Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


- ЛЕКЦИЯ. ТАЌЫРЫБЫ: МЕНЕДЖМЕНТІҢ МӘНІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ



бет16/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   292
Байланысты:
менеджмент
Көпбұрыштар 1-сабақ, КТП 2020 ивт, Практика 14-15, 1сабақ, sabaq zhospary, 11 а сынып, 8-9 informatics
2- ЛЕКЦИЯ. ТАЌЫРЫБЫ: МЕНЕДЖМЕНТІҢ МӘНІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ


Жоспары:

  1. Менеджмент туралы түсінік

  2. Менеджмент түрлері: өндіріс менеджменті, қаржы менеджменті, инновация менеджменті, инвестиция менеджменті, дағдарысқа қарсы менеджменті, халықаралық менеджмент және басқалар

  3. Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелер, олардың бірлігі мен әрекеттестігі

  4. Менеджер және оның функциялары

  5. Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшеліктері мен өзгешеліктері



Лекция маќсаты: Менеджмент туралы жалпы түсінік


Лекция мєтіні
1Менеджмент туралы түсінік
Менеджмент өнердің ең ескісі ғылымның ең жаңасы болып есептелген Менеджмент жалпылама процес болып есептеледі және мұны қоғамдық көне өнер сияқты бағалап дамып келе жатқан ғылым деп те қарайтындар бар. Процесс ретіндегі Менеджмент түрлі қызметкер мен тапсырмаларын, ал өнер түріндегі басқару жұмысты іске асыруды, білім түріндегі басқару болса жүйелілік пен ғылыми білім қоғамын білдіреді. Мұны, яғни басқаруды басқа ғылым салалары өзінше түсіндіреді.
Басқаруды жалпыламалы түрде “Біреулер арқылы жұмыс жасау” деп айтуға болады. Бұны біраз кеңейтетін болсақ Менеджмент ұйымдардың көздеген мақсаттарын жүзеге асыру үшін, кәсіпорын қызметтерінің рационал жүйесін дамыту, пайда болған мәселелерді басқалар арқылы шешу үшін шешуші процес деп сипатталады.
Басқару процесі туралы сөз ету үшін төмендегі шарттардың болуы қажет.

  1. Басқару процесінің болуы үшін бірден көп адам санының болуы қажет. Жануар мен заттардың басқармасы болуы мүмкін емес. Жануарлар бағылады, автомобил жүргізіледі, заттар қолданылады.

  2. Басқарудың болуы үшін тек қана адамдардың болуы жеткіліксіз. Сонымен бірге адамдар өзара кәсіби байланысты жұмыс істеулері қажет.

  3. Бірге істелеті жұмыстың мақсатына сай болуы керек. Мақсатсыз ұйым болмайды.

Менеджмент – нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент – бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынастар саласн жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің тәсілдері мен фирмаларының жиынтығы.
Менеджментұйым жұмысын ұйымдастыру
Менеджмент – фирманың басқарылуын ұйымдастыру процесі. Яғни ұйымның ішіндегі коллективті, басшыларды, персоналды жүйелі, әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру процесі.
Менеджмент – ол шешім қабылдау процесі.
Менеджменттің мақсаты мен міндеттері.
Менеджменттің мақсаты:

  • пайда табу

  • өндірісті басқару

  • технология мен техниканы жетілдіру

  • кадр потенциялын тиімді пайдалану

  • персоналдардың шығармашылық туындыларына жағдай жасау

Менеджменттің міндеттері:

  • қолдағы ресурстар негізінде тұтынушылардың сұраныстары

мен қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауар /қызмет өндіру

  • кәсіпорынның рентабелділігін арттыру

  • өндірісті автоматтандыру

  • жұмысшыларға жағдай жасау және ынталандыру

  • фирманың барлық бөлім мен бөлімшелердегі жұмыстардың тиімділігін үнемі бақылау

  • жаңа нарыққа шығу жолдарын іздестіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет