Сәтті сабаққа қойылатын талаптар Жеке сабақтың тізбектелген сабақтар топтамасындағы маңызы мен орны белгіленуі;
Оқу мақсаттарының және оған жету қадамдарының нақты анықталуы
Оқу бағдарламасының талаптары мен сабақтың мақсатына сәйкес мазмұнды сабақтың болуы;
Сабақтың жекелеген кезеңдерінде және сондай-ақ бүкіл сабақ бойында оқушылардың меңгерген білік дағдылары мен білім деңгейлерінің жоспарлануы;
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырып, дамытуға негізделген оқу құралдары мен әдіс-тәсілдердің тиімді түрлерін таңдау;
Сабақта оқушының жеке жұмысы мен бірлескен оқу үлгілерін тиімді қолданылуы;
Оқушының өз бетінше білімді игеруіне барлық мүмкіндіктің қарастырылуы;
Әрбір оқушының мүмкіндіктері мен қажеттілігінің ескерілуі;
Сабақта дидактикалық қағидаттардың жүзеге асуы;
Сабақта оқушы үшін табысты оқу ортасының қалыптастырылуы;
Сабақта жедел кері байланыстың жүзеге асуы;
Сабақта жоғары қарқын және белсенді үдерістің болуы;
Көтеріңкі эмоциялық көңіл-күйдің болуы;
Сабақта қауіпсіз ортаның, жағымды психологиялық ахуалдың орнатылуы.