Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Мақсат және мәселелер: біріктіру, үйлестіру, тиімділік



бет80/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   292
Байланысты:
менеджмент
Көпбұрыштар 1-сабақ, КТП 2020 ивт, Практика 14-15, 1сабақ, sabaq zhospary, 11 а сынып, 8-9 informatics
2.Мақсат және мәселелер: біріктіру, үйлестіру, тиімділік
Басқарудың бастапқы пункті – басқаруды қалыптастыру және мақсатты таңдау болып саналады. Мақсаткерлік – басқару жүйесінің басты қасиетінің бірі. Басқару мақсаты – басқару жүйесі тапсырмасының еңбек әрекеті нәтижесінде орындалуы , оған қол жеткізуі үшін басқару объектісінің жұмыс істеуі.
Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстар мен қоғамдық қажетілікке негізделген мақсат ерекше маңызды рөл атқарады. Мақсатты айқын тұжырымдаудың психологиялық мәні де бар , өйткені мұның өзі ұжымның өз ісіне сенімділігін арттырады , өз жетістіктерін салыстыруға мүмкіндік береді, әрі кейбір мақсаттың орындалуынан қанағат алады. Мақсат неғұрлым биік, мәртебелі болса, эмоция да соғұрлым әсерлі, мұның өзі түптеп келгенде мақсатқа тезірек жетуге ықпал етеді. Жануарлар организміндегі барлық рефлекстерді қарастыра келіп И. П. Павлов былай деп жазады: мақсат рефлексінің маңызы ерекше зор, өйткені ол әрқайсымыздағы өмірлік энергияның негізгі нышаны.
Ұйымда әр түрлі мақсат болуы мүмкін, мұның әсіресе әр түрлі типтегі ұйымдарға қатысы бар. Мәселен, кәсіпорынның басты міндеті – белгілі бір мөлшерде тауар шығару немесе қызмет көрсету. Басты мақсат, оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді. Бұлар: өндірісті дамыту және тиімділігін арттыру, оны жан – жақты интенсивтендіру, ғылыми техникалық прогресті жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру, ресурсты үнемдеу, табысты көбейту, ұжымның әлеуметтік дамуы, әлеуметтік саланың қазіргі материалдық базасын қалыптастыру, жоғары еңбек өнімділігі үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау, әлеуметтік әділеттік, адамдарды, қоршаған ортаны қорғау және жақсарту. Кәсіпорынды басқару, міне осындай басты мақсатқа жетуге бағытталуы тиіс.
Мақсатты графикалық схема («мақсат бәйтерегі») түрінде де бейнелеуге болады, мұнда басты мақсат бағаны, ал оған жету мүмкіндіктері ( мақсат тармақтары ) бұтақша түрінде көрсетіледі. Мақсат пен амал ұйымдары өзара байланысты, бұлар қойылған мақсатқа жетудің құралы бола отырып, өздері де жүйенің төменгі деңгейіндегі мақсатқа айналады. Мәселен, бірінші деңгейдегі мақсат тармағы мақсат ретінде, ал оған жетудің мүмкіндігі – екінші деңгейдегі мақсат тармағы ретінде қарастырылуы мүмкін. «Мақсат бәйтерегі» әдістемесін пайдалана отырып , мақсатқа жетуге байланысты шараларды жүйелі жүзеге асырудың бірегей схемасын жасауға болады. Мұндайда басты мақсат (нөлдік деңгей ) - бұл негізгі бағана тармақтары, осы тармақшадан тарайтын екінші бұтақшалар және ең төменгі деңгейі – бәйтеректің жапырақтары немесе жемістері. Деңгей саны алуан түрлі болуы мүмкін. Принцип – қажетті минимуммен шектелуге тырысу.
Мақсат бірнеше сипаттамаға ие болады. Бірнешеден мақсат нақтылы және өлшемді болуы тиіс. Өз мақсатын нақты өлшемдерде нышандарда белгілей отырып, басшы келесі шешімге нақты база жасайды және жұмыс барысын бағалайды.
Тиімді мақсаттың екінші сипаттамасы болжалдаудың нақты горизонты болып саналады, бұл нәтиже қашан болатындағын айқындайды. Мақсат ұзақ немесе қысқа уақыт аралықтарында белгіленеді. Ұзақ мерзімдік мақсаттың шамамен бес жылдай, ал технологиясы озық фирмаларда – кейде одан да көп жоспарлау горизонты болады. Қысқа мерзімдік мақсат көпшілік жағдайға ұйым жоспарының біреуін ғана қарастырады. Оны бәр жылда аяқтау көзделген. Орташа мерземдік мақсаттық жоспарлау горизонты бір жылдан бес жылға дейін.
Ұйымның тиімділігін арттыру үшін мақсат айқын болуы тиіс. Не ресурстардың жеткіліксіздігінен, не сырқы факторлардан баянсыз мақсатқа ұшыратуы мүмкін. Қол жетпеген мақсат жұмыскерлердің ынта – ықыласын кемітеді.
Ұйымдағы толып жатқан мақсаттар тиімді болуы үшін біріне бірі ықпал етуі – бір мақсатқа жетістігіне бөгет жасамауы тиіс.
Басқару процесінің типтері.
Кәсіпорын қызметі мақсатының бағыт – бағдарын білу міндетті түрде қажетті болып саналады. Сонымен қоса осы бағыт – бағдардың сипаты алуан түрлі болуы мүмкін, осыған байланысты басқару процесі үш типте өтуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет