№ 14 лекция. Тақырыбы: Әріп Тәңірбергенов (1856-1924)
Қаралатын мәселелер:
Әріп Тәңірбергеновтің өмірі мен шығармашылық өнері.
Әріп Тәңірбергеновтің ақындық өнері, өлеңдеріндегі сыншылдық бағыт, дүние, өмір жайындағы өлеңдері көтерген мәселелері.
Ақын Әріп Тәңірбергенов жырларының көркемдік сипаты.
Біржан мен Сара айтысын хатқа түсіруі.
Лекция тезисі:
Ұлы Абайдың ақындық мектебінің талантты түлектерінің бірі Әріп (Мұхаметғарып) Тәңірбергенов 1856 жылы бұрынғы Семей обл. Жарма ауданындағы Жыланды ауылында дүниеге келген. Тәңірберген кедей, момын шаруа болған. Абай шәкірті, қазақ ақыны Әріп 9-10 жасынан бастап өз еліндегі ауыл мектебінде оқып білім алады, ол 1878 жылы Семейдегі уездік училищені үздік бітіреді. Зерек Әріп мұсылманшылыққа да, орысшаға да жүйрік болады, қазақ, шығыс, орыс әдебиеттерін жақсы біледі. Сондықтан да «Ғылым» деген өлеңінде ақын:
Ғылымға жас күнімнен қылдым талап,
Талпынып, төрт лұғаттан тағылым ап.-дейді.
Орыс мектебін бітірген Әріп әуелі өз елінде бірнеше жыл мұғалім болып істейді, осы кездс Абаймен жиі-жиі кездесіп, тәрбие мектебінен өтеді. 1882-1883 жылдары Жетісу обл. Сергиополь уезінде тілмаш, почта қызметкері болады. Ал 1884-1887 жылдары Шәуешек қаласында (ҚХР) орыс консулының тілмашы болып істейді. Қазан төңкерісінен кейін Әріп Алматыда, өз елінде сот қызметінде болады, тергеуші, адвокат болып та істейді. Ақын 1924 жылы күзде туған елінде қайтыс болады.
«Өзі ақын және қазақша, орысша оқыған адам. Шешендігі, тапқыр тілдігі бар ірі ақынның бірі» деп М.Әуезовтың сүйсіне бағалайтын Әріп ақыны 15-16 жасынан бастап ақындығымен аты шыға бастайды. Абай дәстүрінде жырлаған ол бірде келісіп, бірде кетісіп қалып жүруіне қарамастан, оның бойындагы табиғи дарынның құнарланып, нәрленуіне ұлы ақынның әсер-ықпалы ерекше мол. Шығармашылық ықпалы өз алдына, өлеңдерін оқып, кемшілігін сынап, мінеп, кеңесші ұстаз райында да көп көмегін тигізгені ақиқат. Бәлкім осы жағдай өз әсерін тигізген болуы керек, кемеңгер ұстаз үлгісі Әріптің төлтума өлеңдерінен ғана емес, тіпті аударма еңбектсрінен айқын аңғарылып жатады.
Талантты, суырыпсалма жас бірнеше рет ақындар айтысына түсіп, жеңіске жетеді. Оның Көкбай, Әсет, Сәдір, Боранбай, Қуанышбай, Қаумст т.б ақындарымен айтысқаны тарихтан мәлім.
Көп ақындар секілді Әріптің де алғашқы ақындық қадамы - жастық-махаббат, әзіл-қалжың, айтыс өлеңдермен басталады.
Ол Шығыс елінің қызықты хикаяларына еліктеп, "Зияда-
Шаһмурат"(1884), "Қисса-и-Баһраш" т.б. ғашықтық дастандар жазады.
Алайда 1889 ж айтылған сыншы Абайдың әділ сынынан кейін қисса
жазуын тоқтатып, өз заманындағы әлеуметтік өмір шындығын жырлауға бет
алды, еңбекші елдің жаршысы бола бастайды. Ел қанаушыларды
әшкерелейді ("Серікбай қажыға", "Қабдолла биге","Тәуірбек болысқа","Байларға" т.б.). Сонымен қатар әйел теңдігі, адал еңбек, ғылым-білім туралы өлеңдер жазады. Әріп Тәңірбергенов Жетісу жерінде қызмет істеп жүрген кездерінде жыр алыбы Жамбылмен, оның "пірі" Сүйінбаймен және Жетісудың саңлақ ақыны Сарамен жақсы таныс болған, көңілдері жарасып, Сараға арнап ұзақ өлең де жазады. 1895 жылы "Біржан-Сара айтысын хатқа түсіріп, үлкен, тарихи маңызы зор іс істейді. 1913 жылы 'Тәуке-Үрқия" атты айтыс-дастанын жазады.
Әріп АС.Пушкиннің "Евгений Онегин" романын өлеңмен еркін аударма жасайды және Лермонтовтың Пушкин өлгенде жазған "Ақын өліміне " деген өлеңін де қазақ тіліне аударады.
Қазан төңкерісінен кейін де қарт ақын шығармашылық талантын тоқтатпай, жыр жазумен болды. Атап айтқанда: " Париж коммунасы (1924), "Жұмыскердің көсемі", "Асқар белім", "Ленин өлгенде" (бәрі 1924) т.б. өлеңдер жазды. Бәрі өз кезінде баспасөзде ("Еңбекші қазақ" "Социалистік Қазақстан") жарияланды, ілтипатпсн оқылды, құрметке бөленген шығармалар,
Әріп ақынның "Зияда" поэмасы кітап болып басылғанда қисса "Зияда-Шамрат" деген атпен басылып шыққан. Ол поэмаға ақын өзінің аты-жөнін ашық жазбаған. Жасырып ат қойған. Поэма-қиссадағы Мысыр патшасынан ұлы Шамрат, қызы Хуралы, Бағдат патшасының жалғыз ұлы Зияда - бәрі де ізгі жүректі, махаббатқа, достықты қастерлейтін жандар.
Бұл поэмада өлеңдер көп ретте диалог, монолог, айтыс, беташар тәртібінде келеді. Мұнан қисса авторының қазақ ауыз әдебиетімен, еуропалық әдебиет салт ережесімен таныс екені байқалады. Зияда түс көріп, Хуралыға ғашық болып, Мысырға бара жатқан сапарында елсіз жапан далаларға, шексіз теңіздерге, қалың ормандарға, тағы адамдарға, жабайы жыртқыш аңдарға, айдаһар жыландарға кездеседі. Автор осыларды келістіре суреттеп, өзінің география, зоология ғылымымен таныстығын аңғартады. Пароход, мрамор т.б. орыс сөздерін де сәтімен қолданады.
Қисса ішінде кездесетін жеке сөздер, теңеу, салыстырулар,өлең ұйқастары оны жазған кісінің Абай шығармаларымен таныс екендігін, ұстаз акыннан үлгі алғанын дәлелдейді. Мысалы, автор:
Бір хабарын білемін деп,
Мен ақ сұңкар, ол аққу.
Көп көлдерден көрінсе,
Көлденсңнен ілем деп (6- бет)
Ғашықтан маған жетксн ғасіретлі ак,
Түсімде бір қыз салды ішіме шоқ. (8-бет), - деп Абай тенеулерін
қолданады, өлеңінің сөзін Абайша құрастырады.
Автор киссасының әр жерінде әйелді, Хуралыны былайша суреттейді.
Ақ маңдай, қас зубаржат, көзі гауһар,
Нәзік көз, киғаш кара қабағы бар (3-бет)
Ханшаның отыз тісі меруерттен,
Мүшесі, кеудесі алтын зүбар жаттан(4)
Інжу тіс, нәзік белі, гауһар сүйек,
Сүмбіл шаш, лағыл мойын, алтын иек (27)
Бүл үзінді қисса авторының араб, парсы әдебиетін, тілін жақсы білетінін көрсстеді. Әрін ақын осы "Зияда" деген ертек-аңыз, фантазиялы-рамантикалы поэмасын 1884 жылы Абайға оқып бергенде, катты ренжиді. Сол орайда (1889) жылы өзінің әйгілі "Мен жазбаймын өленді ермек үшін" деген өлеңін жазады. Ақын осы өлеңде өз маңындағы ақындарга, әсіресе Әріпке:
Мен жазбаймын өленді ермек үшін,
Жоқ, барды ертегіні термек үшін...
Сөз айттым әзірет Әлі айдаһарсыз,
Мұнда жоқ алтын иек сары ала қыз... деп сын, ескерту айтады.
Бұл туралы М.О.Әуезов 1940 жылы жарық көрген А. Құнанбаевтың толық жинағына жазган алғы сөзіне былай дейді: "Сыбан Әріп ақын "Зияда" деген қиссасында сұлу қызды сипатаймын деп, иегі алтын, көзі гәуһар деп, мақтауын асырып, түсіне қарамай, асыл тастарды санай берсе керек. Абай "Мұнда жоқ алтын иек, сарала кыз" дегенді соған айтқан» .
Ұлы Абай өленді ермек үшін, термек үшін жазбай, нақтылы өмірді, қазақ өмірінің шындығын бүгінгі хал-ахуалын, ұл-қызын суреттеп, сол арқылы халыққа ақыл үшін, жол нұсқау үшін жаз дейді.
Әріп акылды аға, асқан ақын Абайдың осылай айтылған қатты әрі әділ сынына намыстанып қынжылған, әрі мойын ұсынган. Көп сабақ алған.
Әріп ақынның сонымен қатар әр алуан тақырыпқа жазған көптегсн ұсак өлеңдері бар. Оларды жазылу мерзімі жағынан үш топка бөлуге болады. Бірінші, XIX ғасырда жазған өлендері, екінші, ғасыр басында жазған өлеңдері (1917ж) үшінші төңкерістсн ксйінгі өлеңдері. Ақын XIX ғасырда көбінесс киссалар, айтыс өлеңдер жазган өлендерінің бәрі дерлік арнау болып келсді. Ол өлеңдсрін кұрбы-құрдастарына, балалары мен шәкірттеріне арнап насихат, мысал, нақыл, әзіл етіп жазады. Олардын мазмұны заман, дүние, дін, адамгершілік, абырой, мінсз-құлық оқу, байлық т.б. болып келеді.
Ә.Тәңірбсргеновтың XX гасыр басында, яғни төңкерістен бұрын жазған ұсақ өлсңдсрі әрі көп, әрі олардың көбінің тақырыбы күнделікгі, нақты өмір, казақ өмірі, олардың кейбір түйінді мәселелері болып келеді. Акынның орыс халқының классикалык әдебиетінен, Абайдың сынынан, ғибратты шығармаларынан үлгі, өнеге алғаны аңғарылып жатады. Әріп ақын бүл кезде реалист, оның ішінде сыншыл реалист деңгейінс дейін көтсрлгснін байқауға болады. Осы кезенде жазған ұсақ өлендерінің ішіндегі тақырып идеясы жағынан болсын, көлем-көркемді жагынан болсын ең манызды, көрнекгілері болып "Еңбек туралы", "Қалың мал туралы", "Ғылым туралы" дейтің өлеңдерін айтуға болады
1905 жылы жазылган "Еңбек туралы" өлеңінде былай дейді;
Байлар жүр мансап іздеп құр далақтап,
Көрінбей малы көзге жүр алақтап.
Би тек болыс көрінсе қошсмет кып,
Қой сойып, ет тартар қос табақтап.
Өз обалың өзіңе тоқталмасақ,
Ет, қымызбен боп жүрсің бәрің мазак,
Аузында ұстап, саныңды бір қағазың,
Тиылып бұл әдеттен басылмасаң.
Сөйтіп, қазақ арасындағы бектік-фсодалдық қалыпты сынайды. Ел ағасы адамдарының қанаушылык, озбырлық, надандық т.б. мінез-кылықтарын, іс-әрекеттерін өткір түрде әшкерелейді. Халықты еңбекке, өнеге, кәсіпке, ілгері ұмтылуга шақырады.
Ақын Әріптін 1910 жылы жазылған "Қалың мал туралы" өлеңінде ескі ру-аксақалдык салт-санасын, ғүрып-әдетін сынға алады. Қазактың әйелді кем көру теңіне, сүйгеніне бсру, зоррлап малға сату, әйел үстіне, малға беру сиякты келеңсіз әдеттерін аяусыз айыптайды. Әйелге адамгершілік көзбен карауды, адамның бас бостандығын, әйел тендігін көксейді, талап етеді. Мысалы:
" Теңін тап та тегін бер! "-түгел жүртым,
Аумас көңіл, айнымас жүрек осы.
Жас қызды алпыстағы шал алады.
Әйел тағы тағы кем саналады.
Әлгі шалда үш қатын бұрын болса,
Мал беріп, төртінші ғып ала алады.
Әке, шешс, ағасы ұнап қойса,
Олардан жас кыз кайтып қала алады.
Ақынның мысалдап, балаларына өсиет етіп жазган. "Ғалым туралы " өлеңі 1906 жылы жазылған. Әріптің жалпы алғаңда оқу, өнер, ғылым туралы шығармалары, айтқан үгіт насихаттары өте көп. Ал бұл өлеңі солардың бәрінің жинағы, ақынның қорытынды пікірі тәрізді.
Соңдыктан Әріптің бұл өлеңі тек балаларына ғана емес, бүкіл жастарға, халыққа айтқан өсиеті секілді. Ол былай суреттеледі.
Мысалы: дүние-теңіз, ғылым - кеме,
Кемесіз терең суға түсем деме.
Толқыны тауға ұқсаған мына заман
Сезе ме мұны даңғой, жаһіл неме.
Қорыта айтқанда, Әріп Тәңірбергенов өзінің жазушылық сындарын насихат, арнау өлең, жырлар мен ескі, ғажайып ертек, аңыз сюжетіне бұрынғы шығыс әдебиеті стилінде қисса, дастан жазудан бастады. Одан кейін Абай сыны, кеңесімен, әсерімен бірте-бірте демократтық, реалистік бағыт, әдіске келді, сыншыл реализм дәрежесіне дейін көтерілді. Халық өмірінің айнасы болатын шығармалар жазған ақын XX ғасыр басындағы әдебиеттің ірі түлғаларынын бірі болып саналады, жасай береді.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 том. 6 кітап. А., Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы. 1962 – 1967 жылдар.
2. Нұрпейісов Н. Дүрбелеңді дәуір зерттеушісі. Шымкент.2002.-92 б.
3. Қалижанұлы. У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. А., «Білім», 1998. -256 б.
4. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., «Ғылым», 2001. -448
5. Бейсенғалиев З. ХХ ғ.б. қазақ прозасы А., 1989
6. Сыдиықұлы. Қ. Халқымен қайта табысқандар. А., «Ана тілі», 1997.
7. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А., «Қазақ университеті», 2002. -430 б.
8. Дербісалин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. А., 1966
9. Ергөбек Қ. ХХ ғ.б. әдебиет /хрестоматия/ А., 1994
10. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Оқулық. –Алматы: Білім, 1993.
11. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. А., «Аруна», 2005. -576 б.
12. НұрпейісовН. Е.Ысмайылов және қазақ әдебиетінің кейбір мәселелері. Шымкент.2005. -160
13. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. А., «Білім», 1995.
14. Жабағин Т. С.Торайғыров шығармаларын мектепте оқыту методикасы. А.Рауан. 1991.
15. Нұрпейісов Н. Әдебиет және сын мәселелері. Шымкент.2009. -180 б.
16. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А., «Қазақ университеті», 2002. -430 б.
Достарыңызбен бөлісу: |