Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Жанама әсер ететін сыртқы орта факторлары



бет91/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Жанама әсер ететін сыртқы орта факторлары
Жанама әсер ететін орта тікелей әсер ететін ортаға қарағанда өте күрделі. Бұл орта факторларына технология, экономика жағдайы, әлеуметтік, мәдени, саяси факторлар, жергілікті ұйымдар мен қарым – қатынас т.б. жатады.
Технология ұйымның ішкі факторы да бола алады. Технологиялық жаңалықтар енгізу қандай жаңа өнім шығару және сату керек, қандай жаңа қызметтер мен өнімдерді тұтынушылар ұйымнан күтіп отыр, т.б.сондай мәселелерді шешуге көмек береді.
Әлемдік экономика жағдайы барлық кіріс ресурстарының құнына және тұтынушылардың тауар және қызметтерді сатып алу мүмкіншіліктеріне әсер етеді. Мысалға, егер инфляция жағдайы күтілетін болса, басшылық ресурсзапастарының көлемін көбейтуі мүмкін, ал егер экономикалық құлдырау жағдайы болжамданатын болса, ұйым дайын өнімнің санын азайтады, неге дегенде оны өткізуде қиындықтар тууы мүмкін. Экономика жағдайы ұйымның қаржы алу мүмкіндігіне өте күшті әсер тигізуі мүмкін. Бірақ, экономика жағдайының өзгеруі кейбір ұйымдарға тиімді, кейбір ұйымдарға тиімсіз әсерін тигізуі мүмкін.
Кез –келген ұйым кем дегенде бір мәдени ортада әрекетте болады. Сондықтанда, өмірлік құндылықтарды орналастыру, әдет, ғұрып, салт, дәстүрлер сияқты әлеуметтік мәдени факторлар ұйымға өз әсерлерін тигізіп отыруы мүмкін.
Саяси факторлар:
1/ең бірінші саяси факторлар бұл әкімшілік заңды органдардың және соттардың көңіл күйі. Бұл көңіл күйлер фирманың табыстарына салық салу, салық жеңілдіктерін және жеңілдетілген сауда пошлиналарын анықтау тұтынушыларды қорғау заңдылықтары т.б. өкімет әрекеттеріне әсерін тигізеді.
2/ерекше қызығушылар топтары мен лоббистер;
3/саяси тұрақтылық.
Жергілікті халық пен қатынас. Әрбір қоғамдастық ұжымда белгілі бір заңдар, бизнеске қатысты белгілеулер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет