Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы


-лекция. Саяси жаңару. Сыртқы саясат



бет62/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013

15-лекция. Саяси жаңару. Сыртқы саясат.


Жоспары:
1.Саяси жүйенің қалыптасуы.
2. Сайлау жүйесі және сайлау үдерістерін жетілдіру.
3. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы.
4. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
5. Н.Ә.Назарбаев әлемдік беделді саясаткер
Пайданылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары. 1997-2012жж / www.akorda.kz


2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстаннның егемен мемлекет ретінде қалыптасу мен даму стратегиясы.- Алматы: «Дәуір», 1992.-567б.
3.Жаһандық деңгейдегі оқиғалар. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешім қабылдануына байланысты Қазақстан халқына Үндеуі // Егемен Қазақстан.-2012.- 7желтоқсан.
4. Аяған Б.Ғ, Әбжанов Х.М, Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық.- Алматы: «Раритет» ,2010.-448б.
10. Кан Г.В, Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық.-Алматы: «Кітап»,2012.-312б.
11. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін: очерк.-Алматы : «Дәуір».1994.-446б.
12. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. – Алматы: «Атамұра», 1996-2010ж.
13. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы ( ежелгі және ортағасырлық кезең)/ ҚР Білім және ғылым министрлігі: Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты.-Алматы: «Адамдар» ЖШС, 2007.-431 б.

Біздің қоғамымызда демократиялық қатынастардың одан әрі тереңдеп өрістеуі кеңестердің қызметінен көріне бастады. "Барлық өкімет Кеңестерге берілсін!"- деген ұран жанданды. Бұл мәселені ілкі кезде кеңестерге партия басшылығын күшейту арқылы шешу үшін күш салынды, бірақ одан ештеме шықпады. Өйткені кейінгі жылдары компартияның қызметінде елеулі кемшіліктер мен тоқыраушылық орын алды. Оның сапа құрамы төмендеп кетті. Партия комитеттерінің кеңестерге және тағы басқа да қоғамдық ұйымдарға басшылығы жеткіліксіз болды.


Алайда, осыған қарамастан, 1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда жергілікті кеңестерге халық депутаттарын сайлау округтер бойынша көп мандагіы негізде іске асырылды. Республиканың 19 ауданында көп мандатты округтік сайлау барысында депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды. Оның 1701- і депутат болып сайланып, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. 185 ауылдық және селолық кеңестерге 6291 депутат сайланды, ал 1928 адам резервке кіргізілді. Жаңа сайлау жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы еңбеккерлері арасында КСРО Ғылым Академиясы әлеуметтану инстиутының зерттеуі жүргізілді. Сайлаушылардың басым көпшілігі бұл жаңа тәртіпті мақұлдады. Өйткені көптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа кандидат етіп өздерінің қалаулыларын ұсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар бұқара халықпен кездесу барысында өздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен енбекшілерді жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды.
1987 жылы өткен жергілікті Кеңестерді сайлау тәжірибесі елдегі демократияның жаңа жағдайда дамуына үлкен жол ашты. Атап айтқанда, КСРО халық депутаттарын сайлау мемлекеттік және қоғамдық өмірде жүріп жатқан демократияның толық айғағы болды. Елдегі жүріп жатқан саяси реформаның екінші кезеңі - республикаларды, өлкелерді, облыстарды, қалаларды, аудандары мен округтерді басқарудың жаңа жүйесін құру еді. Ондағы негізгі мақсат - бұқара халық өкілдері органдарының рөлін тек орталықта ғана емес, сондай-ақ жергілікті жерлерде де көтеру еді. Оны тәжірбие жүзінде іске асыру үшін партия комитеттерінің бірінші хатшылары халық депутаттары Кеңесінің төрағаларына ұсынылды. Бірақ мұндай жаңалық өзгеріс барлық жерлерде бірдей міндетті еместігі айтылды, Міне, осының нәтижесінде 1990 жылғы жергілікті кеңестер сайлауының қорытындысы бойынша Қазақстанда 9 қалалық және аудандық Кеңестерге кандидаттар бөлек-бөлек сайланды.
Жаңа тәртіпке сәйкес 1990 жылғы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау ұйымшылдықпен өтті. Онда Казақстан партия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Осыдан көп кешікпей-ақ Орталықтағы сияқты біздің республикамызда да президенттік қызмет орны енгізілді. Сөйтіп, 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н. Ә. Назарбаевты республиканың тұңғыш Президенті етіп сайлады. Мұның өзі елімізде және халықаралық аядағы оның беделін көтеруге үлкен әсерін тигізді. Н. Ә. Назарбаевтың президент болып сайлануы, республиканың өз ішіндегі саяси-экономикалық мәселелерді шешуде, жаңа идеялардың өрістеуіне ықпалын тигізді. Оның бастамасымен Қазақстанда елді басқару ісіне көптеген жаңалықтар, халық шаруашылығын басқарудың барлық сатыларында сапалы жаңа өзгерістер енгізілді.
Президенттің Семей полигоныңда ядролық сынаққа тиым салуы, ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету шаралары туралы жарлықтары Қазақстанда демократиялық қайта құрулар жүргізудің өзіндік бір белесі еді.
Қоғамды демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару қызметі маңызды рөл атқарды. Бұл салада он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. сәуір) жетекші орын алды. 1990-1991 жж. қабыл-данған республика заңдарында әрбір адамның мүқият зерттеліп жасалған, құқықтық және әділеттік процедуралар арқылы заң жүзінде бекітілген бостандықтары мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан шындық жағдайдың талаптарына сай республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға бағытталды. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтіп, республиканы мекендейтін барлық ұлттар өкілдерінің тілегіне жауап беретін еді. Республика парламентінің қазақ тіліне мемелекеттік тіл дәрежесін берген "Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын" 1989 ж. /қыркүйек/ қабылдауы үлкен уақиға болды.
Елде іске асып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық арасында әр түрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар саяси партиялар құрылып, олардың кеңінен дамып өрістеуіне жағдай жасалды. Мәселен, 1990 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. Партияның алдына қойған басты мақсаты — республикалық парламент сайлауына қатынасып, оның құрамына өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу еді. Бұл партия қоғамдық өмірге белсене араласып, оның материалдық және рухани дамуына өздерінің лайықты қоспақшы болды. Сондай-ақ, партия қоғамдағы жеке мойындайды және өзінің қызметінде кәсіпқойлықты қолдап отыруды көздеді.
1990 жылы Қазақстанда "Азат" азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның басты
мақсаты - Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, заң алдында барлық азаматтардың тең
құқықтылығын, әлеуметтік әділеттілікті, адамгершілік идеалын қорғау болды. Одан басқа
республикада "Алаш", "Желтоқсан", т. б. саяси қозғалыстар пайда болды. Мұның өзі
Қазақстанда көп партиялылық жүйенің және тоталитаризмнен демократияға өтпелі кезеңнің бастамасы екенін керсетті.
1991 жылы тамыз айында Мәскеуде Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болды. Оған КОКП Орталық Комитетінің кейбір жетекшілері қатысты. Мұның өзі партияның, оның басшы органдарының беделін түсірді. Ең аяғында келіп, ол партияның халық арасында, сондай-ақ өз мүшелерімен қызмет істеуіне нүқсан келтірді. Бұл жағдай Қазақстан Компартиясының жұмысына теріс әсерін тигізді. Сойтіп, 1991 жылғы қыркүйек айында откен республика Компартиясының төтенше съезінде оның қызметі тоқталды деп жарияланды. Осыдан кейін өзін Коммунистік партияның ісін жалғастырушымыз деп санайтын Қазақстан социалистік партиясы /1991 ж. қыркүйек/ құрылды. Оның құрамында сол кезде 50-60 мың мүшесі болған. 1992 жылы наурызда Қазақстан Социалистік партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы саяси әлеуметтік-экономикалық жағдай және Қазақстан социалистік партиясының таяудағы міндеттері, партияның Бағдарламасы мен Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады.
Сонымен бірге республикада 1991 ж. қазанда Қазақстан халық конгресі партиясы құрылды. Оның жетекшілері болып Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов сайланды. Сондай-ақ, республикада тұратын бірқатар коммунистер бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін қайтадан қалпына келтіруге әрекет жасады. Жоғарыда айтылған фактілер мен мысалдар республикада көп партиялы жүйенің қалыптасып келе жатқандығын көрсетті.
Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды. Олар парламенттік партияларға айналу, сайлаушылардың көп дауысына ие болу үшін күрес жүргізді. Бұл саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тең құқықтық жағдайда өзара түсінісу, келісу арқылы байланыс жасап отыруға тырысты.
Қайта құру жағдайында Қазақстанның қоғамдық ұйымдарында да сапалық жаңа өзгерістер іске асты. 1991 жылы қазан айында Қазақстан комсомолының кезектен тыс XVIII съезі өтті. Онда Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының делегаттары алдағы бірнеше айды өтпелі кезең деп жариялап, осы уақыт ішінде жастардың жаңа қоғамдық ұйымын құру ісін бастауды ұсынды. Бірақ съезд делегаттары бұл ұсынысты қабылдамай, республика комсомолын Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Оның алдында республика жастарының құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті қойылды. Одан басқа республикада Қазақстанның мемлекеттік жастар Комитеті құрылып іске кірісті. Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш ұйымдарының рөлін көтеруге ерекше мән берілді. Олар өздерінің мүшелерінен жиналған қаржыларды ұйым қажетіне жұмсауға толық ерік алды. Қазақстан Орталық кәсіподақ комитеті және облыстық кәсіподақ комитеттері салалы кәсіподақ Кеңестері болып қайтадан құрылды. Әрине, кәсіподақтың басты қызметі еліміздегі экономикалық жағдаймен, оны шама келгенше жақсартумен тікелей байланысты болып табылады. Соңғы жылдардағы кәсіподақ ұйымдарының негізгі қол жеткен табысы - ол әр түрлі саяси және мемлекеттік ұйымдардан тәуелсіздік алу еді. Бұқара халықтың мүддесін қорғауда олар көптеген әлеуметтік- экономикалык мәселелерді мемлекеттік және шаруашылық органдарымен тең дәрежеде келісе отырып шеше алатын жағдайға қолдарын жеткізді. Сондай - ақ, бұл жылдары әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, Көп балалы аналар, Жанұялар одағы, "Айша", "Ақ отау" және Іскер әйелдер қауымдастығы құрылды. Сөйтіп, республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс істеді.
Бұл жоғарыда көрсетілген фактілердің барлығы XX ғ. 80 - ші жылдардың екінші жартысында қоғамды қайта құру барысында Қазақстан өмірінде қоғамдық-саяси және демократиялық қатынастардың кең өріс ала бастағанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет