Лекция №38. Тақырыбы. Басшылық: билік,ықпал ету және әріптестік. Жоспары. 1. Билік пен ықпал ету. 2.Лидерлік. 3.Бағыныштылар билігі. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: а) негізгі. Г.С.Смағұлова “Аймақтық экономиканы басқару негіздері” Алматы 2005ж
А. Үмбеталиев, Ғ.Керімбек “Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік” Алматы 2002ж
А.Б.Рахымбаев “Менеджмент” Алматы 2006ж
б). қосымша
К.Бердалиев “Менеджмент теориясы және тәжірибесі” Алматы 2005ж
Лекцияның мәтіні: Алдыңғы тарауларда жеке адамға және ұиымның тиімділігіне белгілі бір топтаң немесе ресми емес ұиымдардың күшті ықпал ететіні қарастырылды. Басшы топтың және жеке тұлғаның күшжігерін ортақ міндеттерге жұмсай білуге қажет. Бұл кезде тіпті қатынастар басшылықтың қойған шегінен де асып кетуі мүмкін. Бұл міндеттің жүзеге асыру механизімінің бастысы – басшылық билік, т.б. болып табылады.
Көптеген адамдар билікке теріс көзқараспен қарайды, бірақ ұиымдардың дамулары үшін ол өте қажет нәрсе.
Ұиымдағы басшылық. Басшылық. Басқарудың маңызды компоненті болғанына қарамастан, лидерлер (жетекші қызметкер) үнемі тиімді басқарушы бола алмайды. Лидердің тиімділігі олардың басқаларға ықпал, әсер ету деңгейімен өлшенеді. Кейде шешімді лидерлік ресми ұиымға да кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы, бейресми ықпалды лидер ұжымының нашар жұмыс істеуіне және өнімнің сапасының төмендеуіне әсер етуі мүмкін.
Файли, Хаус және Керр басқару мен басшы қызметкер (лидерлік) арасындағы айырмашылықты көрсетіп: Басқару – бағыныштыларды өздеріне арналған тапсырмалар мен міндеттерді орындауға мәжбүр ететін ой және дене процесі, ал лидерлік болса, керісінше бір адамның басқаларға ықпалы, әсер ету процесі, деп атап көрсеткен.
Басқарушы ұиымның басшылығына алдын-ала қарастырылған ресми әрекет-өкілеттілердің беру арқылы келеді. Лидер болса, ресми емес әрекеттің нәтижесінде, өз еәбегімен, өз абыройымен жетті.
Ұиымның басшысы – лидер, сонымен бірге, ал өз бағыныштыларын тиімді басқаратын адам. Оның мақсаты – ұиымға берілген жұмысты, тапсырманы орындау басқаларды бағыттау, оларға ықпал, әсер ете білу.
Лидерлік (жетекші қызметкерлік) – бұл ұиымның мақсаттарына жету жолына бағыттау арқылы жекелеген адамдар мен топтарға ықпал және әсер ету қабылеті.
Әсер, (ықпал) және билік.
Ықпал – жеке бір адамның, келесі бір адамның мінезіне, басқалармен қарым-қатынасына, сезіміне, т.б. өзгеріс енгізетін қандай да бір мінез-құлық әрекеті. Мұндай ықпал ету құралдары ретінде: өтініш, құлаққа сыбырлау немесе ең соңғы саты-қорқыту жатады. Бір адам басқаларға тек қана идеяларының көмегімен ықпал етуі мүмкін. Басшы өзінің лидерлігі мен ықпал әсерін тиімді ету үшін билікті пайдаланады және оны дамытады.
Қоғамда билікке теріс сезім әрекеттері (эмоциялар) қалыптасқан. Лорд эктон ол туралы былай деген: “Биліктің аздыруы тенденсиясы бар, ал шексіз билік шексіз аздырады”. Көптеген адамдар билік ұғымын зорлық, күш көрсету және агрессиямен байланыстырады. Ал біздің анықтамамыз бойынша: “билік – басқалардың мінез – құлқына әсер ету мүмкүндігі”. Басқаруда билік болмаса, ұиымның жұмысы алғ баспайды, тәртәп нашарлайды.
Билік балансы. Тәуелділік концепциясы биік туралы кең тараған тағы бір пікірді теріске шығарыды. Көптеген адамдар биік бір адамға екінші бір адамның сезімдерпі, ойларына қарамастан, ықпал етуге мүмкіндік береді деп ойлауды. Бұл дұрыс емес. Ұиымдағы биік тек ішінара иерархиямен ғана анықталады. Белгілі бір жағдайдағы бір адамның билігінің мөлшері оның ресми өкілеттіктерінің деңгейімен емес, басқа адамға тәуелділік дәрежесімен анықталады.
Басқа адамның тәуелділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым адамың билігі де үлкен болады. Мұны мына формуламен тексеруге болады: биік берілген А адамның Б адамға ықпалының деңгейі Б адамның А адамға тәуелділігінің деңгейіне тең болады. Міне, осы биік балансы деп аталады.
Бағыныштылар биігі
Басшылардың өз бағыныштыларына биік жүргізетін себебі бағыныштылар жалақы, жұмыс ғимараттары, қызметте өсу, өкілеттілерді кеңейду, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттардыру және тағы да басқа мәселелерге келгенде басшыға тәуелді болып қалады. Бірақ кейбір жағдайларда бағыныштылар басшыларға билік жүргізуі мүмкін. Мысалы, шешім қабылдауға қажетті мәліметтер мен ақпараттар, басқа адамдармен биресми қарым-қатынастары сияқты мәселелерді басшы бағыныштының көмегі мен ықпалына жүгінеді.
Бағыныштылардың басшыға билік жүргізуінің анық мысалы ретінде артист немесе атақты спортсменнің жақсы шарт келісімге отыруын (контракт) айтуға болады. Олардың басшыралы өз жалақысынан артық жалақыны артистке бергісі келмейді, бірақ оның келісімін алу үшін еріксіз кішіреюге мәжбүр болады.
Бағыныштылар билігінің жүзеге асуына әсер ететін факторларды қорыта келіп Дэйвыд Меканик былай деді: “Бір адам басқа бір адамға қаншалықты тәуелді басқа, соншалықты сол адамның билігіне бағынуға мәжбүр болады”. Ұиымның ішінде бір адам басқаларға билік жүргізу үшін ақпараттардың сақталуына бақылау жасайды, немесе құрал-жабдықтарды пайдалануға тек өзінің рықсатын талап етеді. Олпрды біз төмендегідей анықтаймыз.
Ақпарат пен мәліметтерге: ұиым, адам, норма, процедура, әдіс және т.б. туралы білімдер кіреді.
Адамдар-ұиымға кірген соң ұиымға және ұиым адамдарға дәуелді болады.
Жұмыс жабдықтары-ұиымның физикалық құралдары немесе ресурстардың кез-келген аспектісі (құралғылар, машиналар, ақша және т.б.).
Басшы әрқашанда билік балансының сақталуына әсер етуі тиіс. Себебі ұиымның мақсатына жетуі бағыныштыларға тікелей байланысты.