Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет83/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   292
Байланысты:
менеджмент
Көпбұрыштар 1-сабақ, КТП 2020 ивт, Практика 14-15, 1сабақ, sabaq zhospary, 11 а сынып, 8-9 informatics
Басқару процесінің үшінші типі – жағдайға қарай басқару. Бұл мақсатты айқындалған әрі сирек өзгеретін, тұрақтанған, толық меңгерілген өндірісте қолданылады. Мұндағы басты міндет – туындаған қолайсыз жағдайдан, өндіріс процесіндегі іркілістен шығудың ең қолайлы жолдарын іздестіру. Ол үшін пайда болған ауытқуларды тез, әрі аз шығынмен жоюға мүмкіндік беретіндей шешім қабылданады.
Атап көрсететін жәйт, практикада басқарудың жоғарыда аталған типтері сол қалпында қолданыла бермейді. Басқару деңгейі алуан түрлі болып келетін кез келген кәсіпорында түрлі өндірістік міндеттерді шешкен кезде басқарудың үш типі дербес қолданылуы да әр түрлі үйлесімде қолданылуы да мүмкін.
Мұндай үйлесімдікке, соңғы жылдары кең етек алған бағдарламалық, мақсатты басқару – мақсатты жиынтық бағдарламаны жасау және жүзеге асыру нақты дәлел болады. Мұнда мақсатты басқарудың да, сондай – ақ бағдарламалық мақсатты басқарудың да элементтері бар. Бағдарламалық мақсатты басқару кәсіпорынның түбегейл, негізгі міндеттерін шешу үшін қолданылады.
Бағдарламалы-мақсатты басқару түпкілікті мақсатты ашып, айқын қоюдан басталады. Мақсат әдеттігінше ойдағы тосатын ахуалды көрсетеді, бірақ басқару жүйесі белгілі бір уақыт кезеңінен кейін алдын-ала бекітіліп берілген ахуалдан және онымен осы тосатын ахуалды бірінен бірі алыстататын бірқатар проблемаларды щещкеннен кейін оған өтуі керек.
Сөйтіп, жалпыланған үлгісі (моделі) мақсатты қою стратегиясынан жасала бастайды. Ал оынң біту кезеңі шешімнің балама варианттарын қарастырумен және шешімнің қорытынды вариантын таңдап алумен аяқталады. Осыдан кейін шешім қабылданады, бағдарламаны жасау кезеңі басталады. Бұл кезеңде стратегиялыққа мақсатқа жету өз алдына мақсаттың 2 түріне бөлінеді. Әрбір кезеңнің міндеті және оны шешудің басымдылықтары бөлініп көрсетіледі және оларды ресурстармен (материалдық, еңбек, қаржы) басқару ісі атқарылады. Бұл орайда әрбір кезеңдегі жұмыстың орындалуы негізгі нәтижемен көлеммен және уақытпен айқын анықталады.
Бағдарламаны жасау стратегиясында өте маңызды болып табылатын басты мақсат бағытын сақтай отырып, аралықтағы кезеңдердің және шешімдірдің сабақтастығы және тұрақтылығын өнімді өткізудің түпкілікті нәтижесін тигізетін олардың ықпалын ашып көрсету және талдау арқылы істі қамтамасыз ету.
Бағдарламаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерін байланыстыру үшін «ағаш мақсаттары» (дерево целей) жасалуы керек. Бұл термин 60 жылдары менеджмент бойвынша жазылған әдебиеттерде пайдалана басталды.
«Ағаш мақсаттары» термині 2 ұғымнан тұрады: «ағаш» - бұл графтар теориясында айқын жазылған және «мақсаттар» - оны басқаруда нақты мағынасы бар. Бұл 2 ұғымды біріктіру арнайы түсінік беруді талап етпейді және өзімен өзінің түсінгеніндей әдетінше сезімділікпен ұғынылады.
«Ағаш» деп О (Х, И, У, 2) графиктері айтылады, онда қандай 2 төбе болмасын, олар жалғыз бұта бұғауымен байланысады.
Көптеген төбелерді Х= (А,В,С,О,Е) және көптеген дұғаларды a=[(А,В), (А,С), (В,О), (В,Е)] әдетте ағаштың реттің көптеген Х қатынасы деп атайды, демек XКөптеген Х ең үлкен ХО элементі болады, «ағаштың» тамыры деп аталатын «Ағаш мақсаттары» ұғымында «ағаш тамыры» бағдарламаның басты мақсатымен бірдей деп қаралады, бөліп шығарған бірінші сатыдағы төбе бірінші деңгейдегі мақсатқа сәйкес болса, келесі сатыдағы төбе екінші сатыдағы мақсатпен анықталады және с.с. «Ағаш мақсаттарының» төменгі салалрындағы мақсатын өте жоғары деңгейдің мақсаттарына жетудің әдістері мен құралдары деп қарастыру керек.
Бұдан соң «ағаш мақсаттарының» көмегімен негізгі мақсатпен және басқа мақсаттар өзара үйлестіріліп, қатарлараы белгіленгеннен кейін, бағдарлама әдетінше барлық орындаушыларға міндеттелетін директивтік құжаттың фомасын алады.
Қабылданған бағдарлама орындалуға беріледі. Бірақ оны жүзеге асыру үрдісінде басқаруда және қоршаған ортада өзгерістер тууы мүмкін, бағдарламаны қабылдаған уақытта бұлар мүмкін болмаған (немесе есепке алынбаған).
Бақылаудың нәтижесі бойынша талдау жасалынады, оны жасаған уақытта алынған нәтижелер бағдарламаның негізгі мақсатымен (мақсаттарымен) салыстырылады, ауытқушылық болған жағдайда оның себебі анықталады.
Біздің елде барлық деңгейдегі бағдарламалы-мақсатты басқару бойынша мәнді тәжірибе жинақталған. Бірақ, бағдарламаның кейбіреуі толық күйде және өз уақытында жүзеге аспаған. Бағдарлама тапсырмасының орындалмау себептерінің ішінде бақылаудың ойдағыдай ұйымдастырылмағанын, жауапкершіліктің төмен дәрежеде болуын және бағдарламаны жүзеге асыруға қатысатындарды тиісті ынталандырудың болмауын атап көрсетуге болады.
Жүйелі тәсіл мен бағдарламалы-мақсатты басқару менеджмент әдістемелігінің іргелі қағидасы ретінде басқарудың заңдылығымен, принциптерімен, функцияларымен және әдісімен тығыз өзара байланыста болады.
3. Менеджментте шешілетін мәселелер, олардың түрлері
Басќару шешімдерін ойластыруда ќолда бар ресурстармен ќоѓамдыќ ќажеттілікке негізделген маќсат ерекше мањызды орын алады жєне тµмендегідей сипатќа ие болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет