Токсоплазмоз індетінің негізгі таратушысы кәдімгі мысық. Ал мысыққа бұл паразит зақымданған ет немесе тышқан арқылы келеді. Аурудың қоздырғышы малдар мен басқа жануарларға шөп, жем, су арқылы жұ ғады. Одан әрі дертке ұшыраған әрбір жан-жануардың зәрі, сілекейі, нәжісі, сүті арқылы қоздырғыштар тарала береді. Токсоплазмоз ешқандай ағзаға түспесе де үйдің орташа температурасында 12 айға дейін өлмейді. Осы ау руға шалдығып өлген малдың бо йын да да ол үш күнге дейін тіршілігін жоғалтпайды. Сондай-ақ ол жылдың кез-келген маусымында кездеседі. Адамдарға ауру осы дертке ұшыра ған жан-жануарларды сипағанда, үстін тазалағанда жұғады. Сонымен бірге дұ рыс піспеген ет (көбінесе кәуәптан), ауру малдың қайнатылмаған сүті арқы лы да жұғуы мүмкін. Дерттің қоздырғыштары адамда қан арқылы миға барып, оның функциясының бұзылуына әкеліп соғады. Адам әлсіреп, есеңгірей беретін бо лады. Жұлын мен көздің де қызметтерін бұзады. қоздырғыш біртіндеп бүкіл ішкі органға тарайды. Жүйке ауруларын да тудыруы мүмкін. Жүкті әйелдер ондайда түсік тастап немесе ауру, көбіне-көп кемтар балалар туады.Өкініштісі, токсоплазмоздың емі әлі табылған жоқ. Паразит адам ағзасында анықталса зиянын тежейтін түрлі ем-домдар жасалады. Ал бойынан осы дерт табылған жануарларды, соның ішінде ит-мысықтарды тезірек жою керек. Әрине, малдарды өлтірмей сойып алуға болады. Бірақ етін жақсылап қайнатып пайдалану керек. Ал шикідей қалдықтарды ит-мысықтарға беруге болмайды. Токсоплазмоздан өлген малдың өлексесін көміп тастауға болмайды, ауру одан әрі тарамас үшін оларды тек өртеп жіберу керек. Ал осы ауруға ұшыраған иттер мен мысықтарды дереу өлтіріп, өлексесін әлгі әдіспен жойған жөн. Қолдарында ит-мысықтары бар адамдар үш айда бір рет олардың қаны мен нәжісін тексертіп отырулары керек. Сондай-ақ мал қоралары мен ит-мысықтар ұсталынатын бөлмелерде кемір гіштерге қарсы дератизациялық шаралар жүргізген дұрыс.
Өз бетінше дайындық сұрақтары: Туберкулез деген қандай ауру? Инфекция жүйке жүйесіне қалай түседі?