Жейтүн мәдениетi – б.э.д. 6 – 5 мың.
Льялово мәдениетi – б.э.д. 4 – 3 мың.
Днепро – Дондық мәдениет - б.э.д. 5 – 3 мың.
Кельтеминар мәдениетi – б.э.д. 4 мың.
Байкал өңiрiнiң(исаков, серов, китой)
мәдениеттерi – б.э.д. 4 – 3 мың.
Шығыс Еуропаның орманды аудандарының
кейiнгi жаңа тас (балахин, каргополь,
карель т.б.) мәдениеттерi – б.э.д. 3 – 2 мың.
Қиыр шығыстың жаңа тас (новопетров,
громатухин, нижнеамур) мәдениеттерi – б.э.д. 5 – 2 мың.
Бақылау сұрақтары:
1. Неолит дәуірінің ерекшелігі.
2.Неолит дәуірінен табылған заттардың шаруашылықтың басқа дәуірге қарағанда айырмашылығы.
3. Джейтун мәдениеті.
4 Шығыс Еуропа мәдениеттерін атап көрсет.
5 Джейтун мәдениетінің хронологиясын көрсет.
6 Кельтеминар мәдениетi – б.э.д. 4 мың.
7 Шығыс Еуропаның орманды аудандарының
кейiнгi жаңа тас (балахин, каргополь,
карель т.б.) мәдениеттерiн көрсет.
8.Неолит тұрақтары.
8- лекция. Таќырыбы: Қазақстан неолит дәуірі.
Жоспары:
1. Атбасар мәдениеті
2. Маханжар мәдениеті
3. Қàðàòàó æîòàñûíûң åñêåðòêiøòåði.
4. Àðàë ìàңû ò½ðàқòàðû.
5. Îðòàëûқ æә¸íå Áàòûñ Қàçàқñòàíäà¹ғû åñêåðòêiøòåði.
Лекция маќсаты: Жаңа тас дәуіріндегі терімшіліктен егіншілікке, Аңшылықтан, мал шаруашылығына көшуін түсіндіру.
Лекция мєтіні
1. Атбасар мәдениеті:
Бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б ҮІІ мың жылдықтың екінші жартысымен ҮІ мың жылдықтың тұсына тұстас келеді. Бұл тас өңдеуде техника гүлденген кез болды. Еңбек құралдарын өңдеу барған сайын мамандандаралды. Қоспа ретушь техникасының жетілдірілуімен қатар тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау кетпендер дәнүккіштер, келілер, келісаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентениттен басқада тастардан әшекейлер білезіктер, алқалар жасалды.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына – жиын терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығының егіншіліктің тууы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызы болды. Адамның еңбек кәсәбәнәі саласан кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Адамның экономикалық қызметінің одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы едәуір дәрежеде осы екі шаруашылықтың даму, жетілу тарихы болып табылалы.
Неолит дәуірінде алғашқы адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени тұрмыстық жаңалықтырына шығуына себепші болды. Қазақстан ежелгі тұрғындарында кен кәсібінің бастамалары шықты. Қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамады.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп 4-ке бөлінеді. Әдетте өзіндік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтар да едәуір көп заттар табылды. Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтар неғұрлым көп тараған. Өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болады. Қазақстанның шөл даласындағы ескерткішьердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі – ашық үлгідегі тұрақтар.
Атбасар мәдениеті тұрақтар мейлінше шоғырланған жер – Ақмола облысының Атбасар ауданы бойынша аталған. Оның таралған аумағы: далалық аумақтағы Есіл өзенінің аңғары мен қазақтың ұсақ шоқылы өңірінің солтүстік батыс бөлігі. Мәдениет б.з.б ҮІІ мыңжылдықтың аяғы- ҮІ мыңжылдықтың басында Арал өңірінің немесе Шығыс Каспий маңы өңірінің тұрғындары араласуы жағдайында жергілікті мезолит тайпаларының материалдық негізінде қалыптасты. 200 ге жуық тұрақ зерттеліп олардың 20 шақтысы қазылды. Бұл кезеңнің ең жарқын ескерткіштері: Виноградовка 2, Тельман 1-10, Явленка селосының маңындағы Қарлыға, Боголюбово, Виноградовка -10-14, Жабай-Пакровка 3 тұрақтары. әдетте атбасар мәдениеті тұрақтарының бәрі солтүстік Қазықстанның аса маңызды су жолдарының ертедегі арналарының жағаларына орналасқан. Сақталап қалған іздерге қарағанда тұрғын үйлер жеңіл жер бетіндегі сипатта болған. Бұлар көлемі 25 шаршы метрден аспайтын дөңгелек және төртбұрышты лашық түріндегі құрылыстар еді. Атбасар тұрғындарының көпшілігін ескерткіштердің топографиясы, индустрияның сипаты, мәдени қабаттың нашарлығы, шаруашылықтың сипаты дәлелдейді. Тельман 1 тұрағында сол кездің өзінде –ақ жұмыр тастар мен нуклеустер одан әрі өндірілген; мұнда қыстырма еңбек құралдаран дайындауға жарамды қалақшалар мен тас сынықтары түріндегі бейімделген нұсқалар алынған.
Керамика ыдыс көлемі 1-5 л шамасындағы жарты жұмыртқа түрінде болған. Оның сырты тарақ тәрізді қалыппен безендірілген. Бірақ керамиканың қалдықтары өқте аз. Остеологиялық қалдықтары да аз. Тек соңғы ал кейде ортаңғы неолит тұрақтарында ғана жылқының ірі қараның сүйектері кездеседі. Б.з.б ІІІ мыңжылдықтың басында Солтүстік қазақстанда өндіруші шаруашылық элементтері қалыптасқан деуге мүмкіндік береді.
2.Маханжар мәдениеті.
Бұл мәдениет еснкерткіштерінің бізге белгілі көпшілігі Торғай ойпатының түбінде жатыр. Олардың ішінде бірнешеуінде ғана мәдениет қабаты сақталып, жақсы зерттелген. Олар:
Маханжар, Тұздыкөл 2, дүзбай -1-4, сор-2, бестамақ, Амангелді, тобылда Алқау-2 тұрағы ғана мәлім.
Ескерткіштердің типографиялық сипаты: олардың көпшілігі жайылма сулардың кең уча скелерінде олар күрт таратылатын жерлерінде орналасқан. Жайылымдардың ені жалпақ келетін учаскелердің жағалауын қамыс басқан. Қазір мұндай сулар балыққа және құстарға бай. Олар ертедеде сонымен ерекшеленеді.
Бүгінде белгілі тзұрақтардың бәрінде мәдениет қабаты құм немесе құмдауыт қабаттан тұрады және едәуір дәрежеде жойылып кеткен. Тек біреуінде дүзбай -1 ескерткішінде ғана әлде бір құрылыстардың қалдықтаран табу мүмкін болды. Оларға қарағанда, мұнда неолит тұрғандарында жерге жарты метрдей қазылған жартылай жертөрелер болған.
Маханжар мәдениетінің ыдысы ерекше: керамикалық жұқа ыдыс қолдан жасалған және ұзынша пропорцияда болған. әдетте қылта мойыны жіңішке түбі конус тәрізді кейде бұдырлы болып бітеді. Өрнек ыдыстардың әлі кеуіп үлгермеген сыртына тісті қалыппен салынған. Компазициясы көлденең немесе тігінен салынған иректер сызылған параллельдер және басқа элементтер кейде бүкіл сыртын безендіріп тұрған.
Еңбек құралдарын дайындаған кезде Тобыл өңірінің ежелзгі тұрғындары қалақша қыстырмалар техникасын пайдалануды артық санағын. әдетте олар тұрақтарда барлық олжалардың жартысын құрайды деуге болады. Бірақ сол кездің өзінде – ақ құралдар үшін жергілікті көздерден алынатын шикізатты пайдалануды жөн көрді. Бұл орайда мұнда мезолит дәуірінен бері белгілі қайталап өңдеудің барлық тәсілдері: соның ішінде трапеция түріндегі геометриялық қыстырмалар дайындау да сақталған. Құралдарды шетіне ретушь салу және кескішпен жаңқалау әдісімен дайындаумен қатар тегістеу әдісінің пайдалануы дұрыс атап өтілген. Сонымен бірге бұрғылап тесілген ұршықтың басы табылды. Бұл бұрғылау әдісінің пайда болуын ғана емес сонымен қатар жіп иірудің таралғанын да дәлелдейді. Дүзбай -2 Бесбармақ тұрақтарынан табылған тас қалақшалардан жасалған бұрғылар мәлім. Маханжар мәдениеті тұрақтарында жебе ұштарының болмауыда қызықты. Сірә, оған бірнеше қыстырмадан тұратын конструкция пайдаланылған болса керек.
Өндіруші шаруашылық дәуіріндегі Қазақстан аумағы тұрғындарының демографиясы туралы мәселені қарастыра келгенде ауланған жануарлардың құрамына қарағанда қамалап жеке аулаумен ойдағыдай ұштастыралған аңшылық шаруашылық жүйесінің маңызды бөлігі болды. Украйнаның Еділ бойы мен Қазақстанның далалық өңірлері бойынша қолда бар материалдар қажетті ең аз аңшылық аума.ғының мөлшерін шамамен есептеп шығаруға мүмгкіндік береді.
Тұрғын жайлардың көлемі мен мөлшеріне қарағанда аңшылық қауым орта есеппен шығаруға мүмкіндік береді. Тұрғын жайлардың көлемі мен мөлшеріне қарағанда аңшылық қауым орта есеппен 50 адамнан тұрды. Оның етке деген жылдық қажеті 11000 килограмға тең ал ауланатын сүт қоректілер биомассасының табиғи өсімі 100 шаршы километрге шаққанда 4000 кг болатынын негізге алғанда, аң аулайтын жердің ең аз мөлшерін 750 шаршы шақырым деп белгілеу керек. Теория жүзінде бүкіл Қазақстан 3620 қауым тұратын жер бола алады. Бірақ бұл орайда аң аулау жөнінен өнімді емес алаптармен қоныстануға қолайсыз аймақтың шартты түрде 50 пайыз болатынын ұмытпаған жөн. Сондықтан Қазақстан неолиті үшін халық санын ең көп дегенде 80000 адам деп есептеу мейлінше дұрыс болады.
Аңшылықпен балықшылар дүниесі шеңберінде болған тығыз мәдени шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан айқын көрінеді.
3. Қàðàòàó æîòàñûíûң åñêåðòêiøòåði.
Îңò¾ñòiê Қàçàқñòàíäà ¸әñiðåñå Қàðàòàó æîòàñûíûң Îңò¾ñòiê æîòàñûíäà æàңà òàñ ғ¹àñûðûíûң åñêåðòêiøòåði ê¼ï òàáûë¹àí. Қàðà¾ңãið ò½ðàғ¹ûíäағы қàçáà æ½ìûñûí æ¾ðãiçó êåçiíäå åң ê¼ï ìàтåðèàë òàáûëäû. Á½ë æåðäå ¾ëêåí ìә¸äåíè қàáàò òàáûëäû, àқ ñ¾éåêòåði, òàñ қ½ðàëäàðû ò.á ê¼ïòåãåí ñ¾éåê á½éûìäàð òàáûë¹àí: èíåëåð, áiçäåð, òiñòåðäåí æàñàë¹àí ïûøàқ, øàïқû ò.á . Қàðà¾ңãið ò½ð¹ûíäàðû êåðàìèêàäàí ûäûñ æàñàóäû ¾éðåíäi.
4. Àðàë ìàңû ò½ðàқòàðû.
Íåîëèò ìә¸äåíèåòiíiң êåëåñi òîáûí Ñûðäàðèÿ ñàл¹àñûíàí òàáûë¹ғàí åñêåðòêiøòåð æàòàäû. Æàëïàқ қîéíàóûíäà àëòû ò½ðàқ òàáûëäû. Ñàç áàëøûқòàí æàñàë¹àí ûäûñòàð íåãiçiíåí òîñòàқ, êåñå ò¾ðiíäå êåçäåñåäi. Ò¾ái òåãiñ êâàðöèòòåí æàñàë¹àí қ½ðàëäàð áàð. Қîñìîëà 4 æ¸әíå 5 ò½ðà¹ғûíäà êðåìíèéäåí æә¸íå àқ êâàðöèòòåí æàñàë¹àí қ½ðàëäàð ïûøàқ òә¸ðiçäåñ ïëàñòèíàëàð òàáûëäû. Àðàë ìàңû íåîëèò åñêåðòêiøòåði õðîíîëîãíèÿëûº êåçåң íåîëèò æә¸íå ýíåîëèòêå æàòàäû.
Ñåêñåóë 1, Àңåñêå íåîëèò ò½ðàғ¹ûíäà æåáå ìåí ñ¾ңãi êåçäåñïåéäi, åñåñiíå òðàïåöèÿ ò¾ðiíäåãi , ïûøàқ ò¸әðiçäåñ ïëàñòèíêàëàð ê¼ï êåçäåñåäi. Êåðàìèêàëûқ ûäûñòàð êåçäåñåäi.
5. Îðòàëûқ æ¸әíå Áàòûñ Қàçàºñòàíäà¹ғû åñêåðòêiøòåði.
Орталық Қазақстан òåððèòîðèÿñû íåîëèò æ¸әíå ýíåîëèò åñêåðòêiøòåðiíå áàéëàíûñòû. Íåãiçiíåí Қàðàғ¹àíäû îáëûñû æ¸әíå Қàðàòîðғ¹àé ¼çåíi áàññåéíiíäå îðíàëàñқàí. Ñîëò¾ñòiê Øûғ¹ûñ Áàëқàø ìàңû íåîëèò åñêåðòêiøòåði á½ëàқòûң ò½ðàқòàðы æàòàäû. Á½ë æåðäå қ½ðàë äàéûíäàóғ¹à àðíàë¹àí íåãiçãi øèêiçàò ðåòiíäå êâàðöèò ¸ðò¾ðëi ò¾ñòåãi îïàë ïîðôèð қîëäàíûëäû. Á½ë æåðäåãi êâàðöèò ¼íäiðó iñi æàқñû æîë¹à қîéûë¹àí. Á½ëàқ ìàңûíäà êâàðöèò êåëi îðíàëàñқàí. Êåéiíãi ïîëåîëèò æ¸әíå ýíåîëèò êåçåңiíå æàòàòûí åñêåðòêiøòåð. Æåçқàçғ¹àí àóäàíûíäà òàáûë¹ғàí Èìàí Á½ðëûқ ò½ðà¹ғû îñû àòòàñ ¼çåííiң ñîë æà¹ғûíäà îðíàëàñқàí. Ò½ðàқòûң òåððèòîðèÿñûíäà ñ¾éåêòåð êðåìíèé á½éûìäàðûíàí êåðàìèêàäàí ò½ðàòûí ìә¸äåíè қàáàò òàáûëäû. Á½ë æåðäåí ñîíäàé-ຠáàëòà, òûðìà, ïûøàқ, ñ¾ңãi, íàéçà ½øòàðû òàáûëäû. Èìàí – Á½ðëûқ-2 ò½ðàғ¹ûíûң ò½ð¹ғûíäàðû êåðàìèêà ûäûñòàðäû ëåíòàëûқ ò¸әñiëìåí æàñàäû. Æàñàë¹ғàí ûäûñòàðäû îòқà ê¾éäiðiëãåí ûäûñòàðäûң ñûðòûíà îéûï áàñûëды, ñîë æà¹ғûíäà îðíàëàñқàí. Ò½ðàқòûң òåððèòîðèÿñûíäà ñ¾éåêòåð êðåìíèé á½éûìäàðûíàí êåðàìèêàäàí ò½ðàòûí ìә¸äåíè қàáàò òàáûëäû. Á½ë æåðäåí ñîíäàé-àқ áàëòà, òûðìà, ïûøàқ, ñ¾ңãi, íàéçà ½øòàðû òàáûëäû. Èìàí – Á½ðëûº-2 ò½ðà¹ûíû» ò½ð¹ûíäàðû êåðàìèêà ûäûñòàðäû ëåíòàëûº ò¸ñiëìåí æàñàäû. Æàñàë¹àí ûäûñòàðäû îòºà ê¾éäiðiëãåí ûäûñòàðäû» ñûðòûíà îéûï áàñûë¹àí îþ-¼ðíåê æàñàë¹àí. Ñîíûìåí ºàòàð Èìàí-Á½ðëûº -2 ò½ðà¹ûíäà ¾é æàíóàðëàðûíû» ñ¾éåêòåði äå òàáûëäû. (æûëºû, iði ºàðà, ºîé, åøêi, ò.á.). Áàòûñ ²àçõàºñòàí òåððèòîðèÿñûíäà íåãiçiíåí ¼çiíäiê æ¸íå ê¼ëäiê òèïòåãi ò½ðàºòàð òàðà¹àí Øàòïàíàë, ²½ëñàðû-1, Øà»äûàóûë, ²àéíàð, ²ûç-åìøåê, Æûëàí-ºàáàº, Ñàðûºàìûñ, Øàÿíäû ò.á. ò½ðàºòàð áåëãiëi. Á½ë æåðäå íåãiçiíåí êâàðöèòòåí æàñàë¹àí º½ðàëäàð êåðàìèêà ûäûñòàð òàáûë¹àí. Á½ë ò½ðàºòàðäàí òàáûë¹àí º½ðàë æàñàó iñi æàñàëó æîëû æ¼íiíåí áiðiíå-áiði ½ºñàñ.
Ñû íåîëèò åñêåðòêiøòåði Ñîëò¾ñòiê Áàòûñ ²àçàºñòàíäà êåçäåñåäi. Á½ë æåðäåãi êåрамèêà ûäûñòàð ôîðìàñû æ¼íiíåí ¼çãåøå ñûðòûíà òîëºûí ò¸ðiçäåñ ñóðåòòåð ñàëûí¹àí.
Æî¹àð¹û Åðòiñ ºîíûñòàðû. Øû¹ûñ ²àçàºñòàíäà¹û íåîëèò òàéïàëàðûíû» ºîíûñòàðû Óñò-Íàðûì ºîíûñûíäà àóìà¹û 800 ì. àëà» àøûë¹àí. Çàòòàðäû» ê¼ïøiëiãi îò îðûíäàðû 2,5-2,8 ì. òåðå»äiêòåí òàáûëäû. Á½ë æåðäå òðàïåöèÿ ò¾ðiíäåãi º½ðàëäàð àç êåçäåñåäi. ²½ðàëäàð á½ë æåðäå ïûøàº
ò¸ðiçäåñ ïëàсòèíêàëàðäàí æàсàë¹àí. Ѿéåê çàòòàð ñèðåê êåçäåñåäi. Ìàëîêðàñíîÿðñê åëäi ìåêåíiíäåé íåîëèò ò½ðà¹û ìåðçiìi æ¼íiíåí áiðøàìà åñêi á.ç.á 4 ìû» æûëäûººà æàòàäû. Á½¹àí ä¸ëåë êåðàìèêàëûº ûäûñ æàñàó ò¸ñiëi äå ê¼íå, º½ðàëäàð äà áàñºà.Ñåìåé ìà»ûíäà¹û ²ûçûëсу ºîíûñûíàí ¾ëêåí ê¼ëåìäåãi òàñ º½ðàëäàð, êåðàìèêà ñûíûºòàðû òàáûëäû.
Ñîëò¾ñòiê ²àçàºñòàí ò½ðàºòàðû æ¸íå ìîëàëàð.
Бақќылау сұраќқтары:
1 Неолит дәуірінен табылған заттардың шаруашылықтың басқа дәуірге қарағанда айырмашылығы.
2 неолит дәуірінің хронологиясын анықта.
3 Атбасар мәдениетіне сипаттама.
4 Маханжар мәдениетінің зерттелген аумағы.
5 неолит дәуіріндегі тұрақтар қындай болып бөлінді.
6 Неолит дәуірі ненің дамығанын көрсетті.
Полеметалл дәуірі.
9- лекция. Тақырыбы: Энеолит
Жоспары:
1. Шығыс Европаның отырықшы егіншілері мен малшыларының энеолиттік мәдениеті, триполье мәдениеті.
2. Орта Азия энеолиті.
Лекция мақсаты: :Адамдардың ең алғашқы металл мысты қолдануы жайында мәліметтер беру.
Лекция мәтіні
1 Шығыс Европаның отырықшы егіншілері мен малшыларының энеолиттік мәдениеті, триполье мәдениеті.
Неолит дәуірі тас еңбек құралдары принципиалдық жанартатын мүмкіндігін тамамдады. Кейпін қола дәуірінде, тасты өңдейтін біршама жаңа әдістері пайда болғанымен, бірақ тас әбден маңызды еңбек құралдарын жасайтын жалғыз ғана шикізат маңызын жоғалтты.Болашақ металдың алдында болды. Металдың алғашқы кезеңін энеолит деп атайды.,(грек энде-мыс, литос-тас)яғни мыс-тас дәуірі.Осы сөзбен энеолит дәуірінде мыстан жасалған еңбек құралдары пайда болды.Бірақ тастан жасалған еңбек құралдар үстем болды деп айтқысы келді.Түсті металургияның дамуының төрт кезеңі бар:суық қақтау , ыстық қақтау,мыстан рудадан қорыту,мыстың негізінде араластыру.
Ең алғашқы рет металлды жердің қай аймағында пайдаланғанын айтуға әлі қиын, бірақ, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша ,мысты бірнеше аймақтарда шамамен бір уақытта пайдалана бастады. Б.э.д. IҮ – мыңжылдықта адамдар мыстан еңбек құралдарын жасай бастады. Мысты игеру барлық жерде бiрдей жүрген жоқ. Мысқа бай оңтүстiк аудандарда бұл процесс қарқынды дамыды.
Мыс өңдеудiң екi тәсiлi белгiлi: қыздырып және қыздырмай өңдеу. Бұлардың қайсысы алғаш игерiлгендiгiн дөп басып айту қиын. Ең алғашқы еңбек құралдары қыздырмай, кесек мыстарды көрiкте соғу арқылы жасалды деуге негiз бар. Дегенмен мысты қыздырған кезде балқыған мыстың әртүрлi қалыпқа түсiруге болатындығын адамдардың бiлуi де әбден мүмкiн.
Металл өндiрудi игеруге байланысты өндiрiсте өзгерiс болды. Жалпы тайпалардан егiншi және бақташы тайпалардың бөлiнiп шығуы неолитте қалыптаса бастаған бiрiншi қоғамдық еңбек бөлiнiсiне алып келдi. Жерорта теңiзi, Алдыңғы Азия, Солтүстiк Африка, Оңтүстiк шығыс Еуропада және Орта Азия жерлерiнде егiншi тайпалардың мәдениетi тұтастай қалыптасты. Ал құрлықтың басқа көптеген бөлiктерiнде шаруашылықтың неолиттiк қалпы сақталды.
Шығыс Еуропаның оңтүстiк аудандары мен Орта Азияның көпшiлiк жерлерiне энеолиттiк мәдениеттердiң таралуы өзара бiрсыпыра ортақ белгiлерiне қарай топтастырылған. Олар тас еңбек құралдарымен қатар мыс құралдардың көп таралуы; кетпендi егiншiлiк пен үй маңы бақташылығының үстем болуы; өрнектi балшық ыдыстардың молдығы; балшықтан тұрғызылған iрi үйлермен қатар, балшықтан жасалған әйел мүсiндерi, ерекше өрнектi өнер туындылары. Шығыс Еуразия кеңiстiгiнде энеолит мәдениетi Оңтүстiк Украйна мен Молдовада, Орта Азияның оңтүстiгiнде жақсы зерттелген. Осы аудандардың алғашқысына жататын триполь мәдениетi тұрғындарының егiн шаруашылығынан қатысты өзiндiк идеологиялық түсiнiктерi қалыптасқан. Осындай түсiнiктерi трипольдықтардың ыдыстарының сыртын безендiруде айқын көрiнiс тапқан. Ыдыстардың сыртындағы күрделi де тұрақты өрнектер дiни мағана берiп, олардың айнала қоршаған орта мен кеңiстiк жайлы түсiнiктерiн аңғартады. Өрнектерде көбiне жаңбыр мен жел, күн мен түн, жыл мезгiлдерiнiң ауысулары бейнеленедi. Сонымен қатар жануарлар, өсiмдiктердiң жапырақтары, жер жырту мен егiн салу секiлдi шаруашылық көрiнiстерi де суреттелген. Балшықтан кейде сүйектен жасалған энеолиттiк әйел бейнелерi оларды береке құдайы ретiнде дәрiптегендiктi сездiредi. Осы дәуiрге жататын триполь мәдениетi өкiлдерiнiң кетпендi егiншiлiк және үй маңындағы бақташылықпен айналысқаны анықталып отыр. Дәлел ретiнде қазба кезiнде табылған әртүрлi дәндi дақылдардың қалдықтары мен егiншiлiкке пайдаланған еңбек құралдарын айтуға болады. Астық жинаған орақтардың тұтас тастан, мыстан және тiстерi микролиттерден құрастырылған түрлерi де кездеседi. Құрамында 443 мыс еңбек құралдары бар Карпун көмбесiн зерттеу трипольдықтардың еңбек құралдарын Балкан-Карпат таулы аймақтарынан алынатын таза мыстан жасалғандығын анықтауға мүмкiндiк бердi.
Трипольдықтардың арғы тегi жайлы ғылымда ортақ көзқарас жоқ. Бiр бiрiне қайшы келетiн екi көзқарас қалыптасқан: бiрiншiсi бойынша триполь тұрғындары Балкан жарты аралынан келген. Екiншi пiкiр бойынша триполь мәдениетi жергiлiктi нолиттiк тайпалардың негiзiнде қалыптасқан. Олардың тарих сақынасынан түсiп қалуы жайлы да ортақ көзқарас жоқ. Кейбiр зерттеушiлер оның басты себебi ретiнде б.э.д. II- мыңжылдықта шаруашылықта болған өзгерiстер мен, яғни бақташылықтың дамуымен баиланыстырса, ендi бiреулерi бұл жерлердi бақташы тайпалардың жаулап алуымен байланыстырады.
Энеолит дәуірінде Молдавияда, Оң жағалаулық Украинада және Румынияның бір бөлігінде өнім шығаратын шаруашылықтың үлкен бір бөлігі пайда болды. Киев қаласының қасында орналасқан Триполь селосы осы мәдениетке өз атын берді.Сондықтан бұл мәдениетке Триполь мәдениеті деп. атап кеткен. Румынияда бұл мәдениетті Кукетеш мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет б.д.д.Vмың жылдықтың екінші жартысында қамтиды.Триполь мәдениеті егін шаруашылықты мәдениет болып есептеледі. Триполь мәдениетінің егін шаруашылығы ормандардағы ағаштарды тамырымен жұлуды қажет ететін. Бұл жұмыс ер адамның күшін қажет етті. Сондықтан бұл мәдениетте ер адамның ролі үстем болған,патриархат негізгі орын алды.Триполь мәдениетінің егін шаруашылығы ескі заманнан қалыптасқан шаруашылықтың жүйесі болып табылады. Жерді кетпенмен, өңдеген. Кейбір деректерде жерді баптап болған соң тырмамен тырмаланған. Бидай, арпа, ірі бұршақ сияқты дақылдар түрі егілген .Өнімді шақпақ тас сипатты орақпен орып, тас диірменмен тартатын болған.Кейбір қоныстарда мал. шаруашылығы үлкен роль атқарған. Сиыр мен шошқа баққан.
Оң жағалаудағы Украинаның жері, Молдава, Румыня мен Болгарияның Карпат-Дунай бөлігі энеолит дәуірінде,триполе-кукутени мәдениеті ретінде белгілі,отырықшы-егіншілердің мәдениетімен қамтылды.Осы және өзге мәдениеттер Балқан-Дунай энеолиттін құрады.Триполье Кукутени мәдениетінің ескерткіштерінің зерттелінуінің ұзақ тарихы бар, оның бірнеше кезеңдестірілуі бар. Бұл мәдениеттің хронологиясы ерте,орта және кейінгі(соңғы) кезеңдерге бөлінеді, бұдан басқа жекелеген уақыттың кезеңдер мен жергілікті варианттар (нұсқалар) бар.Трипольдіктердің қоныстары құнарлы орманды топырақтарда орналасты. Бұл қоныстар орасан үлкен аумаққа таралып, тесе бұйымдармен қатар мыс бұйымдардың пайда болуы; Кетпенмен жер өңдеу мен отырықшы мал шаруашылығының үстем болуы, әшекейлі қыш ыдыстардың, саз балшықтан соғылған үйлер мен егіншілік культтерінің болуы секілді ерекшеліктермен біріктірілді.
Триполье-кукутени мәдениетінің ерте кезеңіне бізге белгілі шамамен 150-дей қоныс жатады.Олар,өте ертедегілерінде әшекейлі керамиканың жоқтығымен ерекшеленеді.Ерте кезеңі б.з.д.4200-3400 ж.ж.хатталады.Бұл кезеңнің қоныстары ауданы бойынша онша үлкен емес,мәдени қабаттарында көптеген кремнилік жарғақтар мен ретушсызтілімдер табылды.Керамика ақ бояу тастырылған ойықтары бар оюлармен әшекейленген , алайда бұлар осы кезеңнің соңында қолданыстан шығып қалды.Бұл кезеңде Днепрдің орта ағысында жейтін тамақтың негізгі бөлігін аңшылықпен тауып отырды.
Бұл уаққытта триполье кукутени мәдениетінің жергілікті нұсқаларының интенсивті түрде қалыптасуы жүрді.Трансельванияда,Малдавалық Карпат маңындағы және өзге де аудандарда көптеген ескерткіштер белгілі;мәдениеттің жергілікті нұсқасының өзге қоныстарының тобы Днепр бойында орналасқан (Флоресты,Александровка І жіне т.б.)қоныстардың тағы бір тобы Днестрдің сол жағалауында табылды.(Луна-Врублевецкая,Бернашевка және т.б.).Соңғы жылдардың зерттеу материалдары бізге триполье-кукутень мәдениетінің б.з.д. Ү-ІҮ мың жылдықтардың шегінде ертеректегі жергілікті мәдениеттердің (Баян және сызықты-ленталы) негізінде,Шығыс Карпат маңы мен Оңтүстік-Шығыс Трансильванияның жерінде қалыптасуындағы жөнінде сенімді түрде айтуымызға мүмкіндік береді.
Триполье-кукутень мәдениетінің келесі кезеңі (б.з.д.ІҮ мың жылдық) Керамика өндірісінің күрт өсуімен және әшекейлі ыдыстардың пайда болуымен сипатталады.Осы кезеңнің бірнеше жүздеген есекерткіштері белгілі,олардың ішінде ең маңыздылары Колошицина мекені мен Владимировкадағы қоныстар болып табылады.
Киевка жақын маңдағы Колошицинада екі сырғымалы шатырмен жабылған саз балшықты үйлердің отыз тоғыз алаң-іргесі табылды.Алаңдар шеңбер бойымен орналасқан және де кіре берісіндегі шеңбердің ортасына қарап, тұрған екі жүзден астам үй табылды.Шеңбердің ортасындағы кеңестік мал үшін қаша ретінде қызмет атқарды.Қоныс айнала қоршаумен қоршалған деген жорамал бар.
Трипольелік тұрғындардың негізгі кәсібі кетпенді жер өңдеу болды.Олжалардың арасында балшықтағы әртүрлі дәндердің іздері,сондай-ақ жер өңдеу заттары жиі кездеседі.
Жерді өңдеу тастан,сүйектен, және мүйізден жасалған кетпенмен жүргізілді. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары бидай, арпа және тары болды. Өнімдері қарадүрсін орақтармен орып алған (бүтін тасты, астарлы, ал кейін мысты.)
Трипольелік бұйымдарды саралау, олардың Балқан-Карпат тау аймағындағы кендерден алынған таза мыс бұйымдарды пайдаланғанын көрсетеді.
Бұл кезеңдегі трипольеліктердің саз балшықты ыдыстары формаларының алуан түрлілігімен таң қалдырады:үлкен екі конусты ыдыстар кратерге алмұртқа ұқсас кеселер,тік бұрышты құлақшалары бар ыдыстар құмыралар.Ыдыстар азықта сақтау үшін,тамақ дайындау үшін және асханалық ыдыс ретінде пайдаланылды.Кейбір ыдыстар қақпақтармен жабдықталған.
Мына жайт өзіне назар аудармай қоймайды: соңғы зерттеулер көрсетілгендей,трипольелік мәдениеттің қоныстарының бәріне де егіншілік құралдары басым бола берген жоқ кей жерлерде шаруашылық көбінесе мал шаруашылығы сипатында болды.
Трипольеліктердің ірі қараның екі түрін (шағын жіңішке сирақты және жабайы сиырға ұқсас ірісін) қой шошқа ұстады.Триполье мәдениетінің өмір сүрунің соңына қарай жылқы қолға үйретілді.Бұл мәдениеттің мал шаруашылығына малды қорады бағып ұстау тән.Малды қоныстың маңында жайып,оны түнде қашарда ұстайтын болған.
Триполье-кукутени мәдениетінің тайпаларында шаруашылықтың егіншілік сипатымен байланысты өзіндік бейнесі бар идеологиялық түсініктер қалыптасты.Олар ыдыстардың ою-өрнектері мен әйел бейнесіндегі саз балшықты статуэтка да өте әдемі бейнеленген.Табылған олжаларға қарағанда,ең басты діни-мифологиялық символ-Жер ана болды.
Трипольеліктер мәдениетінің дамуының соңғы кезеңінде оның аумағы едәуір ұлғайды.Бұл кезеңнің ескерткіштері Еділ өзенінің арғы беті мен Днепрдің бергі бетінің орта тұсына дейін белгілі және олар алуан түрлілігімен ерекшеленеді.(Шеңбер бойымен орналасқан шағын қоныстар мен үлкен қоныстар).Триполье мәдениетінің соңғы кезеңі б.з.д. 300 ж.мен б.з.д.2200 д.қамтиды.
Триполье-Кукутень мәдениетінен басқа Оңтүстік-Шығыс және Орталық Еуропада өзге де мәдениеттер өмір сүрді.Дунай мен Пруттың төменгі ағысында Гумельница мәдениетінің ерте кезеңінің ескерткіштері бар.(шамамен жиырма ескерткіш белгілі).Жоғарғы Виела мен Жоғарғы Днестр арасында зимнозлот мәдениеті өмір сүрді.Триполье –кукутень мәдениетінің солтүстігіне қарай б.з.д. ІҮ мың жалдықтан ІІІ мың жылдықтың ортасына дейін шұңқыр тәріздес кубоктар мәдениеті дамыды.Бұл мәдениет шаруашылықтың өндіруші түрінің таралуында ерекше роль ойнады.Еуропаның едәуір бөлігінде Эльбадан Днепрдің орта ағысына дейін б.з.д. ІІІ мың жылдықта шар тәріздес амфорлар мәдениеті қалыптасты.
2. Орта Азия энеолиті.
Орта Азияның оңтүстiк аудандарындағы мәдениеттер жейтун егiншiлiк мәдениетiнiң негiзiнде қалыптасып, дамыды. Бұл өңiрдiң энеолиттiк мәдениетiн зерттеуде олардың құрылыс салу дәстүрiнде, еңбек құралдарында, ыдыс өрнектерiнде, балшықтан жасалған әйел бейнелерiнде трипольдықтармен ұқсастық барлығы байқалады.
Түркiмения жерiндегi Анау, Намазга тепе қоныстарын зерттеу үлкен ғылыми маңызға ие. Қазба жұмыстары нәтижесi олардың жейтуннан да жоғары дамыған егiншiлiк мәдениеттiң ескерткiштерi екендiгiн көрсеттi. Бұл мәдениеттер өкiлдерiнiң өсiрген дәндi дақылдарының iшiнде арпа басым. Олар қой, ешкi iрi қара мен ит бақты. Бiрсыпыра кейiнрек түйенi қолға үйреттi. Еңбек құралдарының басым көпшiлiгi (кетпен, орақ, дән үгiткiштер) тастан жасалғанымен олар мысты да бiлдi. Анаудың төменгi қабатының өзiнен инелер, түйрегiштер, жапырақ тәрiздес пышақтар мен әшекей бұйымдары кездеседi. Қазба кезiнде шыққан сыртында өрнегi бар саз ыдыстар, құрылыс қалдықтары, әйелдер бейнелерi бұл мәдениеттiң энеолит дәуiрiне жататындығын көрсетедi.
Орта Азияның оңтүстiгiнде қалыптасқан осы мәдениеттер Иран мен Алдыңғы Азияның энеолиттiк мәдениеттерiмен тығыз байланысты және Оңтүстiк Еуропа мен Азияның егiншi мәдениеттерiмен бiрқатар ұқсастықтары бар.
Мәдениеттердiң бiрiнен соң бiрi жалғаса дамуы археологтарды әр уақытта қызықтырған. Осы мәселеде Түркiменияның егiншi тайпаларының мәдениетiнiң даму кезеңдерi аса үлкен маңызға ие. Анау тепедегi мәдени қабаттардың бiрiнен соң бiрiнiң кезектесiп қалыптасуына қарай төрт кешен анықталды: Анау I б. э. д. 4500 – 3200- жылдарына; Анау II б. э. д. 3200 – 2400- жылдарға; Анау III және Анау IҮ қола дәуiрге жатады.
Намазга тепеде жүргiзiлген зерттеудiң материалдары бұл қонысты алты хронологиялық кешенге бөлуге мүмкiндiк бердi: Ең ежелгi қабаты Намазга I – б. э. д. Ү – IҮ- мыңжылдықтарға, Намазга II – IҮ-Ү- мыңжылдықтарға, Намазга Ш – 3500-2750- жылдарға, Намазга IY – 2750 – 2300 -жылдарға, Намазга Ү – 2300 –1850- жылдарға, Намазга ҮI – 1850-1100-жылдарға жатады. Бiрiн бiрi жалғастырып отырған Түркiменияның ежелгi егiншiлiк мәдениетi осындай жүйеде қалыптасқан.
Бақылау сұрақтары:
1.Триполь мәдениеті.
2.Энеолит дәуіріндегі еңбек құралдар.
3.Энеолит тұрақтары.
4.Мысты алудың әдістері.
5.Қазақстан жеріндегі энеолит.
6.Жер өңдеудің мыс құралдары.
7.Энеолит керамикаларының түрлері және әшекейлі керамика.
10- лекция. Тақырыбы:
Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірінің ерекшеліктері.
Жоспары:
1 Ботай мәдениеті.
2 Терсек мәдениеті
Лекция мақсаты: Археология алғашқы қауымнан көне заманнан орта ғасырдан қалған заттай ескерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтау.
Лекция мәтіні
1 Ботай мәдениеті.
Қазақстан жерiндегi ең жақсы зерттелген энеолиттiк ботай мәдениетi ескерткiштерiнiң негiзгi шоғырланған тобы Көкшетау облысында орналасқан. Олар б. э. д. III-II мыңжылдықтардағы жылқышы тайпалардың ескерткiштерi.
Ботай мәдениетi көршiлес орналасқан неолиттiк мәдениеттер атбасар мен маханжардың негiзiнде қалыптасқан. Осы мәдениеттiң басты қонысында жүргiзiлген ұзақ жылдық зерттеулер Ботайлықтардың жылқыны алғаш қолға үйреткен тайпалар екендiгiн дәлелдейтiн материалдар бердi. Олардың мал өсiрумен қатар жер жыртып, егiн егумен айналысқандығы да анықталған. Мәдениеттiң басты ескерткiшi Ботай қонысынан табылған тастан жасалған пышақ, қанжарлар, найза, жебенiң ұштарымен қатар зубр, бұғы, қарақұйрық, киiк, аю, қарсақ, қоян секiлдi т.б. аңдардың сүектерi ботайлықтарда аңшылық кәсiптiң де осал болмағандығын бiлдiредi.
Ботай мәдениетiнiң материалдары Алтайдағы Афанасев, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым мәдениеттерiмен ұқсас.
Энеолит дәуiрi мәдениеттерi ескерткiштерi Маңғыстау өңiрiнде Шебер, Жыңғылды, Қошқар-Ата ескерткiштерiнен белгiлi.
Қазақстан жерiндегi энеолиттiк мәдениеттер ескерткiштерiнiң аз зерттелуiне қарамай қолда бар материалдар негiзiнде сол дәуiрдегi тайпалардың қоғамдық –экономикалық және материалдық мәдениетiнiң дамуында үлкен жетiстiктер болды деп айта аламыз.
Ботай мәдениеті: Көкшетау облсындағы бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған.Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайық-Ертіс өзендері аралығының) далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б.з.б ІІІ-ІІ мыңжылдықтармен белгіленеді. Демек ол бір мың жыл болған.
Ботай мәдениетінің қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін құраған тайпалар қатысты. Оның қалыптасу барысында Шығыс Каспаий маңы өңірімен Оңтүстік Оралдың сырттай ықпал жасағаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В.В.Зайберт ашты. В.Н. Логвин С. Қалиева оның батыстық нұсқасын терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Терсек мәдениетінде басқа мәдениеттің ықпалы айқын аңғарылады және оның кейбір ескерткіштері б.з.б ІҮ мыңжылдықпен белгіленетін алдыңғы энеолит дәуіріне жатуы ықтимал. Бірқатар қоныстар: Қостанай және Торғай облыстарында – Бестамақ, Тщұздыкөл, Либановка, Құмкешу, Қожай, Дұзбай-3, Көкшетау облысында Ботай, Красный-Яр Васильков-4 қоныстары ашылды барлығы 20 дан астам қоныс белгілі. Қоныстар әдетте шағын дала өзендері Торғайдың Терісаққанның жоғарғы тобылдың Обағагнның Шағалалының Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алаптарды алып жатыр. Олардың көлемі кейбіреуінде 15 га жетеді. Сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні Ботай қонысы болзып табылады. Ол шамамен 200 жылды – б.з.б ХХІҮ-ХХІІ ғысырларды қамтиды. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңғы кезеңде салынғаны аяқталды. Мұндай томаға тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30 дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байқауға болады. Ені – 4-8 м болртын ал ұзындығы 50м дейін жететін паралель көшелердің екі жағына кейде 15-16 үйден салынған.
Тұрғын былайша жазылған. Тереңдігі 1м дейін және көлемі 20 шаршы метрден 70 шаршы метрге дейін жететін 4-8 бұрыш түрінде шұңқыр қазылған. Қазу кезінде шығарылған балшық шұңғыр қазылған. Қазу кезінде шығарылған балшық шұңқыр жиектеріне биіктігі 1 метрдей дуал етіп үйілген. Осылайша салынған қабырғаларға төбесі тарыла беретін шеген түрінде бағаналар қаланған. Жасаған күмбез бұтақтармен және шым қабаттарымен жабылып бұл орайда ортасынан түтін шығатын тесік қалдырылған. Кіретін есік қабырғада ойық түрінде қалдырылып оның сыртында шағын шағын дәліз болған. Ішінде ортадағы шұңқырда ошақ орналасқан. Ошақ пен есік арасы – шаруашылыққа арналған орын төрде ұйықтауға арналған жер. әдетте қабырғаның бүйір жағынан азық – түлік сақтау үшін шұңқыр қазылады. Тобылдағы құмдауыт топырақта құрылыс сипаты біршама өзгеше: қабырғаларының ағаштан салынуы ықтимал.
өндіріс шаруашылық саймандар алуан түрлі тастардан сазбалшықтан сүйектен жасалды. Құрал саймандар тұрғындардың шаруашылық укладының күрделі екендігін көрсетеді. Жүгеннің сүйек элементтері кісенге арналған ілгектер жылқының қолға үйрете бастағанын дәлелдейі. Тас тоқпақтар пышақтар қанжарлар боластар жебелердің сүңгілердің найзалардың үштары аң аулаумен байланысты құралдар.
Орасан зор мөлшердегі остеологиялық материалдардың басым көпшілігі жылқы сүйектері. Мәселен ботай қонысында 70000 жылқының сүйегі табылды. Сондай-ақ зубрдың турдың бұланның еліктің аюдың иттің түлкінің қарсақтың түйенің құндыздың суырдың қянның қабанның құстардың сүйектері бар.
Жерлеу ғұрпы мен бірқатар симболдық заттар тотемизмнің бабаларға табынуын көрсетеді.
Бірақ далалық энеолит қауымының өз ішінде де мәдениет бір мезгілде қалыптасқан жоқ және даму мен өзара ықпал етудің түрлі деңгейінде болған.
Тегінде Еділ бойын және Жайық Ертіс өзендерінің аралығындағы мал шаруашылығы қалыптасқан екі орталықты атап өтуге болады.
Маңғыстау тарихындағы энеолит көп жағынан алғанда шартты болып табылады. Жалпы жұрт қабылдаған қабылдаған кезеңдерге сәйкес келеді. Бұл аумақ үшін б.з.б Ү мыңжылдықтың аяғымен ІҮ ғ басына да байырғы тұрғындардың көршілермен интенцивті байланыстары немесе солтүстік пен оңтүстік – шығыстан мәдениеті өзгеше екі толқынның жергілікті ортаға құйылып қосылуы тән. Бірінші толқын Еділ – Жайық бойының энеолиттік хвалын мәдениетіне жататын шебір үлгілес ес.керткіштермен көрсетілген. Бозащы түбегінде Маңғыстау түбегінің орталық және жағалау бөлігінде тұрақтар мен жекелеген олжалар табылды. Ең елеулі тұрақ Бозащыда көшпелі құм өңіріндегі Шебер елді мекенінің маңынан табылды.
Ыдыстар саз балшықтан қолдан жасалған. Ыдыстар түбі дөңгелек конус тәрізді етіп жұмыатқа сияқты ,жабық түрде істелген. Ыдысқа ішкі жағында қыры бар жаға сияқты салмақты жиек жасалған. өрнектеу үшін негізінен тарақ сияқты қалып пайдаылған.
Шебір халқы теңіз моллюскаларының қабықтарынан жасалған ірі моншақтармен диаметрі 3-6 мм болатын цилиндр тәрізді ұсақ моншақ сияқты жаңа әшекейлер туғызды. Соңғылары теңіз қабыршақтарының қабығынан жасалған.
2. Терсек мәдениеті.
Энеолит дәуірінің соңғы кезеңдерінде Торғай өңірін мекендеген тайпалардың мәдениеті ( б.з.б 3 мыңжылдықтың басы) . алғаш рет 1940ж -50ж А.А Формозов зерттеулерінде «терсек тұрақтары» , «терсек қарағай мәдениеті» жайлы айтылады. Бұл мәдениеттің неғұрлым толығырақ мінездемесі 1980-90жж С.Қалиева В.Н Логвин зерттеулері барысында қалыптасты. Ескерткіштерінің негізгі тобы Торғай алабын қамтуымен қатар, біразы солт. Және солт.шығысқа да тараған. Зерттеу барысында оңт.шығыс шекаралары анықталмаған. Есіл алабындағы энеолиттік ботай мәдениетімен екі арада анықтауды қажет ететін мәселелері бар. Негізгі ескерткіштер түріне жататын тұрақтары көбіне үлкен өзендер емес, көктемде ғана ағысы бар ұсақ жылғалар көлдер мен бұлақтар жағаларында орналасқан. 1980ж жылдардың ортасына қарай белгілі болған 30 жуық ескерткіштердің ішінде біршама жақсы зерттелгендері Соленое озеро -1, Дүзбай -3, Бесбармақ, Құмкешу-1, Қожай -1, Қайынды-3, Евгеневка-2, Тоқанай- 2, сияқты тұрақтардан алынған деректер. 436 м жері қазылған Солоное озеро -1 тұрағынан аумағы шамамен 6*6 м болатын бір үй орны анықталды. Еденінің тереңдігі 0,8 м 16 діңгек шұңқыры бар. Есігі солтүстік батыстан шығарылған бұл баспана табаны дөңгелектеу келген ағаш күрке кейпінде тұрғызылған болуы мүмкін. Солт батыс бұрышта тас жаңқалар мен т.б құралдар шикізаттар да бұл түс шебердің отырған үйі болса керек. Үйдің оңт. Сыртында ашылған диам. 1 м тереңдігі 0,8 м ұра шұңқырдан мал сүйектері тас құралдардың сынықтары көптеп табылған. Т . м шақпақтас индустриясына оның ішінде бұл бағыттың ең алдымен жаңқалы құралдар қолданылған түріне негізделген қоғам. Пластиналы құралдар өте аз жоқтың қасы. Төңіректегі тұтас мәдениеттер арасында оларды жіктеуде осы ерекшелік маңызды орын алды. өте көп мөлшерде табылған жаңқаларға біршама шағын көлемдер тән көбіне бұл құралдардың өлшемі 30мм ден аспайды. Жаңқалардың ең көбі қырғыштар, мұндай бұйымдар қолда бар құралдардың тең жартысын береді. Басқадай құралдар арасында сегментті қырғыштар қырнауыштар екі жақты өңделген ұштықтар ( садақ найза шолақ, дротик ұштары ) пышақтар, шапқылар, балталар бар. Заттай деректердің 20 пайызын құрайтын қыш ыдыс бөлшектері мұнда түбі дөңес үшкірлеу тұрқы біршама ұзынша тегіс не дөңес келген ернеуі сыртқа қайырылған көзелер басым екенін көрсетті. Балшық қамырды дайындау барысында пайдаланылған қоспа элементтердің дені құм. Тісті қалыппен басылған негізгі ою түрлеріне горизонталь ирек сызықтар көлбеулете түсірілген таңбалардың горизонталь ирек сызықтар көлбеулете түсірілген таңбалардың горизонталь жолақтары теңбүйірлі үшбұрыштар ромбылы торлар. «басқыштар» тән. Қазбаларда табылған жануарлар сүйектерінің арасында әсіресе жылқы түлігін көп өсірген болуы мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
1.Жер өңдеудің мыс құралдары.
2.Энеолит керамикаларының түрлері және әшекейлі керамика.
3 Энеолит дәуірінің ескерткіштеріне сипаттама бер.
4 Терсек мәдениеті қый жерді қамтиды.
5 Терсек мәдениеті қай жерлерді қамтыған.
11- лекция.
Таќырыбы: Қола дәуірі.
Жоспары:
1. Кавказ территориясындағы қола дәуірінің ерекшеліктері.
2. Орталық Азияның қола дәуірі.
Лекция маќсаты Хронологиялық тұрғыдан Кавказдағы қола мәдениеті екі кезеңге бөлінеді,олар ерте қола дәуірі мен кейінгі немесе дамыған қола дәуірін анықтау.
Лекция мєтіні
1. Кавказ территориясындағы қола дәуірінің ерекшеліктері.
Кавказдың Еуропа мен Азияның түйісуіндегі жағдайы,оның өркениеттің ең ежелгі ошақтарына жақындығы,табиғи және минералды ресурстарға бай болуы,қола дәуірінде бұл өңірде қоныстанған тайпаларға мәдениеттің дамуында елеулі рольді қамтамассыз етті.Солтүстік Кавказ сыртында қола дәуірінде бірнеше археологиялық мәдениет өмір сүрді. Кавказдың шығу мен тегі бойынша алуан түрлі мәдениеттерінің мынадай жалпылама ортақ қаситеттері болды; олар, дамыған мал шаруашылығы мен егіншілік ,әшекейленген керамиканың кең таралуы, орасан үлкен тастардан тұрғызылған циклондық құрылыстар.
Хронологиялық тұрғыдан Кавказдағы қола мәдениеті екі кезеңге бөлінеді, олар ерте қола дәуірі мен кейінгі немесе дамыған қола дәуірі.
Солтүстік Кавказдың ең ертедегі мәдениеті б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың орта кезеңінен бастап оның бүкіл екінші кезеңін қамтиды. Бұл мәдениетті, оның ең әйгілі ескерткіші-Майкап қорғаны бойынша майкон мәдениеті деп атау дәстүрге айналған.Оның таралу аумағы таман түбегінен Дағыстанға дейінгі жерлерді қамтиды. Бұл мәдениеттің қоныстары негізінен баруға (жетуге) қиын мүйістерде орналасқан. Тұрғын үйлері балшықпен сыланған. Және қоныс алаңында шеңбер бойымен орналасқан қаңқа құрылыстардан тұрады.Осы мәдениетке жататын қоғандардың көпшілігінде мәйіттер эмбрион түрінде бастары оңтүстікке қаратылып жерленген. Табылған заттардың ішінде
көптеген еңбек құралдары тастан жасалған балық аулағыш ілмектер,саз балшықтан жасалған кермелер, қарулар,(дротиктер мен жебелердің кремнилік ұштары, сақпанға арналаған дөңгелек шарлары мен әшекей заттар (тас білезіктер мен салпыншақтар) кездеседі.
Ерте қола кезеңіне сондай-ақ б.з.д. ІҮ –ІІІ мыңжылдықтардың шегінен бастап б.з.д.ІІІ мың жылдығының соңына дейін өмір сүрген Кура-аракс мәдениеті де жатады.Бұл мәдениет тек бүкіл Кавказ сыртына ғана емес,сонымен бірге Иранның солтүстік-батысы мен Шығыс Анатомияға да таралған.
Кура-аракс мәдениетінің ең әйгілі ескерткіштері-Кюль-Тене І-дің екінші қабаты; Әзербайжандағы Мингечаур кешені;Армениядағы Шетавит,Гарин болып табылады.Қоныстар әдетте өзендердің бойында табиғи бекініс төбелерінде,мал бағуға қолайлы жерлерде орналасты.Ең көп тараған тұрғын үйлер іргесі тас домалақ үйлер болды,олармен қатар тастан соғылған тік бұрышты үйлер де белгілі.Тұрғын үйдің ортасында диаметрі бір метрдей болатын саз балшықты қалың қабырғалы ошақ тұрды.Кейбір ошақтар орнынан жылжытылып ,олардың бүйірлерінде тұтқалары болды.Мұндай ошақтар тек Кура-аракс мәдениетіне ғана тән маңызды ерекшелік болып табылады да Мұндай ошақтар ешбір жерде кездеспейді.Жерлеу орындары,жерлеу тәсілдері секілді алуан түрлі болып келеді.Қорған астына жерлеу топ-топ етіп жерлеу,эмбрионға ұқстатып жерлеу тәсілдері кездеседі,сонымен қатар мәйітті өртеп отыру да кездеседі.
Егін шаруашылығы кең түрде дамыды.Жер өңдеуге қарабайыр соқа мен жануарлардың тартатын сүйрейтін күші пайдаланады.
Биік деңгейге қола металлургиясы жетті.Кавказ,әсіресе Кавказ сырты металды өндірудің ең ірі орталықтарының бірі болды.
Керамика сапасы бойынша жетіліп,формасы бойынша алуан түрлі бола бастады.
Б.з.д.ІІ мыңжылдықта Кавказ бен Кавказ сыртының территориясында кейінгі (дамыған) қола дәуірінің бірнеше археологиялық мәдениеті қалыптасты.
Солтүстік Кавказ мәдениеті жақсы зерттелген.Ол өзінен бұрын болған майкап мәдениетінің негізінде қалыптасты.Оның ескерткіштерінің арасында негізінен обалар(Верхняя Рутка,Фаскау,Пилийский) мен Баксан өзенінің шатқалында табылған қоныстардың аз ғана саны бар.Мәйіттердің созылып жатқызылған және бүгілген ені түрі кездеседі. Ерте қола дәуіріне қарағанда,бұл кезеңде металл бұйымдары едәуір түрде көп болды.Табылған заттар ішінен әдеттегідей қызғылт-қоңыр немесе қара түсті саз балшықтан жасалған бұйымдар едәуір көлемде табылды.
Археологиялық материалдарға қарағанда солтүстік Кавказ мәдениеті-бұл малшылар мен егіншілердің мәдениеті.Егіншілік маусымдық мал шаруашылығымен және аңшылықпен ұштастырылды.Шаруашылықта металлургия мен металл өңдеу маңызды роль атқарды.Солтүстік Кавказ мәдениетінің соңғы кезеңін әдеттегідей Қабандық мәдениет деп атайды.(қабан ауылының маңындағы оба бойынша осылай аталған.).Бұл мәдениет қола ғасырының басына жатады.
Осы мәдениетке жататын заттардың ішінде көптеген керамикалық және қола ыдыстар,қару-жарақ заттары (найзалардың телкелі ұштары, шеберлікпен істелген саптары бар нақышталған қанжарлар),және қоладан жасалған үзеңгі де бар.
Бұл кезеңдң қоланы өңдеуөзінің шарықтау шегіне жетті. Қобан қаласы құрамындақалайының көп болуымен және жақсы техникалық санасының болуымен ерекшеленеді.Ежелгі шеберлер қоланы құюдың алуан түрлі әдістерін білген қаңылтыр қоланы соғызды,нақыштау мен жобалауды білген. Бұл мәдениеттің адамдарына б.з.д. І мың жылдықтың бірінші ғасырының өзінде-ақ темір белгілі болған.
Тұрғын халық тауларда жайлымдық мал шаруашылығымен ;өзен алқаптарында егіншілікпен айналысты.
Б.з.д. ІІ мыңжылдықта айқын және өзіндік ерекшелігі бар мәдениет Кавказ сыртының орталығында қалыптасты.Заттардың ең көп табылғант орнына қарай (Триалети қорғандарының алқабы) оны триалетр мәдениеті деп атайды.Триалетр қорғандарында қатардағы қауым мүшелері мен жергілікті ақсүйектердің көптеген молалары табылды.Жалпылама түрде мәдениет қылыш тәріздес қола қаңқалар мен найзалардың ірі төлкелі ұштарымен сипатталады.Бұл кезеңде тіптен зергерлік шеберлікпен дайындалған жебелердің кремнийлік ұштары да сақталған.Саз балшықтан жасалған ыдыстардың жалтыраған қара ыдыстар мен әдеттегідей қызғылт түсті бұйымдар ерекшеленеді.
Триалети мәдениетінің тек обалары ғана емес, оның адамдар тұрған қоныстары да белгілі.Олар плиталардан қаланған үйлерде тұрды.Қоныстар тастан қаланған қамал қабырғалармен қоршалды.
2. Орталық Азияның қола дәуірі.
Орта Азияның оңтүстік аудандарының территориясында қола дәуірінде , жергілікті энеолитпен байланысты егін шаруашылығы дами берді.Қола дәуірінің мұндағы негізін қалаушы ескерткіші Алтын дене ескерткіші болып табылады,бұдан басқа өзге де ескерткіштер белгілі (Намазға-тененің ІҮ-ҮІ қабаттары мен Анау ІҮ).
Бұл мәдениеттің тұрғындары күмбезді жабындары бар көп бөлмелі саз балшықты үйлерде тұрды.Осы кезеңде қала мәдениеті мен қалалық жоспарлау қалыптасты.Мәдени қабаттарда металл саны артып, металдан жасалған ірі металлургиялық өндіріс пен заттар табылды (орақтар,пышақтар,жебенің ұштары мен әшекейлер), алайда тастан жасалған еңбек құралдары да кеңінен қолданылды.
Оңтүстік Түркменстанда қола мәдениеті өзінен бұрынғы егін шаруашылығының негізінде түзілді. Керамика энеолиттік формада қала берді, бірақ ою-өрнек біртүсті (қара) бола бастады саз балшықтан жасалған нақышталған әйел мүсіндері тұрмыста кең қолданылды.
Шаруашылық сипаты мен мәдениетте түбегейлі өзгерістер болды,егіншілік жыртпалы болды,көзе шеңбері қолданыла бастады.
Орта Азияда қола дәуірінде жоғарғы мәдениет-алғашқы қалалық өркениет түзілді. Қалалық типтегі құрылыстар пайда болды, құрылыстар едәуір түрлене түсті.Ежелгі қалалардың жүйесіз жоспалануы,олардың қалыптасуының стихиялық сипатын көрсетеді.
Алтын-тене құрылыстары жақсы зерттелді.Ерте кезеңдегі үйлер біріне-бірі тығыз жапсырланған екі және төрт бөлмелі тұрғын үйлерден тұрады. Құрылыстың ішінде алаңға қарай шығу есігі болды. Қоныс қалыңдығы алты метрге дейін баратын қабырғамен қоршалған. Кейінгі кезеңде анфилатты құрылыс үйлері, қасиет тұтылатын үйлер пайда болды. Керамикалық бұйымдардың өркениетінде де өзгерістер болды.Оюлар қола дәуірінде жетілдіре түсті.
Намазға Ү кешені мен соған сәйкес ескерткіштер-бұл ұрбандалған мәдениет. Жерлеу кешендері саз балшықты бұйымдары дайындауда, металды өңдеуде, ауыл шаруашылық өндірісінде,көлік құралдарын дайындауда щеберліктің артқанын көрсетеді.
Міне осылайша,жергілікті энеолиттік мәдениеттің негізінде Оңтүстік Түркменстанда қола дәуірінде суармалы егіншілік кен отарлы мал шаруашылыққа негізделген ежелгі шығыс типіндегі өркениет қалыптасты.
Бақылау сұрақтары:
1.Триполь мәдениеті.
2.Энеолит дәуіріндегі еңбек құралдар.
3.Энеолит тұрақтары.
4.Мысты алудың әдістері.
5.Қазақстан жеріндегі энеолит.
6.Жер өңдеудің мыс құралдары.
7.Энеолит керамикаларының түрлері және әшекейлі керамика.
12- лекция. Тақырыбы:
Қола дәуірі кезіндегі Қазақстандағы тайпалары
Жоспары:
Афанасьев
Андрон
Қарасұқ
Лекция мақсаты: Қола дәуірі кезіндегі Қазақстандағы тайпаларын Афанасев Андрон мәдениеттерінің зерттелуімен таныстыру
Лекция мәтіні
Б.э.д. 3 – мыңжылдықтың соңында Орта Азия мен Қазақстанның Сiбiрге ұласқан аймағында қола ғасырлық ерекше мәдени орталық қалыптасты. Бұл мәдени орталықтың таралу аймағы Минусин қазаншұңқры, Енисейдiң жоғарғы ағысы, Сiбiр және Қазақстан жерлерiн қамтыды. Осы мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы мыс рудасының молдығымен тығыз байланысты.
Айтылған өңiрдiң қола ғасырлық археологиялық мәдениеттерi барлық жерлерде бiрдей жақсы зерттелмеген. Ең жақсы зерттелген аудандардың бiрi Оңтүстiк Сiбiрдiң қола ғасыр ескерткiштерi. Бұл ауданда бiрiн бiрi кезегiмен алмастырған үш үлкен архелологиялық мәдениет мұралары жақсы белгiлi. Олар: Афанасьев, Андрон (Андронов) және Қарасұқ археологиялық мәдениеттерi.
1. Афанасьев мәдениетi
Бұл мәдениеттер мал өсiрiп, егiн егiумен қатар метал өндiрудi жақсы игергендiгiмен ерекшеленедi. Б.э.д. 3 – 2 – мыңжылдықтарда Енисейдiң жоғарғы ағысы мен Алтай даласында қалыптасақен Афанасьев мәдениетi өзiнiң бастауын жаңа тас, (неолиттен) алады. Негiзiнен жерлеу ескерткiштерi жақсы зерттелен. Қабiрлерiнiң үстiнде аса үлкен емес, топырақтан немесе тастан үйiлген төбешiктерi бар. Жерлеу қабiрлерi жан – жағы бөренелермен өрiлген жер шұңқырлардан құрылған. Төбесi де ағаштармен жабылған. Мәйiттiң аяқ, қолын бауырына бүгiп жатқызған. Әдетте еркектерi бiр, немесе бiрнеше әйелдермен бiрге жерленген. Нәсiлi жағынан древнеямалықтар мен афанасевтықтардың ұқсас екендiгi анықталған. Олардың екеуi де палеоевропеоидтық түрге жатады. Жерлеу ыдыстары жұмыртқа тәрәздес, түптерi жұмыр келедi. Сыртқы өрнектерi кесiп және басып салынған. Соңғы кезеңде түптерi тегiс және ағаштан жасалған ыдыстар да пайда болды.
Афанасевтықтардың шаруашылығы өндiрушi шаруашылық, оның iшiнде бақташылық басым. Қазiргi кездегi үй жануарларының негiзгi түрлерiнiң барлығы дерлiк ұсталған. Аңшылық пен балық аулау да қоғам өмiрiнде елеулi орын алды. Афанасавтықтардың бiрсыпыра қоныстары да зерттелген. Олар көбiне жартылай жертөле және бөренелерден тұрғызылған үйлер түрiнде. Түстi металл өндiргендiгi анықталған, оларды алған кен орындары да зерттелген. Негiзгi еңбек құралдары тастан жасалғанымен мыс пышақтар, орақтар, балталар, инелер тiптi мыс қанжарлар да кездеседi. Күмiс пен алтыннан жасалған бұйымдар да табылған. Минусинскiдегi осы мәдениетке атын берген Афанасев тауындағы зираттан метеориттiк темiрден жасалған бiлезiк шықты.
2. Андрон мәдениетi
Андрон мәдениетi б.э.д. 2 – мыңжылдықта Шығыс Орал мен Батыс Сiбiр аралығында қалыптасты. Оның негiзгi таралу аймағы батыста Орал тауынан, шығыста Енисейге, солтүстiкте Тайгадан, оңтүстiкте Тян – Шань тауларына дейiнгi Орта Азия мен Қазақстан жерiн алып жатыр.
Андрондықтардың жерлеу ескерткiштерi мен қатар қоныстары да жақсы зерттелген. Олардың зираттары қабiр үстiне үйiлген кiшкене үйiндiлер мен тас қоршаулардан тұрады. Сондықтан көпшiлiк жағдайда оларды iздеп табу қиынға түседi. Жерлеу қабiрлерiнде кейде қазылған шұңқырдың қабырғалары ағаштардан өрiлiп, үстi де ағашпен жабылады. Кейбiр жағдайда тастардан қаланады. Өлген кiсiнi аяғын бауырына бүгiп, жерлеу жиi кездессе, өртеп күлiн жерлеу ғұрпы сирек. Жерлеу заттары тастан жасалған жебенiң ұштары, қола қарулар мен еңбек құралдары, алтын мен күмiстен жасалган сырғалар да жиi кездеседi. Соғыс арбасы қоса көмiлген қабiрлер де табылған.
Қоныстары егiн егiуге қолайлы өзен жағалауларына жақын орналасқан. Ерте кезеңдегi қоныстар қорғаныс дуалдарымен нығайтылған. Үйлерi жартылай жертөле түрiнде және жер бетiне салынған үлкен көп жанұялық баспана түрiнде. Осындай үйлерден тұратын үлкен мекенжайлар табылған.
Андрондықтардың негiзгi шаруашылығы мал өсiру болған. Негiзгi малдары қой, ешкi, сиыр және жылқы. Жылқыны мiнiс көлiгi ретiнде пайдалануды игерген. Металл өндiру кәсiбi Орал, Орта Азия, Қазақстан және таулы Алтай жерлерiндегi кен көздерi негiзiнде жүрген. Андрондықтар кен жыныстарын алған орындардың iшiндегi әйгiлiлерiнiң бiрi Қазақстандағы Еленовский руднигi. Олар сондай – ақ алтын да өндiрдi. Қоладан жасалған пышақ, қанжар, дүмi шығыңқы балта, найза мен орақтар, бiздер кең таралған.
Андрондық ыдыстар құты тәрiздес, түптерi тегiс. Оларда балшықтан ыдыс жасаудың ерте дәуiрдегi қарапайым екi тәсiлi қолданылды. Бiрiншi тәсiл бойынша әбден иiнiн қандырып илеп, кеспе тәрiздi етiп жасаған балшықты бiрiнiң үстiне бiрiн қаттап орап, болашақ ыдыстың тұрпатын келтiргеннен кейiн сыртын жылтыратқан – мұны орама әдiс деймiз. Екiншi тәсiл бойынша алдымен қажеттi ыдыстың нысанын (формасын) матадан тiгiп алып, оның iшiн құммен толтырған. Сосын балшықты оның сыртынан жапсырып, болашақ ыдысты жасаған. Ыдыс арнайы жағдайда кептiрiлгеннен кейiн iшiндегi құмын төгiп, матасын алып тастаған – мұны жапсырма әдiс деймiз. Ыдыстардың сырты жақсылап өңделгеннен кейiн оны арнайы қалыпта күйдiрдi. Ыдыстар сыртынан геометриялық және толқын тәрiздес өрнектермен безендiрiлдi (сурет).
Сынтасты және Арқайым қалашықтарын ашып, зерттеу Еуразия даласының ежелгi дәуiрi жайлы ғылымға елеулi өзгерiстер әкелетiн тың мәлiметтер бердi.
Андырон және Срубты мәдениеттерiнiң өзара ұқсастығын олардың шаруашылығының бiртектестiгiнен, үй салу жүйелерiнiң ұқсастығынан, қыш ыдыстары мен әшекей бұйымдарынан көруге болады. Әсiресе олардың соңғы кезеңдерiндегi ескерткiштерi бiр бiрiне өте жақын.
Андрон мәдениетi ескерткiштерi Оңтүстiк Сiбiрде: Орақ 1, Новая Черная 11, Сухое озеро; Алтайда: Венгерово 1, Абрамово 4, Преображенка 3; Оңтүстiк Оралда: Кулевчи 3, Берсуат; Қазақстанда: Атасу 1, Петровка 2, Қанай, Былқылдақ 1, Бұғылы, Трушниково т. т.
Қазақстан жерi Андрон тарихи – мәдени қауымдастығының негiзгi орталықтарының бiрi болды. Археологиялық материалдардың көрсетуiне қарағанда Қазақстан жерiн мекендеген Андрондықтар негiзiнен отырықшы егiншiлiк кәсiппен айналысқан. Олардың мекенжайлары өзен жағалауларындағы биiк алаптарда орналасқан. Тұрғын үй ретiнде қора-қопсы, қоймалары жалғастырыла салынған үлкен патриархалды жартылай жертөлелер пайдаланылды.
Андрондық тұрғындардың басқа мәдени- тарихи қауымдастықтардан этнографиялық басты айрмашылығы олардың жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегi бар ыдыстары мен металлдан жасалған бұйымдарының тек өздерiне ғана тән ерекшелiктерiнен байқалады.
Қазақстандық андрондықтар тiк бұрышты, дөңгелек, сопақ келген әртүрлi тас қоршаулар үйлесiнен тұратын жерлеу құрылыстарын салған. Өлген тайпаластарын тас жәшiктерге немесе тiк бұрышты етiп қазылған жер қабiрлерге аяқ – қолын бауырына бүгiп, бiр жамбасымен жатқызған. Мәйiттi өртеу ғұрпы да кездеседi. Олардың қола бұйымдары мен қыш ыдыстарының сапасы мәдени деңгейiнiң жоғары болғандығын көрсетедi.
Таралу аймағы мен өзiндiк ерекше белгiлерiне қарай Қазақстан жерiндегi андрон мәдениетi үш кезеңге бөлiнедi: ерте кезең – б.э.д. 17 – 16 ғасырлардағы Петров мәдениетi; орта кезең – б.э.д. 15 – 12 ғасырлардағы Алакөл, Атасу, Федоров, Нұра мәдениеттерi; соңғы кезең – б.э.д. 11 – 9 ғасырлардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы – Дәндiбай мәдениеттерi. Б.э.д. 2 – мыңжылдықтың соңы мен 1 – мыңжылдықтың басында андрон тайпаларының экономикалық тұрмысы мен мәдениетiнде айтарлықтай өзгерiстер болды. Бұл өзгерiс қоғамның әуелi жайлауда, кейiннен көшiп жүрiп мал өсiруге бейiмделген жаңа шаруашылыққа ауысуымен байланысты. Археологиялық материалдардың көрсетуiне қарағанда қола дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде (б.э.д. 12 – 8 ғғ.) шаруашылық пен мәдениеттегi андырондық дәстүрлердiң орнына темiр ғасырына тән қоғамның жаңа экономикалық үлгiсi мен материалдық мәдениеттiң прогрессивтi нысандары қалыптасты.
Арал теңiзi маңында неолиттiк кельтиминар мәдениетiнiң орнына б.э.д. 2 – мыңжылдықтың басында оңтүстiк аудандардан суярган тайпалары ауысып келдi. Олардың қыш ыдыстары Анау мәдениетi мен ирандыкiне өте жақын. Суяргандықтардың шаруашылығы мәдениеттiң соңғы кезеңiне қарай суғармалылыққа ұласқан егiншiлiк болды.
Андрондық мәдениеттiң жергiлiктi нұсқасы болған тазабагъяб тайпалары б. э. д. 2 – мыңжылдықтың екiншi жартысында суяргандықтардың көршiсiне айналды. Олардың қоныстары Амударияның бойындағы Ақшадария атрауында орналасқан. Онда бiр бiрiне жақын орналасқан қоныстардың арасындағы суғару жүйелерiнiң iздерi анық байқалады.
Тазабагъябтықтар мен андрондықтардың жақындығы олардың қыш ыдыстары, еңбек құралдары, әшекеи бұйымдарынан, үй құрылыстары мен жерлеу ғұрпынан байқалады. Олар да өлген туыстарын қол, аяғын бауырына жинап бiр жамбасына жатқызып жерлеген. Қабiрлер мен қоныстарда жүргiзiлген қазба кезiнде табылған археологиялық заттардың кешенi, қоныстардың маңындағы су жүйелерiнiң қалдықтары тазабагъяб тайпаларының негiзiнен егiншiлiкпен шұғылданғанын көрсетедi.
3. Қарасұқ
Хакасск – Минусинск қазаншұңқыры мен оған жақын аймақтарда б.э.д. 2 – мыңжылдықтың соңында Қарасұрық археологиялық мәдениетi қалыптасты. Дамыған қола ғасырына жататын бұл мәдениеттiң археологиялық заттары ерекше және андрондықтардiкiне аз ұқсайды. Ол әсiресе қыш ыдыстар мен қола бұйымдардан айқын көрiнедi. Қарасұрық қабiрлерiнiң ыдыстары бомбаға ұқсас: аса үлкен емес мойны тiк, бүйiрлерi шар тәрiздес, түбi жұмыр. Олардың сыртында кесiп және басып салынған үшбұрыш және ромба тәрiздес өрнектер.
Хакасск – Минусинск қазаншұңқырының қарасұрық мәдениетi өкiлдерi кезiнде көршi орманды және далалық тайпалардың мәдениетiне үлкен ықпал жасаған. Қарасұрыққа ғана тән қола заттар алыс аймақтар: Забайкалье, Тува, Алтай және Қазақстан, тiптi Кавказ бен Болгар, Румын жерлерiнде де кездеседi. Қарасұрық тайпаларының негiзгi кәсiбi мал шаруашылығы болды. Қабiрлерiне қойылған мал сүйектерiнiң көптiгi осыны бiлдiредi. Көбiне қой өсiрген. Олардың қоныстарының мәдени қабатының жұқа, ыдыстарының түбi жұмырлығы отырықшылықтың тұрақсыздығын көрсетедi.
Орта Азияның қола ғасыры туралы айтқан кезде бұл жерлерде егiншiлiк пен отырықшы тiршiлiк энеолит дәуiрiнен бастап қалыптасқанын ескеру керек. Намазга төбе мен Анау төбенiң жоғарғы қабаттары (Намазга 1Ү,Ү,Ү1 б.э.д. 2750-1100 жж.; Анау Ш) қола ғасырына жатады. Намазга төбеде жүргiзiлген қазба жұмыстары бұл жерде қола ғасырына тән жоғары дамыған өркениет болғандығын көрсететiн археологиялық мол материалдар бердi. Аршылған үйлердiң жобасы мен орналасу жүйесi мұнда қалалардың ең алғашқы түрi (протогород) қалыптасқандығын бiлдiред. Намазга мәдениетiнiң қыш ыдыстары мен археологиялық бұйымдары Алдынғы Азияның заттарына өте ұқсас, яғни олардың мәдени байланысының тығыз екендiгiн көрсетедi.
Бақылау сұрақтары:
Металлды игерудiң адам қоғамына тигiзген әсерiн анықтаңдар.
Афанасев мәдениетiне сипаттама берiп, оны древнеяма мәдениетiмен салыстырыңдар.
Андрон мәдениетiн сипаттаңдар (орналасқан жерi, ескерткiштерi, негiзгi археологиялық заттары.).
Қазақстандық қола мәдениеттердi және олардың өмiр сүрген кезеңдерiн атаңдар.
Орта Азияның қола ғасыры ескерткiштерiн атап, орналасқан жерiн көрсетiңдер.
Қарасұрық мәдениетiнiң ерекшелiгiн еске түсiрiңдер.
Андрон мәдениетiнiң кезеңдерi мен мерзiмделуi.
8. Қазақстан жеріндегі қола дәуірімен мәдениеттері.
13- лекция. Таќырыбы:
Темір дәуірінің сипаттамасы.
Жоспары:
1. Шығыс Европр мен Орталық Азияның ерте темір ғасыры.
Таулы Алтай мен Оңтүстік Сібірдің Сақ тайпалары.
3 Аржан, Пазырық обалары.
Лекция мақсаты: Шығыс Европр мен Орталық Азияның ерте темір ғасырын. Таулы Алтай мен Оңтүстік Сібірдің Сақ тайпаларының археологиялық орындарын анықтау
Лекция мәтіні
1. Шығыс Европр мен Орталық Азияның ерте темір ғасыры.
1 – мыңжылдықтың басында адамдар темiрден еңбек құралдарын жасай бастады. Қоладан металлдың жаңа түрiне ауысу екi – үш жүзжылдықты қамтыды. Металлды игеру барлық кннннжерлерде бiрдей, бiр мезгiлде жүзеге асқан жоқ. Кейбiр халықтар темiрдi б.э.д. Х ғасырда пайдалана бастаса, басқаларының ҮП – Ү1 ғғ. темiрге қолы жеттi. Еуразия кеңiстiгiн мекендеген халықтар (Оңтүстiк Рессейдi, Украйнаны, Кавказды, Орта Азия мен Қазақстанды, Сiбiр, Алтай мен Қиыр Шығысты) темiрдi б.э.д. ҮШ –ҮП ғғ. толық меңгердi. Темiр адамдарға едәуiр ертерек уақытта да белгiлi болған. Жекелеген халықтар оны б.э.д. 2 – тiптi 3 – мыңжылдықтың өзiнде бiлген. Алғаш темiрмен Египет пен Месопотамияның тұрғындары таныс болды. Бiрақ темiрдi алудың әдiстерi игерiлмегендiктен одан тек әшекей бұйымдарын ғана жасай алды. Темiр жер бетiнде мыс немесе алтын секiлдi кесек күйiнде кездеспейтiндiктен алғашқыда ежелгi адамдар метеориттiк, таза темiрдi қолданса керек. Жер бетiнде темiр мыспен салыстырғанда көп болғанымен оны рудадан бөлiп алу жолы белгiсiз болды. Темiрдi игермес бұрын адамдар түстi металлдарды балқытуды меңгеруi тиiс едi. Мысты балқыту үшiн аса жоғары температура қажет емес. Ол 1100 градуста балқиды, ал темiрдi рудадан балқыту арқылы бөлiп алу үшiн қызуды 1530 градусқа көтеру қажет. Ондай жоғары температура алу арнайы пеште (домна) ғана iске асады. Сондықтанда темiр өндiру кәсiбi ежелгi ұсталарды өндiрiсте сапалық өзерiстерге қадам басуына итермеледi.
Темiрден еңбек құралдарын жасауды игеру материалдық өндiрiсте болған үлкен төңкерске алып келдi. Темiр адамдардың өндiру мүмкiндiгiн кеңейттi. Түрен, соқа, үлкен және кiшi орақтардың пайда болуы егiншiлiктiң кеңейуiне ықпал еттi. Темiр құралдардың таралуының былғары, сүйек, ағаш және түстi металл өңдеу секiлдi кәсiптердiң де дамуына әсерi тидi. Темiрден семсер, қанжар жебенiң ұштары секiлдi әрi өткiр, әрi қатты сапалы қарулар жасалды. Темiрдiң өндiрiске тереңдеп енуi әлеуметтiк тұрмыс пен қоғамдық қатынастарға да айтарлықтай ықпал еттi. Темiр өңдеудiң қиындығымен арнайы маманданған адамдарды қажет етуi, қолөнерiнiң жеке кәсiпке айналып, айырбастың дамуына, мүлiк теңсiздiгiнiң қорланып, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауының жеделдеуiне ықпал жасады. Сондай – ақ темiрдiң таралуы материалдық өнiдiрiстiң өсiп, қоғамдық қатынастар мен идеологияға елеулi әсерiн тигiздi.
Б.э.д. 1 – мыңжылдықпен бiздiң эрамыздың басында Украйнадан басталып Едiл өңiрiн, Жайық арқылы Қазақста мен Оңтүстiк Сiбiрге дейiнгi аймақта шартты түрде Скиф – Сiбiр әлемi деп аталған археологиялық мәдениет қалыптасты. Өз мәдениетiнiң ескерткiштерiн қалтырған кейбiр тайпалардың бiрқатарының аттары белгiлi – скифтер (сақтар), сарматтар, ғұндар; ендi бiрқатарының аттары белгiсiз, олар заттай және рухани мәдениетiнiң ескерткiштерiн ғана қалтырған. Осы ұлан – ғайыр жердiң археологиялық заттарының басым көпшiлiгi бiр – бiрiне өте ұқсас. Оны жебенiң қоладан жасалған ұштарынан, қанжарларынан, тұрмыстық заттары мен әшекей бұйымдарының бiртектестiгiнен көремiз. Бұндай ұқсастықтың негiздi себебi бар. Оны осы аймаққа жаппай тараған малшылық пен кетпендi егiншiлiктiң жалпыға бiрдей ортақтығынан көремiз. Олардың материалдық мәдениетi ғана жақын емес, сонымен қатар жергiлiктi еуропа тектес нәсiлдер мен индо – ирандық нәсiлдердiң қосындысынан тұратын этникалық тегi де бiр едi. Ерте темiр ғасырының ежелгi халықтары мен тайпаларының жоғары мәдениетi көршiлес Греция, Рим, Парсы секiлдi алдынғы қатарлы елдермен өзара мәдени баиланыста қалыптасып дамыды.
Б.э.д. 1 – мыңжылдықтың екiншi жартысында далалы аймақтарды мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, соғыстың күшейген жағдайында ру – тайпалардың әскери – саяси одаққа бiрiккен күрделi дәуiрiн басынан өткiздi.
Скиф - сақтардан қалған археологиялық ескерткiштерде бiр жарым ғасырдан астам уақыт жүргiзiлiп келе жатқан зерттеу жұмыстарының берген мол мәлiметтерiн хронологиялық және территориялық жағынан топтастыра отырып, Батыста Қырым мен Қара теңiз жағалауларынан бастап, Шығыста Алтай мен Оңтүстiк Сiбiрге дейiнгi ұлан – байтақ жердi мекендеген скиф мәдениетiнiң үш орталығы болған деп айтуға болады: алғашқысы Сiбiр мен Алтай жерi; сосын Орталық Қазақстан мен Жетiсу өңiрi; соңғысы Қырым мен Қара теңiздiң солтүстiк жағалаулары;
2. Таулы Алтай мен Оңтүстiк Сiбiрдiң Сақ тайпалары
Сiбiрдiң темiр ғасыры Тағар мәдениетiнен басталады. Ол өз атауын Енесайдағы осы аттас аралдан алады. Осы мәдениетке жататын сақ қорғандардың бiрiн алғаш 1722 ж. I – Сiбiр экспедициясының мүшелерi қазған. ХIХ ғ. соңында Тағар мәдениетiнiң көптеген ескерткiштерiн А.В.Адрианов зерттеген. Қазан төңкерiсiне деиiн 100 ден астам қорғандар қазылған. Тағарлықтардың жерлеу ескерткiштерiмен қатар кен алған орындары, суғару жүйелерiнiң қалдықтары да жақсы зерттелген. Тағарлықтардың екi туысқан мәдениетi белгiлi. 1. Далалы аймақтардағы Тағар мәдениетi: Байнов (б.э.д.ҮП - ҮI ғғ.), Подгорнов (б.э.д. ҮI –Ү ғғ.), Сарағаш (б.э.д. IҮ - Ш ғғ.) кезеңдерiнен тұрады. 2. Орманды аймақтардағы Тағар мәдениетi: Большепичугин (б.э.д. ҮI – Ү ғғ.), Тисуль (б.э.д.Ү – IҮ ғғ.), Назаров (б.э.д. Ш ғ.) кезеңдерiнен тұрады.
Тағарлықтардың жерлеу орындары үйiндiнiң астында орналасқан жалпақ тастардан немесе қима бөренелерден жасалған қабiрлер түрiнде. Бiр обаның астында бiрнеше ондықтардан тұратын қабiрлерде кездеседi. Оларды рулық жерлеу камералары деп атайды. Жерленген кiсiлердiң қасынан сабының басында дөңгелек тесiгi бар пышақтар, Сақтардыкiне ұқсас қанжарлар, күмiс тескiштер, ұшып бара жатқан бұғылар бейнеленген қола айналар т.б. әшекей бұйымдары табылады. Жеке тұрған үлкен обалар мәдениеттiң соңғы кезеңiнде пайда болады. Олардың астында болатын жалғыз қабiрлерге өлген кiсi өртелiп күлi қоятын.
Негiзгi шаруашылығы егiншiлiк пен мал өсiру. Оны растайтын қабiрлерден жиi кздесетiн қола орақ, кельт – кетпен секiлдi еңбек құралдары мен тары, арпа секiлдi дақылдардың дәндерi. Қабiрлердiң барлығынан кездесетiн қой, сйыр, жылқылардың сүйектерi, қоладан жасалған iлмектермен безендiрiлген ат әбзелдерi мал шаруашылығынан хабар бередi. Шестаковскi қалашығының маңындағы жартасқа салынған сызбалардың сипаты Тағарлықтардың отырықшы тiршiлiк кешкендiгiн сездiредi. Онда шатыры төрт қырлы етiп жабылған, iшiнде дөңгелек ошағы бар ағаштан салынған үйлер бейнеленген.
3. Аржан, Пазырық обалары.
Ерте темiр ғасырының жерлеу ескерткiштерi Таулы Алтай мен Сiбiр жерiнде өте көп орналасқан. Олар Пазырық шаткалы, Башадар және Туэкты өлкелерi мен Кос – Агаш тау жотасында, Қаракөл және Урсул өзендерiнiң алқабында т.б. жерлерде орналасқан.
Пазрық патша обалары үлкен тас үйiндiлердiң астынан терең етiп қазылған алып шұңқырға бөренелерден екi қатар етiп жасалған жерлеу қыималарынан тұрады. Олардың үстi де бөренелермен жабылған. Жоғарғы жағына үйiлген iрi тастардың арасынан кiрген жаңбыр және қар сулары қыс кезiнде қатып, мәңгiлiк тоң қалыптасу салдарынан оның iшiне жерленген кiсi мен бiргн қойылған заттар бiзге бейiн бүлiнбей жеткен. Қабiрдiң шамадан тыс көлемi мен iшiне койылган асыл бұйымдар, қымбат терiлер мен маталар әшекей бұйымдары, қатар жерленген асыл тұқымды сәгулiк аттар мұнда жерленген кiсiнiң iрi тайпаны немесе тайпалық одақты басқарған көсем болғанын көрсетедi.
Екiншi пазырық обасына жерленген көсемнiң қабiрi ерекше. қабiр иесiнiң жағына қара түспен бойалған сақал байланған. Денесiн толығымен жапқан татуировкада грифонның, құланнын, тау ешкiсiнiң, бұғы мен құстардың бейнелерi салынған. Қорғаннан табылған өнер туындылары Алтай сақтарының басқа туысқан мәдениеттермен тығыз байланыста болғанын көрсетедi. Осы мәселеде аңдар ( бұғы, қарақұйрық, арыстан, жолбарыс, қабан ) мен құстарға (аққу, қаз, әсiресе жыртқыш құстар) басты орын берiлген. Өмiрде кезеспейтiн, аңдар мен құстардың дене мүшелерiнiң қосындысынан тұратын мифтiк тiршiлiк иелерi Сақтардың аң стилiнде негiзгi орын алады. Жиi қайталанатын осындай қиал ғажайып бейнелердiң бiрi – денесi арыстанның немесе жолбарыстыкi, қанаты мен басы құстыкi болып келетiн грифон жиi қайталанады. Бұдан басқа бейнелердiң арасында шығыс стилiндегi сфинкс кездеседi.
Бесiншi пазырық обасынан табылған екi кiлем ерекше айтуға тұрарлық. Киiзден жасалған бiрiншiсi өзiнiң үлкен көлемiмен (6,5 х 4,5 м.) таң қалдырады. Екiншiсi (2 х 2 м.) түрлi – түстi түктi кiлемдердiң ең ежелгiсi. Бұлардың екеуi де ахемеидтiк Иранның өнер туындысы. Мәңгiлiк тоңға негiзделiп салынған қабiрлерге қойылған еңбек құралдарымен әшекеи бұиымдары, тұрмыстық заттар өте жақсы сақталған. Сақтардың “аң стилiнiң” нақышы жағынан Ежелгi Шығыс өнерiмен жақындығы мен қабiрлерден табылған Қытай жiбегiнiң қалдығы, Иран кiлемдерi Алтайлықтардың жақын және алыс елдермен сауда - мәдени байланысының болғандығын бiлдiредi. Осыған қарамай қабiрде қалыптасқан мұздықтың арқасында бiзге жеткен өзiндiк нақышы айқын байқалатын өнер туындылары сақ мәдениетiнiң жергiлiктi төл өнер негiзiнде қалыптасқандығының куәсi.
Алтаймен көршi Тува жерiндегi қорғандар мен жер қабiрлер, Бұғы тас деп аталатын ғұрыптық және салттық құрылыстар мен тасқа салынған суреттер сақ дәуiрiне жатады. Б.э.д. ҮII – III ғғ. Тұрғызылған бұғы тастарда марал, қабан, жылқы секiлдi жануарлар мен қатар қанжар, семсер, жебелер, дөңгелек және төрт бұрыш келген таңбалар ойылып салынған. Зерттеушiлердiң көпшiлiгiнiң пiкiрi бойынша бұғы тастар өлген кiсiнiң басына қойылатын ескерткiш.
Дегенмен Туваның негiзгi археологиялық ескерткiштерi Сагли –Бажы, Қызылған, Усть – Хемчик, Ұйық секiлдi қорғанды жерлеу кешендерi. Тувалық сақтардың соңғы кезде зерттелген үлкен ескерткiштерiнiң бiрi б.э.д. ҮIII – ҮI ғғ. Жататын Аржан қорғаны. Дяметрi 120 м, биiктiгi 4 м келетiн тас үйiндiсiнiң астында жуандығы 40 – 50 см. тау қарағайларынан салынған күрделi қима қабiрлер кешенi орналасқан. Қорғанның қақ ортасындағы қимаға тайпа көсемi мен оның жұбайы, күтушiлерi және аттары жерленген. Оны айнала дөңгелектенiп салынған 70 қиманың (сурет) үшеуiне еркектер жерленген. Барлығы 17 адам мен 160 тан астам жылқы жерленген. Патша мен кейбiр қималардың еденiне бұлғындардың терiлерi төселген. Ал патшаның қимасының төсенiшiнiң астынан 15 – 20 жылқының құйрығы табылды. Өкiнiшке орай Аржан қорғаны да тоналған. Сондықтан да құнды заттар аз, солай бола тұрса да жерлеу заттарының қалдықтары қабiрге қойылған алтын заттар мен қымбат бұйымдардың мол болғандығын бiлдiредi. Қоладан және күмiстен жасалған ат әбзелдерiнiң өрнектерi жақсы сақталған. Аржанның мерзiмделуi қимадағы бөренелерге жасалған дендрохронологиялық анализ арқылы б.д.д. 800 – жыл деп анықталған.
Бақылау сұрақтары:
1. Аржан Пазырық обалары.
2. Қазақстанның ерте көшпелі тайпалары.
3. Қырым мен Қара теңіздің Солтүстік жағалауындағы Скифтер.
4.Енесейдегі зерттеу жұмыстары
5. Пазырық обаларына сипаттама
6. Тасмола мәдениеті
7. Қару жарақтары
8. Жерлеу ғұрыптары
14- лекция. Тақырыбы Сақтар
Жоспары:
Бесшатыр обалары
Есік обасы
Лекция мақсаты: Бесшатыр обалары және Қырым мен Қара теңiздiң солтүстiк жағалауларын Еуропалық көшпелі скифтер ескерткiштерiн зерттеу орындарын анықтау
Лекция мәтіні
Бесшатыр обалары
Грек деректерінің хабарлауынша Қырым мен Қара теңiздiң солтүстiк жағалауларын Еуропалық көшпелі скифтер мекендеген. Олардың ескерткiштерiн зерттеу ХҮШ ғасырдан басталады. Осы аймақтағы Күл-Оба, Чертамлық, Солоха, Толстой Могила т.б. көптеген патша обаларынан табылған алтын, күмiс, қоладан жасалған ыдыстар мен қымбат бұйымдар, әшекей заттары, Каменскi, Белскi т.б. қалашықтарынан алынған археологиялық құнды материалдар скифтердiң қоғамдық – саяси өмiрi мен мәдени дамуынан, шаруашылығы мен тұрмысынан жан – жақты мәлiмет бередi.
Никоплдiң маңында орналасқан атақты сақ обаларының бiрi Чертомлык Х1Х ғ. қазылған. Оның биiктiгi 20 м. астам, айнала ұзындығы 350 м. Қорғанның астынан екi кiсiнiң қабiрi мен өзi қазған қуыстан құлаған топырақ басып, өлген скиф – тонаушының сүйегi табылды. Көсемнiң жанына, жеке қабiрге оың жұбайы, күтушiлерi мен онбiр ат жерленген. Қабiрге қойылған тұрмыстық заттар мен әшекей бұиымдардың iшiнде әсем бедерлi суреттермен безендiрiлген, биiктiгi бiр метiрге жуық шарап құйуға арналған үлкен күмiс ыдыс ерекше құнды. Оның астынғы жағында орналасқан шүмегi арыстанның басы түрiнде жасалған, денесiнде құстар мен өсiмдiктер салынған, жоғарғы жағында жылқыны үйретiп жатқан скиф бейнеленген (сурет). Тонаушылардан аман қалған тағы бiр зат құпия қуысқа қойылған жебенiң құтысының алтын қаптамасы. Оның сыртында Ахилланың өмiрiнен бiр көрiнiс суреттелген. Көсемнiң қарусышы жерленген көршi қабiрден алтынмен апталған қымбат қару шықты.
Толстая Могила деп аталған патша обасы Чертмолықтан 10 шақырым жерде орналасқан. Сол заманның өзiнде тоналғанына қарамастан обадан алтын бұйымдардан тұратын қымбат заттар табылды. Олардың iшiндегi алтын қынды семсер мен пектораль (латын тiлiнен аударғанда пекторалис – алқа деген ұғым бередi). Семсердiң қынында қораздар төбелесi, бұгыны жұлмалап жатқан грифон, арыстан мен грифонның арбауына түскен ат, бұғыны алып жатқан қабылан, және арыстан мен қабыланның жекпе – жегi бейнеленген. Бұл бейнелерде ұсақ – түйегiне дейi назардан тыс қалмай мұқиат дәлдiкпен жасалған. Осы суреттердiң Чертамлықтан табылған заттардағы бейнелермен соншалықты ұқсастығы оларды бiр қолдан шыққан өнер туындылары емес пе? деген ой туғызады.
Осы күнде белгiлi гректердiң зергерлiк өнер туындыларының iшiндегi кереметi Толстая Могила обасынан табылған пектораль. Оның салмағы 1 кг астам, дияметiрi 30 см. Ондағы бейнелер әрқайсысының арасы өрiлген алтын сымдармен бөлiнген үш белдеуден тұрады. Жоғарғы (iшкi) белдеуде скифтердiң тұрмысынан көрiнiс берiлген. Оның қақ ортасында жалаңаш екi еркек терiден киiм тiгiп отыр, Олардың екi шетiнде жылқы құлынымен және сиыр бұзауымен орналасқан, ал шет жақтарында ұшып бара жатқан құстардың композициясы берiлген. Әрбiр бейне жеке құйылып алынып, алтын орамдардың арасына дәнекерленган.
Ортанғы белдеу тұтас алтын жапрақтардан жасалған өсiмдiк өрнегiнен тұрады.
Төменгi белдеу жануарлардың айқасыментолтырылған. Бейнелер композиция ортадан неғұрлым ұзаған сайын кiшiрее бередi. Үлгiлердiң саны мен орындалу шеберлiгi жағынан пекторалдiң теңдесi жоқ.
Қабiрге ерлi – зайыпты баласымен олардың күтушiлерi және жылқылар жерленген. Мұнда құрбандыққа шалынған күтушiлер саны Чертомлықта жерленгендерден екi есе көп.
Күл – Оба қорғаны қазiргi Керчь қаласының маңында орналасқан. Мұнда төбесi баспалдақтанып жабылғант тас сағананың iшiне скифтiң ақсүегi әйелi және күтушiлерiмен бiрге жерленген. Көсеммен бiрге сыртында жануарлар бейнеленген алтын қынды темiр семсер мен алтын диодемамен қапталған жебенiң құтысы қойылған. Мәиiттiң басындағы киiзден жасалған қалпақтың (башлик) сырты алтын қаңылтырлармен өрнектелген. Өрнектердiң бiрiнде бiр ыдыстан су iшiпжатқан екi скиф – Геродот айтқан достасу ғұрпы бейнеленген.
Әйелдiң мәйiтiнде өте мұқият дәлдiкпен жасалған алтын сырға, екi ұшында жатқан арыстандар бейнеленген алтын алқа, екi алтын блезiк, аяқ жағында алтын мен күмiстiң қоспасынан жасалған кiшiгiрiм ыдыс тұрды. Онда Чертамлықтан табылған вазадағыға ұқсас жетi скиф жауынгерi бейнеленген. Жасалу нақышы сондай болғанымен мұндағы скифтер басқа шаруамен айналысып жатыр. Скифтердiң бiреуi екiншiсiнiң жаралы аяғын байлап жатыр; үшiншi скиф төртiншiсiнiң тiсiн емдеуде. Олардың арғы жағында садақтың адырнасын (жiбiн) тартып жатқан скифпен өзара әңгiмелесiп отырған екi жауынгер бейнеленген. Ыдыстың сыртындағы көрiнiс асқан дәлдiкпен оның бойына тең орналастырылған.
Қазба кезiнде анықталған жерлеу ғұрпы, кезiнде Геродот жазып, қалдырған деректермен дәл келедi. Оның жазғанында өлген көсемнiң денесiн балауызбен майлап, тайпаларды аралатып шығады. Соын оны алдын ала даярланған төртбұрышты қабiрдiң iшiне төселген төсенiштiң үстiне жатқызады. Қабiрдiң қалған бол бөлiктерiне алдын ала тұншықтырып өлтiрiлген күңiнiң, шарапшысының, аспазының, атбағарының, күтушiсiнiң денелерi мен асыл тұқымды малдар және алтын ыдыстар қойылған. Содан кейiн барып үстiнен биiк етiп,оба үйiлген.
Үлкен қорғандардың материалдары скиф ақсүйектерiнiң тұрмысы мен олардың қоғамдық құрылысын елестетуге мүмкiндiк бередi. Бiрак ақсүйектердiң обалары қарапайым скифтердiң өмiрiн ашып көрсете алмайды. Қатардағы адамдардың тұрмыс, тiршiлiгi жайлы мол мәлiмет берген скифтердiң қарапайым қабiрлерi мен қоныстарында жүргiзiлген қазбалар.
Скифтерден қалған қалашықтардың iшiндегi ең жақсы зерттелгендерiнiң бiрi Днепрдiң жағалауында орналасқан Каменогорск қалашығы. 12 км кв. жердi алып жатқан қалашықтың сырты биiктiгi мен енi 11 метiр келетiн дуалмен қоршалып, сыртынан оны қоршаған терең орқазылған. Қорғаныс қамалының iшiнде орналасқан акропьден скиф iшiнде пешi бар ақсүйектерiнiң үйлерiнiң орны ашылды. Қарапайым қол өнершiлер тұрған бөлiгiнiң құрылыстары тiптi басқаша. Мұндағы үй құрылыстарның екi (жер бетiндегi және жертөле) түрi белгiлi. Жер бетiне салынған үйшiктер екi немесе үш бөлмеден тұрды. Олар тiгiнен орнатылған бағаналардың арасы тоқылған қабырғалардан салынды. Ал жертөлелердiң арасы қатар тұрғызылған ағаш тiреулермен бөлiнген. Олардың кейбiреулерiнен балшықтан соғылған ошақ табылған. Осындай үйшiктердiң қосалқы бөлмелерi шеберхана және шарушылық қажетi үшiн пайдаланылған. Төрт - бес үйдi қоршай салынған шарбақтар бiр өндiрiстiк кешенге бiрнеше туысқан жанұялардың бiрiккендiгiн бiлдiрсе керек. Каменогорск қалашығы тұрғындары көптеген тұрмыстық заттар мен қол өнерi бұйымдарын қалтырған. Қалашықтың тұрғындарының басым көпшiлiгi металл өңдеумен шұғылданса керек. Оның территориясында металл қортпалары мен құралдардың қалдықтары ұста құралдары өте көп кездеседi. Скифтер металлды балшықтан соғылған арнайы пештерде, тұлғасы цилиндiр тәрiздес биiк тигилге (жоғары қызуға төзiмдi металл балқытуға арналған ыдыс) салып балқытқан. Қазбадан балға, төс, кескiш, қысқыш, жонғыш, рұшықтың басы, ине секiлдi қолөнерi кәсiбi құралдары табылды.
Скифтердiң қарулары да көп кездеседi. Олардың акинак атты темiрден жасалған қысқа қанжарлары мен қоладан жасалған жебенiң ұштары жақсы таныс. Қазба материалдары скифтердiң тоқылған мата мен терiден кйiм тiгуде де жоғары жетiстiктерге жеткендiгiн бiлдiредi. Қалашықтан ағаш сапты темiр орақ, дән үгiткiш секiлдi егiншiлiк құралдары да шыққан.
Сонымен скифтердiң қарапайым қабiрлерi мен қоныстарында жүргiзiлген қазба жұмыстарының нәтижесi олардың шаруашылығы мен тұрмыс тiршiлiгiнен хабар беретiн мол материалдар бердi. Ал көсемдерiнiң обаларынан алынған әртүрлi қару үлгiлерi мен асыл металдан жасалған ыдыстар, олардың сыртына салынған көрiнiстер мен “аң стиi” деген атқа ие болған нақыштары, әшекей бұйымдары мен зергерлiк заттары скифтердiң әскери ұйымдарынан, өнерiнен, рухани және материалдық мәдениетiнен, дүниетанымдары мен наным-сенiмдерiнен теңдесi жоқ түсiнiк бiлдiредi.
Қазақстан жері б.д.д. ҮІІ – ҮІ ғғ. Сақ-Скиф әлемінің негізгі орталықтарының біріне айналды. Ғылымда қалыптасқан көзқарас бойынша Парсы деректерінде айтылатын тиграхауда-сақтары, немесе антикалық жазбалардағы ортокарибант-скифтері Жетісу өңірін мекендеді. Бұл атаулардың екеуі де шошақ қалпақтылар деген мағана береді. Арал маңын мекен еткен көшпелі тайпаларды гректер массагеттер және дайлар, парсы деректері хаомаварга-сақтары деп береді. Орталық Қазақстанның далалық аймағын исседондар мен аргиппейлер жайлады. Осы тайпалардың қалдырған ескерткіштері археологияда Тасмола мәдениеті деген атпен белгілі. Шығыс Қазақстанның асыл металдардың қорына бай аудандарын аримасплер мен алтын қорыған самұрықтар тайпалары, Батыс Қазақстан жерін Савраматтар мен Сарматтар мекендеді.
Осы аталған тайпалардың одағы сол дәуірдегі Орта Азияның саяси тарихына тікелей қатысты. Б.д.д. ҮІ ғ. Ахеменидтік Иранның патшасы Кир өзінің шығыс шекарасын кеңейтіп, патшалықтың үстемдігін нығайту мақсатымен Арал маңын мекендеген көшпелі тайпаларға қарсы жорыққа шықты. Сол жорық жайлы гректің екі бірдей тарихшысы Герадот пен Ктесий Книдский жазып қалдырған. Б.д.д. 529 ж. Сырдарияның бойында болған ұрыста Тамирис патша бастаған массагет әскерлері парсыларды талқандап, Кирдің басын шауып Сырдарияға тастаған. Дегенмен Кирдің баласы Дари І-ге Қазақстанның Оңтүстігін мекендеген сақ тайпаларының бір бөлігін уақытша бағындыру сәті түссе керек. Өйткені кейбір жазба деректерде сақтардыңатты құрамаларының Даридің әскерімен бірге Египет пен Гректерге қарсы соғысқаны жайлы айтылады.
Сақ тайпаларының материалдық мәдениеті, шаруашылығы мен тұрмыс тіршілігі, әлеуметтік құрылымы жайлы жазба деректер көп ештеңе айтпайды. Осындай мәліметтерді олардың археологиялық ескерткіштерін зерттеу арқылы ғана аламыз. Сақ тайпаларының жерлеу ескерткіштері жақсы зерттелген. Олар Жетісуда: Қарашоқы , Қарғалы 1 (б.д.д.ҮІІІ-ҮІІ ғғ.), Жуантөбе 1, Қадырбай 3 (б.д.д. ҮІІ-ҮІ және ІҮ-ІІІ ғғ.), Бесшатыр және Есік (б.д.д. Ү – ІҮ ғғ.) т.т.; Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңында Түгіскен мен Ұйғарақ (б.д.д. ҮІІ-Ү ғғ.); Шығыс қазақстанда Шілікті (б.д.д. ҮІІ-ҮІ ғғ.), Берел (б.д.д. Ү-Іү ғғ.); Орталық Қазақстанда Тасмола (б.д.д.ҮІІ-ІІІ ғғ.) қорымдары.
Достарыңызбен бөлісу: |