Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Жүйке жүйесінің құрылымы



бет10/60
Дата23.01.2023
өлшемі1,53 Mb.
#166188
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
Байланысты:
Лекция 1 Кіріспе. Невропатологияны п ні, ма саты, принциптері м

Перинаталды энцефалопатия (ПЭП) – перинаталдық кезеңде пайда болатын, шығу себебі әралуан болып келетін, ми қызметінің немесе құрылысының бұзылғандығын білдіретін жиынтық диагноз. Оның синонимі ретінде сондай-ақ «ОЖЖ перинаталды зақымдануы» немесе «Жүйке жүйесінің перинаталды зақымдануы» сияқты диагноздар қойылып жатады. Мұндай диагноздардың кеңінен таралуы практика жүзінде жүйке жүйесінің зақымдануы перинаталдық кезеңнің дәл қай мерзімінде (антенаталдық, интранаталдық не ерте постнаталдық) болғандығын анықтау және оның нақты себебін анықтау едәуір қиын екендігіне байланысты. Қазіргі таңда қолданылып отырған аурулардың халықаралық жіктелуінің 10-шы қарастырылымында (АХЖ-10) "перинаталды энцефалопатия" диагнозы қолданылмайды. Бірақ атап кеткен қиындықтарға байланысты және біздің елімізде осы диагнозға үйреніп қалғандықтың салдарынан мұндай "диагноз" әлі күнге дейін әртүрлі қимыл-қозғалыс, сөйлеу және психикалық бұзылыстары бар 1 жасқа толмаған балаларда қолданылып жатады.
Соңғы жылдары балаларға арналған медициналық мекемелердің диагностикалық мүмкіндіктері айтарлықтай жақсарды. Осыны ескере отырып, мидың перинаталды зақымдануы диагнозын тек қана нәрестелік кезеңнің аяғына дейін қоюға болады. Ал 1 айдан асқанда невропатолог ОНЖ зақымдануының нақты сипатын және дәрежесін анықтап, дерттің әрі қарай дамуын болжап, емдеу тактикасын құрастыруы тиіс немесе ми зақымдануына деген күдікті толық алып тастауы тиіс.
Мидың перинаталдық кезеңдегі зақымдануының барлығын шығу тегі мен ағымына қарай бұрын шартты түрде үш түрге бөлетін: 1) гипоксиялық-ишемиялық, 2) жарақаттық, 3) аралас, яғни гипоксиялық-жарақаттық. Қазіргі кезде ОЖЖ перинаталды зақымдануына әкеп соғатын себептердің 5 ең маңызды тобын ажыратады (олардың АХЖ-10 бойынша арнайы коды бар – XVI класс, Р блогы):

  • гипоксия (ишемия, қан құйылу);

  • босану жарақаты (мидың, жұлынның, шеткі жүйкелердің);

  • зат алмасу бұзылыстары (Ca/Mg, көмірсу, К гиповитаминозы және т.б.);

  • жүйке жүйесіне улы әсер ету;

  • жұқпалы және паразиттік аурулар (вирустық, бактериялық, паразиттік).

Ауру ағымының үш кезеңін бөліп шығарады:

  1. жедел (өмірдің 1-ші айы);

  2. қалпына келу, оның өзі екіге бөлінеді

  • ерте (өмірдің 2-ші және 3-ші айлары)

  • кеш (мерзімінде туылған балаларда 4 айдан 1 жасқа дейін, шала туылғандарда 2 жасқа дейін);

  1. аурудың салдары.

Осы кезеңдердің әрқайсысына тән клиникалық көріністері болады, оларды синдромдарға біріктіреді. Кейде бір балада бірнеше синдром кездеседі.
Жедел кезеңнің синдромдарына жататындар:

  • церебралдық қозғыштық синдромы;

  • церебралдық депрессия синдромы;

  • вегето-висцералдық бұзылыстар синдромы;

  • ликворлық-тамырлық дистензия синдромы (ми сауыты ішілік гипертензия);

  • тырысу синдромы;

  • туа біткен гипертонус;

  • туа біткен гипотонус;

  • бұлшық ет тонусының басқа да бұзылыстары.

Қалпына келу кезеңінің синдромдары:

  • психомоторлық даму сатыларының тежелуі;

  • көңіл-күй мен жүріс-тұрыс тарапындағы бұзылыстар;

  • психикалық-сөйлеу тіл дамуының бұзылыстары;

  • моторлық дамуының бұзылыстары;

  • симптоматикалық гидроцефалия;

  • тырысу синдромы;

  • тырысусыз пароксизмдер;

  • вегетативті дисфункция және парасомниялар.

Тырысусыз пароксизмдерді (моторлық, психомоторлық, метаболикалық және т.б.) бөліп шығарудың өзекті маңызы бар, өйткені тырысу синдромы міндетті түрде эпилепсияның эквиваленті болмайды, сол сияқты тырысусыз ұстамалар да.
Бір жас шамасында балалардың басым бөлігінде ОЖЖ-нің перинаталды зақымдануының көріністері біртіндеп жоғалады немесе олардың қалдықтық салдары сақталады. Қалдықтық өзгерістердің синдромологиялық жіктелуі бар. Өмірде практика жүзінде ОЖЖ перинаталды зақымдануының ықтимал салдары төрт түрлі өзгерістерге сайып келеді: сауығу (30%-ға дейін), органикалық бұзылыстар (30%-ға жуық), функционалдық бұзылыстар (шамамен 40%), өлім (сирек).
Органикалық бұзылыстарды төрт негізгі категорияға бөлуге болады:

  • моторлық жүйе тарапындағы бұзылыстар басым болатын (БЦСА);

  • психикалық бұзылыстар басымдылық танытатын (зият кемістігі);

  • симптоматикалық эпилепсия;

  • гидроцефалия.

Функционалдық бұзылыстар үш үлкен тарауға бөлініп қарастырылады:

  • моторлық қызметтің спецификалық бұзылысы;

  • сөйлеу тілінің спецификалық бұзылысы;

  • басқа (әртүрлі) неврологиялық бұзылыстар (ұйқының бұзылуы; энурез; тиктер және т.б. невроздық бұзылыстар).

Бұрынғы кезде ОНЖ-нің перинаталды зақымдануының салдары қатарына жатқызылған «минимальды ми дисфункциясы» (ММД) диагнозы АХЖ-10-ға енбегендігін айта кету жөн. Ол сонымен қатар "зейін тапшылығы мен гиперактивтілік синдромы" (СДВГ) диагнозының толық эквиваленті болып табылмайды. "Зейін тапшылығы мен гиперактивтілік синдромы" диагнозын, "Энурез" диагнозы сияқты, 5 жасқа толмаған балаларға қою заңсыз деп саналады.
Сонымен, келесі маңызды тұжырымдарға баса назар аудару керек:

  • ОЖЖ-нің перинаталды зақымдануы диагнозын тек қана өмірдің алғашқы 12 айындағы балаларға (шала туылғандарға – 24 айға дейін) қоюға болады.

  • Нәрестелік кезеңнен сәбилік кезеңге ауысқаннан кейін (1 айға толғаннан кейін) бұл диагноздың синдромологиялық түрін анықтап қою қажет.

  • Осы диагноздың синдромологиялық түрін анықтау арқылы қажетті ем таңдалады, сырқаттың жақын және алыс болжамы айқындалады, сонымен бірге науқастың өмір сапасының болжамы жасалады.

  • Мерзіміне жетіп туылған бала 12 айға толған соң оған сол патология түрінің неврологиялық салдарын көрсететін диагноз қойылуы керек.

  • ОЖЖ-нің перинаталды зақымдануының синдромологиялық диагнозы мен салдарын анықтау, неврологиялық кемістік деңгейін анықтау балалар невропатологының құзырында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет