Лекция конспекті «Машина жасау өндірісінің технологиялық үрдістері»



бет4/23
Дата03.07.2024
өлшемі8,02 Mb.
#203531
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Теория 2

Құймасыз прокат. Прокаттаудың бұл тәсілі 54-суретте көрсетілген. Мұнда ожаудан 1 науа 2 арқылы ағып келетін сұйық металл сумен салқындатылып тұратын айналмалы екі біліктің 3 арасындағы воронкаға 4 құйылады.
Воронкаға түсер алдында сұйық металл қатаяды да өзініқ формасын өзгертеді. Осындай тәсілмен жұқа шойын табақтары алы­нады.
Труба прокаттау. Прокаттың ерекше бір саласы, машина жасау­да, үй құрылыстарында, бұрғылау мен су, нефть, газ құбырларын жасауда және т. б. жерлерде пайдаланылатын труба өндірісі болып табылады.
Халық шаруашылығына труба өндірісінің қажеттігінен аса жоғары жылдамдықты стандар ойлап шығарылды. Дүние жүзінде ең жоғары жылдамдықты, құбырларды пеште пісіру агрегаттары Челябин мен Таганрог зауыттарында жұмыс істейді. Минут сайын бұл стан ұзындығы 500 м су құбырларын шығарады.
Құбырлар жапсарлы және жапсарсыз түрде жасалады.
Жапсарлы құбырларды тілкемделгін дайындамаларды прокаттау және соңынан оны пісіру жолымен алады.
Тілкемнің ені жасалатын трубаның диаметріне сәйкес келуі керек. Тілкемнің жиектері пісірілетін құбырлары біріне бірін қиюластырғанда қалыңдықтары дәл келетіндей етіп жиек қырқатын станокпен қырқылып тасталады. Осыдан кейін тілкемді қыздыра отырып, труба етіп қаусыру, созу станында оны воронка арқылы тарту және жапсарларын пісіру басталады.




54 – сурет. Құймасыз прокаттың а – дайындама, в – цилиндрлі стер-
жень, М және N - біліктер
55 – сурет. Жапсарсыз труба алу
үшін дайындаманы прокаттаудың
сұлбасы


Сонғы кезде жаңа, әрі өнімді әдіс—тілкемнің спираль түрінде қаусырылып, жиектерінің қосылуы, арнаулы пісіру аппараттарымен орындалатын спиральді пісіру қолданылып отыр.
Жапсарсыз құбырларды жасау екі түрлі операциядан тұрады:
Бірінде конус іспетті білік пен оправканын көмегімен темір кеспелтекті тесіп, қабырғасы қалың труба алу (105-сурет).
Екіншісінде дайындаманы арнаулы станда 1100—1200° С температураға дейін қыздырып прокаттау.
Жұқа қабырғалы құбырлар қозғалмалы немесе қозғалмайтын оправкаларда дайындаманы тартып созу арқылы жасалынады.
Құбырларды өндіріс тәсілі бойынша ғана емес басқадай белгілеріне мәселен материалына, диаметріне, қабырғаларының қалыңдығына, ұзындығына, термиялық өңделуіне (қаптаулы немесе қаптаусыз) химиялық өткізгіштігіне және атқаратын міндетіне қарап айыруға болады.


9.4.Созу
Созу (сым тарту) деп, темір сымдарды, темір шыбықтарды, көлденең қимасы аз құбырларды, тілкемдерді, профильдерді алу процесін айтады.
Сым темірлерді тарту 5 миллиметрге дейін прокатталған темір шыбықтарын фильерден созу тақтайының тесігінен, алғашында кең соңынан тар тесіктен, өткізіп алудан тұрады.
Осындай жолмен сым темірді біртіндеп қажет еткен диаметрге дейін жақындатуға болады.
Созу тақтайы жоғары сапалы болаттан жасалады. Оның берік, әрі қатты болғаны мақұл. Олай болмайынша сым темір өткізілетін тесік тозып, істен шығып қалуы мүмкін.




56 – сурет. Созу тақтайы
а – болат тақтасының пішін-фильері, б – қатты қорытпадан
жасалған пішін-фильер
57 – сурет. Созу тесіктерінің
пішіндері


Қымбат материалды үнемдеуде созу тақтайы көміртекті болат­тан, ал фильер жоғары сапалы легірленген болаттардан немесе қат­ты қорытпалардан жасайды. Сондықтан фильерлерді тозғанда жаңалап тұру үшін алынатын етіп жасалады.
Диаметрі аса кіші өте жіңішке сым темірді алу үшін металл оправкасы алмас фильерлер қолданылады.
57-суретте тігінен кесілген фильердің аса ықшамды формасы көрсетілген. Мұнда фильер біріне-бірі төбесімен түйіскен конус іспетті жасалған. Сым темірді осындай тесіктен тартқанда қимасы қажетті дәрежеге дейін кішірейеді де сол мезетте үйкеліс күші азаяды. Үйкелісті фильерді майлаумен азайтуға болады.
Сым темірді диаметрі үлкен фильерден диаметрі кіші фильерге бірден өткізу арқылы созуға болмайды. Өйткені қатты қысымда металдық пластикалығы кемиді де сым темір өте қатайып, морт сынып, үзілгіш келеді. Металдың пластикалығын калпына келтіру үшін металды диаметрі біртіндеп кішірейетін тесіктерден бірнеше қайтара өткізіп, ара арасында металды босаңдатып алады. Егер өткізу саны көп болса, онда босаңдату бірнеше қайтара жүргізіледі.
Босаңдатылған кейін қайта тарту кезінде сым темірде пайда болған қақ, қышкыл ерітіндісінде өңдеу және сілті ерітіндісімен жуу арқылы тазартылу керек.
Созу үшін құрамында көміртек аз болатын көміртекті және легірленген болат, сондай-ақ түсті металдар мен олардың қорытпаларының түрлері қолданылады.
Созу станы барабанды және шынжырлы болып екіге белінеді.


58 – сурет. Барабанды созу станы.


Барабанды станда (58-сурет) орайтын тетік 1 сым темірді бекітетін 2 тетік және редуктор 4 арқылы электр двигателімен 5 ай­налып, фильер 6 арқылы сым темірді өзіне тартып орайтын тарту барабаны болады. Осындай стан сым темірді ,бір фильер арқылы созатын бір барабаннан немесе сым темірді дүркін-дүркін созу үшін бірнеше фильерден тұратын көп барабаннан болуы мүмкін. Шын­жырлы стан темір шыбықтарын, профильдерді, құбырларды созу үшін қолданылады. Шынжырлы станмен, конструкциясына байла­нысты, бір мезгілде бірнеше бұйымды өңдеп шығаруға болады.
9.5.Соғу
Соғу деп, металл профилінін өзгерісі оған күш ең аз түсетін жаққа қарай болатын металдың пластикалык деформациясын ай­тады. Соғуды тіреу ауданында жатқан өнделетін дайындаманы аспаппен дүркін-дүркін соққылаумен орындайды. Соғудың кей түрінде металл формасының өзгерісі штамптаудағыдай белгілі бір аралықта шектеп қалмай өзінің формасын («жайыла») өзгертеді, сондықтан соғудың мұндай түрін еркін соғу деп атайды.
Соғу арқылы алынған бұйым сом темір деп аталады. Сом темірдің формасы мен өлшемі әр түрлі болады. Салмағы да түрліше болып келеді. Салмағыт бірнеше килограмнан ондаған, жүздеген тоннаға дейін баратын сом темірлер болады.




59 – сурет. Соғу операцияларының сұлбасы:
а – созу, б – отырғызу, г – тесіктерді тесу, д – бұрау, е – домалатып қысу


Соғуды қолмен орындауға да болады. Қазіргі кезде өндіріс орындарында соғу машина көмегімен жүргізіледі. Ал қолмен соғу көбінесе жөндеу жұмыстарында, бірлі-жарым ұсақ сом темірлерден бұйымдар жасауда қолданылады.
Машинамен соғу салмағы үлкен және көп мөлшердегі сом темірлерді дайындауға сондай-ақ қолмен соғуға қарағанда жоғары дәлдіктегі сом темірді алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет