Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет19/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

 
№ 2 Лекция 
Тақырыбы: Психика және сана 
Жоспары:
1. Психика туралы жалпы ұғым.
2. Ми және психика.
3. Сананың құрылымы мен мазмұны 
4.Сана және бейсаналық 
5. Сана және өзіндік сана. 
Қысқаша теориялық мәлімет:
1.
Психиканың пайда болуы, яғни генезисi және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз 
байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөнiндегi 
мәселенiң теориялық ерекшелiктерiмен сипатталады. Аталған проблема бойынша ғылымда бiрнеше 
теория-лық бағыт қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасында философия-лық ой-пiкiр тарихында Р. 
Декарт есiмiмен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық "антропопсихизм" бағдары. Оның мәнi 
психиканың пайда болуы адамның келiп шығуымен байланысты. Психика тек адамға тән қасиет. 
Осылай пайымдаудан адам психикасының бiз бiлетiн тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа 
шығарылды. Мұндай пiкiр қазiргi күнде де өз қолдауын табуда. Бұған қарама-қарсы, екiншi теория 
"панпсихизм", яғни бүкiл табиғаттың жан-рухани қасиетке иелiгi жөнiндегi ұғым. Бұл бiрiне бiрi қайшы 
екi көзқарастың аралығында кеңiрек өрiс алған "биопсихизм" теориясы бар. Биопсихизмшiлдердiң пiкiрi 
- психика жалпы материяның қасиетi емес, ал оның тек жанды бөлегiне ғана тән нәрсе. Қойылған 
проблеманың шешiмiне орай өрiстеген және бiр көзқарас психика барша жанды материяның қасиетi 
емес, ал олардың арасындағы жүйке жүйесiне ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұндай тұжырым 
"нейропсихизм" деп аталған. Ғылыми психология аталған тұжырымдардың бiрде-бiрiн толығымен 
құптай алмайды. Оның дәлелдерi тiптi басқаша психологияның туындауы жөнiндегi мәселенiң шешiмiн 
өмiрдiң өте күрделi формасы - психиканың туындауына себепшi болған жағдайларды зерттеп танумен 
байланыстырады. Тiршiлiктiң пайда болуының негiзгi шарты - қоршаған ортамен тұрақты зат алмасуға 
икемделген күрделi ақуызды молекулалардың түзiлуi. Өздерiнiң тiрлiк қалпын сақтап қалу үшiн олар 
қоршаған ортадан қорек заттарды сiңiрiп, сонымен бiрге қалыпты өмiрiне зиянды қорытылған қорек 
қалдықтарын сыртқа шығарып отырады. Ассимиляция және диссимиляция деп аталған бұл екi процесс 
зат айналымының құрамды бөлектерi болумен күрделi ақуызды түзiлiмдердiң негiзгi жасау шарты 
болып табылады. Бұл өте күрделi ақуызды молекулалар, каоцерваттар, пайдалы коректер мен оларды 
қорытуға немесе өмiрiне қауiп туғызатын не зиянды әсерлерге жауап бергiзетiн ерекше қасиеттерге ие. 
Мысалы, мұндай молекулалар тек қоректiк заттарға ғана емес, сол заттарды қорытуға себебiн тигiзетiн 
жарық пен жылуға да ұнамды әрекетпен жауап бередi.
4.
Адам өзiнiң iшкi дүниесiн құрайтын көптеген бiлiм-бiлiктердi, қатынас толғаныстарды әрдайым 
сезе бермейдi. Содан бейсана әр адамның психикалық болмысының ажыралмас құрам бөлiгi. Ежелден-
ақ ғалымдар бейсананы қылық-әрекет, сырқат, нәсiлдiк, көңiл-күй табиғаты, өнер, адам ара- қатынастар 
проблемаларын қарастыру мен топтауда ескерiлуi қажет фактор екенiн мойындаған. Бейсананың көп 
жағдайларды түсiндiруге қажет екенiн бiлгенмен, оның ерекшелiктерi мен заңдылықтарын танып 


бiлудiң жолын ешкiм ұсына алмады. Ғылымдағы бейсанаға орай бұл қалып З. Фрейд еңбектерi 
арқасында өзгере бастады. Бейсана проблемасының осы заманғы ғылыми түсiнiгi негiзгi екi бағытқа 
бөлiнедi: психоанализ теориясы (З. Фрейд) және астарлы психикалық нұсқаулар теориясы. Психоанализ 
бойынша сана мен бейсана психикалық әрекеттiң бiр-бiрiне тiкелей қарсы, өзара сиыспайтын 
элементтерi. Ал нұсқаулар теориясы, керiсiнше, психиканың тұтастық идеясын дәрiптеумен, адам 
қасиеттерiнiң бiрлiктiгi туралы түсiнiктi арқау етедi. Бейсана табиғаты жөнiндегi бүгiнгi ғылыми пай-
ымдаулар келесiдей: Ашық сана аймағында сыртқы қоршаған орта мен организмнiң iшкi әлемiнен бiр 
уақытта келiп түсетiн сигналдардың кiшкене бiр көлемi ғана өз бейнесiн табады. Осы айқын санаға 
бiлiнген сигналдарды ғана адам өз әрекет-қылығын басқару үшiн пайдаланады (Р. М. Грановская). Ал 
қалған ақпарат - сигналдар да организм тарапынан кейбiр процестердi реттеу үшiн қолданылады, бiрақ 
оны адамның өзi әрдайым сезе бiле бермейдi, яғни ақпарат - сигналдар бейсанаға өткен. Бүгiнгi ғылыми 
түсiнiкте сана мен бейсана үйлесiмдi бiрлестiк жағдайында қызмет жасайтыны қолдау табуда. Әрекет - 
қылық бағдарын таңдауға немесе жаңа шешiм қабылдауға кедергi болатын жағдайлар туындағанда 
астардағы бiлiм - бiлiктер мен iс тәсiлдерi айқын сана шеңберiне шығып, мәселе шешуге араласады. 
Қойылған проблема өз жауабын табумен олар қайта астарға өтедi де, айқын сана келесi проблемаларды 
күту үшiн босайды. Өмiрдiң әр мезетiнде барша процестiң құрттай бөлiгi ғана саналы реттелуiне 
қарамастан, сана өз кезегiнде бей жүретiн процестерге де ықпалын тигiзiп отырады. Бейсана айқын 
сананың тiкелей қатысынсыз өтiп жатқан әрекеттердi реттеуге басқаруға қажет болған барша 
факторларды бiрiктiредi. Бейсана аймағына, зерттеушiлердiң пайымына жүгiн-сек, және басқа да 
құбылыстар жатады: ұйқы кезiндегi психикалық әрекет (түс, лунатик); тiкелей байқалмаған 
тiтiркендiргiштерге жауап әрекет (түшкiру, қалтырау); дағдыға айналған қозғалыс әрекеттер (домбыра 
тарту, гимнастика әрекетi); саналы мақсаты болмаған кейбiр әрекеттiк ықпалдар (сәлемдесу әдетi, 
жақсылық және жамандық iсiне кiрiсе кету) және т.б. Бейсананы психиканың төменгi сатысы ретiнде 
тану дүрыстыққа келмейдi, себебi бұл адамға ғана тән ерекше психикалық құбылыс болумен, ол адам 
санасының қоғамдық шарттарына орай себептi пайда болып, онымен үзiлмес байланыста түрады. 
5.
Адамның өзiне, өз "менiне" қызығуы ежелден-ақ зертеушiлердiң ерекше назарын тартқан. Кiм 
бiледi, психо-логияның ғылымдық сатыға көтерiлуiнiң өзi де осы қы-зығудан болар. Адам жан дүниесi, 
оның өзiндiк санасы әрдайым тек ғалым-философтардың ой талғауында ғана болып қоймастан, оны 
жазушылар мен суреткерлер де өз шығармашылығына арқау еткен. Адам әрекет-қылығы барша уақытта 
оның өзi жөнiндегi ұғымы мен бейнесi және болашақтан күткен образымен байланысып келген. 
Адамның өзiндiк санасы - шексiз, күрделi пробле-малардан. Әрқандай тұлға сан қырлы өз "Менiнiң" 
көптеген бейнесiне ие: дәл осы мезетте адам өзiн қандай деп бiледi, болашақтағы өзiнiң идеялық "Менi" 
жөнiнде не ойлайды, осы "Мендi" басқалар қалайынша таниды. Таным субъектi болудан, адам өз санасы 
аясында зерттелушi объект. Өзiндiк сана дегенiмiз не? Бұл мәселенi зерттеушi ғалымдардың бiрi 
И.С.Кон былайша түсiндiредi: "Әрбiр дара адамның өзiн өзi iс-әрекет субъектi ретiнде тануға жәрдем 
ететiн психикалық процестердiң жиынтығы - өзiндiк сана деп аталады, ал оның өзi жөнiндегi өз 
ұғымдары белгiлi бiр "Мен" бейнесiн құрайды". "Меннiң" психологиялық мәнiн А.Г.Спиркин келесiдей 
сипаттайды: "мен" түсiнiгi өз санасының нұрымен сәулелендiрiп, өзiн-өзi қабылдаған, таныған және 
сезген жеке адамды бiлдiредi". "Мен" - психикалық өмiрдi реттеп барушы принцип, өзiндiк бақылауды 
жүргiзушi рухани күш; бiздi өз мәнiмiз бойынша бүкiл әлемге, қоршаған адамдарға, ең бастысы, өз 
санамызды өз бағалауымыз бен танымымызға орай өзiмiзге ашып беретiн әр адамның тұтастай 
болмысы. "Мен" бейне - жеке адамның санасында бiр қалыпта бекiп қалған түсiнiк не бiлiк емес, ол өте 
қозғалмалы, өзгермелi "мен" күйiнде қабылдануы мүмкiн. Сонымен бiрге, "мен" бейне әлеуметтiк 
заңдарға, қоршаған адамдардың қалауына сай кемелденген, болашақ идеал "мендi" де аңдатуы заңды. 
Және бiр жағдайда бұл "мен" - қолынан келсе, "тау қопарып, теңiз жұтатын" фантастикалық тұлғаның 
бейнесiне сәйкес болуы да әбден ықтимал. Ал осы өзi жөнiндегi қияли ұғымдар санада басымдау болып, 
әрi олар ниеттелгендi жүзеге асыру үшiн қажеттi әрекеттермен ұштаспаса, көздеген iстiң шырқы кетiп, 
сана қисынсыз өзгерiстерге келедi, ақырында, қиялданған ниет пен шындық сәйкессiздiгiнен адам ауыр 
күйзелiске түседi. "Мен" бейненiң сәйкестiк дәрежесi жеке адамның өзiнiң өз болмысын, 
мүмкiндiктерiн, басқа адамдар арасындағы өз беделiн бағалай алуына байланысты келедi. Өзiндiк бағаға 
орай адам өз әрекеттерiн ретке келтiрiп барады. Саналы адам өз бағасын қалай шығарады? Әрбiр 
адамның қоғамдық тұлғаға айналуы бiрлiктi еңбек пен тiл қатынасының нәтижесi. Адамдағы барша 
қалыптасқан сапа мен қасиеттер басқа қауымдастық мүшелерiмен қоғамдық өндiрiс процесiне араласу 
және олармен ақпарат алмасу барысында дамып, кемелiне жетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет