Лекция 30 Практикалық сабақ 15 соөЖ 45 СӨЖ 45 Емтихан 6-ші семестрде Барлығы 135 сағат


ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



бет3/84
Дата27.05.2017
өлшемі8,04 Mb.
#17055
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
Тақырып: Оқиға және ықтималдық.

1 дәріс мазмұны:


Оқиға ұғымы. Күнделікті тұрмысымызда көптеген құбылыстар мен олардың өзгерістері кездеседі, солар оқиғаның тууына себепші болады. Мысалы, тиынды жоғары қарай лақтырсақ, ол жоғары көтеріліп барып, жерге түседі. Осы жасаған әрекетіміз тәжірибе деп аталады. Жердегі тиынның «герб» немесе «цифр» жағының жоғары қарап жатуы – оқиға болады. 1-ден 6-ға дейінгі сандармен белгіленген кубты ойын сүйегі деп атайды. Ойын сүйегін лақтырғанымыз – тәжірибе, ал ондағы 6 санның біреуі жоғары қарап жатуы – оқиға.

Бұл мысалдардан оқиға тәжірибенің нәтижесі екенін, ал оқиға туғызу үшін тәжірибе жүргізу керек екенін аңғакрамыз. Оқиғаларды латын алфавитінің бас әріптерін пайдаланып белгілейміз: А, В, С,... . Тәжірибе жүргізгенде А оқиғасының пайда болуы да, болмауы да мүмкін.



Анықтама. Егер А оқиғасы әр тәжірибеде сөзсіз пайда болса, онда ол ақиқат оқиға деп аталады.Тәжірибе кезінде пайда болмайтын оқиға мүмкін емес оқиға деп аталады. Тәжірибе кезінде пайда болуы да, пайда болмауы да мүмкін оқиға кездейсоқ оқиға деп аталады.

Мысалы, құрт салынған дорбадан бір құрт алғанда, оның құрт болуы – ақиқат оқиға, ал құрттан басқа зат болуы – мүмкін емес оқиға.



Ақиқат оқиғаларды әрпімен белгілесе, мүмкін емес оқиғаларды әрпімен белгілеу қалыптасқан.

Анықтама. Тәжірибе кезінде екі оқиғаның бірі пайда болғанда, екіншісі пайда болмаса, олар өзара үйлесімсіз оқиғалар деп аталады.

Мысалы, сақаны тізілген асықтарға бағыттап атқанда сақаның асықтарға тиюін – В оқиғасы, тимеуін – С оқиғасы десек, онда В, С үйлесімсіз оқиғалар деп аталады.



Анықтама. Тәжірибе нәтижесінде екі оқиғаның бірінің пайда болуы екіншісінің пайда болуын жоққа шығармаса, онда олар үйлесімді оқиғалар деп аталады.

Мысалы, ойын сүйегінің жұп цифр жағымен жатуын – В оқиғасы, 4 цифры жағымен жатуын – С оқиғасы болсын десек, онда В,С үйлесімді оқиғалар болады.



Анықтама. Тәжірибе кезінде мүмкін оқиғалардың әйтеуір біреуініңсөзсіз пайда болуы ақиқат болса, онда ондай оқиғалар жалғыз ғана мүмкіндікті оқиғалар деп аталады.

Жалғыз ғана мүмкіндікті оқиғалар толық топ немесе толық жүйе құрайды. Мысалы, ойын сүйегін лақтырғанда ол 1, 2, 3, 4, 5, 6 цифрларының бірі жазылған жағымен жоғары қарап жатады, яғни осы 6 оқиғаның біреуі ғана пайда болады және олар қос-қостан үйлесімсіз, сондықтан оқиғалар толық жүйе құрайды.



Тақырып: Ықтималдықтың классикалық анықтамасы.

2 дәріс мазмұны:



Анықтама. Берілген тәжірибедегі тең мүмкіндікті элементарлық оқиғалар кеңістігінің оқиғасына қолайлы оқиғалар санының осы кеңістіктің барлық оқиғалар санына қатынасы оқиғасының ықтималдығы деп аталады және былай белгілейді:

Мұндағы, - оқиғасына қолайлы элементарлық оқиғалар саны;

- элементарлық оқиғалар кеңістігінің барлық оқиғалар саны.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет