ұстаздармен жеке жұмыс жүргізу;
- баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар ұсыныстарды даярлау;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып мұғалімнің оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу;
- эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу;
- әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс;
- ата-аналармен жұмыс:
- баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру;
- ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау;
- ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру;
-ППҚ қызмет мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу.
В.А.Сухомлинский ата-анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Яғни, ата-анамен жұмыс бұл басты бағытты міндетінің бірі деп айталамыз. Ол: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден- бір фактор. Психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінде ата-аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала дамуының мазмұнымен ақпаратттандырып отыру, жалпы ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше орын алады, екінші орында педагогикалық процестiң сапасын жоғарылатудың тиiмдi жолы ППҚ қызметі мамандарының өзара байланысы мен бiр-бiрiнiң сабағына қатысу мен баланың қалыптасуы туралы талқысы және зерттеу қорытындыларымен өзара алмасу болып табылады. Мұндай бағыт бiрнеше қызметтерді қоса атқарады, яғни тәжiрибемен алмасу, бақылау, өзiн-өзi бақылау, кеңес беру және т.б. жұмыстарды зерттеп зерделеп қарастырады.
|