Тізбектен не түсіп қалған?
|
Оқушыларға бір сөз түсіп қалған тізбек көрсетіп, сол сөзді табуды сұраңыз. Мысалы, жанама – ? (түзу)
|
Бір минут
|
Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.
|
5-5-1
|
Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.
|
Хабарлама
|
Оқушылардан өздерінің не үйренгенін көрсететін мəтіндік хабарлама (SMS) құрастыруды сұраңыз. Барлық мəтіндік хабарламадағы сияқты мұнда да символдар саны шектеулі.
|
|