Әріп
|
Аталуы
|
1
|
а
|
а
|
2
|
d
|
д
|
3
|
g
|
г
|
4
|
k
|
к
|
5
|
n
|
н
|
6
|
p
|
п
|
7
|
s
|
с
|
8
|
v
|
у
|
9
|
в
|
б
|
10
|
e
|
е
|
11
|
j
|
и
|
12
|
l
|
л
|
13
|
ŋ
|
ң
|
14
|
q
|
қ
|
15
|
t
|
т
|
|
Реті
|
Әріп
|
Аталуы
|
16
|
ь
|
ы
|
17
|
c
|
ш
|
18
|
Ƣ
|
ғ
|
19
|
I
|
і
|
20
|
m
|
м
|
21
|
o
|
о
|
22
|
r
|
р
|
23
|
u
|
ұ
|
24
|
z
|
з
|
25
|
ө
|
ө
|
26
|
ә
|
ә
|
27
|
ç
|
ж
|
28
|
y
|
ү
|
29
|
һ
|
һ
|
|
Жазылуы
Қазақ латын әліпбиі (1931)
Qaһarman papьjros tartьp otьrdь / қаһарман парыйрос тартып отырды (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 7-бет). Sьвolьc “kәlвijt” qazaq meniŋ papьrosьmdь sen urladьŋ dep, ςerde ςatqan multaq qajьŋ men Qaһarmandь salьp өtti //Сыболыш «кәлбійт» қазақ менің парыросымды сен ұрладың деп, жерде жатқан мұлтақ қайың мен Қаһарманды салып өтті (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 7-бет). Tek dьjnamьjt dуris etken cьrt ujqь cьradai acьldь // Тек дыйнамыйт дүріс еткен шырт ұйқы шырадай ашылды (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 9-бет). Dіjnәmіttь Qаһarmannьŋ qasьna qojadь// Дыйнамытты Қаһарманның қасына қойады (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 10-бет). Ьja Duvnajьp mьna sizderge alьp kele ςatqan qarςь, kәnвertti almaq вolьp ajqasqan вatьr dep kәnвertti nacalnikke вerdi // ыйа Дұунаеп мына сіздерге алып келе жатқан қаржы, кәнбетті алмақ болып айқасқан батыр деп кәнбертті нашалникке берді (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 7-бет). Ujat вolqan eken! – dep necalnik вәdik вolьp alaqtadь// Ұйат болған екен! - деп нешалник бәдік болып алақтады (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 18-бет).
Қабылданған әліпбидің артықшылығы «бір дыбыс – бір әріп» принципі қатаң сақталды;
Түркі халықтары ұстанған принцип қатал ұсталды;
Оқуға қолайлы, жазуға оңай, өте қарапайым;
кірме әріптер жоқ;
жол асты, жол үсті белгілері жоқ.
Қабылданған әліпбидің кемшілігі
Кемшілігі ретінде ә, ө, ы, ғ дыбыстарының белгілері латын стандартына сәйкес алынбаған. Сонымен Латын әліпбиіне көшкеннен кейін басы шешілмеген бірнеше мәселе туады. Ол – бас әріп мәселесі, шылаулардың жазылуы, кейбір әріптердің жазылуы, сөздердің бірге және бөлек жазылуы тәрізді мәселелер. Бірақ ең басты мәселе орыс сөздерінің дұрыс орфографиялануы болды. Орыс тілінен енген сөздер бірнеше тұрпатта жазылды. Сондықтан 1938 жылы әліпби және емлеге бірнеше өзгерістер енгізіледі. Орыс тілінен енген сөздер түпнұсқалыққа негізделе бастайды. Осы жылдардан бастап қазақ әліпбиіне в, ф, х әріптері, кейіннен олардың саны екі есе өсіп кеткені белгілі.
1938 жылғы реформа
1938 жылға дейін қолданылған әліпби жүйесіндегі бірнеше қиындықтарды шешу үшін Қазақ ССР-ның Орталық Атқару Комитеті мен халық комиссарлары Советінің және Орталық Атқару комитетінің председателі, орынбасары Н.Өмірзақов, Ы.Тәжібаевтың ұйғаруымен 1938 жылы 1 қаңтардан бастап «Қазақ әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту туралы» қаулысы жарыққа шығады [16]. Бұл қаулыда қазақ тілінің емле кодексіне біраз өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Қаулы мынадай тармақтардан тұрады: а) емленің негізгі принциптері; ә) әліппе және дыбыс жіктері; б) дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір-бірімен алмасып естілгендегі жазылуы; в) қысаң езулік дауысты ы, і-лердің жазылуы; г) и, у әріптердің жазылуы; д) орыс тілінде бар, қазақ тілінде жоқ дыбыстардың жазылуы; ж) сызықшамен жазылатын қос сөздердің түрлері; з) кейбір жалғаулықтардың жазылуы; л) бас әріптің емлесі. Осы ережеден кейін орыс тілінен енген сөздер фонетикалық принциппен емес, түпнұсқалыққа жақындық принципіне ауыстырылып жазыла бастады.
Атап айтқанда мынадай тармақтар енгізілді:
х дыбысының таңбасы әліпби құрамына ендіріледі. 1938 дейінгі әліпбиде сөздің жуан-жіңішкелігіне байланысты өзгеріп жазылып жүрген сөздер, 1938 жылдан бастап түпнұсқа принципін басшылыққа алды: колхоз – қалқоз емес, химия – қыймыйа емес, хлор – қылор емес т.б.
я дыбысының жазылуы мынадай ереже арқылы толықтырылды:
я дыбысы сөздің басында келгенде және дауысты дыбыстан соң келсе «и+а» қосындысы арқылы белгілеу (Laroslavski, Iakutia, Ideia, Ialta, Koreia т.б.)
я дыбысы дауыссыз дыбыстан соң, сөз аяғында «ия» болып келсе де «иа» арқылы беру: іspania, ximia, aksia т.б.
я дыбысы дауыссыз дыбыстан соң келгенде «иа» арқылы беріліп, егерде жіңішке естілсе тек ә арқылы беру: izolәtsia, Alәska, Tatiana, Mәta т.б.
в дыбысының таңбасы әліпби құрамына кіргізілгендіктен бәгөн, бәкзәл түрінде жазылып жүрген сөздер, түпнұсқаға жақындатып вагон, вокзал түрінде жазу;
1929 жылы ц дыбысына байланысты бір ғана ереже болды. Ал 1938 жылы ц дыбысына байланысты тағы бір ереже қабылданады. Ол ц дыбысы сөздің ортасында, сөздің соңғы позициясында келген жағдайда тс қосындысы арқылы игеру: konstitutsia, protses, printsip, sөlts т.б.
щ дыбысы дауысты дыбыстан соң және сөздің ортасында қосынды шш арқылы: Miccanino, Вlagoviccenski, Roccin т.б. Ал орыс тіліндегі щ дыбысы сөздің басында немесе аяғында және ортасында дауыссыз дыбыстан соң келсе, тек бір ғана ш әрпімен беру: Cucie, Cedrin, coloc т.б.
1938 жылы ю әрпіне байланысты ереже толықтырылады. Ережеде сөздің басында дауысты дыбыстардан соң ю дыбысы қазақ тілінің қос и+у әріптерімен (iuвilei, soiuz, kaiuta), ал барлық дауыссыз дыбыстан соң и+у дыбысы тек у әрпімен беріледі делінген (revolutsia, вudçet, вulleten). Вiuro, вiurokrat сияқты сөздер қос иу әріптерімен таңбаланады деп ескерту енгізілген.
орыс тілінің ë дыбысы сөздің басында немесе дауысты дыбыстан кейін келген жағдайда іо (iolka, zaiom) әрпімен, ал дауыссыз дыбыстан соң ө-мен белгілеу: aktөr, mantөr, pulemөt, katөl, pөlөmkin, вudөnni т.б.
ф дыбысының таңбасы әліпби құрамына кіргізілгендіктен бұрын п дыбысына алмастырылған сөздер түпнұсқалық принципті басшылыққа алып ф арқылы жазу: фабрика – пәбірік емес, физика – пійзік емес;
кірме сөздердің бастапқы позициясында келетін о, е, и, у дыбыстарын өзгертпей жазу: пролетариат – purьltarьjat // pyreletarьjat //pьroletarьjat // puraletarьjat емес. Коммунист – kөmenes, kәmenes, kәmuvnes емес.
кірме сөздердің аяққы позициясында келетін о, е, и, у дыбыстарын өзгертпей жазу: метро – метра емес, биро – бұйра емес, динамо – динамы емес, самалөт – самалұт емес.
сөздің аяғында келетін в, д, г дауыссыз дыбыстарын өзгертпей жазу: Ленинград – Ленинграт емес, актив – әктіп емес, педагог – педагок емес.
кірме сөздерде келетін екі дауысты дыбыс қатар жазылады: зоологиа – зологиа емес, театр – тыйатыр емес т.б.
орыс тіліндегі -ист қосымшасын тұрпатын өзгертпей жазу: коммунист, сотсиалист, натуралист, ал бұл сөздерге жалғау қосылғанда т дыбысын түсіріп жазу: натуралис+тің т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |