Лекция конспекті «Машина жасау өндірісінің технологиялық үрдістері»



бет3/23
Дата03.07.2024
өлшемі8,02 Mb.
#203531
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Теория 2

Прокат түрлері. Прокаттаудан өткен металл прокат деп ата­лады. Прокат мынадай негізгі түрлерге — табақтық, сорттық, трубалық прокаттарға бөлінеді.
Табақ прокаты мынадай болып бөлінеді:
бастапқы материал сапасына, яғни қандай болаттың прокатталғанына қарай жай немесе жоғары сапалы болады;
дайындалу тәсіліне, яғни болаттын ыстық немесе сұйық күйінде болуына қарай прокаттау;
табақшалардың қалыңдығына, яғни жұқа табақты (4 миллиметрге дейін) немесе қалың табақты (4 миллиметрден артық) бо­луына қарай прокаттау;
беттік өңделуге, яғни жалтыратып, күңгірттендіріп, лак немесе басқа затты жалату арқылы өңделуіне қарай прокаттау;
болат табақ прокаттың ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
босаңдатылған (суы қайтқан) күйіндегі қаңылтыр болат табақ прокаты.
күйдіріп өңделгеннен кейін коррозияға қарсы тұрарлық қабілеті бар, түсті металл орнына қолдануға жарайтын жұмсақ және пластикалық, яғни декапирлі болат табақ прокаты;
күйдірілгеннен кейін және тегістеліп жалтырағаннан кейін қапталғыш материал орынына қолданылатын қара болат прокаты;
беті қалайымен қапталған жұмсақ болат табақтарын, яғни ақ түсті болат табақтарын прокаттау;
Сортты прокат берілген, яғни күйдірілген, күйдірілмеген, қалпына келтірілген және т. б. прокаттың қандай термиялық өңдеуден өткендігіне, беттік өңделуіне, көлденең қимасының өлшеміне және формасына қарай ерекшеленеді.
Сортты прокаттан жасалған бұйымдардың кең қолданылатындары мыналар:
Ірі сортынан — рельстер, швеллер;
Орта сортынан бұрыштық, таврлық, қос таврлық біліктер, тілкемдер.




а – квадратты болат, б – дөңгелек болат, втілкен болат, г – үшбұрышты, дөңес, жартылай дөңгелекті, сегментті, д – жақтары тең емес және жақты бұрышты болат, е – гивеллер, жқоставр болат, з – таврлы болат,
и – рельстер, к – зат тәрізді болат, лтіреуіш болат


53 – сурет. Прокат пішіндерінің негізгі түрлері.


Төменгі сортынан — арматұралық темір, темір шыбықтар, катанкалар және тағы басқалар жасалады. Сортты прокат әр түрлі пішінде болады. (53-сурет). Халық шаруашылығында көбінесе та­бак пішінді прокаттар, сондай-ақ пішіні ұзына бойына периодты түрде өзгеріске ұшырайтын прокат қолданылады.
Мұндай прокатты штамптауда, металл қалдықтарын неғұрлым аз беретін бұйымды жасауда, енбекті жеңілдететін дайында­маларды алуда пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет