Лекция.№1 Математиканы оқытуда жобалау технологиясы пәнінің мақсаттары және міндеттері



бет7/48
Дата05.01.2023
өлшемі483,33 Kb.
#165038
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Байланысты:
Лекция МОЖҚ 2

Педагогикалық модельдеу – бұл жобалаудың теориялық негіздемелерін заңдылықтар, принциптер, құндылықтар, мақсаттар, бейнелер формасында анықтау; педагогикалық жүйелердің, процестердің, жағдаяттардың құрамы мен құрылымын анықтау; құрастырылған модельдерді белгілі бір белгілік-символикалық формада көрсету процесі [2].
Педагогикалық жобалау (жоба құру) – құрастырылған модельді жобалау логикасында оны ары қарай өңдеу (детализация, декомпозиция) және одан пайдалы педагогикалық нәтиже алу механизмін суреттеуге дейін, яғни тәжірибеде қолдану деңгейіне дейін жеткізу.


Педагогикалық құрастырушылық – бұл тәрбиелік қатынасқа шынайы қатысушылардың нақты іс-әрекет шарттары мен потенциалдарын ескеретін, құрастырылаған жобаны ары қарай детализациялау.
Жоба модельдеуден, құндылықтарды, олардың кеңістігінде – мақсаттарды анықтаудан басталады. Жоба құрастырылады, оның авторлары арнайы әдіснамалық бағыттардың негізінде құндылықтардың арнайы жүйесінің аясындағы олардың мақсаттары мен жетістіктерінің өзіндік көрінісін дәлелдейді. Осыған байланысты белгілі бір формадағы жүйе ретіндегі жобалаудың объектісін және жобалау процесінің құрамы мен құрылымын ажырату қажет.
Жобалау процесінің құрамы ой-желісінің пайда болуынан пайдалы педагогикалық нәтиже алуға дейінгі «жүріп өтуге» қажетті кезеңдердің белгілі бір мөлшерімен сипатталатын жобалау логикасы сияқты өзгеше құбылыс.
Жобалау процесінің құрылымы – бұл жобалаудың жекелеген кезеңдерінің арасындағы байланыс. Бұл байланыстар әрбір келесі кезең заңды түрде алдыңғы кезеңнен шығып, келесінің орын алуын дайындайтын сабақтастық болып келеді.
Жобаның құрамы – жобаланушы педагогикалық жүйенің компоненттерін, жүйе құрушы фактор мен жүйе құрушы іс-әрекетті көрсететін және сипаттайтын құрам.
Жобаның құрылымы – бұл жобаланушы жүйенің элементтерінің арасындағы байланыстардың сипаты, оның «сәулетінің», компоненттерінің иерархиясының, жобаның жүзеге асуына қосылған субъектілердің позитивті тұлғалық өзгеру түріндегі ой-желісінен пайдалы педагогикалық нәтижеге дейінгі қозғалыстардың белгісі [2].
Педагогоикалық құзыреттілікке ие болу оқытушыға өзінің кәсіби міндеттерін білікті орындауға мүмкіндік береді. Білім алушылардың тұлғалық шығармашылық жетілуін жобалау олардың педагогикалық құзыреттілігінің дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық технологияларды ендіру тәжірибесі көрсеткендей, ҚазҰУ-да оқу процесін жетілдіру кезінде алғашқы орынға әкімшілік мәселелер қойылады, ал жоғары мектеп оқытушысын даярлау назардан тыс қалып қояды. Соның арасында, педагогтың өзгерістерді қабылдамауы және оларға психологиялық-педагогикалық дайындығының болмауы оны оқу-тәрбиелік процеске кең тарапта ендірудің басты кедергісі болып табылады.
Университет магистранттарының педагогикалық құзыреттілігінің моделін педагогикалық мамандықтар бойынша маман даярлау бағытында құрастыру оның құрылымдық компоненттерін алдын ала анықтауды талап етті. Оған бағдарламалы-мақсаттық; мотивациялық; аксиологиялық; болжамдық және іс-әрекеттік компоненттерді жатқызуға болады. Осы мақсатта жүргізілген зерттеудің логикасына сәйкес білім алушылардың педагогикалық құзыреттілігінің айқындалған әдістемелік алғышарттары мен бағдарламалы-мақсаттық координаталары 1-суретте көрсетілгендей өзара тәуелділікте болады.

Университеттік педагогикалық білім беру саласындағы педагогикалық құзыреттілік ең алдымен, жоғары мектептегі педагогикалық процесте меңгерілетін, игерілетін білімдер мен іскерліктердің нәтижесі болып табылады. Оның негізінде білім алушылардың тұлғалық психофизиологиялық ерекшеліктерімен қоса табиғи нышандары, қызығушылықтары мен мүмкіндіктері жатыр [1]. Осы жерде айта кетер жайт, педагогтың кәсіби қызметтерінің ерекшеліктеріне сай жоғары мектеп оқытушысы өзінің кәсіби міндеттерін атқару кезінде алдыңғы орынға өзінің жеке қажеттіліктері мен қызығушылықтарын емес, өзінің жеке қызығушылықтары, әлеуметтік ортаның қажеттіліктері және оның іс-әрекеті мен тұлғасына деген мамандықтың талабы кіріктірілетін рефлексияның мақсат қоюшылығы мен рационалдығын шығарады. Осылайша, жоғары мектеп оқытушысы мамандығын және одан кейінгі осы саладағы кәсіби іс-әрекетті игерудегі мотивация магистранттың ішкі қажеттіліктерінен ғана емес, оның мақсат қоюшылығынан да туындайды. Осы айтылғандардан магистранттардың бойында жоғары оқу орнының және тұтас қоғамның қажеттіліктеріне сәйкестендірілген жеке қажеттіліктерді саналы, мақсатты түрде жүзеге асыру орын алады деп тұжырым жасауға болады.
Студенттер мен магистранттардың педагогикалық құзыреттілігін жоғарылатудың кешенді мақсатты бағдарламасы нәтижесінде өз бойына педагогикалық процесті жоспарлауды, ұйымдастыруды және басқаруды үйлестіретін оның дамуының моделіне айналады. Ол келесідей бағыттардан тұрады:

  • студенттер мен магистранттардың ізденушілік-зерттеушілік іс-әрекетінің дамуы;

  • студенттердің, магистранттардың және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық құзыреттілігінің педагогикалық ғылым мен педагогикалық тәжірибенің жетістіктерінің негізінде үздіксіз жетілуі.

Кәсіби маманданудан білім берудегі жұмыстың, яғни оқытушылық, диагностикалық, жобалаушылық, басқарушылық сипатымен негізделетін ерекше іс-әрекеттік элементтерді бөлу туралы идея педагогикалық іс-әрекет саласындағы тар мағынадағы кәсібилік тұрғысынан алғанда жемісті болып табылады.
Кәсіби-педагогикалық қызметтердің ерекшеліктерін ұғынудың нәтижесінде жоғары мектеп оқытушысының кәсіби іс-әрекеті – оның жеке қажеттіліктері мен қызығушылықтарының жүзеге асуы емес, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктері кіріктірілетін рефлексияның мақсат қоюшылығы мен рационалдығының көрініс табатындығын байқаймыз. Басқаша айтқанда, кәсіби-педагогикалық іс-әрекет мотивациясы тек ішкі қажеттіліктерден ғана емес, мақсат қоюшылықтан да туады. Бұл микро және макро қоғамның (жоғары оқу орны және тұтастай қоғам) қажеттіліктерімен сәйкестендірілген жеке қажеттіліктердің саналы, мақсатты түрде жүзеге асуы.
Жоғары оқу орнының қызығушылықтары мен қажеттіліктері – бұл білім алушылардың кәсіби білімдер мен іскерліктерде жүзеге асырылған қажеттіліктері. Университеттің педагогикалық ұжымының кәсіби іс-әрекетінің ерекше аймағын білім алушылардың өзіндік кәсіби ұйымдастыруын басқару процесі құрайды. Оның құрамына: а) шығармашылық: ғылыми, көркемдік, техникалық, спорттық, әкімшілік-коммуникативті қабілеттердің дамуы; б) қарапайым психикалық өзіндік реттеудің дағдыларынан, өмір тәртібін, күн тәртібін ұйымдастырудан, оқу мен қарым-қатынастағы табандылық, рационалдылық сияқты қасиеттерден, туындаған мәселенің шешімінің түрлі нұсқаларын іздеуден тұратын өзіндік ұйымдастыру дағдыларының қалыптасуы; в) өзіндік реабилитация дағдыларының, денсаулықпен баланысты дағдылардың қалыптасуы кіреді.
Жоғары мектеп оқытушысының моделі – бұл оның эмпирикалық өлшенетін қырлары мен сапаларының бейнесі емес, жоғары оқу орнының педагогикалық процесінің нәтижесінде алынуы тиіс оқытушының эталоны. ЖМО моделі университет түлегінің іс-әрекетінің жай-күйі мен мазмұны туралы нормативті көзқарас сынды. Осы модельдің қалыптасуы білім берудің мазмұнын анықтауға ғылыми негідемелі түрде жақындауға мүмкіндік береді [2].
Құрастырылған модельде (2-сурет) тұлғалық, өнегелік, дидактикалық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және гностикалық қабілеттер, жобалаушы және консруктивтік іскерліктер, педагогикалық техника мен ғылыми ойлау элементтерін тәрбиелеу сапаларының тобын қамтитын оқытушы тұлғасының кәсіби маңызды сапалары көрсетілген.
Аталмыш модельдің параметрлерінің толық тізбегі жоғары мектеп оқытушысының 100 кәсіби маңызды сапаларынан тұрады. Оларды жеті топқа: дидактикалық, ұйымдастырушылық, гностикалық, тәрбиелеушілік, өнегелік, тұлғалық және педагогикалық техника сапалары деп бөліп қарастыруға болады. Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасының кәсіби маңызды сапаларының осылайша орналасу реті университет оқытушылары мен магистранттарына суалнама жүргізу нәтижесінде жүзеге асты. Сондай-ақ, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби маңызды сапалары топ ішінде де тәртіпке келтірілген.
Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі тұрақты тиімділікті еңбек сипатынан, түрлі жанжалды жағдайларда кәсіби мәселелердің адекватты рационалды шешімін табу қабілетінен көрінеді. Берілген анықтамалардан құрылымды түрде кәсіби-білімдік, кәсіби-іс-әрекеттік, тәжірибелік және кәсіби-тұлғалық компоненттерді бөліп қарастыруға болады. Бірнеше авторлардың зерттеулерін талдай отырып, кәсіби құзыреттілік ұғымына: Кәсіби құзыреттілік – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін жеткілікті білімдер,іскерліктер, тәжірибе мен өнегелік ұстанымдарды бейнелейтін жоғары мектеп оқытушысының іскерлік және тұлғалық сапаларының кіріктірілген сипаттамасы, – деген анықтама береміз. Біздің пікірімізше, «квалификация», «кәсібилік» және «құзыреттілік» ұғымдары тұлғаның кәсіби дамуындағы деңгейлік ұғымдар болып табылады, алайда, кейбір жағдайда олар атқарылатын іс-әрекет түріне байланысты параллельді жағдайда бір деңейлі болуы мүмкін.

Жоғары оқу орнының оқытушысының кәсіби құзыреттілігін құраушы факторлардың бірі оның педагогикалық шеберлігі болып табылады. Оның құрамына кәсіби ойлау, кәсіби-педагогикалық іскерліктер, педагогикалық техника, кәсіби импровизация, өзіндік реттелу және басқа да компоненттер кіреді. Мұндай шеберліктің іргетасы кәсіби-педагогикалық білімдер болып табылады.
Кәсіби құзыреттілік функционалды сауаттылық деп аталатын басқа педагогикалық сипаттама үшін негіз болып табылады. Білім беру жүйесінің алдына аса өткір дилемма шықты, ол тар мамандану немесе кең білімдарлық, құзыреттілік немесе жан-жақтылық. Осыған байланысты үздіксіз білім беру контексінде сан алуын формалар мен деңгейлердің функционалды сауаттылығын диагностикалаудың және өлшеудің ғылыми негізделген әдістемелерін жасау үлкен маңызға ие болады. «Функционалды сауаттылық» ұғымы өткен жүзжылдықтың алпысыншы жылдарының соңында ЮНЕСКО-ның құжаттарында пайда болып, кейіннен зерттеушілердің қолданысына енді. Бұл ұғымның құрамына функционалды-өндірістік, функционалды-қоғамдық, функционалды-мәдени, функционалдытұрмыстық, экологиялық және басқа да түрлер мен олардың өзара әрекеттестігі кіреді. Қазіргі таңда кең көлемді практикалық қолданыстағы ақпараттық-лингвистикалық сауаттылық жетекші орынға ие болды.
Университеттік педагогикалық білім беру саласындағы педагогикалық құзыреттілік ең алдымен, жоғары мектептегі педагогикалық үдерісте ұғынылатын, меңгерілетін, негізінде магистранттардың табиғи нышандары, қызығушылықтары мен мүмкіндіктері, олардың тұлғалық-физиологиялық ерекшеліктері жататын білімдер мен іскерліктердің нәтижесі болып табылады (3-сурет).

Біздің мемлекетте болып жатқан демократиялық құрылымдар процесіндегі заманауи университеттік білім берудің даму мәселесі университеттерді кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағыттайды, себебі ол қоғамды гуманизациялаудың және гуманитаризациялаудың маңызды тәсілі болып табылады. В.А. Сластениннің пікірінше, педагогикалық мамандықтың тарихи орныққан екі әлеуметтік қызметі бар – адаптивті және гуманистік. Адаптивті қызмет тәрбиеленушінің замануи әлеуметтік-мәдени жағдайлардың нақты талаптарына бейімделуімен, ал гуманистік қызмет – оның тұлғасының, шығармашылық индивидуалдығының дамуымен байланысты [3]. Осының негізінде шығармашылық және әлеуметтік өмірлік іс-әрекетке белсенді қатысу, өзіндік дербестік дағдыларының дамуын талап ететін тұрақты кәсіби және азаматтық жетілуді,саналы қабылдауды қамтамасыз ететін жоғары мектеп оқытушысын даярлауға жүйелі бағыттылықты ұйымдастыруға негізделген болашақ мамандардың динамикалық біліктілігін қамтитын заманауи университеттік білім берудің ерекшеліктерін нақты бөліп көрсетуге болады. Жоғары мектеп оқытушысын әлеуметтік сабақтастық субъектісі ретінде қарастыру керек, себебі ол әлеуметтік мұраны белсенді қалыптастырушы әлеуметтік іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан тасымалдаушысы болып табылады. Адамдардың материалды және рухани іс-әрекеттерінің дамуының белгілі бір деңгейінде ақырындап, философтар әлеуметтік жады деп атайтын әлеуметтік мұраның мазмұны өрнектелуде, ол университеттік білім беру үшін де өте құнды.
Жоғары оқу орындарында оқытушы даярлау процесі, өндірістік мақсатты шешу бағыты мен оқыту тақырыптарының бірлігіне, құзыреттілік пен кәсіптік біліктілікті, әлеуметтік ұстанымдарды үйлестірсе, табысты болады деген қорытынды жасауға болады.
Қазіргі дидактикада неғұрлым кең тараған және дәлелденген, біздің пікіріміз бойынша, В.В. Богданов ұсынған үш деңгейлі модель: шынайы болмысты, әртүрлі саланы қамтитын энциклопедиялық (когнитивтік) білімге сүйену; прагматикалық мақсатқа жету үшін тілдік құралдарды пайдалану; сөйлесім және мәтіндік байланыс орнату [4].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет