Лекция: 15 сағат обсөЖ: І5 сағат СӨЖ: 15 сағат Барлык сағат: 45сағат Аралык бакылау саны: 2 (30 балл)



бет3/6
Дата11.01.2017
өлшемі1,29 Mb.
#6820
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша

Факультетаралық мамандықтары студенттері үшін


ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(Силлабус)


Лекцияның қысқаша курсы

Жетісай -2008 ж.

1-БӨЛІМ

БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ ӨЗ ҚОЛЫҢДА
1 -сабақ
Студенттік өмір - қайталанбас сәт

Лекция-әңгіме

Болмасаң да үқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Абай


Сабақтың мақсаты: адамның өзі мен қоршаған ортаны тану, бағалау қабілетін дамыту.Міндеттер:

- түлганың өзін-өзі тануға жэне өзін толықтай іс жүзінде көрсете алуі а үмтылыстарын одан эрі дамытуына көмектесу;

- қазіргі элемде адамның рөлі мен оның өзін шығармашылықпен іске асыру мүмкіндіктері туралы түсініктерін терендету;

- рефлексия мен өзін өзі таныстыру дағдыларын қалыптастыру.



Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-озі тану" пэніне кіріспе" оқу құралы, "Студенттер" өлеңі.
Лекция-әңгіме

Қазақтың ұлы ойшылы Абай жастарға "Өзге халықтардың білгенін білу үшін, солармен тең болу үшін, өз халқыңның қорғаны мен тірегіне айналу үшін оқу керек" деп өсиет еткен. Бүгінгі күннің жастары Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі аға ұрпақтың барлық ойлары мен жоспарларын қисынды қорытындысына жеткізетін ұрпақ болып табылады. Қазақстанның бэсекеге қабілеттілігі материалдық баюға ғана емес, сонымен бірге үлттың рухани баюына жеткізуі тиіс.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Ыазарбаев Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия үлттық университетінде осы оқу орнының студенттеріне арнап оқыған "Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына" атты лекциясында жеке түлғаны функционалдық эзірлеу түжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу кажеттілігін айрықша атап өтті. Бүл тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді жэне "эрбір нақты адамның мүмкіндіктерін жэне оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді".

Үздіксіз білім беру, ересектердің білім алуы барған сайын үлкен мэнге ие болып отыр. Жақсы да терең білім қарттыққа дейінгі тыныш та, қамсыз өмірдің кепілі болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Соңғы онжылдықтарға адам қызметінің түрлі салаларындағы технологиялар мен білімнің жаңару жеделдігі тэн. Бүгінде тіпті жоғарғы білімнің өзі де кепке жетпейді.

Дженерал Моторс корпорациясының Президенті бұл туралы былай дейді: "Бізге төрт жэне тіпті алты жылдық емес, кырық жылдық білімі бар мамандар қажет". Бүгінде жаңа білімдерді үздіксіз меңгеру мамандар үшін біліктілікті сақтаудың бірінші дәрежелі шартына айналуда.

Ақпараттық қоғамда компьютерлер немесе байланыс сызықтары емес, станоктар да емес, қайта білім мен творчестволық ойлау элеуеті шешуші мэнге ие болады. Қазір айтып жүргеніндей, креативтілік шешуші мэнге ие болады. Президент Джон Кеннеди айтқанындай: "Бізге ешқашан болмаған нэрсе туралы армандауға қабілетті адамдар керек!" Ал мұндай адамдар тек өмір бойы, үздіксіз оқығанда ғана үйреніп, ақылға салғанда және оның ішінен ең қажеттісін тандап алуға қабілеті жеткенде ғана ие болады. Осыған орай, ЮНЕСКО-ның Халықаралық комиссиясының Төрағасы Жак Делор өзінің 21 ғасыр адамының өміріндегі өзекті компетенцияларын анықтап, белгілеген


баяндамасын "Білім - кұпия қазына" деп атауы да тепн емес. Компетенция дегеніміз барльқ нэрсе ұмыт болғанда сақталатын адамның кұзыреттілігі. Бүл тіпті де абстрактілі энциклопедиялык, білімдердің қоры емес, "Түсінетін жэне Сезінетін Адам" болудың интегралды компетенциясы болып табылады, тұлғаның басқа адамдардың, қогам жэне табиғаттың алдындағы жауапкершілігін сезіну кабілеті.

Білімге байланысты айтылған пікірлерінің ішінде С.И.Гессен былай деген: "Білім өзінің мәні бойынша ешқашан да аяқталған болуы мүмкін емес. Біз өмір бойы білім аламыз, менің өзімнің жеке білім алу мэселем шешілді деп нақты айтатын кезең еш уакытта да болмайды. Тек надан адам ғана өзінің білімін толык, алдым деп айтатын шығар". "Білімге қарағанда надандық әркашан өзіне аса сенімді келеді сондықтан тек надандар ғана қайсыбір проблеманы шешу ешқашан ғылымның қолынан келмейді деп сеніммен айта алады "/Ч.Дарвин/.

Елбасының айтуынша, білімді, сауатты адамдар - бүл XXI ғасырдағы адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан да күні ертең ғалымдар жэне қазақстандық компаниялардың менеджерлері болатын жастар мұны өте жак,сы түсінуі тиіс.

Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын басқаға, бәсекеге әлдеқайда қабілетті маманға беруше тура келеді

Жетекші халыкаралық консалтингтік "МакКинси"

компаниясының консультанттары айтатындай: "Алға карай жүр, немесе жол бер". К,азіргі бэсекелі дүниеде нак, осы қағидат басшылық етеді жэне бүл қағидат көп ретге жастардың өмірлік ұстанымдарын анықгауы тиіс. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың алдыңғы шебінде жастар болуы тиіс және сол жастардың күш-жігері мен бастамашылдығы, олардың болашакка үмтылысы - көп ретге реформалардың табыстылығының кепіліне айналады.

Жас ұрпақ жаңа идеяларға ашық, олар жаһандык, тұрғыда пайымдап, болашактың категорияларымен ойлайды. К,азакстанның жаһаидык дүниеде даралануы туралы біз байыпты түрде ойлай басгагаи бүг1пг1 тацда жастардың бүл касиет1 к,ай кездег1ге караганда да кажет болыи огыр.

Жаңа міндеттерді іске асыру осы замангыша ойлайтындардьң, ескірген касаңдықгар мен жөнсіз кауіптер мен шектеулерден ада адамдардың ғана колынан келеді. Бүпнгі үрпактың өзін танытуы үшін мүмкіндіктер коп. Ьүгінгі күн - талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай жэне оларды жүзеге асыруга ерік-жігері бар адамдардың уақыты..

Мемлекет олар үшін барлық жагдайды жасап отыр. Бернард Шоу айткандай:"Жастық шак - бүл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету - кылмыс...", сондыктан, тек оку, күш-куатгы аямастан еңбек ету, өзіңмен жүмыс істеу керек. Үлы Абайдьң төмендегі сөздерін жадымызда сақтап жүруіміз кажет: "Тегінде адам баласы адам баласынан акыл, гылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нэрсемен оздым гой демектің бәрі де акымакшыльҗ".
Пікірлесу үшін сұрақтар: 1.С13Д1Ң ойыңызша, "Білім-өм1рл1к азық" жэне "Үздксіз, өмір бойы білім алу" багдарларын ерекшеленд1рет1н не?

2."Түсінетін және Сез1нет1н Адам" үгымының мәнң неде деп ойлайсыз?

З.С13Д1Ң ойыңызша, адамның кәсіби біліктілігін не күрайды?
Хрестоматиядан оку, білімге байланысты материалдармен ("Жастық", "Адам баласының к,ад1р-к,асиет1 біліммен, акылмен екендігі туралы", "Білім, акылдың қасиеттері, пайдасы туралы", Өзінді-өзі тани біл", "Өзін-өзі тэрбиелеу", А.Байтүрсынов. "Әдебиет танытқышы"т.б.) танысыңыздар. Окылган материалдар бойынша кандай корытынды жасауга болатынын айтыңыздар.

2-сабак

Менің жан дүнием

Лекция-әңгіме -1

Әp6ip адам - өз тагдырын жасаушы.



Саллюстий

Сабақтын мақсаты: адамның рухани дуниесін бағалай білуге баулу.

Міндеттері

- жағымды ой, ішкi үйлесімдік сезімін қалыптастыру;

- адамның iшкi мүмкіндіктері туралы ұғымды кеңейту жэне терендету;

- өз күшіне сену және өз-өзіне оң баға беруді дамытуына ыкпал ету.



Сабақтын жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия.
Ciз өзіңізді cәттi адам деп санайсыз ба? Өміріңіздe ciзгe cәттi жагдайлар жиі кездесе ме? Орындалмаган армандарымыз бен іске аспаған орасан жоспарларымызды ойлаганда 6iз көбінe тагдырды немесе сәтсіздікті кінәлаймыз. Бұл қаншалыкты дурыс? Сәтті адам туралы көбінe жулдызы жанды дейді, ал сәтсіздікке ұшыраған адам өзінен тағдыры бет бұрғанын айтады. Бipaқ жауапкершіліктің бәрін тағдырға артып, 6iз өз кeмшiлiктepiмiздi жасыруға тырысамыз. Танымал жазушы Роберт Энтонидің ойынша, 6iздің сәттілікке жетуіміз немесе сәтсіздікке ұшырауымыз санамыздың табиғатына байланысты. Ойымыз бен ic-әрекетімізді өз өміріміздің шығармашылық мақсатына багындыра бiлceк қана, шын мәнінде тагдырымыздың иeci бола аламыз. Егер ойымызды мақсатымызға "байлап" қоя алсак, eш6ip күмәнсіз 6iз тағдырымыздың иeci боламыз. Дегенмен, 6iз өзіміздің iшкi мумкіндіктерімізге сенуге дайын емеспіз. Өзіміздің және басқалардың ой-niкipiнe, ecкi қылықтарымызға жүгінуді жөн көреміз. Жұмысымыз ойдағыдай болмаған соң, тағдырымызды, жұлдыздарды т.б. кінәлауға дайын тұрамыз.

Өмip сүру үшін және өмірге куану үшін адам өз күшінe ceнyi қажет, қоршаған шындықты оңды қабылдауы керек, өзгерістен қорықпауы керек және ол тек жақсылық әкелетіне ceнyi керек.


Хрестоматияда берілген материалды оқьңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар:

1 .Сіз Жеңімпаздар мен Жеңілгендер ұғымын қалай түciнeciз?

2.Біздің жeңicтepiмiз бен жеңілістеріміз кiмгe, неге байланысты деп ойлайсыз?

З.Өмірде жолы болу үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыз?

4.Адамға өз бастамаларында жеңіске жетіп, табысқа кенелуі үшін не кедергі жасайды?

5.Адамның кейде өзіне деген сенімі жоғаладі. Ол неге байланысты деп санайсыз?

6. Адамның өз күшіне сенуі үшін не қажет деп санайсыз?

7.Адамның өзіңе деген берік сенімінің болуы мүмкін бе және оның пайдасы бар ма?




3-сабак

Менің жан дүнием.

Лекция-әңгіме-2

Шыдамды,сабырлы адам-

Бастаған ісінің жақсы нәтижесін көреді,

Білімге құштар адам –іздегенін табады..



В.Ян

Мақсаты: адамның рухани дүниесін бағалай білуге баулу.

Міндеті:

- өмірге қанағат сезімін жэне өмір қиындықтарын жеңуге

талпынысын дамыту;

- адам өмірі туралы түсінікті терендету;

- өзін-өзі бағалау және өз күшіне сену сезімінің пайда болуына

ықпал ету.



Сабақтың жабдыкңгалуы: студент дэптері, хрестоматия, аудиожазбал ар.

Студенттік өмірге енгеннен кейін. біз еркіндікті сезініп, өзімізді түсінуге тырысамыз, өз өмір жолын іздейміз, өмірлік мұратымызды анықтаймыз. Осы кезеңде адам кенет ағаш бұгағынан жұлынып, еркін ұшуға бет алған бір жапырақ тэрізді болады. Ойланыңызшы, сізге не ұнайды: сізді жел қайда үлпырса, солай қарай оның бағытымен ұшу ма элде желді тек өзіңіздің өмірлік мақсатьщызға жету үшін ғана пайдалану ма?

Қолыңызға жаныңызда жатқан кез келген кітапты алыңыз. Оның қандай кітап екені қажет емес, қолыңызға алыңыз да, кітапқа караңыз. Енді осы кітапты жел айдап, алыстағы аралдың жағалауына апарып тастаған деп елестетіңіз. Бүл аралдың тұрғындары ақылды және дамыған, бірақ олардың ешқайсысы эліппені білмейді.

Не болады? Олар кітапты алады да, эдемі қағазды көреді, кітаптағы жазуларга қарап, тасқа басылған эр түрлі белгілерге жай і ана көз тастайды. Олар кітапты өнердің бір тамаша түрі ретінде қабылдап, бағалайды.

Аралдың тұрғындары бұл кітапты түсіне ме? Осы кітаптан қандай да бір нақты пайда таба ма?

Кітап дегеніміз - қағаз бен таңбалардың жиынтығы емес, ол -белгілі бір идея, айтылған ой. Өмірімізде осылай болмай ма? Біз өмірдің қағазы мен сиясына: тыныс алу, тамақтану, жұмыс, ұйқы т.с.с. қараймыз. Өмірдің күнделікті көріністеріне қараймыз да, жай ғана: "Бүл - өмір" дейміз. Мүның мэнісі де, қагаз бен басылған әріптерге қарап: "Бү_л - кітап" деген сияқты. Бірақ біздің бэріміз білеміз, біздің өміріміздің де, кітап сияқты, мэні бар; ал өмірдің мэні, мақсаты -оның қағазы мен сиясында емес, оның мэнінде. Біздің өмір, ең алдымен, мэнді болуы керек. Өз өміріңіздің қағазы мен сиясына тағы бір рет қараңызшы. Біз қағаз бен сиясыз кітаптың идеясын жеткізе алмас едік, ал өмірдің күнделікті ірілі-үхақты жақтарына мэн бергенде, олардың нақты мазмұнын, мэнін түсінеміз. Өздеріңіздің не істеп, не қойып жүргендеріңізді түсін>те тырысыңыздар. Өз өміріңіздің көрінетін жағының мэніне үңіліңіз, өткен өміріңіздің жарқын жақтарын еске түсіріңіз. Жалғыз осы идеямен бүкіл өмір кітабын түсінуге қадам жасайсыз. Осының өзі сізді өмірдің мэніне анағұрлым тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Бұл ізденіс, үмтылыс эрқашан да өз жемісін береді: ол сізді толық жауаптар алуға даярлап, анағұрлым терең жэне мэнді де мазмұнды өмірге жетелейді.

Өмірдің мәні туралы хрестоматияда берілген материалды оқыңыздар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Адам өмірінің мэні дегенді сіз қалай түсінесіз?

2. Сіздің өміріңіздің мәні неде екенін ойланыңыз, егер мүмкін болса, ойларыңызды ортаға салыңыз.

3. Егер сіз дэл қазір өз өміріңіздің мэні неде екенін айқындамаған болсаңыз, оның қандай болатыны туралы ойланыңыз.

4. Адамның өмірінде алға қойған мақсаты болса, ол адамға кез келген жағдайда көмектеседі деген пікірмен келісесіз бе?

5. Байлық, жақсы жұмыс, тіпті отбасы адамды эрқашан да бақытты жасамайтыны туралы не ойлайсыз?

6. Адам өмірінің қандай салаларында біз өзіміз үшін мақсат жэне мәнді таба аламыз?

7. Ақша мен билік адам өмірінің мэні бола ала ма? Ойланыңыз: байлық - өз арманыңның орындалып, мақсатқа жетудің құралы ма?

• Өмір - мен үшін бәрінен қымбат, махаббат өмірден де қымбат, бірақ елімнің еркіндігі мен азаттығы үшін қажет болса, екеуін де құрбан етуге бармын. -Ш.Петефи.

• Біз өзіміздің қып-қысқа өмірімізді неге арнауды білмейміз, дегенмен мэңгі өмір сүргіміз келеді. - А.Франс

• Өзгелер үшін өмір сүргісі келетін адамдар өз өмірін құрбандыққа шалмауы керек. - Ж.Гюйо

• Жылдардың саны адам өмірінің ұзақтығын білдірмейді. Адам өмірі оның істеген ісімен есептеледі. - С.Смайлс

• Ақымақтар ішіп-жеу үшін өмір сүреді, ал мейірімді адамдар өмір сүру үшін ішіп-жейді. - Сократ

• Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын... - Абай

• Еш нәрсе талап етпеген адам еш нэрсе бермейді де. - Гилле

• Кісі болу дегеніміз - күрескер болу деген сөз. - И.Гете

• Не ақылы, не күш-қайраты жоқ адам ғана нағыз сорлы. -Бенцел-Штернау

• Аң мінезді адам - аңнан да жаман. - Р.Тагор

• Көңілі кіршіксіз жан кісіні күндемейді. - М.Горький

• Кішкентай адамдарға ұнағың келсе, өзің де кішкентай бол. -Л.Берне

• Өзі жөнінде еш нэрсе айтпайтын, ал айта қалса, еш нәрсесін жасырмай ақтарылатын кісіге жұрт сенбейді. - Ф.Честерфилд

• Рухы ұқсастардың бэрі - туыстар. Жамандықты иттің етіндей жек көретін адам ғана жақсылықты жанындай жақсы көреді. -Ф.Шиллер.

• Адамның ішкі сезімінің айнасы - көз. - С.Мү_қанов

• Қанша даңқы болса да, қанша білікті болса да, табиғаты түзу жан еш уақытта - жас шағында да, жасамыс шағында да - кеудесін көтермейді. - М.А.Шолохов

• Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. - Абай

• Бақаны алтын таққа отырғызсаң да, батпақ көрсе қарғып түседі. - Публий Сир

• Жақсы адам жатына да жақындай, жаман адам жақынға да жатындай. - Х.Казвини

4 -сабақ

Mенің жүрек қалауым

Лекция-әңгіме

Ұлы адамдар өз ескерткішінің тұғырын

өзі орнатады, ал мүciнін болашақ соғады.

В.Гюго

Сабақтың мақсаты: студенттердің өздерінің болашақ кәci6iн, 6ейімділігін бағалай білу іскерлігін қалыптастыру.

Міндеттер:

- өзінің нақты беймділігін табуға ұмтылысын дамыту;

- "бейімділік", "икемдік" уғымдарының мәнін ашу;

- өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін адекватты багалау іскер-ліктерін қалыптастыру.



Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пэніне кіріспе" оқу құралы.

Адамның өмірінде дер кезінде өзінің бейімділігін, бір нэрсеге икемдігін, өзінің жолын тауып, дүрыс бағытын анықтауы өте маңызды. Өзін неге, қандай іске арнағанын біреу ерте, біреу кеш түсінеді. "Осы өмірде менің немен айналысқым келеді жэне менің неге икемім, ебім бар?" Біреулер бүл сұраққа 10-12 жасынан бастап жауап іздей бастаса, кейбіреулер қырыққа келгенде де ғана бүған көңіл аударады екен. Бірақ сіз қанша жаста болсаңыз да, өз өміріңізді жақсы жаққа бүруға ешқашан кеш болмайды. Тек қана тура жолды, өмір жолын тандауды адамның өзі жасайды: оның өзі эрқашан кім болуға талаптанса, сол болады. Бірақ кейде жас жігіттер де, бойжеткендер де өз өмірін неге арнап, бағыттайтынын элі білмейді, өмір жолын айқындамайды. Олардың таңдауы өте көп, қайсысын жүректері қалайтынын өздері де анық сезінбейді. Не болмаса, керісінше, олар өздерін еш нэрсе қолынан келмейді деп есептеп, не істерін білмейді. Бүл жағдайда не істеу керек? Жастарға өз тандауын жасап, өмірден өз орнын табуына қалай көмектесуге болады?

Ең алдымен, эркімнің есінде болатын нэрсе - эр істің мақсаты туралы ойлаған дұрыс, ал өмірдің мақсаты - алға ұмтылу ғой. "Өмірдің мэні мақсатқа жету жолындағы эрекеттің парасаттылығы мен пәрменділігінде, ендеше тұрмыс-тіршіліктің эрбір сэтінде алда үлкен мақсат тұруға тиіс", - деп А.Горький айтқандай, мақсатымыз -өмір жолын табу үшін оқу мақсат, өзіңмен жұмыс істеу мақсат, өзіңці тэрбиелеу мақсат. Көпжылдық ізденіс пен қажырлы еңбектің нэтижесінде ғана белгілі бір нәтижеге жетіп, белестен асуға мүмкіндік туады.

Жүрек қалауымен мамандық таңдауда сізге ата-анаңыз, мүғалім-дер мен өз саласы бойынша тэжірибесі мол мамандар көмек көрсете алады. Бірақ ең тэжірибелі деген кісінің өзінің де сіздің жасайтын таңдауыңызды шешуге қүқығы жоқ. Ең басты, шешуші мэселелер, мысалы, мамандық тандау, өмірлік серігіңізді таңдауды сіз өзіңіз ғана жасап, сол үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алуыңыз керек. Егер қателессеңіз, соңында ол қатені өзіңіздің түзетуіңізге тура келеді, ал енді басқа біреу қателессе, сіз өз өміріңізді, өз бақытыңызды сарп етіп, құрбан етіп, өзгенің қатесін түзетуге мэжбүр боласыз.

Өмір жолыңызды тандауда өзіңіздің ішкі дауысыңызды тындағаныңыз жөн, ол көп жағдайда анағұрлым қателеспейтін жетекші болады. Жай ғана уақытты өткізіп өмір сүруге болмайды,

"уақытгы малайларша өткізбейтіндей жағдай жасау керек, себебі адамның қолында - іс, басында - ой болмаса, тап сол сэтте-ақ жүрегі де, адамшылығы да бүліне бастайды" (К.Д.Ушинский). Бүгініміз -өткеннің нэтижесі, эрі болашақтың бастамасы болғандықтан, "ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көз жүмушы болма" (Пифагор).

Егер сіз өз таңдауыңызды жасасаңыз, эрқашан ойлаңыз: сіз оған адал, берілгенсіз бе, өміріңіздің аяғына дейін артатын жүгіңіздің салмағын сезесіз бе? Әрбір мамандық пайдалы жэне игілікті, ал эрбір адам өз мамандығына байланыссыз өмірде лайықты, керек, өз орны бар адам, азамат бола алады. Бейімділік тек мамандық таңдаумен ғана шектеліп қоймайды. Ең соңында эр адам өз орнында адамдардың жүрегіне жол таба алатындай, жердің нэрі және элемнің жарығы болып, тек қана жақсы істер жасауы тиіс. Сондықтан сіздердің болашақта немен айналысып, өздеріңізді неге арнайтындарыңызды анықтап, бағдарлауға әлі де болса кеш емес.

Өмірдегі орныңызды тауып, жүрегіңіз қалайтын іспен шүғылдаиу неліктен қажетті деген сұраққа қосымша мынадай себептер бар:

1. Сүйікті ісіңізбен айналыса отырып, сіз оған бар уақытыңызды арнап, тез арада өз салаңызда озық маман боласыз, өз ісіңіздің шебері атанасыз.

2. Сүйікті ісіңізбен айналысу сізге күш-жігер беріп, қуатыңызға қуат қосып, өзіңізді жігерлі, қуанышты, мықты^кэне сергек сезінесіз.

3. Сіз мейірімді, ақжарқын болып, агрессивтілік дегеннің не екенін ұмытасыз.

4. Сіз өзіңізді мақсаттарыңызға жеткен адам жэне өзіңізге сенімді сезінесіз.

5. Ең ақырында, тек сүйікті ісіңізбен шүғылдану арқылы сіз шын мэніндегі қолыңыз аузыңызға жеткен, қамсыз адам боласыз.

Ә дегеннен өзіңіздің сүйікті, үнайтын ісіңізді таба алмасаңыз, уайымдамаңыз. Ештеңеден қорықпаңыз. Есесіне тэжірибе жинақтайсыз. Ал тэжірибе дегеніңіз - ең қымбат тауар. Мүмкін сіз екінші, үшінші жұмыста өзіңізді сынап көрерсіз. Бірақ нәтижесінде өз мүмкіндіктеріңізді толық ашатындай, көңіліңізге ұнайтын істі табарсыз. Сондықтан, міндетті түрде іздеңіз, ойланып, таразылаңыз. Ешқашан берілмеңіз, табанды болыңыз, ұнжырғаңызды түсірмей, сеніммен қараңыз жопе міндетті түрде сеніміңіз, үмітіңіз, дұрыс таңдауыңыз сізді алдамайды, көздеген межеден шығатын боласыз.



Талқылауга арналган сүрақтар:

1. Сіздіңше, адамның өмірінде бейімділік, икемдік, эуестіктің орны мен маңызы қандай?

2. Сіз бүл ұғымды қалай түсінесіз?

3. Сіздің өмірдегі мақсатыңыз, жүрек қалауыңыз, тандауыңыз қандай?

4. Өз мұратыңыз, арман-мақсатыңызға жетіп, қабілеттеріңізді ашу үшін сізге не қажет?

1 - тапсырма. Хрестоматиядан үлы адамдардың өмірі туралы материалдарды оқыңыздар.

5-сабақ

Адам тарих ағымында

Лекция-әңгіме

Сағаттың шықылдағы емес ермек,

һэмишэ өмір өтпек - ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне үқсас,

Өтті, елді - тағдыр жоқ қайта келмек.

Абай

Сабақтың мақсаты: адамның тарих пен мэдени мұраларды тану, бағалау қабілетін дамыту. Міндеттер:

- өткен тарихымызға, үрпақтар сабақтастығына өз үлесін қосуға тәрбиелеу;

- тарихтың дамуында эрбір адамның алатын орны мен рөлін түсінуін тереңдету;

- адамның элеуметтік белсенділігін танытуын қамтамасыз ету.



Сабактыц жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пэніне кіріспе" оқу құралы, аудиоматериалдар.

Адамның өзін-өзі тануындағы тарихтың маңызын Х.Ортега-и-Гассеттің "Өткеніміз басқа бір жерде, өз дэуірінде қалған емес, дэл осында, менде. Өткен дегеніміз - бүл мен, бүл менің өмірім" деген сөздері айқын бейнелеп береді. Тарихи сана мен өзін-өзі тану қоғам өміріндегі болашақ дамуы үшін тиімді жол тандау тэрізді шешуші кезеңцерде өте өзекті болады. В.О.Ключевскийдің айтуынша, "тарих - өткеннің болашаққа жолды айқындап көрсетіп отыратын сэулесі".

Біз кім болдық? Қазір кімбіз? Болашақта кім боламыз? Қазіргі әлемде жүріп жатқан жаһандану үдерісі эрбір үлт үшін осы сұрақтардың өзектілігін тағы да айқындап, нақтылай түседі. Қоғамымызға бүкілэлемдік тарих арнасындағы аса ірі окиғалар тұрғысынан өзіңді сенімді сезінуге мүмкіндік беретін ақпарат алуда тарихи-мэдени мұраларды зерттеп-білу, оқып-танысудың маңызы зор.

Туысқаншыл, бауырмал халықтардың бірі - казақтар кімдер? Олар қалай туысады? Алыс-жақынын қалай ажыратады? Халықтың езілген еңсесі, тапталған рухы, намысы көтеріліп, өшуге айналған сананы оятып, үлтгық салт-дәстүрді жаңғыртып, барымызды түгендеп, жоғымызды жоқтап жатқан кезде өзімізді, шыққан тегімізді танып, білу кажеттігі де айқын. Қоңыр қазақтың өзіне тэн барша қасиетін ана сүтімен, жусан иісімен, күйдің күмбірімен, саумал иісті самалдьщ лебімен бойына дарытқан, көкірегі ояу, көзі ашық, халқының тарихын, енері мен мэдениетін, тұмса түнық эдебиетін, ғұрпын, салтын білетін, "Мен қазақпын!" дей алатын азамат өзінің шыққан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата жүртын қастерлеп, жеті атасын жадында түлуы шарт. "Жеті атасын білген ү_л жеті рулы елді біледі" дегенді сөз салмақтап, ой баққан атамыз қазақ тегін айтпаған болар. "Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз" деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бүл қазақтың аралас-кұралас, алыс берісті, құда-жекжат, жамағайын жұрағаттығын аңғартатын сонау іргеміз сөгіліп, қаймағымыз бұзылмаған заманадан жеткен ұғым. Өткенімізді қарап отырсақ, ел бастаған көсем де, ділмар шешен де, ақиық ақын, ел қорғаны батыр да осы сөзді жиі айтқан. Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр түтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған. Сүттей ұйып ғұмыр кешкен. Ел шетіне жау келсе, даңқты бабаларының атын ұран ғып шақырып, қанымыз, жанымыз бір, руымыз, туымыз бір, тегіміз, кегіміз бір, еліміз, жеріміз бір, суымыз, нуымыз бір Ер Түріктің ұрпағы, алаштың азаматымыз десіп бәтуаласып, баталасып,


бес қаруын асынып, ат құйрығын түйісіп, бір байрақтың астынан табылған.

"Атадан ұл тумас па, ата жолын қумас па" дейді екен атамыз қазақ, кейінгі үрпағымыз да елдігімізді сақтар, жерімізді қорғар, атымызды жаңғыртар, ісімізді жалғастырар, дамытып алға апарар деген ниет, үмітпен. Осы тұрғыда жас ұрпақ туысқандық қатынастардың ара жігін танып, тармақтап, жүйелеп ажырата білуі де заман талабынан туып отырған қажеттілік (М.Ниязбеков).

Көріп отырғанымыздай, өз халқыңның тарихын, ерлікке толы өткенін білу рефлексияны қалыптастырады, адамның өмірлік қызметіне қатысты: мен кіммін, қайданмын, тегім қандай, өмірде, тарихта, артымда қандай із қалдырамын? деген сұрақтар туындап, мазалайды. Өзінің мэдени мұрасының құндылықтарын сезіну патриотизм сезімін қалыптастырып, қоғамдық санада оң қадамдарға қол жеткізу жэне осы тұрғыда оның жалпымемлекеттік маңызды идеологиялық мәні бар. Біздің өткеніміздің нақты мазмүны туралы сұрақтар бере отырып, біз қазіргі кездің түсінігін байытамыз жэне біздің болашағымыздың рухтандырушы бейнесін қалыптастыра аламыз.

Еліміздің қуатты тарихи-мәдени мұрасының болуы азаматтылық пен патриоттық құндылықтардың өсуіне нақты жэрдемдесетін фактор болып табылады. Қазақ үлтының бай тарихи жолын, оның мәдениетінің төлтумалылығын Қазақстанның басқа халықтарының танып, білуі жэне осымен бір мезгілде этномәдени өзара айырбастың жүруі - өзара толеранттылық пен қүрметті нығайтудың ізгі де тиімді жолы. Ал қазақ мәдениеті біздің даламызға келген көптеген этностардың рухани мұрасымен толықты жэне толеранттылық секілді қасиет ғасырлар бойы қалыптасып, қазақстандықтардың қазіргі ұрпақтарына берілген.



Пікірлесуге арналған сұрақтар:

1. Сіз "тарихи жады" ұғымын қалай түсінесіз?

2. Адам гарихтан қандай тағылым, сабақ ала алады?

3. Тарихта сіздің орныңыз қандай болады деп ойлайсыз?

4. Қалдырған ізіңіз қандай болады?

Хрестоматияда берілген материалдармен танысып шығыңыздар.

Музыка: С.Тұрысбеков. "Көңіл толқыны" - Ыңғайланып отырып, өз тыныс алуыңызды бақылай бастайсыз.

- Зейініңізді кеудеңізге жинақтайсыз да, өзіңізді-өзіңіз өмірдің ең жарқын, қуанышты жақтарын ғана қабылдауға дайындайсыз.

- Өзіңізге жэне өзіңізді қоршаған дүниеге жылылық жэне достық сезімді сезіндіңіз.

- Сіздің табысыңыз бен жеңісіңіздің, сэттіліктің сэулесі сіздің жүзіңізді нұрландырған өмірдің ең қуанышты, ең қызықты сэттерін еске түсіре бастайсыз.

- Осы сэтгерді неғү_рлым анық жэне дэл еске түсіруге тырысасыз.

- Бүл: досыңызбен кездесу қуанышыңыз, туған жерге оралу қуанышы, қиын емтиханды тапсырғаннан кейінгі шатгық сезімі, алыс та қиын сапардан аман-сау оралу қуанышы, тауға шығып, шынды бағындыру бақыты, табиғатпен танысу бақыты, басқа адамға көмектесу қуанышы, ақиқатқа жету қуанышы, ізгі тілегіңіздің орындалу бақыты, өнермен сырласып, одан лэззат алу қуанышы болуы мүмкін.

- Сіздің жүрегіңіз қуанышты сәттерге ақтарылып, ашыла бастаганын анық сезінесіз.

- Көзіңізге қуаныш эжімдері жиналып, езуіңізге күлкі үйіріледі.

- Кеудеңізді қуаныш сезімі кернеп, шаттық баурай бастады.

- Әсем музыка эуенімен бірге сіздің жүрегіңіз құстай алып-ұшып бара жатқанын сезесіз.

- Сіз осыған дейін болған қуаныш сезімін одан да терең сезіне бастайсыз.

- Егер жаныңызды уайым жеп, мазаласа, оны жаныңыздан аластап, жүрегіңізден шығарып, өміріңізде қуаныш ордасын тұрғызып, оған кіргенде өмірдің бақытын сезінесіз.

- Қуаныш, сіз үшін - өзіңізді оршаған орта - адамдармен, табиғатпен, өнермен бірігу сезімі.

- Осы сэттегі құйқылжыған шаттық эуені - сіздің жүрегіңіздің лүпілін, қуанышының көрінісі.

- Сіз бүкіл элемді құшағыңызға алып, қуаныштан өз қолдарыңыз - қанаттарыңызды бүкіл элемге жайып жібергіңіз келеді.

6-сабак

Тілдесу мэдениеті

Лекция-әңгіме

Таза мінсіз асыл тас

Су тубінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады.

Асан Қайгы

Мақсаты: өзара түсінушілікке қол жеткізу құралы ретінде адамдар арасындағы қарым-қатынасқа құндылық көзқарасын қалыптастыру.

Міндеттері:

- адамдар арасында тілдесу мәдениетінің дамуына ықпал ету;

- адам өмірінде тілдесудің рөлі туралы түсінікті үлғайту;

- жеке қарым-қатынас дығдысын калыптастыру.



Әдістемелік жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия,

"Өзін-өзі тану" пэніне кіріспе" оқу құралы.

Тілдесу - адамзат эрекеттесуінің бір түрі. Тілдесу барысында түлғаның ең жағымды жақтары анықталады және ашылады. Мэдениетті адам үшін қарым-қатынас -

қажеттілік, оның жоқтығы ауыр, орны толмас шығын деп қабылданады. Тілдесу барысында адамдар бір-біріне ықпал етеді. Адамдар тілдесуіндегі ең бастысы - өзара түсінушілік.

Әртүрлі халықтар мәдениетінде қарым-қатынас феноменіне маңызды мән беріледі. Дэстүрлі қазақ мэдениетінде қонақжайлылық жарқын көрініс тапқан. Тілдесу - өмірлік қажеттілік.

Тілдесу - бұл қазіргі адам өміріндегі күнделікті ең маңызды құрамаларының бірі. Тілдесу мэдениеті эр адамға қажет. Тілдесу арқылы біз жаңа ақпарат аламыз, басқа адамдармен қатынасымызды ретке келтіреміз, дос табамыз, отбасын қүрамыз, еңбек етеміз, оқимыз, өмірімізге керектінің бэрін табамыз. Адам элеуметтік мэніс екені белгілі, сондықтан қоғамнан тыс ол нағыз адамдық қасиетке ие бола алмайды. Осы орайда жануарлар асыраған "Маугли" секілді балалар туралы оқиғаларды еске түсіруге болады. Мүлде қарым-қатынассыз өскен бүл балалардың жануарлар элемінен бөлетін қасиеттері жетілмеген.

Тілдесудің вербальды жэне вербальды емес жақтарын қарастыруға болады (1-сызба). Вербальды емес тілдесу арқылы, мысалы, эңгіме барысында біз барлық мағлұматты аламыз. Адам бізді көргеніне қуанышты ма, көңіл күйі жақсы ма, өзі қазір айтып тұрған нэрсені, шын ойлап тү_р ма, ол өз сөзіне қандай мэн береді, міне, осының бэрін ұғыну үшін бізге эр сөздің мағынасы керек емес. Осы жэне тағы да басқа көп мэліметтерді вербальды емес сигналдар арқылы тілдесу барысында қабылдаймыз. Сөздер жэне оның мағынасы шамалы, кейде маңызды емес мәлімет береді.

1-сызба

Тілдесу






Вербальды емес

Вербальды






Интонация,тембр,сөздің мәнерлігі,пауза,мимика, әріптестер арасындағы қашықтық және т.б.

Сөз,айтылған сөздің

мағынасы

Күнделікті өмірде өзіміз араласатын адамдардың интонациясы мен мимикасының мэнін нақты жэне жиі табамыз. Адамның дене қимылы мен дене қалпын түсіну, тілдесуге түскен адамдар өздерін еркін сезінетіндей қашықтықты белгілеу қиынырақ түседі. Тілдесудің маңызды құрамы болып табылатын осыны анығырақ көрсетейік.

Талқылауға арналган сұрақтар:

1. Адам өмірінде тілдесудің қандай маңызы бар?

2. Сэтті қарым-қатынас орнату үшін қандай қасиеттер керек?

3. А.Сент Экзюперидің "Ең үлкен байлық - бұл адам қарым-қатынасы" деген тұжырымын қалай түсінесіздер?

4. "Сені түсінсе - сол бақыт" деген түжырымға қосыласыз ба?

2-жаттығу.

Студенттер мен оқытушы бір ортақ шеңбер құрап отырады (егер топ үлкен болса бірнеше топқа бөлінуге болады). Оқытушы төменде кестеде көрсетілген дене қимылын көрсетеді, ал студенттердің міндеті - оқытушының көңіл-күйін, дэл осы кезде топқа көзқарасын анықтауға тырысу. Бүл жаттығуды біршама өзгертуге болады. Оқытушының орнына екі, үш студентті қоюға болады, алдымен оларды кестенің мазмүнымен таныстыру керек.



1-кесте

Т ілдесуде қолданылатын дене қимылы мен дене қалпының мәні


Дене қимылы мен қалпы

Түсіндірмелер

Басы төмен салбыраған, сақ көзқарас

Адам достық пиғылда емес немесе сізбен қарым-қатынас ол үшін осы кезде орынды емес болуы мүмкін

Қолы кеудесінде айқасқан

Жұдырығын түйген

Қолын қалтасына тыққан

Қолы белінде

Ол жай-күйдің қожасы екенін көрсетш тұр

Тұрған қалыпта бір аяғы алдьша шығып тұр

Көзге көрінбейтін түкті тазалау

Адам айтылған нэрсемен келіспейді, бірақ эңгімелесушіге оны айтқысы келмейді

Иегі жұдырықтай жиырылып, саусағы самайында

Әңгімелесуші сізді сынап тұр




Иегін таянып отыр

Адамның іші пысып отыр

Адамның келбеті есікке бағытталып тұр

Әңгімені аяқтап, кетуді ойлап тұр

Саусағымен немесе аяғымен тарсылдату

Асығады, кетуді қалайды

Қолын көкірегінде айқастырулы

Бэлкім, адам өзіне деген теріс қатынасыңызды сезді, болып жатқан жағдаймен келіспейді, өз күшіне аздап сенбейді

Қолы айқасқан

Аяғы айқасқан

Аяғын аяғына қойған

Ернін тістеу

Адам эмоциясын ұстауға тырысады

Адам қолында, тізесінде немесе алдында жай ғана бір нэрсені үхтайды

Адам өзі араласып жүрген адамға толық сенбейді. Жаңа топта немесе жаңа жерге келген адам үшін бұл қалыпты нэрсе

Жөтелу

Адам өз айтқанына толық сенімді емес. Оның айтқаны өтірік болу мүмкін

Аузын алақанымен басу

Көзін, қүлағын қасу

Көзін басқа жаққа немесе жерге қарау

Әңгімелесуге тік қарамау

Бетін тығу

Ашық алақан




Ашық қалып: кеуде, іш, бас қолмен немесе басқа нэрсемен жабылмаған, аяқ, қол айқаспаған

Адам сізбен қарым-қатынасқа ыңғайлы, ол сізге сенеді, сізбен араласу оған ұнайды

Тік көзқарас

Бастың бір жаққа қисаюы

Қызығушылық

Алақанын жүрекке басу

Түсіну, қайғыға ортақтасу, риза болу

Аяғын аяғына салынған, тізесі әңгімелесушіге бағытталған

Әңгімелесуге жайғасқан

Екінші саусағы самайында

Қызығушылық

Иегін сипау

Ойлану, адам сіздің айтқаныңызға ойланып отыр





7 сабақ

Махаббат шуағы

Лекция-әңгіме

Мен шын көңілден Махаббат дегеніміз

қасиетті қүбылыс деп санаймын. Оның

әрбір көрінісі - жүбайлық, ата-аналық,

балалар махаббаты, қоршаған элемге

деген құштарлық бізді одан эрі

ізгілікке бастап, жетілдіре түседі.

С.Назарбаева

Мақсаты: өзін жэне басқаларды бағалай білуге үйрету.

Міндеттер:

- сүю жэне сүйікті болуға ү.мтылысын дамыту; махаббаттың көпжақты сезім екендігін түсініп, кеңейту;

- махаббаттың эр алуан көрінісін тану білігін дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия,

аудиоматериалдар.



Махаббат - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нэзік сезімі. Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің

2. Қандай қателер жіберілді деп ойлайсыз? Сіздіңше, қателердің болу себебі неде, олардан қандай қорытынды жасауға болады?

3. Жобаны дайындау барысында сіз қандай білім алып, тэжірибе

жинақтадыңыз?

4. Курстастарыңыздың жобаларымен танысу барысында сізде

жаңа идеялар туды ма?

Студенттер оқытушымен бірге үлкен шеңбер жасап түрады. Бұл ойын үшін кішкентай резеңке доп қажет. Оқытушы допты бір студентке лақтырады да, жағымды, жақсы сөздер (мадақ сөз, тілек т.б.) айтады. Допты қағып алған студент келесі қатысушыға өз сөздерін арнап, допты лақтырады, осылайша шеңбердегі барлық қатысушылар допты алып, жақсы тілектерін айтады.

космологиялық ілімінде Махаббатты бүкіл элемді ұйымдастырып түрған бастапқы күш деп білді.

Платон оны сезімдік жэне рухани Махаббат деп екіге бөліп қарастырды. Сезімдік махаббат - сүлулыққа сұқтанатын махаббаттың ең төменгі сатысы, ал рухани махаббат - адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бүлағы деп қарады.

Христиан діні махаббатты Христос Құдайдың негізгі сипаты деп санады. Соның нәтижесінде Күдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылды. Ортағасырлық христиан этикасында, сезімдік жэне рухани махаббат бір-біріне қарама-қарсы қойылды. Табиғаттан тыс тұрған күш - христиандық махаббат ("адамды сүю") ілімі жасалды. Бүл ерекше махаббат ("агапэ") "жақынынды сүй", "жауыңды сүй" сияқты қағидалар негізінде таралды.

Ағартушылар махаббат адам бойындағы табиғи сезімдер көрінісінің бірі деп есептейді. Мэселен, Шефтсбери махаббатты ынтымақ сезімі және қоғамдық тэртіптер мен сүлулықтың үйтқысы деп көрсетті. Гельвецийдің түсінігінше, махаббат - адамзат өміріндегі тәрбие құралы жэне адам дамуының қайнар бұлағы. Сөйтіп, ағартушылар этикасы махаббат мэселесін элеуметтік өмірмен байланыста қарастырды.

Қазақ халқының рухани бастауларының бірі - шығыс мүсылман эдебиетінде махаббат жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жұртшылыққа жол тауып, эстетикалық-көркемдік, этикалық-ғнбраттык зор маңызға ие болды.

Орта ғасырларда махаббат үғымы көркем шығарманың ғана емес, дүниетаным, дін, философия, эстетика салаларының өзекті мэселелері бастау алатын кэусар бүлақ саналды. Ортағасырлық мүсылман жэне христиан теологиясында, діни эдебиетте, сондай-ақ шығыс поэзия-сында да басты тақырып махаббат болды, көптеген онтологиялық, аксиологиялық, гносеологиялық мэселелердің шешуін табар түйіні осы махаббат категориясы еді.

Махаббат үғымының сырлы элемін жүрек пен көкейкөздің (интуицияның) үлесіне қалдырып, оның тылсым бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндсгі толганыстарды шешуде де махаббат философиялық категория қызметін атқарды. Бүл бойынша махаббат - ғаламның, адамзат жаралуының телеологиялық себебі оның рухани жетілуінің, эстетикалық лоззапануының, этикалық ғибраттануының негізі.

Махаббат эрбір адамды бейтарап қалдырмайды, адам өмірінің мэні мен маңызы, сырлы элемі. Сондықтан махаббат жайлы эрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы зандылық.

Махаббат эрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мэнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным түйсігі. Сол себептен махаббаттың сипаты да түрліше. Мысалы, адам мен Құдай, ер мен эйел, үстаз бен шэкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат. Өз кезегінде адам мен Алла арасындағы махаббат - имандылықтың, ер мен эйел махаббаты - • отбасының, отанның беріктігінің, үхтаз бен шэкірт махаббаты - білімнің, ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы махаббат - елдіктің, т.б. қастерлі қүндылықтардың кепілі эрі бастауы. Сонымен қатар адамның Отанына, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де махаббатттың бір көрінісі.

Ер-азаматтың қорғауға міндетті үш намысы - иман, Отан, отбасы махаббатқа негіз болар құндылықтар. Махаббатты осылайша жіктеуге махаббат иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады. Махаббаттың сезімдік эсер тұрғысынан күйініш пен сүйініш, қорқыныш пен үміт өзара ұласа жүріп, адам бойында күйіп-жанған ынтық сезім, қанат бітірер ұшқыр қиял, риясыз пейіл, мейірім-шапағат гүрінде көрініс беруі махаббаттың бар түріне тэн жалпы сипаты болып табылады. Яғни махаббаттың қай түрі болсын, адамды һгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тэрбиелейді.

Адамдардың басым көпшілігін толғандыратын да, көптеген коркем шығармаларға өзек болған тақырып та ер мен эйел арасындағы махаббат. Алғашқыда күйіп-жанған ынтық сезіммен басталган махаббат жүбайлық жұп құру кезінен бастап жаңа сатыға көтеріледі. Некедегі ер мен эйелдің отбасындағы өзара адалдығы, бір-біріне қамқорлығы, ортақ жауапкершілігі, ізгі мақсат, ортақ мүддеге жүмылуы алдыңғы орынға шығуымен махаббат жаңа сапалық озгерісте дамып, тәрбиелік мәні артады. Демек, ер мен эйелдің арасындағы махаббат пен осындай басқа да махаббаттардың барлығы олардың ешқайсысын жоққа шығармайтын, бірақ бүтіндей қамтып, орқайсысының мэнін арттыратын адамның хақиқатты мақсат еткен Лллаға деген махаббатының алғашқы сатыларының бірі. Хақиқатты сүю - адамды иманының, Отанының, отбасының қадір-қасиетін жете гүсінуге баулитын, оларды да қатар сүюге қайшы келмейтін махаббат. Мүндай хақты сүю махаббаты жайлы өз махаббаттарының нысаиы етііі жаратушы Алланы қалаған, дэстүрлі казақ қоғамында әулие ретінде құрметтелген, хақ сүйіспеншілігіне жеткен ғұламалар өз хикметтерінде жырлаған. Сондықтан махаббат ұғымын ғалам жаратылуың сыры, адамның рухани кемелденуінің жебеушісі ретінде қарастырған Иассауи, Абай, Шакерім сияқты ғұламалар жырларына жүгініп,махаббат сырын түсінуге болады.

(Қазақстан. Ұлтық энциклопедия)
8-сабақ

Мен және Сен

Лекция-әңгіме

Әйелге деген махаббат біз үшін өтеуіне

ештеңе жүрмейтін ұлы маңызға ие;

ол жүректі нәрлендіріп,

бұзылудан сақтайды.

ВТюго

Мақсаты: басқа жыныс өкілдерін құрметтей білуге үйрету.

Міндеттер:

- ерлер мен әйелдер арасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамыту;

- ерлер мен әйелдер бастауының үйлесімі туралы түсініктерін ксңейту жэне тереңдету;

- тұлғааралық қатынастардағы гендерлік ерекшеліктерді ескеру қабілетгерін дамьпу.



Сабақтың жабдықталуы: студент дәптері, хрестоматия, аудиожазбалар.
Нағыз ер адам дегенді қалай түсінуге болады, оның мэні неде? Нағыз эйел қандай? Ежелгі мифтердің көпшілігінде ер адамдар белсенді, элеуметтік-шығармашылық бастау ретінде бейнеленсе, ал эйелдер - енжар-табиғи күш ретінде суреттеледі. Ежелгі Қытай мифологиясында эйелдер бастауы Инь жэне ерлер бастауы Янь - полярлы ғарыштық күштер болып саналады, олардың өзара әрекеті шексіз, шетсіз Әлемнің өмір сүруін қамтамасыз етіп тұрады. "Инь" сөзі қараңғылықты, суықты, ылғалдылықты, жұмсақтықты, енжарлықты, көнгіштікті көрсетсе, "Янь" - жарықты, құрғақтықты, қаттылыкты, белсенділікті білдіреді екен. Ай, жер және су көптеген мифтерде эйелдер бастауы ретінде түсіндірілсе, Күн, от пен жылу - ерлер бастауын білдіреді.

Ерлер үшін жеке табыстарын жоғары бағалау, элеуметтік мэртебесі, беріктігі, өктемдігі, шешімділік, батылдық маңызды орын алады. Ал эйелдер үшін келісімге келуге ұмтылыс, басқаларға қам-қорлық жасау, сезімге берілу, ішкі түйсік, абайлағыштық, нэзіктік, оң-тайлылық қасиеттер тән болып табылады. Бірақ бүл қасиеттердің бар-лығы да абсолютті емес, салыстырмалы күйде орын алады. Адамның нақты күнделікті өмірінде бүл қасиеттер эр түрлі керініс береді.

Қоғамдағы эйелдер мен ерлердің мэртебесі ғылымда "гендер" үғымьшен белгіленеді жэне төмендегідей бағыттары айқындалады: жыныстық рөлдерінің әлеуметтік негізі болуы; белгілі бір элеуметтік жэне мэдени нормалардың биологиялық жынысына байланысты болуы;

- мінез-қүлықтың "ерлер" жэне "эйелдер" модельдері туралы гендерлік стереотиптерінің полярлы болуы.

Ерлер мен эйелдер отбасын құру міндетін атқарады, ал отбасы еркек мен эйелдің одағы ретінде танылады. Бүл одақта махаббат, нэзіктік, қамқорлық, эмоционалдық жэне психологиялық қолдау, ертеңгі күніне сенім, рухани бірлік орын алады.

Талқылауга арналған сұрақтар:

1. Қазір көбінесе қыздардың нэзіктігінің кемдігі туралы көп айтылады. Нэзіктік деген табиғаттан беріле ме элде жасанды ма?

2. Адам туғанда белгілі бір жынысты болып дүниеге келеді, ал ерлер мен эйелдердің элеуметгік рөлдерін біліп, үйреніп, жаттығу керек. Ер балалар ерлердің рөлін, кыздар әйелдер рөлін меңгере

нимауының себебі неде деп ойлайсыз? Олар неліктен өз рөлдерін м і қаруға кейде дайын болмайды?

3. Әйелдер мен ер адамдар бір-бірінен физилогиялық жағынан іаиа емес, психологиялық әр түрлі қабілеттерімен ерекшеленеді деген шкір қалыптасқан. Олар неліктен осылай ерекшеленеді?

4. "Махаббат дегеніміз - эйел өмірінің тарихы, ал ер адамның омірінің бір эпизоды" (Жан Поль Сартр) деген түжырыммен келісесіз бе?

Сэмуэль Роландстың "Ерлердің кемістіктеріне сан жетпейді; ал .ніслдердің екі-ақ кемістігі бар: олардың сөзі ештеңені де білдірмейді, оііардың істері түкке түрмайды" деген пікірімен келісуге болады деп иііпайсыз ба?

5. "Нағыз еркек", "Нағыз эйел" деген ұғымдар нені білдіреді іһ.иіе оларға тән қасиеттер қандай болуы керек? (Студенттер өз и.щгерлеріне нағыз еркек пен нағыз эйелдің образдарын сипаттап жаіады).

6. Нэзіктік пен романтикалылық тек эйелдерге ғана тэн қасиет агіі саналады. Бүл қасиеттер нағыз еркекке де тэн болуы мүмкін бе?

Мақсатқа талпынушылық, табандылық, ержүректік тэрізді ерлерге тән қасиеттер нағыз эйелдерге де қажет пе?



9 -сабақ

Рухани келісім

Лекция-әңгіме

Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

Халық даналығы

Түрақты үнқатысудың құндылығы мынада, орын алып отырған келіспеушіліктерге қарамастан, бэзбір "алтын ортаны" іздеудің мэні мен үдерісінің өзі сақталады. Жэне ең бастысы - үнқатысу бейбітшілік пен келісім аумағын, үйлесім мен айқындық уақытын қалыптастырады. Мен діни үнқатысудың сөзсіз құндылығын осыдан

көремін.

Н.Назарбаев

Сабақтың мақсаты: адамның діни наным-сенімін қүрметтеу.

Міндеттер:

эр түрлі дін өкілдерімен рухани келісімге, татулыққа

ұмтылысын дамыту;

эр алуан діндердің гуманистік негіздерін түсінуді терендету;

адамдармен қарым-қатынаста толеранттықты дамытуға көмектесу.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия,

аудиоматериалдар.

Діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Дін дегеніміз қоғамның рухани мэдениетінің бір бөлшегі. Адамның кез келген дінді үстану немесе ұстанбау қү_қығы (шр. Үлтаралық, дінаралық келісім, төзімділік дегеніміз - өзге үлттар мси діни сенім-нанымдағы жэне мэдениеттегі адамдарға деген курметпен қараушылық.

Ьіздің еліміз жер көлемі бойынша элемде 9-ыншы орынды псмденетін ірі мемлекет. Қазақстан Еуразия құрлығының қақ о|)і'асында орналасқан. Осы үлан-байтақ өлке Батыс пен Шығыстың сан түрлі халықтарының тоғысқан жері болды деп айтуға болады. Әлемдік жэне дэстүрлі діндер съезінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев "Сан ғасырлар бойында Үлы Даланың аумағы әр алуан діндерді - тэңіршілдік, зороастризм, буддизм, христиандық, иудаизм, ислам жэне тағы басқаларды ұстанған көптеген халықтардың ықпалдаса өмір сүруімен ерекшеленеді" деп атап көрсетті. Осы ерскшелік қазақтардың жақсы деп танылған құндылықтарды бойына дарытуына, жаңалықтарға бейімделуіне, түрлі халықтардың дәстүрлеріне түсіністікпен қарап, керек дегендерін қабылдауына мүмкіпдік берді. Осы Съезде Израильдің бас раввині Иона Мецгер оз


сөзінде "Қазақстанда 100-ден астам халықтар татулықта эрі келісімде өмір сүруде. Біз бүл елден үйренуіміз керек, мұның өзі барлық діндерге де қатысты" деп атап өтті.

Тэуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін 130-ға жуық үлт пен 40-тан астам діни конфессиялар арасында татулық, өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында дамудың қазақстандық моделі ойдағыдай жүзеге асырылып, экономиканы реформалауда зор табыстарға қол жеткізілді. Еліміз барлық көршілерімізбен тату қарым-катынас орнатып, жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің көшбасшысы атанды.

Қазақстан Президентінің еліміздің халқына Жолдауында шешімін табуға тиіс міндеттер қатарында "қоғамда толеранттыққа және этносаралық, конфессияаралық келісім жағдайларына кепілдік беруді" атап өткен болатын.

Толеранттық деген сөз бүл басқа рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің үстанымдарыма қаншалықты жат болса да қабылдаймын дегенді.білдіреді. Осыдан адамдар арасындағы өзара сыйластық, мейірбандық пайда болады. Сондықтан, Елбасы қолдап келе жатқан толеранттық ұғымы бізге де жат болмауы керек, яғни барлық этностар мен мемлекетгердің, тіпті жеке адамдардың бір-біріне көмегі осыдан басталады. Өткен тарихқа көз салсақ, толеранттық деген үлкен парасатты үғымның үлгісін қазақ билерінің сөздерінен де көреміз. Мэселен, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қонтайшыға айтқан: "біз қазак деген мал баққан елміз" деп басталып,"досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз" деп келетін сөздері өзара татулыққа шақырғанының белгісі.

"Өркениеттер тоғысуы" деп атап жүрген Орталық Азия аумағында көптеген бағыттағы діни ағымдар өмір сүрген. Біздің халықтарымыздың көпғасырлық тарихы - бауырмалдық пен адамдардың бір-біріне деген қүрметіне негізделген адамзат тарихындағы теңдесі жоқ тэжірибе. Осы тамаша дэстүрлер мұқият сақталынып, ата-бабаларымыздан бізге мұра болып қалды жэне бүгін тэуелсіз Қазақстанның бейбіт аспаны астында көптеген үлттар мен эр түрлі сенімдегі азаматтар бір отбасындай тату-тэтті өмір сүріп жатыр. Біздің республикамыз элемдік сахнада көптеген діндер мен этностық топтардың толеранттылық жағдайында өмір сүрулерінің бірегей үлгісі ретінде мойындалып отыр.
Конституция деңгейінде конфессиялық жэне басқа да әлеуметтік белгілері бойынша кемсітудің кез келген түріне тыйым салынады. "Қазақстан Республикасындағы ар-ождан жэне діни сенім бостандығы туралы" Заң діни бірлестіктердің емін-еркін қызмет етуі үшін барлық құқықтық негіздерді қалыптастырып берді. Еліміз адам құқын қорғау саласында қырықтан астам халықаралық келісімдер мен шарттарға қосылды, олардың арасында Б¥¥-ның осы саладағы іргелі пактілері де бар.

Екіншіден, біз мемлекеттің конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыру үшін тең және қолайлы жағдай жасау жөніндегі міндеттілігін басшылыққа аламыз. Дін саласын ырықтандыру діни мекемелердің санын күрт есірді - олардың саны тәуелсіздік жылдарында бес есе артты.

Қазақстан халқының басым көпшілігі өздерін мүхылман санайды. Сонымен бірге Исламның Қазақстанда басымдыққа ие болуы басқа діндерді ү-стаушылардың өздерінің әдет-ғүрыптарын толыққанды атқаруына тіпті де кедергі келтірмейді.

Мү_сылмандықтан өзге конфессиялардың діни мекемелерінің санының өсуі назар аудартады. Тэуелсіздік жылдарында православие дін орындарының саны төрт есе, католик шіркеулерінің саны екі есе өсті. Протестанттар бірлестіктерінің мыңнан астам миссиялары мен мінэжат үйлері жұмыс істейді, елде сондай-ақ 21 иудей қауымдастығы бар, көптеген ғасырлардың ішінде алғаш рет будда храмы ту_рғызылды.

Үшіншіден, Қазақстандағы конфессияаралық үнқатысуды ынталандырып отыру біздің жұмысымыздағы маңызды бағыт болып табылады.

Елімізде үлтаралық жэне дінаралық үнқатысудың Қазақстан халықтарының Ассамблеясы сынды бірегей институты құрылды.

¥лтаралық және дінаралық келісімнің бізде қалыптасқан үлгісі -Қазақстанның эр түрлі конфессиялардың өзара іс-әрекет етуінің жалпы әлемдік үдерісіне қосқан үлесі. Жаһандық өлшеммен қарағанда элемдік жэне дәстүрлі діндердің рөлі көкейкесті бола түсіп қана қоймай, олар адамның шынайы рухани қазынаны сақтап қалуының түйінді факторына да айналып келеді.

Қазақстанда Әлемдік жэне дэстүрлі діндер лидерлерінің екі съезі (2003, 2006 жылдар) өткізілді. Мұндай ірі шаралардың өткізілуі мемлекеттер мен халықтар үндеп отырган мәдениеттер мен өркениеттер үнқатысуына маңызды үлес қосты. Мәдениеттердің

кнқтығысына қарсы тұру, күш қолдануға шақырулармен күресу, Оііршаға ортақ біздің түсініктегі бейбітшіліктің салтанатына қол жі-ікпу - барлық діндер мен сенімдердің ізгі ниетті адамдарды бірлесе пп.ірып қол жеткізуге тиісті мақсаттар осындай.

Шкірлесуге арналган сұрақтар:

• "Құдай жалғыз, ал оған бару жолы эр түрлі" деген ұғымға пчдіц көзқарасыңыз қандай?

• Сіз үшін "руханилық" ұғымы нені білдіреді?

• Сіздің замандасыңызға руханилық қажет деп ойлайсыз ба?

• Рухани азық, рух қажеттілігі дегенді қалай түсінесіз?

Осы тақырып бойынша хрестоматияда берілген гг іп материалдарды оқып шығыңыздар.



10-сабақ

Қазақстан - ортақ мекеніміз

Лекция-әңгіме

Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ?

сенен іркер күшім жоқ, - деп

ер қайратыңа мін-дағы, өрге бас.



М.Әуезов
Сабақтың мақсаты: азаматтық пен қазақстандық патриотизм сезімін дамыту.

Міндеттері:

ортақ мекен сезімі мен Қазақстанның мемлекеттік қүлдылықтарына құрмет сезімін дамыту;

- үлттық сэйкестік үғымының азаматтық түсінігін тереңдету;

- әр ұлт өкілдерімен сыйластық, достық қарым-қатынас орнату біліктілігін дамытуға көмектесу.



Сабақтың жабдықталуы: студент дәптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пэніне кіріспе" оқу қүралы, аудиоматериалдар.
Қазақстан - 130-дан астам үлттар мен үлт өкілдері мекендейтін полиэтникалық мемлекет. Қазақстан қоғамының мәні - эр түрлі улт өкілдерінің өзара төзімділік жэне рухани, мэдени қүндылықтарына қарау жэне қабылдау. Республикадағы тұрақтылық, азаматтық татулық жэне үлтаралық келісім - бүл, біріншіден, бүкіл қазақстандықтардың ділінің, толеранттылығының, достығының, тілектес, мұраттастығының көрінірі болса, екіншіден, мемлекеттік үлт саясаты көрегенділігінің айғағы.

Қазақстандықтар халықтар достығының қол жетпес байлық, қазына екендігін жақсы үғынады. Әр түрлі үлттар арасында түсініспеушілік болмаса, заң алдында барлық адамның тендігі болмайынша, мемлекеттің өсіп-өркендеуі, демек, бақытты өмірдің болмайтынын жақсы ұғынып, түсінеді.

Қазақстанның эрбір азаматы біздің бірлігіміз -көпжақтылығымызды сақтауда екенін түсінеді. Еліміздің Негізгі Заңының да "Біз, Қазақстан халқы..." деп басталуы тегіннен - тегін емес. Қазақстан халқы - бүл біртұтас қауым, сонымен бірге эрбір үлт қайталанбас ұғым, өзінің тілі, әдет-ғұрыптары мен дэстүрлері бар. Осыған орай, Каталон үкіметінің Президенті Жорди Пужольдің мына сөздерінің көкейкестілігін атап өту керек: "Біздер испандықтармыз, бірақ барлық басқа испандықтарға қарағанда біз өзіміздің өзгеше екендігімізді түсінеміз. Біз испандықтармыз, сонымен бірге

түсіністік, қүрметпен

каіалондықтармыз. Біздің испандықтар болып қала бергіміз келеді, өз ііліміздің, мэдениетіміздің, дәстүрлі саяси институттарымыздың оолғанын қалаймыз жэне біздің басқа халық екендігімізді Испанияда кабылдаса дейміз".

Қазақстанда барлық этностардың еркін дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан Республикасында мемлекет құрушы этнос қачақ үлты болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру гуралы" Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен үлтаралық кслісімді нығайту мақсатында 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы кұрылды. Ассамблея Қазақстан Президенті жанындағы кеңесші орган болып табылады. Бүл орган: модени-ағартушылық - тілдер мен үлттық мэдениеттерді, салт-чостүрлерді қайта жаңғырту жэне насихаттау; тэрбиелік -казақстандық жэне ултгық отансүйгіштікті қалыптастыру; үлтаралық кагынастарды қадағалау негізінде үлтаралық татулық пен келісімді мыгайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық карым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде үхыныстар дайындаумен айналысады. Қазір рсспубликада 500-дей үлттық-мэдени бірлестіктер, 19 республикалық жоне аймақтық үлттық газет, радио жэне телебағдарламалары, 6 улттық. театр, оқыту 23 тілде жүргізілетін 170 жексенбілік тіл орталықтары жұмыс істейді. Этникалық аз улт өкілдерінің 101 мектебі, 12 Достық Үйі қызмет жасайды.

Кез келген мемлекеттің, үлттың рухани негізі ең күрделі тарихи ксзевдерде төтеп беріп, шыдап, одан алып шығуда көмектескен үлттық идея болып табылады. Біздің үлттық идеямыз - қазақстандық патриотизм, ал идеямыз - "Қазақстан - біздің ортақ үйіміз".

Отаншылдық идеясы адам баласының баршасына дерлік тэн сезім дсйтін болсақ, ал қазақстандық патриотизм нендей ерекшеліктермен сипатталады, ол несімен дараланады деген сауал туады. Патриотизм -тарихи, әлеуметтік ұғым. Ол адамның бойындағы туа біткен сезім смес. Патриотизм дегеніміз - өз Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгендік, өз Отанының мүддесі үшін кез келген қүрбандык исн ерлік жасауға дайын тұрушылық. Патриотгық сезім ген арқылы мұраға берілмейді, нақтылы-тарихи ортада ұзақ уақыттар бойына қалыптасады.

Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі Отан болып іабылады.
Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған елкедегі тамаша киелі жерлер - жалпы үлттық құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, туыстық сезімдерді ұялатып жатады. Бір сөзбен айтқанда, патриотизм - касиетті ұғым.

Қазақстандық патриотизмге келсек, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние.

Бірақ ешкімді елін, Отанын зарлатып, күштеп, үгітгеп жел сөздің күшімен алдап-арбап суйгізе алмайсың. Елін сүю эркімнің жеке ісі, өз арының ісі. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзі келмейді, ол адам өсе, есейе келе, өз ақылы өзіне жетіп, өз басымен тіршілік ете бастағанда, азаматтың бойында бірте-бірте қалыптасатын қүдіретті сезім.

Отан сүю сезімі градуспен өлшенбейді, пайызбен, сандық өлшеммен анықталмайды. Оған бул өлшемдер жүрмейді. Оньщ өз өлшемі бар. Ол мынау: эр адам өз Отанының күш-қуатын, экономикалық, мәдени, рухани, ғылыми, қорғаныс қабілетін арттыру үшін нақты үлес қосса, оның элем алдындағы айбары мен даңқының артуы жолында адал қызмет етсе, ез Отанын қайда жүрсе де мақтан етіп, соның үнамды бет-бейнесі үшін, соның атақ-даңқы үшін жүрек қалауымен қызмет етсе, сол нағыз патриот болып саналады.



Талқылауга арналган сүрақтар:

• Сіз үшін патриот болу деген нені білдіреді?

• Үлттық сэйкестік дегенді қалай түсінесіз?

• Жаһанданукезеңівдеүлтіъіқерекшелікгісакгапкалумүмкінбе?

• Жалпыадамзатгық қүлдылықтарды үлттық құндылықтармен үйлестіруге бола ма?

11-сабақ

Біз - Жер шарының ұрпағымыз

Лскция-әңгіме

Табиғатта не керемет күштер бар ғой десек те,

Соның бэрі адамзаттан күшті емес деп есепте.

Софокл
Сабақтың мақсаты: адамзаттың ортақ үйі ретіндегі Жер мланетасын құрметгеу, бағалау сезімдерін дамыту.

Міндеттер:

біздің планетамызда болып жатқан барлық өзгерістерге, лрскеттерге адамның өзінің қатысы бар екенін ұғындыру;

- элемнің түтастығы жэне адамның, қоғам мен табиғаттың өзара і луслділігі туралы түсінігін кеңейту жэне дамыту, тереңдету;

- диалог пен мэдениетаралық коммуникация дағдыларын калыптастыру.



Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-о іі тану" пэніне кіріспе" оқу қүралы.

Адамның өзін-өзі тануы оның бүкіл адамзатқа, біздің ортақ үйіміз Жер планетасына қатыстылығын сезіну болып табылады. Әрбір адам Жерде болып жатқанның о.ірі үшін өзінің жауапкершілігін түсінуі қажет.

Қазіргі уақыгга күн тэртібінде шешілуі тиіс адамзат тағдыры, Жер уітінде өмірді, тіршілікті сақтап қалу тэрізді жаһандық мәселелер тұр. Атап айтқанда: бейбітшілікті сақтау, соғыстарды болғызбау, и микалық жэне діни қақтығыстарға жол бермеу, экология мәселелері, нісргияның жаңа көздерін табу, демография, кедейшілікпен күрес, чилықаралық терроризм, элеумеггік сипаттағы аурулардың кеңінен ітек алуы (есірткіге тэуелділік, СПИД, туберкулез т.б.) сияқты млсслелер. Бұл мәселелерді, бэлкім, бүкілэлемдік қауымдастықтың (іірлесіп күш жұмсауының арқасында ғана жеңуге болатын шығар.

Халықаралық үкіметгік емес ұйым - Рим клубының негізін Һііпаушы, қазіргі заманның жаһандық мэселелерін зерттеумен және Оолжаумен айналысушы А.Печчеи антропогендік фактордың адамзат дамуының болашағына эсерін былайша сипаттайды: "Біздің бүкіл проблемаларымыз адамның бойында, онда біздің барлық ұмтылыстарымыз бен мүдделеріміз, барлық бастаулар мен аяқталулар, барлық умітіміз де адамның өзінде: ішінде және сыртында".

Қазіргі элемнің басты ерекшеліктерінің бірі - адамзатгың біртұтас ақпарат жэне коммуникация кеңістігіндегі жан-жақты бірігуін білдіретін жаһандану үдерісі болып табылады. Жаһандану кезеңінде халықаралық аренада аса шапшаңдықпен қатал бэсекелестік өседі. Жаһандану әрбір адамға, қоғамға, мемлекеттерге "шақыру" тастайды, әлемнің өзара байланысын нығайтады, сонымен бірге оны нәзік те, ,әл с і з, осал жасайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Адамзаттың қандай жаһандық мэселелері бізде, Қазақстанда Һпрініс тауып отыр?

2. Қазіргі уақыттың жаһандық мәселелерін шешудің қандай жолдарын білесіз?

3. Қазіргі жаһандану үдерісінің»плюстері»мен «минустарын »көрсетіңіз, олардың Қазақстанда қалай көрініс табатынын айтыныз.

4. Жаһанданудан, адамзаттың жаһандық мәселелерінен тыс қалу мүмкін бе?

3-БӨЛІМ

ӨМІР ӘДЕБІ

12 - сабақ
Әлемді қайырымдылықпен сақтайық

Лекция-әңгіме

Бұл әлемде данышпанның

алдында бас иіп,

қайырымдылықтың алдында

тізе бүгу керек.

В.Гюго
Сабақтың мақсаты: адамның өзін және қоршаған әлемді бағалау қабілетін дамыту. Міндеттер:

- адамгершілік қасиетгерін жетілдіруге ұмтылысын дамыту;

- қайырымдылықтың білім, жауапкершілік жэне төзімділіктің синтезі ретіндегі түсінігін кеңейту;

- адамның өз айналасымен өзара сәйкестікте, үйлесімді дамуына

көмектесу.

Сабақтың жабдықталуы: студент дәптері, хрестоматия, аудиоматериалдар.

Қайырымдылық (ізгілік) және оның антиподы зұлымдық өзінің абстракциялық мағынасында адамгершілік пен имансыздықты білдіреді. Қайырымдылық ұғымы адамдардың ең жалпы мүдделерін, болашаққа деген үмітін, талап-тілектерін білдіреді. Зүлымдық керісінше, өмірге кедергі жасап, оны жоюға тырысады.

Жақсы адам пайдалы заттарды, өнер туындыларын жэне ой жүйелерін тудыра алғанымен, бүл игіліктің ең маңыздысы оның өзі болып табылады. Аристотельдің айтуынша, ізгілікті адам мақсатын назарға алу арқылы анықтауға болады. Жақсы адам - бүл ақыл-ойдың көмегімен өз әрекетінде адам бойына тэн мүмкіндіктерге жол аша алатын адам. Спиноза да "ізгілік адамның өз күшін пайдалануды білдіреді, ал күнэһарлық - өз күшін пайдалана алмаушылық, зүлымдықтың мэні - элсіздік", - деген. Бүл айтылғандардан шығатыны - "қайырымдылықтың" анықтамасы - бүл қалыпты элеуметтік құндылықтарды білдіретін жалпы этикалық ұғым ғана емес, адамдар қылықтарында жүзеге асатын адамгершілік.

Жүсіп Баласағұнның қисыны бойынша, элемнің өзі -қайырымдылық. Қараңғылық - жарықтың болмауын басады, ал адам шыр етіп дүниеге келгенде кайырымды да, зүлым да емес бір жан ғой, ол бірақ негізінде қайырымды болуға тиіс. Ғүлама зүлымдықты білімсіздіктің белгісі, ызаны адамның бұл өмірден жақсылық күтпей, қарама-қарсы топтар мен таптарға бөлінген күрес майданындағы қорғаныс құралы деп білді. Қайырымдылық мэңгі, ал зұлымдық уақытша, өйткені ол бір сэт парасатгылықтың болмауынан пайда болады.

Қайырымдылық сүйіспеншіліктен басталады. Тіптен жануарларга да сүю тэн. Яғни, "глас генома" - генетикалық сәйкес жүптардыц табысуы. Махаббат сүлулықпен ұштаса жүреді. Махаббат өмірдіц кемелденуіне бастайды, ол алға дамудың қуатты күші. Сүйген адам мейірбан, ал сүймеген немесе сүйікті болмаған адам томаға-түйық жэне лас ойларға бейім. Тек мемлекеттік өктемдікке негізделгем таптық қоғамда ғана зүлымдық белең алады.

Гуманистік этиканың көптеген өкілдері адам жаратылысынам қайырымды жэне зүлымдық оның табиғатынан тыс деген тұжырымды жауапты ұстанады. Ізгілікті адам концепциясының айшықты көрінісі XX ғасырдың үлы гуманисі А.Швейцердің өмірді қастерлеу туралі.і ілімінде байқалады. Мысалы, адам өзінің ішкі үмтылысында өміргс қолынан келгенше көмектесуге тырысқанда ғана нагьп адамгершілігімен көрінеді. Ол үшін өмір қасиетгі. Өмірді қастерлеу этикасы өзге адамдар алдындағы парыздан бас тартып, өздерін еркін

Сезінген адамдарды мақтау да, даттау да керек емес деп есептейді. Ол қандай формада, қандай жағдайда болмасын, біздің өзге адамдарға қатынасымызда адам болып қалуымызды талап етеді. Сен бақыттысың, сондықтан көп нэрсені құрбандыққа шалуға тиіссің. Өзгелерге қарағанда саған денсаулық, қабілет, талант, табыс, байлық және т.б. көп мөлшерде берілген - мұның бәрін сен өз-өзінен келді деп есептеуге тиіс емессің. Сен оның ақысын өтеуің керек. Сен өзге өмір үшін өз өміріңнің күшін беруге міндеттісің (А.Швейцер). Алайда, нақты өмір келісімдерге толы, өз өмірімді сақтау үшін мен зиян келтіруі мүмкін өзге өмірлерден өзімді қорғауым керек. Мен өсімдіктерді, жануарларды жою арқылы өзіме азық табамын. Менің бақытым өзгелерге зиян келтіруден құралады. Шындығында, ЭТИкалық емес, тек өмір қажеттілігі мен этиканың қойыртпағы болып табылатын нэрселерді адамдар этикалық ретінде түтынады. Гуманистік этика бүл компромисті мойындамайды жэне ақмайды. Ол тек өмірді сақтауға жэне дамытуға қызмет ететін нәрселерді ғана ізгілік, қайырымдылық ретінде мойындайды. Мүнан өзге қылықтардың барлығы, мейлі ол қандай жағдайда жасалсын, зұлымдықты сипаттайды. Адам өмірге зиян келтіру қажетгілігіне қаншалықты дэрежеде бағынатынын және бүл үшін өзіне қаншалықты кінә арқалайтынын эрқашанда өзі шешіп отыруы тиіс. Адам осылайша адамгершілік тұрғыда шыңдалады. Сонымен, гуманистік этикада қайырымдылық, ізгілік - бүл өмірді бекіту, адамның өз күшін дұрыс пайдалануы. Жақсылық, ізгілік - бүл өзінің өмір сүруі үшін жауапкершілік. Зүлымдық адамды күшінен айырады, жамандық, кунәһарлық - бү_л өз-өзіңе деген қатынастағы жауапсыздық.

Т.Ғабитов)

Талқылауға арналган сурақтар:

- Қайырымдылықты жүмсақтықпен, принципсіздікпен, бэріне лрімпаздық сияқты қасиеттермен жиі қатар қояды. Сіздіңше,

Иырымдылық деген не?

- Сіз Сократтың "Ізгілік - білім" деген максимасын қалай вінесіз?

- Қазіргі заманда қайырымдылық пен зүлымдықтың мэні шалықты өзгерді деп ойлайсыз?


Хрестоматия материалдарымен танысыңыздар. Жақ-сылық пен жамандық туралы өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Дэстүрлі этиканың нормаларын Олжас Сүлейменов-тің төмендегі сөздері айқын бейнелейді: "Жапан далада шөлден қаталап бара жатқан адамды кездестірген көшпенді ешқашан да оның жанына тоқтамай өтпейді. Ол бейшараға су беріп, тамақтандырады, адамдар мекендейтін ең жақын ауылға дейін апарып тастайды. Онымен енді ешқашан кездеспейтіндей, эрі қарай сапар шеге береді. Төсінде осындай мындаған оқиғалар орыи алған даланың өз заңы бар: "Адамды кездестірсең, оны қуант: мүмкім сен оны соңғы рет көріп түрған шығарсың".

Қазіргі элемде адамдардың бір-біріне тәуелділігі олардың өзара қарым-қатынастарына үлкен де биік талаптар қояды. Үйлесімді дамыған тұлғаның бойында өзінің кәсіби мэдениетімен қоса, адамгершілік мәдениеті де болуы керек. Қайырымдылық, төзімділік және жауапкершілік мамандардың кэсіби эдебінің негізі болуы тиіс.



13 -сабақ

Байлық жэне кедейлік туралы диалог

Лекция-әңгіме

Молшылыққа белшеңнен батқың келе ме?

Онда теңізге емес, өз теріңе малшын!

Асылды сонда ғана табасың.

Егер одан таппасаң, еш жерден таппайсың.

МПришвин Сабакгың мақсаты: адамның өзін жэне өзінің болашағын бағалау қабілетін дамыту. Міндеттер:

- өмірде өзін-өзі жан-жақты көрсетуге үмтылысын дамыту;

- адамның материалдық жэне рухани байлығы жөніндегі ұғымын қалыптастыру, кеңейту;

- адамның іскери белсенділігі мен тапқырлығын дамыту.



Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пэніне кіріспе" оқу құралы, аудиоматериалдар.
Америка психологы А.Маслоу адам өмірі қажеттіліктерінің иерархиясын анықтаған. Оның пирамидасының негізінде адамның физиологиялық қажетгіліктері (аштық, шөл, киім, баспана) жатса, ең басында - өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі көрсетудегі қажеттіліктері орналасқан.

Қазіргі заманда көптеген адамдардың пікірінше, бақыттың басты шарты - материалдық байлық. Шын мэнінде солай ма?

Бір аңызда шэкірт баланың өз ұстазынан былай деп сұрағаны туралы айтылады: "Бақыт ақшада емес деген қаншалықты дұрыс?". ¥стаз бүл сұраққа былай деп жауап беріпті: "Ақшаға төсек-орын сатып алуға болады, бірақ ұйқыны сатып ала алмайсың; тамақ аласың, бірақ тэбет алмайсың; дэріні аласың, бірақ денсаулықты емес; күтушіні сатып аласың, бірақ достарды емес; эйелдерді сатып аласың, бірақ махаббатты емес; баспана сатып аласың, бірақ отбасын емес; көңілді көтере аласың, бірақ қуанышты емес; мұғалімді сатып аласың, бірақ ақылды сатып ала алмайсың".

Көріп отырғаньшыздай, материалдық байлық - өмірдің мұраты емес, ол адамның өзін-өзі көрсету құралы, толық бақытқа жету. Материалдық ауқаттылыққа қарамастан, ақшаны бірінші орынға қоятын адамдар басқаларға қарағанда анағұрлым бақытсыз. Адамның байлығы ақшаның санымен өлшенбейді, адамның нағыз капиталы оның білімі, оның кэсіби компетенттілігі, рухани байлыгы жэне бвсекеге қабілеттілігі.

Осыған байланысты Конфуций, адамға көмектесу үшін оған "балық емес, кармақ" беру керек деген. Мұның мәнісі - адамға дайын игілікті, байлықты беріп, оны асыраушысына қарап көмек күтетіндей етіп қалыптастырмай, оның орнына өздігінше өмір сүруге қажет норсені өзі табуына үшін қүрал, кілт беру керек дегені.

Қазіргі заманғы адамның, біздің замандасымыздың байлығы -Жақсы түрмыс халі, өмірінің сапасы мен мэні - өркениеттің басты байлықтарына қолының жетуі (білім, денсаулық сақтау, мэдениет, демалыс т.б.) жэне өзінің жеке басының жан-жақты дамып, өсу Мүмкіндігі. Осыған сэйкес, кедейлік - материалдық және рухани байлықтарға қол жетпеуі, мүмкіндіктердің тарылуы, тіпті болмауы. Қазіргі заманда кедейшілік тұрақтылыққа, бэсекеге қабілеттілікке Төнген қауіп-қатер ретінде қарастырылады. Кедейлік - адамды Шарасыздықтан, мұқтаждықтан эр түрлі эрекетке, радикализмге, Экстремизге итермелейтін күш деп саналады. Кедейшілікпен күрес ібүкіл элемдік қауымдастықтың күш-жігерімен шешілетін жаһандық Моселелердің бірі болып табылады. Сонымен бірге, әрбір адам өзінің Мвселелерін өзі шешіп, өз тағдырын, өз бақытын өзі жасауы тиіс.

Адам бақытының барлық факторларын сыртқы жэне ішкі деп бөлуге болады. Сыртқы факторларға материалдық ауқаттылықтың деңгейі, адамның қоғамдағы және отбасы жағдайы, еңбегі мен қызметі т.с.с. жатады. Ал ішкі факторлар түлғаның • Моральдік-психологиялық жан-күйін: ақылын, еркін, мінезін, темпераментін,адамгершілік қасиеттерін қамтиды. Артур Шопенгауэрдің айтқанындай,»Бақыт үшін адамның ішіндегісі оның сыртындағысынан анағұрлым маңызды бола тұрса да, адамдар өзіне ақылы мен жүргіне білім берудің орнына байлық жинау үшін мың есе көп күш жұмсап, әрекет жасап, қам жейді ».

Пікірлесуге арналған сұрақтар


  • Ақша сіз үшін-мұрат па, құрал ма?

  • Сіз «Кедейлік-ұят, кемістік емес» дегенге қалай қарайсыз?

  • Қандай адам, сіздіңше, нағыз бақытты адам?


14-сабақ

Еркін болу қуқығы

Лекция-әңгіме

Парасатсыз адам - ерік-жігерсіз адам.

Кімнің ақылы жоқ болса, соны басқалар алдайды,

көзін буалдырландырады, канайды.

Ойшыл адам ғана азат әрі дербес.

Л. Фейербах

Сабақтың мақсаты: өзін жэне өзгені бағалай білуге үйрету.

Міндеттер:

- тэуелсіз және еркін адам болуға ұмтылысын дамыту;

- еркіндіктің саналы қажеттілік екендігі туралы түсінігін кеңейту жэне терендету;

- өз бетінше шешімдер қабылдап, олар үшін жауапкершілікті сезіну білігін дамыту.



Сабақтың жабдықталуы: студент дәптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пэніне кіріспе" оқу құралы.

Адамзаттың аспанында жарқырап тұратын жұлдыздар сияқты өте биік сөздердің арасында "еркіндік" сөзінің орны ерекше. Адамға еркіндіктің ауадай қажет екенін барлық адамдар түсінеді жэне келіседі, ол керемет құндылық, байлық: еркіндіксіз өзің бола алмайсың, өз қылықтарың үшін жауап бермейсің, өзіңці езің көрсете де алмайсың. Бірақ осы "азаттық","еркіндік", "бостандық" дегеннің езі не, оны қалай түсінуге болады? "Еркіндік" жэне "жауапкершілік" ұғымдарының бір-біріне қандай қатысы бар, қандай байланысы бар? "Сөз бостандығы", "ар бостандығы", "баспасөз бостандығы", "демократиялық бостандық", "ерікті, азат қоғам" - біз бұл сөздерді үнемі естиміз жэне пайдаланамыз. Бірақ бостандық, азаттық деген не? Ол шын мэніндегі байлық, игілік пе?

Көпшілік кейде адамның күші, байлығы, билігі жэне де басқа ресурстары қаншалық көп болса, ол кез келген мэжбүрлеуден азат, тағдырдың кез келген сынынан соншалықты азат деп ойлайды. Алайда билік пен байлық кей жағдайда өзін өзі қолдаудың жүйесіне, қүралына айналады. Адам оларды өзі үшін сақтап қалуға қаншама

күш, жігер, көп уақыт жұмсайды, мүндайда азаттық, еркіндік, бостандық туралы ой миыңа кіріп те шықпайды.

Бенедикт Спиноза бостандықты санамен, оқу-ағартумен, адамның білімділігімен байланыстырып, еріксіздікті, тэуелділікті надандықтың көрінісі, соның салдары деп санаған. Орыс философы Н.А.Бердяев адамды азат, ерікті жасайтын оның таңдауға, шығармашылыққа, өзі мен қоршаған ортасын өзгерту мүмкіндіктері деп есептеді. Өз тағдырын, іс-әрекетін өзі анықтай алатын адамды ғана азат деп атауға болады. Г.Спенсер "Еркіндіктің не екенін ете түсінбейтін адамдар оны өте тез жоғалтып алуы мүмкін" деп ескерткен. Нағыз адамгершілікті эрекет жақсылық пен жамандықты еркін айыра алусыз мүмкін емес, сондықтан да бүкіл этикалық жүйелер адам еркінің бостандығын мойындайды.
Студенттер үш шағын топқа бөлінеді, әрбір топ хрестоматияда берілген мэтіннің біреуін оқып, талдайды. Мэтінді оқып болғаннан кейін студенттер эр үзіндінің негізгі ойын, идеясын айқындап, топ болып қайтадан талқылайды.
1-тапсырма. "Менің еркін болғым келеді"

Еркіндікті екі түрлі түсінуге болады: бір нэрседен "азат, еркін, тэуелсіз болу" жэне бір нэрсе үшін "еркін, азат, ерікті болу". Сіз үшін осы екі үғым нені білдіретіні туралы ойланып, кестені толтырыңыз.



2- тапсырма. "Адам құқықтарының декларациясы"

І.Қазіргі элемде адам қандай құқықтарға ие? Сіздіңше, эрбір адамға қажет негізгі құқықтарды жазыңыз.

2. Топта барлықтарыңыз жазған құқықтарды талқылап, адамдардың барлығына қажет ең маңызды, мэнді деген басты құқықтардың тізімін жасаңыздар.

3. Хрестоматиядан Адам қү_қықтарының жалпы декларациясын оқып, өз жауаптарыңызды онда келтірілген баптармен салыстырыңыз.



15-сабақ

Өнердің таңғажайып күші

Лекция-әңгіме

Өнер туындысы өнерді түсінетін

жэне сұлулықтан лэззат алуға қабілетті

адамдарды тудырады.



К.Маркс

Сабақтың мақсаты: өнер туындылары арқылы түлғаның адамгершілік дамуын қамтамасыз ету.

Міндеттер:

- өнер жанрларына қызығушылығын дамыту;

- "өнер", "көркем образ" ұғымдарының мәнін түсіну, эстетикалык және этикалық категориялардың өзара байланысын, адам мен қоғам өміріндегі өнердің рөлін түсінуіне мүмкіндік жасау;

- өзінің эстетикалық эсерлерін бейнелеп жеткізу қабілетін дамыту.



Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, Құрманғазының "Сарыарқа" күйінің аудиожазбасы, Қазақстан суретшілері картиналарының репродукциялары.
Құрманғазының "Сарыарқа" күйін тындау, Қазақстан суретшілері картиналарының репродукцияларын көрсету. • Қазір өздеріңіз тыңцаған шығарманы білесіздер ме?

• Шығарманың авторы кім?

• Күйді тыңцау барысында сізде қандай да бір образ туды ма? Суреттеп беруге тырысыңыз.

• Тыңдалған музыка мен көрген картиналардан қандай образдар туды?

• Өнер туындылары сізді қандай сезімге бөлейді? Олар қандай ұғымдармен байланысты?

"Өнер" ұғымының халық шығармашылығы, көркем әдебиет, живопись, мүсіндеу, музыка, кино, театр, сәулет т.б. қамтитыны белгілі. Бірақ картина мен музыкалық шығарманың, роман мен статуяның, кинофильм мен ғимараттың арасында оларды біріктіретін, жалпы не, қандай күш бар? Бүлардың барлығын неліктен бір ғана "өнер" үғымымен танып, біріктіреміз?

Мү_ның себебі, жақсы романды оқу да, эдемі өнер туындысын, мысалы картина немесе мүсінді тамашалау да, жақсы музыканы тың-дау да жүректі тербетіп, жылатады да, күлдіреді; қуанышқа бөлейді де, қайғыға батырады, толғанысқа түсіріп, шаттыққа бөлейді; олар адамды жазушының, суретшінің, композитордың т.б. соңынан ертіп, солармен бірге суреткерлердің мүсіндеген, туғызған элеміне жетелейді.

Өнер туындылары практикалық қолданыс аясы дегенді білмейді. Қай жерде тұрасың, ешқандай айырмасы жоқ: кэдімгі көпқабатты үйде тұрасың ба, немесе әйгілі сэулетші жобалаған өзіңнің үлкен үйіңде түрасың ба, бәрібір, тек жылы болып, төбесінен су сорғаламаса болды. Ал эдемі натюрмортты тамаққа сала алмайтыныңыз сияқты, керемет ғажап мүсін сізді жаңбырдан да, қардан да, желден де қорғай алмайды. Әрине, егер мүсін - ескерткіш болса, оны достарыңмен кездесуде бағдар ретінде пайдалауға болады: "Сағат 5-те Абайдың қасында кездесеміз".

Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, бір мезгілде бүкіл жер шарындағы барлық өнер туындылары жоғалып, құрып кетсе, адам өмірінің оларсыз қаншалықты мэнсіз, кедей, жалаңаштанып қалғандай көрінетінін сезесіз. Мұның себебі, адам өзін нағыз адам ретінде сезінуі үшін оған материалдық құндылықтардан басқа да байлық керек: ол -сүлулық. Роман, картина, мүсін, кинофильм, симфония - бэрі сүлулық

заңдылықтарына сэйкес жаратылған, жасалған эстетикалық құндылықтар. Олар қоршаған элемді ғана емес, сонымен бірге өзінді де танып, білуге көмектеседі. Сүлулық адамды эр түрлі сезімге бөлейді: қуану мен қайғыру, тандану, көңілдену, біреудің қайғысын бөлісу т.с.с.

Алайда, өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі сүлулық жай ғана көз тартарлық, ұнамдылық, сүйкімділік емес. Өнер туындысы әрқашан да эдемі, сүлу бейне болуы мүмкін емес. ¥лы суретшілер Франсиско Гойя жэне Иероним Босхтың картиналарында көбінесе үхқынсыз, тіпті тұрпайы персонаждар бейнеленгенімен, олар бәрібір тамаша, өте кең мағынадағы ұғым. Бұл - өнер туындыларында көрініс тауып, бейнеленген үлы рухтың күші, қоршаған ақиқат дүниені түсініп қабылдаудың терендігі.

Адам танымның, қоршаған элемді игерудің әр түрлі тэсілдерін ойлап тапты. Мысал ретінде ғылымды алайық. Ғылым да, өнер тэрізді, біз өмір сүріп отырған бізден тэуелсіз элемді бейнелейді. Әрбір ғылым саласы элемнің зандылықтарын, күлияларын зерттеп, ғылым тілімен бейнелейді: астрономия - аспан денелерін, геология - Жердің құрылымын, зоология - жануарлар элемін, лингвистика - адамдар сөйлейтін тілдерді зерттейді. Бірақ барлық ғылымдарды біріктіретін бір нэрсе - олар элемнің эр алуан шексіз бояулары мен дыбыстарын, табиғаттағы затгар мен ұғымдардың бэрін түгел қарастырмайды. Ғылым құбылыстардың барлығына тэн, олардың бағынатын жалпы заңдылықтарын анықтауға ұмтылады.

Сіз өзіңіз ауырлық күшін немесе тұқым қуалаушылықты, рулық кұрылыстың ыдырауы мен әлемнің шексіздігін көріп, байқауға немесе естуге тырысыңыз.

Өнер элемді тек өзіне ғана тэн тәсілмен бейнелейді. Суреткердің өмірді бейнелеуі мен өзінің ойын, сезімдерін білдіру тэсілі көркем образ деп аталады. Образды, ғылыми үғымнан ерекшелейтін нэрсе -оны эр түрлі сезім арқылы кабылдап, көруге жэне естуге болады. Шын суреткер - бір қалыптан шыққандай өз тегі, өз заманының ортақ үлы ғана емес, ол - қайталанбас дарынды дара тұлғасымен, шеберлігімен, ерекше қатынас-көзқарасымен өзі жасаған туындыға өз қолтаңбасын қалдыра алатын адам.

Өнердің эрбір түрінде көркем образ сол түрге тэн құралдар арқылы жасалады. Әр жанрда қалам тартқан әр дэуір суреткерлері жаратылыс жанын нақты, көрнекі күбылыс тұрғысында тікелей

сезінуге мүмкіндік туғызады, дүние тынысынан байыпты, біраз мағлұмат береді.

Адамзат ақыл-ойы дарытқан ғылым-білім, парасат мұратын өз бойына жан-жақты сіңірген көркемөнер үлгілері ғана ұрпақтан үрпаққа қастерлі қазына болып қала береді. Шын мэніндегі сүбелі өнер туындыларының қай-қайсынан да біз осындай жаратылыс тынысына жан біткендей, суреткер көңіл-күйімен, шеберлік, сезімімен біте қайнасып, біртұтас рухани игілікке айналған бай білім, өлмес бейнелер қуанышын табамыз. (З.Серіщалиев).

Талқылауға арналған сұрактар:

1. Сіздің ойыңызша, өнер неге арналған, оның басты мақсаты неде?

2. Өнер адамға қалай эсер етеді?

3. Адамдар неге өнермен айналысады?

4. Өнердің эр түрлі саласында қандай құралдар қолданылады?

5. Суретші үшін көрерменнің пікірі маңызды болса да, ол неліктен ешқашан біреудің жетегіне ермейді?

6. Сіздің өміріңізде өнердің алатын орны қандай?

7. Сіздің өнермен айналысқыңыз келе ме? Қандай түрде?

І.Тақырып бойынша хрестоматияда берілген материалдармен танысыңыздар. Өнердің адам өміріндегі орны туралы пікіріңізді ортаға салыңыз. 2. Хрестоматиядан "Джоконда" деген мэтінді оқыңыздар. Сіздің өміріңізде өнер туындысының сізге қатты эсер еткен кезі болды ма? Бүл қандай эсер еді? Осы туралы айтып беріңіз.
Пайдаланылатын әдебиеттер

Негізігі:


  1. Өзін-өзі тану. Хрестоматия. Алматы, 2007ж.

  2. Өзін-өзі тану. 1 курс студент дәптері. Алматы, 2007ж.

  3. «Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе. Оқу құралы. Алматы, 2007ж.

  4. Өзін-өзі тану. Оқытушыларға арналған әдістемелік құрал. Алматы, 2007ж.

  5. Жоғарға оқу орындарында «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістемесі. Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2007ж.

Қосымша:

  1. С. Назарбаева. Этика жизни. Алматы, 2001ж.

Өзін-өзі тану. Ақиқатты тани біл... Даналық әр күнде. Алматы, 2005ж

Қазақстан Республикасы



Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті



“Гуманитарлық білім” факультеті

«Педагогика және психология» кафедрасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет