Лекция бейімделу ұғымына шолу жасау. Ғалымдардың жасаған ой тұжырымдарының сипаттамалары. Сенсорлық бейімделу. Әлеуметтік бейімделу


Мүмкіндігі шектеулі балалармен әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыттағы жұмыстар



бет6/81
Дата11.01.2022
өлшемі1,26 Mb.
#110795
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
ЛЕК ЖИНАҚ ӘЛЕУ-ПСИХ ҚОЛДАУ (1)

Мүмкіндігі шектеулі балалармен әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыттағы жұмыстар

Бұл бағыттағы жұмыс консилиумға дайындық, ісшараларға дайындық, баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді. Мындай міндеттерді жүзеге асырады: 
-ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау; 
-оқушыға портфолио құрастыру;

Әдіснамалық құралдар мүмкіндігі шектеулі балалардың білім деңгейіне сай құрастычрылып жасалады.



Портфолио дегеніміз-бала жеткен жетістіктердің, баланың білім- білік дағдыларының, баланың жеке өсуін қадағалайтын, бала дамуының көрсеткіші. Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі баланы ортаға кіріктіру, жалпы білім беру процесіне қосу, мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету маңызды мәселенің бірі болып отыр. Осы мәселеде баланы психологиялық- педагогикалық қолдау күрделі де маңызды процесс.

Баланы психологиялық -педагогикалық қолдау – инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу процесіне, жақтын дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді жүйе болып табылады. ППҚ қызметіндегі мұғалім-дефектолог баланы психологиялық-педагогикалық қолдауда тек білім мазмұнына ғана өзгерістер енгізіп қоймай, мүмкіндігі шектеулі баланың танымдық қабілеттерін дамыту мен жалпы баланың өмірін ұйымдастыруды көздейді. ПДТ мүмкіндігі шектеулі баланың танымдық мүмкiндiктерін қалыптастыруда басты маңызды шарт – мұғалім-дефектологтың психологиялық құзырлығы болып табылады.

Яғни, ол сыпайылық, педагогикалық әдеп, оқу процесінде балаға көмек қолын созу, сәтсiздiктердiң себептерi мен жетістіктерді ұғыну мен өз мамандығын сүю. Мұның бәрі баланың танымдық қабілетінің дамуына мүмкіндік жасау мен баланың өзіне деген сенімінің артуына, жетістіктерге бірқадам жақындауға жағдай жасайды.


Қорытынды


Ойымды түйіндей келе Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, өз мамандығын шексіз сүйе білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен асқан шыдамдылық, қажырлы еңбектің арқасында баланың біліміне, оның болашағына үлкен сәулесін түсіріп, бала өмірін дұрыс бағытқа бағыттары сөзсіз. Мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидаларына тоқтала кетсек
-ППҚ қолдауының мақсаттылығы 
-ППҚ қолдаудың үздіксіздігі 
- ППҚ қолдаудың бірізділігі 
-ППҚ қызметінің кешенділігі (біртұтас тәсілдік жүйені меңгерген, біртұтас ұйымдасқан ППҚ қызметі мамандарының біріккен жұмысы) 
- ППҚ қызмет мамандарының гумандылығы (адамгершілік, ізгілік) – баланың мүмкіндігіне сенетін мамандар құзыреттілігін жүзеге асыруымыз қажет.

Қазіргі таңда жалпы әлеуметтік мәселелер мемлекет үшін басымдықтар қатарында болып келді және болып қала береді. Елімізде әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басқа да құзырлы мекемелермен біріге отырып, нақты іс-шараларды қарастыруда, 3 сәуірде 2016 жылы Үкімет мәжілісінде «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заң жобасы кеңейтілген комитет отырысында талқыланды. Оның жұмысына қос палатаның депутаттары мен еліміздің мүгедектер ұйымдарының өкілдері, жобаны жасаушылар қатысып, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-экономикалық көмек түрлері көрсетілу керек, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық психологиялық көмек түрлері көрсетілу қажет деп қарастырылған. Қорыты келе Мүмкіндігі шектеулі балаларға болақша инклюзивті білім беру бағдарламалары толықтай іске асады деген үміттеміз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет