Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы



бет60/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013
16.02 ашық тәрбие сағатының тақырыбы, 1501-19 Лесбекова Элнура, 1501-19 Лесбекова Элнура, элнур, Кристалдард ішкі құрылымы №2, Оптика сессия жауаптары, 21-Қатты дене, Жолдау, түрік лек, Сопылы ілімні алыптасуы, Механика пәні. Материялық нүктенің кинематикасы, Айналмалы қозға-emirsaba.org, file ru
2. Білім, ғылым және мәдениет.
Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардын қыспағынан қүтылды. Сондықтан өтпелі кезеңнен қиыншылығына қарамастан, егемендік алған кезден бастап, Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, окытудын жаңа әдістемесі енгізілді. Қазақ-стан Республикасындағы білім берудің жай-күйі алғаш рет 1995 жылы көктемде оқу саласы қызметкерлерінін республикалық кеңесінде егжей-тегжейлі талқыланды. Кеңесте атап көрсетілгендей, халыққа білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерге қол жеткені айтылды. Бірыңғай орта мектептердің орнына мектепте болашақ үрпақка білім беруде плюризм орнап келеді. Соңғы жылдары гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. Тарих, Ана тілі және 1-5 сыныптар үшін оқу пәндері бойыпша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан мектептерінде тек бұрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді.
Халыққа білім беру саласын алға бастыруда оның материалдық-техникалык базасын нығайтуда, әсіресе; 1996-1997 жылдары үкімет тарапынан едәуір айтуға тұрарлық жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 1996 жылы білім беру саласына 65 миллиард теңге, немесе мемлекеттік бюджеттің 23,4 пайызы, 1997 жылы 73,3 миллиард теңге, яғни мемлекеттік барлық бюджетгін 21,4 пайызы бөлінді. Алайда одан кейінгі жылдары халыққа білім беру саласындағы орнықтылық және кейбір кезек күттірмейтін мәселелердің шешілуін желеу етіп, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу бірсыпыра азайды. Мәселен, тек 1999-2001 жылдары білім беру саласына жыл сайын шамамен 12 миллиард теңге бөлініп отырғаню. Мұның өзі білім беру саласындағы кейбір келеңсіздіктерге алып келді. Балабақшалардың 82 пайызы қысқарып, оқушылары аз көптеген ауыл мектептері жабылып қалған.
Мектептерде жұмыс істейтін мүғалім кадрлардың сапалық құрамында келеңсіз жағдайлар қалыптасты. 2001/2002 оқу жылында республика бойынша педагог кадрлардың тапшылығынан мектептерде тек орта білімі бар 3,5 мыннан астам мүғалім және 6 мың басқа мамандық иелері жұмыс істеген, мектептерден жалақыны азсынып, 43,6 мың мұғалім басқа салаларға жұмысқа ауысып кеткен.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8007 болған, Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 тәжік, 1 украин. Бір ерекше атап көрсететін жайт, әсіресе, соңғы жылдары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп оқушыларының 54,4 пайызын қамтыған.
Республика мектептерінде техникалык ақпараттық және телекоммуникациялык технологияларын енгізуде де оң қадамдар өріс алды. 2001 жылы елде орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келген. "Иитернет - мектепте" бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылган.
Үкіметтің 2002-2004 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасында барлық деңгейдегі білім беру, оқытудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің санын арттыру көзделген. Ауылдық жерлердегі мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың біліктілік деңгейін көтеруіне жағдай жасау, тағы да басқа істерді жүзеге асыру нақтыланды. Сонымен бірге кәсіптік мектептер мен колледждерге керекті оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу жайы да жан-жақты қарастырылған.
Еліміз егемендік алған он жылдан астам уақыт ішінде республика жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарында да бірсыпыра жана өзгерістер орын алды. Республиканың жетекші оқу орындары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті, Абай атындағы Алматы университеті, Қазақ ұлттық техникалық университеті және басқалар Қазақстанның тәуелсіз ішкі жәие сыртқы саясатын жүргізуге қабілетті маман кадрлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты. Түркістандағы Ахмет Иассауй атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Сыртқы істер министрлігі жанынан Дипломатиялық Академия ашылып, жұмыс істейді. Бұлардан білім алып, дайындалып шықкан кадрлар, Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын одан әрі дамытып, біліктілікпен жүргізуде өздерінің лайықты үлесін қосатынына сенім артты. Өйткені олар қазақ, орыс тілдерінен басқа шет елдермен байланыс жасауда аса қажетті ағылшын, неміс, француз, араб, қытай, хинди және тағы басқа да тілдерді меңгеріп білім алады. 1997 жылы елімізде мемлекеттік 53 жоғары білім беретін және 40-тан астам жеке меншік жоғары оқу орындары жұмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік жоғары оқу орындары 47-ге дейін азайды, оған керісінше ақы төлеп оқитын жоғары оқу орындарының саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 43 мемлекеттік, 130 жеке жоғары оқу орындары қалдырылды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байлаиысты халықка білім беру жүйесінін халықаралық қарым-қатынасы кеңейді. 1991 жылы жуздеген республика оқушылары, студенттері мен аспиранттары оқуларын шетелдерде жалғастырса, қазірде олардың саны мыңнан асып отыр. Осы мақсатта Қазақстан Президенті жанынан "Болашақ" бағдарламасы бойынша арнаулы қор кұрылып, оны қаржыландырумен республиканың барлық жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-ка, Ұлыбританияга, Францияға, Қытайға, Түркияға және тағы басқа да жерлерге оқуға жіберіледі. Соңғы он жылда "Болашақ" бағдарламасы бойынша 685 студент жастар шет елдерден білім алып келді. Ал 2003 жылдың басында республикалық арнайы комиссияның шешімімен 25 жас жігіттер мен қыздар шет елге оқуға жіберілетін болды.
Егемендік алған жылдары еліміздің ғылымың дамыту салаларында үрдіс өзгерістер байқалды. Қазақстан Республикасы ғылым Академиясының құрылымы мен ғылыми ізденістерінің тақырыптары жана талаптарға сай қайтадан қарастырылды. Ә. X. Марғұлан атьндағы Археологиялық институт,ғарыштық зерттеу, Механика және машина, Информатика және басқару, Физика-техникалық проблемаларды зерттеу институттары ұйымдастырылды. Салалық ғылым академияларының жүйесі кеңейтілді. Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясы жұмыс істейді, ал Ауыл шаруашылық академиясы Қазақстан ұлттық академиясының кұрамына енгізілді. Ғылыми дәрежелер тағайындау және ғылыми атақтар беру, диссертациялық жұмыстардың сапасын бақылап бекіту үшін республика Жоғары аттестациялық комитеті құрылды.
Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеті мен ұлттық тілінің мәртебесін көтеруде бірқатар шаралар іске асырылуда. 30-шы жылдары нәубетке, жазықсыз жазаға ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, мамандарды ақтау жүзеге асты. А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Ш.Құдайбердиевтің, Ә.Бөкейхановтың, X.Досмұхамедовтың, Ж.Аймауытовтың және басқалардың кітаптары жарық көрді. Бұлардың шығармалары ұмыт болып, мектептерде,арнаулы орта жоне жоғары оқу орындарында соңғы кезге дейін оқытылмаса, енді оқу орындарының бағдарламаларына кеңінен енгізіліп, оқушы-студент жастарға олар жөнінде жан-жақты дәріс беріледі. Мемлекеттің жаңа кезендегі жүргізіп отырған ұлт саясатымен байланысты қазақ тілін қайта түлету мейлінше көкейкесті проблемаға айналды. 1989 ж. қыркүйектегі Тіл туралы Заң және Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша ол мемлекеттік тіл деп жарияланады. Іс жүргізуді казақ тіліне көшіру жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ, тілінде оқыту бөлімдері ашылды. Мұның өзі ауылдан қазақша оқып келген жастардың ана тілінде тиянақты білім алуына жағдай жасады.
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан үкіметі тұңғыш рет идеологиялық өктемдіктен бас тартатынын, мәдени-шығармашылық бостандықты жариялап, оны қорғау, өнерге қол жеткізуге көмектесетін жағдайлар туғызу, жариялылықты камтамасыз ету және шығармашылық қызметкерлерінің жұмысын халыққа жария ету жөнінде міндеттемелер алды. Міне, осының нәтижесінде экономикалык қиындықтарға қарамастан, республикада мәдениеттің басты ошағы болып саналатын мемлекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалық драма театры, Ақтөбеде драма театры, Ақмолада музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облысында мәдениет институты, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі мәдениет мәселелері бойынша ғылыми орталық ашылды.
Өнердегі менеджменттің тиімді үлгісінің өмірге келген жайттары орын алды. Мәселен, Айман Мұсаходжаева "Солистер академиясы" оркестрін ұйымдастырып, бүкіл музыкалық білім беруді қайта құру жөнінде үтымды жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласьнда тұңғыш рет ұлттық музыка Академиясы құрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде колледж, ал жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов "ПЕН-клубын" ашты. Осының бәрі енер саласындағы дарынды адамдардың оз идеяларын жүргізу үшін сауатты нысандар тауып жатқанын көрсетеді. Соңғы жылдары Президеит Н.Ә.Назарбаевтың шығармашылық жастармен кездесуі дәстүрге айналды. Мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған Елбасының стипендиясы тағайындалды. Ол жыл сайын берілуде.
Еліміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40 астам ұлттық мәдени орталықтар мен Қазақстан халықтарының біріккен Ассамблеясы бірсыпыра жұмыстар жүргізуде. Нарықтық экономика талаптарына бейімделе отырып, 1996 жылы 22 жекеменшік киностудия мен 12 жеке меншік галерея мемлекеттің жәрдемінсіз жұмыс істеді. Соңғы кезде көптеген мәдени шаралар мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз жүргізілуде. Республика мәдениет саясатын нақты жүзеге асыруда жоғары кәсіби мәдениет кадрлары мен мамандардың атқаратын ролі зор. Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет саласына кажетті кадрларды дайындау ісі республиканың 5 жоғары 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар шығармашылық жас таланттарды тәрбиелеп өсіруде жазушылар, композиторлар, суретшілер, театр және кино өнері тағы басқа шығармашылық одақтардың алатын орны ерекше. Олар тек мемлекет идеологиясын жүзеге асыру қызметімен шектелмей, шығармашылық жастардың өсіп-жетілуіне зор ықпал ететін шараларды іске асырып отыр.
Қазақстан мәдениетінің дамып-жетілуіне соңғы кездерде өткізіліп жүрген реснубликалық және халықаралық конкурс-фестивальдің маңызы оте зор. Атап айтқанда, "Азия дауысы", "Жас қанат", "Дәстүрлер жүлдесі", "Шығыс маусымы", "Үкілі домбыра", "Жігіттің сұлтаны", "Ермек Серкебаев шақырады" классикалық музыка фестивалі, мемлекеттік "Қазақкино" компаниясының бастауымен шетелдік кино күндерін өткізу дәстүрге айналды.
Соңғы жылдары еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылды - Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың, материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727 мәдениет мекемелері жаңадан ашылды. Оның қатарында 468 кітапхана, 239 клуб, 5 жаңа театр мен 5 мұражай бар. Театрлар Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде және Түркістан қаласында ашылды. Корей музыкалық комедия театры, республикалық неміс драма театры, Н. Сац атындағы орыс академиялық балалар және жасөспірімдер театры жеке ғимараттарға кешті. Мәдениетті қолдау жылы аясында барлығы 2368 мәдени объекті: 1449 кітапхана, 681 клуб үйі, 49 мұражай, 11 театр, 6 кинотеатр, 2 филармония және т. б. жөндеуден өтті.
Мәдениетті қолдау жылының шын мәніндегі шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бұл үлкен тойды өткізу барысында Қазақстан мемлекеті Кұлтөбе, Отырар сияқты қалалардың, Қожа Ахмет Иассауидің кесенесін, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорығын т. б. нысандарды қайтадан жаңғыртты.
XXI ғасырдың басында ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілген Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы, Тараз қаласынын 2000 жылдығы еліміздін беделіне бедел қосты. Өйткені Түркістан қаласы қазақ және Орталық Азиядағы басқа да халықтардың өзіндік бір рухани және мәдени орталығы, екінші Мекке болып саналады. Осы орайда, біздің мемлекетіміздің қаласында "Алтын адам: Қазақстан далалары қола дәуірінен халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін" - атты көрмесі зор абыроймен өтті. Көрме өз жұмысын Венецияда жалғастырып, 1998 жылғы 23 қыркүйекте Рим қаласында Н.Назарбаевтың осы елге ресми сапарына орайластыра аяқталды.
Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы "Ұлытау" мұражай-қорығына кіретін Алаша хан, Жошы хан кесенелері, Қызылорда облысындағы — Балтық мешіті, Қазалы қаласындағы Марал ишан кесенесі жөндеуден өткізілді. Көкшетауда - Шоқан Уалихановқа, Таразда - Мұхамед Хайдар Дулатиге, Ақтөбеде - Құдайберген Жұбановқа, Алматыда - Шәкен Аймановқа ескерткіштер орнатылды.
Еліміздің рухани кемеңгерлерін қадір тұтып, оларға тарихи ескерткіштер орнату кейінгі жылдарыда жалғасты. Атап айтқанда, Жидебайда Абайдың мемориалдык кешені, Шымкентте Ордабасы тарихи қорығы ашылды. Алматыда, Көкшетауда Абылай ханға, Астанада әл-Фараби ескерткіші, Алматыда казақ халқының қаһарман қыздары Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың, Қаныш Сәтпаев пен Жамбылдың, А. С. Пушкиннің, Т. Шевченконың ескерткіштері бой көтерді. Астанада жаппай қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал орнатылды. Айыртауда - қазақ батырлары Қарасай мен Ағынтайға, Ресейдің Астрахан облысында - күй атасы Құрманғазыға, Ордада -Жәңгір ханға, Атырауда - Исатай мен Махамбетке, Бейбарысқа, Дина Нұрпейісоваға, Астанада - Абайға, Кенесарыға, Ақтөбеде - Әбілхайыр ханға, Қостанайда - Ахмет Байтұрсыновқа, Павлодарда - Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіштер орнатылды.
Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне Абылай хаң есімі берілді, Тараз Мемлекеттік университеті Мұхамед Хайдар Дулати атымен аталды, көптен көкейде жүрген толғақты бір мәселе - Мәдениет және мәдениеттану ғылыми-зерттеу институты Алматыда құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1999 жыл - Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды. Осымен байланысты өткен ғасырлардан жеткен орасан зор мәдени-тарихи мұраны сақтап, оны жинақтап жаңа ғасырдың игілігіне айналдыру міндеті қойылды. Бұл жағдай бірінші кезекте мәдени-тарихи құндылыктарды зерттеу, сақтау, рухани игеру бағытындагы іс-шараларға ерекше назар аударуға міндеттейді. Өйткені еліміздін аумағында 25 мыңнан астам жылжымайтын тарихи-мәдени объектілер бар, олардың 8 мыңнан астамы мемлекеттің қорғауына алынып, 10-ы ЮНЕСКО-ның Бүкіл дүние жүзілік мұраларды сақтау орталығының жасалған тізіміне енгізілген.
Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары одан ірі жалғасын тапты. Нәтижесінде 19114 адам толықтай ақталса, республика бойынша зансыз жазаланған 215 мың адам өз атына жағылған қара күйеден арылды. Қазақстандық патриотизмді, отаншылдықты қалыптастыруға бағытталған кешенді әскери-патриоттық шаралар өткізілді. Республика Қарулы Күштерінің барлық бөлімдерінде "Батырларға бағышталды" атты шаралар белгіленіп, онда халық қаһармандарын еске алу кештері, салтанатты шерулер, театрландырылған көріністер, мерекелік концерттер, ұлттық мәдениет күндері болып отті. Жастарды патриоттық тәрбиелеу ісінде, әсіресе, майдангер-жазушылар Б.Момышұлының, Д.Снегиннің, Қ.Қайсеновтың, С.Бақбергеновтың және т.б. майдангер қаламгерлердің шығармашылық мұралары кеңінен пайдаланылады.
Жеткіншектерді ұлттар достығы, ел бірлігі мен келісім рухында тәрбиелеуді мақсат еткен студенттік кештер дәстүрге айналды. Әсіресе, А.С.Пушкин мерей тойына орайластырған поэзия мерекелері, Евразия Университетінде "Алпамыс батыр" жырының 1000 жылдық тойына арналған ғылыми-теориялық конференция, ғұлама тарихшы, Орта ғасырдағы ірі мемлекет қайраткері Мұхамед Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой шараларының қоғамдық-саяси тұрғыдан тәрбиелік үлкен маңызы болды. М.X.Дулатидің өлмес мұрасы "Тарихи-и-Рашиди" еңбегі қазақ тілінде жарық көрді. "Ұлытау" қоғамдық козғалысы ұйымдастырған "Алтай-Дунай" халықаралық археологиялық-этнологиялық экспедициясы сәтті аяқталды.
Қазақстан мәдениетін дамытуда Бұқаралық ақпарат құралдары, Баспа мен полиграфияның алатын орны ерекше зор. Олардың алдында, әсіресе, сонғы жылдары мәдени мұраларды кеңінен насихаттау міндеттері қойылған. 2001-ші жылы республикада 1754 Бұқаралық ақпарат кұралдар орындары, соның ішінде, 1167 газет, 451 журнал, 121 теле және радиокомпаниялар, 15 хабар тарататын компаниялар, бірнеше ондаған баспалар жұмыс істеді. Олардың 80 пайызы мемлекеттен тыс, жекешеленген ұйымдар.
Халықтың білім бұлағы болып саналатын кітапханалар жаңа талапқа сай жұмыс істей бастады. Оларды жаңа әдебиеттермен жабдықтап, компьютерлендірудің, осы заманғы ақпараттық жабдықтармен қамтамасыз етудің мүмкіндіктері қарастырылды. Кітапхана, мұражай, демалыс орталықтары қызметкерлерін қазіргі ғылыми-техникалық және әдістемелік талапқа сай оқыту, мамандығын жетілдіру, ірі мәдени орталықтарға тәжірибе алуға жіберу шаралары белгіленді. Мәдениет комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес Түркістан қаласында мұражай қызметкерлерінің, Орал қаласында кітапхана ісі жөнінде, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе қалаларында ауыл мәдениетін дамытуға арналған республикалық және аймақтық конференциялар мен семинарлар өткізілді.
2003 жылы кітапханалар қорындағы кітаптардың жалпы саны 67,7 миллион данаға, 8,4 миллион газет пен жорналдар, ондағы оқушылардың катары 4 миллионға жетті. Әсіресе, ауыл кітапханаларының жағдайы біршама түзеліп, кітап сақтауға қолайлы жаңа ғимараттарға көшті.
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 2001 жылы жарық көрген 198 кітаптың 96700 данасын ауыл кітапханаларына тегін таратты. Бұл бастама кейінгі жылдарда да өзінің жалғасын тапты. Мұның өзі мәдениет саласындағы орталықтардың бірі болып саналатын кітап-ханалардың санын көбейтіп, олардың жұмыстарын жандандыруда едәуір игі әсерін тигізді. 1992-1995 жылдар аралығында республика бойынша мыңға тарта кітапханалар жабылып қалса, соңғы жылдары олардың көпшілігі қайтадан қалпына келтірілді. 2003 жылы елімізде 3312 кітапхана, оның 2742-сі ауылдық жерлерде жұмыс істейді.
Мәдениет салаларының дамуында, әсіресе, халық өнерінің алатын орны, атқаратын ролі ерекше. Халық өнері ел ішінде руханиятты жаңғыртуда, жоғалған дәстүрлерді қалпына келтіруде, мәдениеттің мәнін және адамның руханиятты зерделеуін барынша қамтамасыз етуге қызмет етеді. Сондықтан соңғы жылдары халық өнерінің қайнар көзі-ауыл мәдениетінің дамуына ерекше көңіл бөлінген. Осының нәтижесінде қазіргі кезде ауыл мәдениетінің үлкен аясы қалыптастырылды. 2003 жылы республикада 7838 көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыс істейді, олардың жұмысына бірнеше ондаған мыңнан астам адам белсене қатысады. Олардыд басым көпшілігі фольклорлық және отбасылық ансамбльдер, хор және драма ұжымдары. Хореографиялық және отбасылық ансамбльдер Қазақстанда тұратын халықтардың этникалық мәдениеті дамуының негізі болып табылады. Олар еліміздің көпұлтты мәдениетінің қайта жаңғыруы мен дамуы ісіне өздерінің лайықты үлесін қосып келеді. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, 370 тен астам көркемөнерпаздар ұжымына "халықтық" деген құрметті атақ берілген.
Алдағы кезенде республика мәдениетін дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, қолайлы жағдай жасау міндеті түр. Бұл елімізде шығармашылық ахуалын, өресі биік өнерге деген қажеттілікті, оны ұлттық тұрғыда өркендету, мәдени бағдарламаны жүзеге асыру, жас дарындарды тәрбиелеп өсіруде өзінің тиісті нәтижелерін беруге тиіс. Осы орайда Президент Н. Ә. Назарбаев "Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары" Жолдауында мәдениетті дамытудың айкын жолдарын "Мәдени-тарихи мұраны сақтау" деген бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Ондағы басты қағидалар:
Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау.
Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
Үшіншіден, ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық дестелер жасау.
Төртіншіден, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау.
Қорытып айтқанда, мұның барлығы Қазақстанның экономикасы оңала бастаған тұста әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселелеріне айрыкша назар аударатын кез
келгендігін, елдің болашағы мәдениетпен астасып жататындығын тағыда қадап көрсетеді.
2003 жылы республикалық бюджеттен мәдениет саласына бөлінетін қаржы көлемі 2002
жылмен салыстырғанда 52 пайызға өскен. Соңғы екі жыл ішінде бұл салаға бөлінген қаржы екі есеге дейін көбейді. Бұл қаржы мәдени саланы түгел қамтып, едәуір аяғынан тік түрып кетуіне әсер етеді. Сондықтан үкіметтің басшы-лығымен мәдениет салалары алдағы уақытта да өзінің дұрыс шешімін тауып, одап әрі дами беретініне зор сенім білдіруге болады. ^


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет