Артығын алып таста
|
Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен байланысты) көрсетіңіз. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтауы керек.
|
Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?
|
Оқушыларға сөйлемдер беріп, жауап ретінде осы сөйлемдерді алу үшін сұрақ қандай болатынын анықтауды сұраңыз.
|
Суреттер: Не болды?
|
Оқушыларға сурет көрсетіңіз. Оқушылар суретте не болып жатқанын жəне оның себебін түсіндірулері қажет.
|
Сөзді тап
|
Карточкада сөздер беріледі. Бір оқушы бір карточканы алып, онда жазылған суретті сыныпқа дене қимылдары арқылы көрсетеді. Оған сөйлеуге болмайды. Ал оқушылар жүргізіп тұрған бала көрсеткен суретті табуы керек.
|
Бинго
|
3x3 шаршысында сабақ тақырыбына қатысты əртүрлі түйінді сөздер орналасқан. Оқушылар тиісті түйінді сөздерді айрықшалауы керек. Барлық түйінді сөздерді анықтаған бірінші оқушы жеңімпаз атанады. Ескерту: оқушыларда əртүрлі түйінді сөздер жинағы болу керек.
|
|