейін «ОЖЖ-нің перинаталды зақымдануы» диагнозы қойылған болса және ОЖЖ тарапындағы өзгерістер содан кейін де сақталатын болса, ол әрі қарай «ОЖЖ-нің резидуалды-органикалық зақымдануы» деген диагнозға ауысатын. Қазіргі заманғы медицинада бұл диагноз спецификалық еместігіне, нақты еместігіне және айқын болжамдық мәлімет бермейтіндігіне байланысты қолданылмайды. Сондықтан бүгінгі таңда ОЖЖ-нің перинаталды зақымдануының жоғарыда айтылып кеткен салдарының нақты түрі қойылады.
Өз бетінше дайындық сұрақтары:

  1. ОЖЖ-нің перинаталды зақымдануы деген түсінік қандай өзгерістерді білдіреді? Оған деген қазіргі заманғы көзқарас қандай?

  2. ОЖЖ-нің перинаталды зақымдануының АХЖ-10 бойынша шығу тегі мен ағымына қарай синдромологиялық жіктелуіне талдау жасаңыз.

  3. ОЖЖ-нің перинаталды зақымдануының ерте және кеш салдары қалай жіктеледі?

  4. ОЖЖ-нің резидуалды-органикалық зақымдануы деген ұғымға түсініктеме беріңіз.

Лекция 4 Орталық және шеткі жүйке жүйесінің қабыну аурулары

  1. Туберкулездік (құрт ауруымен) зақымдануы

  2. Токсоплазмоз

Әдебиет:

  1. Ляпидевский С.С. Невропатология. – М.: ВЛАДОС, 2000.-384 с.

  2. Бадалян Л.О. Невропатология. – М.: Академия, 2006.

  3. Бадалян Л.О., Журба Л.Т., Тимонин О.В. Детские церебральные параличи.-Киев: Здоровья, 1988.

  4. Тайжан А.А., Шубаева Ғ.С., Манжуова Л.Н., Байдосова Д.Қ., Тастемірова Г. Невропатология негіздері. 1-бөлім.-Алматы: Қазақ университеті, 2006.-137 б.

  5. Шубаева Ғ.С. Невропатология негіздері. 2-бөлім.-Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ.-2007.-87 б.

  6. Қайшибаев С. Неврология (1-кітап). – Алматы: ҚР ДСМ С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазММУ, 1999.

  7. Қайшибаев С. Неврология (2-кітап). Арнайы невропатология. – Алматы: С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазҰМУ, 2003.

  8. Манжуова Л.Н. Клинические особенности развития детей с ограниченными возможностями. Алматы, 2009 (6 б.б.).

  9. Манжуова Л.Н. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың дамуының клиникалық ерекшеліктері. - Алматы, 2010 (7 б.б.).

  10. Умешов А.У. Основы невропатологии (для дефектологических специальностей). – Алматы, 2010.

Жүйке жүйесінің туберкулездік зақымдануы әдетте туберкулез таяқшаларының (бациллаларының) организмде бұрыннан бар туберкулез инфекциясының ошағынан (өкпедегі, лифа түйіндеріндегі) қан арқылы жүйке жүйесіне келіп түсуінің нәтижесінде пайда болады. Туберкулез бациллалары мидың жұмсақ қабығына түскенде туберкулездік менингит дамиды. Туберкулездік менингитпен ауыру әрқашан организмнің белгілі бір мүшесінде туберкулездік ошақтың болуына немесе бүкіл организмде жайылмалы туберкулездік процесстің (миллиарлық туберкулез) болуына байланысты. Аурудың ұзақтығы 25-30 күн болады, кейде 2-3 айға созылады. Оның жедел кезеңінің клиникалық көрінісі менингиттің басқа да түрлерімен, соның ішінде менингококктық менингиттікімен бірдей болады: басы ауырады, кейде құсады, желке бұлшық еттерінің тартылуы, аяқ бұлшық еттерінің тонусының күрт жоғарылауы, жалпы сезгіштіктің өткірлеуі байқалады және т.б. Алайда аурудың ағымы баяуырақ және кейде температуралық реакциясыз болады. Біртіндеп бала қатты азады (кахексия). Бұрынғы кезде туберкулездік менингит әрқашан өліммен аяқталатын, тек өте сирек жағдайда ғана науқас тірі қалатын. Қазіргі заманда оны емдеуде антибиотиктердің кеңінен пайдаланылуы бұл аурудың ағымы мен нәтижесіне үлкен әсер етіп, туберкулездік менингиттен өлу көрсеткіші күрт азайды. Туберкулезді менингиттен кейінгі қалдықты құбылыстардың клиникалық көрінісінде қаңқа бұлшық еттерінің салы мен парездері, жеке бас-ми жүйкелерінің невриттері, мінез бен көңіл күй-жігер саласындағы бұзылыстар, кейбір жағдайда ақыл-ойдың төмендеуі анықталады. Осы аурумен ауырып шыққан балаларды оқыту үшін арнайы интернаттар ашылған.


Туберкулездік спондилит кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдануы. Туберкулездік спондилит, яғни жеке омыртқалардың сүйек затының туберкулездік процеспен зақымдануы, көбінесе бұрыннан лимфа түйіндерінің, буындардың, өкпенің туберкулезі бар балаларда дамиды. Бала организмінің әлсіреуі, бірқатар инфекциялармен ауырып шығу, қаназдық (анемия), сонымен қатар омыртқа бағанасының жарақаттары туберкулездік спондилиттің дамуына жағдай жасайды. Бұл аурудың негізінде туберкулезді процестің жеке омыртқалардың сүйек затын бұзып, оның сиреуі мен тарауын шақыруы жатады, соған байланысты омыртқалар өзінің қалыпты пішінін жоғалтып, дене салмағының басу нәтижесінде әртүрлі бүлінуге (деформация) ұшырайды. Бұл омыртқа жотасының қисайып, бүкір болуға әкеп соғады (кифоз). Омыртқа жотасының деформациясы кейбір жағдайда (әсіресе омыртқалар сынған кезде) жұлын мен оның түбіршектерінің қысылып, зақымдануына әкеліп соғуы мүмкін. Бірақ олардың қысылуы көбінесе омыртқаның туберкулездік процеспен зақымданған жерлерінде дамыған абсцесске немесе грануляциялық ұлпаның, яғни жас дәнекер ұлпаның өсіп кетуіне байланысты болады. Жұлын түбіршектерінің және діңгегінің қысылуы бірқатар бұзылыстарға әкеледі: белдеулеуші ауыру сезімі, сезудің бұзылыстары, бұлшық еттер тонусының жоғарылауы, аяқ-қолдың парезі мен салы. Осының барлығы қуық пен тік ішек сфинктерлерінің қызметінің нашарлауымен асқынуы мүмкін, соның нәтижесінде кіші және үлкен дәретінің бұзылуы байқалады. Жұлынның механикалық қысылуы оның қызметтерінің де екіншілік бұзылыстарын шақырады, бұл қанайналымның нашарлауы, ісінудің дамуына байланысты. Сонымен қатар туберкулездік токсиндер, яғни улы заттар жұлын қызметіне залалды әсерін тигізеді. Осының барлығының нәтижесінде жұлынның екіншілік қабынуы (миелит) дамуы мүмкін.
Туберкулездік спондилитпен науқастану 1 жылдан 2-3 жылға, кейде одан да көпке созылады. Әдетте омыртқа бағанасындағы ауру процесінің ағымының қарқындылығы мен жұлын тарапынан болатын патологиялық көріністер арасында параллельді байланыс болмайды. Мысалы, сүйектегі өзгерістер күшейгенмен, жүйке жүйесі жағынан болған өзгерістер тыныштануы мүмкін. Ал кейде бұған қарама-қарсы болады. Туберкулездік спондилиттің нәтижесінде толық жазылу мүмкіншілігі бар, кейде омыртқа бағанасы тарапынан да деформация түріндегі, жүйке жүйесі тарапынан да парапарездер және т.с.с. түріндегі жеке кемістіктер мен ақаулар қалуы мүмкін.
Туберкулездік спондилит кезінде, әсіресе оның жедел кезеңінде науқасқа толық тыныштық жағдайын қамтамасыз ету керек. Бұған ұзақ уақыт төсектік тәртіп сақтау арқылы қол жеткізіледі. Әдетте науқасты горизонтальды жағдайда қатты төсекке жатқызады. Жатқызумен бірге зақымданған бөліктерінің бір-біріне қысым жасамауы үшін омыртқа жотасын керу қажет. Мұндай мәжбүр тәртіпті кейде өте ұзақ мерзім сақтауға тура келеді – 1-3 жылға дейін. Төсектік тәртіп сақтаумен қатар жалпы әлдендіруші ем және туберкулез процесіне қарсы арнайы ем жүргізіледі. Ұзақ уақыт арқасымен тапжылмастан төсек тартып жатуға мәжбүр қылатын ауыр тәртіп баланың психикасында тұлғаның әртүрлі астенизациясын тудырады (жабырқау көңіл күй, апатия, кейде тітіркенгіштік, ызақорлық, жылауықтық және т.с.с.). Өмірден, мектептен, үйреншікті ісінен еріксіз айырылу ақыл-ой дамуының аздаған тежелуіне септігін тигізеді. Сондықтан мұндай балалармен арнайы оқыту жүйесін ұйымдастыру өте маңызды болып табылады. Қазіргі кезде арнайы санаторийлерде емделіп жатқан балалармен жүйелі түрдегі оқу жұмысы жүргізіледі. Сабақтар ауру жататын бөлмеде өткізіледі. Мұның өзіндік ерекшеліктері бар. Балалар үнемі арқасында жататындықтан, бұл жағдайда қажетті мәліметтерді (суреттер, сызбалар, формулалар, кестелер және т.б.) өзіндік сынып тақтасы болып табылатын төбеден бейнелеп көрсету үшін эпидиаскопты пайдаланған дұрыс. Туберкулезді спондилитпен науқас балалар жататын осындай бөлмелерде сабақ жүргізу мұғалім тарапынан ерекше білімді және көңіл бөлуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет