Сабақты қорытындылауға арналған идеялар
Сабақтың соңында бүкіл сынып орындайтын жұмыстың мақсаты – оқу бойынша қорытынды жүргізу, оқуды біріктіру, келесі деңгеймен байланыстыру жəне олардың қалай оқитынын белгілеу.
Сыныптан шығу билеті
|
Оқушыларға олардың оқуына қатысты сұрақтар жазылған қағаз беріңіз, олар сұрақтарға жауап беріп, оны сыныптан шығуға рұқсат етілген уақытқа дейін мұғалімге беруі керек.
|
Жұмбақ сөздер
|
Негізгі сөзді, терминді немесе тақырыпты көрсететін оқушыны таңдаңыз. Оқушылар оны табуы керек.
|
Ыстық орындық
|
Өтілген тақырыпты қорытындылау үшін оған қатысты қандай-да бір ұғымды, формуланы, фигураны, т.с.с. (мысалы, пирамида) сомдайтын оқушыны таңдаңыз. Сыныптың қалған бөлігі бұл «кейіпкерге» кезек бойынша сұрақ қояды, ал ол сол кейіпкер сияқты жауап беруі керек.
|
Миыңның суретін сал
|
Оқушылар мидың суретін дəптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |