Лекция конспекті «Машина жасау өндірісінің технологиялық үрдістері»



бет6/23
Дата03.07.2024
өлшемі8,02 Mb.
#203531
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Теория 2

Машинамен соғу. Машинамен соғу кез келген мөлшердегі салмақтары едәуір және қолмен соғуға қарағанда өңдеу дәлдігі жоғары сом темірлерді алуда қолданылады. Бұл процесс құрылысы әр түрлі балғалармен және соғу машиналарымен жүргізіледі. Оның ішінде кең тарағаны пневматикалық бу-ауалық фрикциондық соғу балғалары, сондай-ақ өте қарапайым қондырғылы рычагты және серппелі балғалар қолданылады.
Бу әсерімен жұмыс істейтін бу-ауалық балғалардың (62-сурет) салмағы 10 тоннаға (100 кн) дейін барады. 61-суретте бу-ауалық балғалардың құрылысы, ал 63-суретте пневматикалық балғалардың жалпы көрінісі берілген.
62-сурете түсіру тақтайымен функциондық балғанын жалпы көрінісі мен кинематикалық сұлбасы көрсетілген. Бұл балғаның жұмыс принципі мынандай. Соғылатын бөлікпен бірге тақта ролик арқылы көтеріледі.

1-жұмысшы цилиндр, 2-табан, 3- шаппа (боек), 4-шабот, 5- басқарушы рычаг
61-сурет. Бу-ауалық балға


Роликті аударып жібергеннен кейін тақта мен балғаның соғатын бөлігі төмен түседі де дайындаманы 3 Т (300 кн) күшпен соққылайды. Соғу интервалын 1 секундқа дейін келтіруге болады.


1 – аспалы балға, 2 – жоғары шаппа, 3 – төменгі шаппа, 4 – шабот
62 – сурет. Пневматикалық балға




а – жалпы көрінісі, бжұмыс сұлбасы
63 – сурет. Тақтасымен фрикциондық балға:


9.6. Престеу
Престеу процесінің мәні контейнердің тұйық кеңістігінен метал­ды қысып соғу арқылы әр түрлі қимадағы — дөңгелек, квадрат және басқадай тесіктің профиліне сәйкес металл шыбықтарын алу болып табылады.
Престеумен әр түрлі өлшемдегі және пішіндегі шыбықты ғана емес ішкі диаметрі 800 миллиметрге дейін болатын құбырлар алуға болады. Престеу материалы есебінде болат, түсті металдар және оның қорытпалары қолданылады.
Престеуге арналған дайындамаларға өлшемі (диаметрімен ұзындығы) престің қуатына және жасалатын бұйымның пішініне байланысты алынған құймалар болып табылады. Құймаларды престеуге арналған дайындық ыстық күйінде қысыммен өңдеуге белгіленген температураға дейінгі қыздырудан тұрады.
Металдарды сығуға қажетті күш құйманың көлденең қимасының өлшеміне, материалына, температурасына және сығу жылдамдығына байланысты болады.
Сығу арқылы өндеудің екі түрлі тәсілі бар: бірі тура (64, а-су­рет) тәсіл де, екіншісі кері (64, б-сурет) тәсіл.
Сығу арқылы труба профилін алу сұлбасы 65-суретте көрсетілген (белгілеулері 65-суретте көрсетілгендей).




а – нақты әдіс, бкері әдіс, 1 - өңделетін металл, 2 – контейнер,
3 – шыбықтың шығуы үшін тесігі бар матрица, 4 – шыбық, 5 - шток.
64 – сурет. Металды қысудың (престеудің) сұлбасы:




65 – сурет. Қызу арқылы труба профилін алу сұлбасы.


Қиманың трубалық формасы диаметрі трубаның ішкі диаметріне тең штокқа орнатылған инемен 6 жасалынады. Престеу кезінде ине матрицаның дөңгелек тесігіне енеді де металл сығылып шығатындай саңлау жасайды.
Престеу горизонтальды және вертикальды қуаты 10 000 тоннаға [100 000 кн] дейін баратын гидравликалық преспен жүргізіледі.
Престеудің артықшылығы оның жоғары өнім беруінде, мәселен: диаметрі 150 мм және ұзындығы 500 мм жез құймасын 1 минут ішінде, престеумен, диаметрі 25 мм жез шыбыққа айналдыруға бо­лады.
Престің прокаттауға қарағанда прокатпен алуға болмайтын дәл, әрі күрделі пішінді дайындамалар алу жөнінен бір қатар артықшылық жақтары бар.


9.7.Штамптау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет