Лекциялар: 30 сағат Семинарлық сабақтар: СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны 90 сағ



бет3/6
Дата11.01.2017
өлшемі1,11 Mb.
#6847
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Лекция 4



Тақырып: 4

Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы
Жоспар: 1

1. Азаматтық ұғымы және Қазақстанда азаматтықты алу-жою



  1. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері.

Заң ұғымы ретінде жеке тұлғаның конституциялық тәртебе құрылымына мынадай компоненттер кіреді.



    1. азаматтық;

    2. негізгі құқық, бостандықтар, заңды мүдделер мен міндеттер;

    3. құқықтық мәртебенің кепілдіктері. Осы компоненттерді жеке-жеке қарастырайық.

Азаматтардың жалпы мәселелері – Азаматтықты әлеуметтік – саяси құрылыс ретінде қарастырған жөн, өйткені ол қазіргі заманғы мемлекеттіліктің құрылуы мен өмір сүруін білдіретін факторлардың бірі болып табылады. Егер азаматтықты адам мен мемлекеттің саяси және құқықтық байланысы ретінде түсінік, онда құбылыстың тұтастық сипаты туралы мәселе түсіп қалады. Азаматтық оған тән барлық сипатты белгілерімен, қырларымен тұтас әлеуметтік – саяси құбылыс ретінде өмір сүруін тоқтатады және өзіндік жекелеген құбылысқа айналады. Мұндай жағдайда біз азаматтықтың мәнін, маңызы мен ролін, өркениетті мемлекеттің өмір сүруі жағдайында оның обьективті қажеттігін анықтау мүмкіндігінен айрыламыз. Оның үстіне, азаматтық мемлекетте өз аумағы шегіндегі, сондай-ақ сыртқы қатынастардағы барлық көріністерімен қатысты болады.

Азаматтық пен азамат ұғымының арасындағы айырмашылықты көз алдымызға әкелу үшін құқық ұғымы мен құқықтық норма ұғымдарының өзара қатынасына сілтеме жасаған жөн. Құқық пен құқықтық норманы ұқсастыру ешкімнің ойына келмейді. Құқық ерекше құбылыс екені белгілі, сонымен бірге құқық норма ретінде нақ сол құбылыстың бір бөлшегі. Құқықтық жеке нормасын алып, тіпті оны жан-жақты сипаттап, талдағанның өзінде құқықты, мемлекеттің құқықтық жүйесін түсіну мүлдем мүмкін емес. Сондай-ақ жеке азаматтың құқын сипаттап, азаматтың тұтас құбылыс ретіндегі мәнін, ролін, маңызын түсіну мүмкін емес.

ҚР заңдары азаматтықты азаматтардың жиынтығы арқылы емес, әр жеке адам бойынша белгілейді.

ҚР азаматтығына адамның мемлекетпен арасындағы өзара құқықтар мен бостандықтар жиынтығын білдіретін тұрақты саяси – құқықтық байланыс ұғынылады

“Азаматтық” ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады:

1) адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе, қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды;

2) адамның мемлекетпен байланысы саяси –құқықтық сипата болады. Мемлекет ҚР азаматы болып табылмайтын кез – келген адаммен құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекет пен оның азаматы арасында ғана орнай алады;

3) мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді.

ҚР өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан өз азаматтары алдында жауапты, ал ҚР азаматтары өзінің республикасы алдында жауапты. ол ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет – ғұрып, дәстүрлерді, мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын басқа да ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, ҚР егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті.
ІІ- сабақ.

  1. Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайлары

Жалпы мәселелер – Жеке адамның ҚР 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық – құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды.

Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3-тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: “Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы” (1948 ж.), “Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы”, “Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы” (1966), “Балалар құқы декларациясы” (1959 ж.), “Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция” (1954 ж.) және басқа бірқатар құжаттар қабылданды.


ІІІ- сабақ.

1. Адамның жее бостандығы мен қадір- қасиеті.

Адамның жеке бостандығы мен қадір – қасиеті туралы.

Жеке адамның қоғамдағы жағдайы мемлекет дамуының деңгейін сипаттайды. Адамның өміріне, жеке бостандығына, ар-намысы мен қадір – қасиетіне қол сұғуға ешкімнің де құқығы жоқ. Сондықтан ҚР Конституциясы, басқа да заңдары азаматтық жеке бостандығын қамтамасыз етуге айрықша назар аударады. Егер өмірінде, денсаулығына, азаматтық қадір – қасиетіне қауіп төнсе әр адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы. Жоғарыда айтылғандай, ол үшін арнаулы органдар жұмыс істейді. Адам өзінің құқы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып Республика Президентіне жүгінуге құқылы. Бірде-бір мемлекеттік орган, бір де бір лауазымды адам азаматтың құқығын шектей алмайды. Бұл, адам құқығы мен бостандығы шектелген жағдайда, оған қай заңды бұзғаны, қандай құқық бұзушылық жасағаны туралы хабарлануы тиіс.

Ең маңыздысы, адамның табиғи құқығы - өмір сүру құқығы.



    1. “.Әркімнің өмір сүру құқы бар.

    2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі”

Экономикалық құқық пен бостандық адамға өзінің материалдық өндіріс және бөлініс саласындағы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет. Әлеуметтік құқық пен бостандық адамның рухани және басқа да қоғамдық (жеке) қажеттерін өтеуге қызмет етеді.

Қазақстан социалистік (мемлекеттік) экономикадан рыноктік экономика деп аталатынға өту процесін жүргізуде. Осыған байланысты Қазақстан мемлекетінің экономикалық саясатының негізгі бағыттары:


  • жеке және мемлекеттік меншікке негізделген экономиканы құрудан;

  • кәсіпкерлікке, әсіресе материалдық игіліктер өндірісі, құрылыс, көлік, жеке сауда саласындлағы қоғам үшін пайдалы кез келген нысандғы кәсіпкерлікке қолдау көрсетуден көрінеді.

Рыноктық экономика жеке меншік иелерін, өндіріс құралдарына жеке меншікті тудырып, қалыптастырады. Марксизм, ленинизм ілімі адамды адамның қанауының негізі, айықпас дерті ретінде жеке меншікке қарсы болды. Алайда, КСРО кезінде үстемдік еткен мемлекеттік меншік те адамдарды қанаудан арашалай алмады. Мұндай меншіктің пайдасын, негізінен, партияның және мемлекеттің басындағылар көрді.
Әдебиеттер.
1. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы 2004

2. Сапаргалиев Ғ. ҚР конституциялық құқығы Алматы 2004

3. Жоламанов Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелов А.Н.

“Мемлекет және құқық теориясы Алматы Каз Мзу 1999

4. Зиманов С.З. Конституция и Парламент РК Алматы 1996

5. Котов А.К. Суверенный Казахстан; Гражданин, нации, нород Алматы 1997

6. Ашитовтер З.О.Казахстан егемен құқығы Алматы 1995

7. Бейсенова А., Біржанова Л. ҚР мемлекет және құқық негіздері

оқып- үйренуге көмек Алматы 1997

Нормативтік құқықтық актілер

8. ҚР Конституциясы 1993 ж.



  1. ҚР Конституциясы 1995 ж.

  2. ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі Алматы 1995 ж

  3. “ҚР сайлау туралы” Заңы 1995 жылы 28 қыркүйек Халық кеңесі 1995 жыл 30 қыркүйек

Лекция 5
Тақырып: 5



Қазақстан мемлекетінің конституциялық-құқықтық мәртебесі

Жоспар:

І- сабақ.

1. Қазақстан мемлекеті ұғымы және оның басқару нысаны мен басқару жүйесі.


Әлемдегі бүкіл ілім бір пікірде: мемлекет саяси институт болып табылады. Бірақ мемлекеттің мәнінен сипаттама берілгенде мүлдем кереғар пікір айтылды. Марксизм ілімі бойынша, мемлекет – қоғамның антогонистік таптарға жіктелуінің көрінісі және ол алпауыттардың (қанаушылардың) үстемдік етуінің қаруы деп есептеледі. Басқа тұжырымдама мемлекетті таптармен байланыстырмайды, ол ортақ мақсатты – “ортақ игілік” жетістіктеріне жетуді, мемлекет пен халық, ұлт, әлеуметтік топтардың өзара қатынастарын орнықтыруды, реттеуді көздейді дейді. Егер мемлекет ұғымына тарихи тұрғыдан келсек, онда аталған тұжырымдамалар бірін-бірі теріске шығармайды.
Қазіргі Қазақстан мемлекеті – ерекше тарихи оқиғалардың жемісі. 1971 жылғы Қазан социалистік революциясынан кейін Қазақстан аумағында саяси автономия - Қазақ автономиялық социалистік республикасы құрылды. 1936 жылы Қазақ АСР-ы Қазақ одақтас республикасы болып қайта құрылды. Қазақ одақтас республикасы 1937 жылғы Конституция бойынша жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекет дегеніміз республикадағы барлық ұлттық жұмысшыларының, шаруаларының және интеллегенциясының, еңбекшілерінің еркін білдіруші” деп жазылады. Айтылғаннан көрінгендей, Қазқақстан КСРО -ның құрамындағы мемлекет. Одан әрі Қазақстан мемлекетінің таптық мәні баяндалды.
Қазақстан – демократиялық мемлекет ретіндегі сипаттамасы ҚР Конституциясының көптеген бөлімдерінің мазмұнынан туындайды. Сонымен бірге, формальды демократияның да, нақты демократияның да, яғни мүмкіндігі жан-жақты кепілдіктермен қамтамасыз етілген демократияның да болуы мүмкін. Қазақстан мемлекетінің демократиялық сипаты конституциялық принциптеріде белгіленеді. Мемлекет басшысының, Парламенттің, жергілікті өкілетті органдар депутаттарының сайланбалылығы мемлекетті ұйымдастырудың негізі боларлық принциптерінің бірі болып табылады. Демократиялық мемлекет қызметінің тағы бір негіз боларлық принциптерінің бірі-мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу. Бұған, атап айтқанда, референдум өткізу, Парламентте дауыс беру тәртібі жатады.

Қазақстан мемлекетінің демократиялығы Конституцияның, тұтас алғанда халықтың, әлеуметтік және ұлттық азшылықтың мүдделерін, жекелеген адамдардың заңды мүдделерін қорғауға тілек білдірген, ынталы және қабілетті өкілдерін өкілетті органдарға ұсынып, сайлауға мүмкіндік беретін демократиялық нормаларды белгілеумен көрінеді.

Қазақстан егеменді мемлекет - Ұлттық және халықтық егемендіктің орнығуы мемлекет демократиялығының көрінісі болып табылады.

Ұлттық егемендік ұлттың өз тағдырына өзі ие болуынан, мемлекеттік экономикалық және рухани салаларда өзін-өзі тануынан көрінеді. Қазіргі Қазақстан жағдайында ұлттық егемендіктің өз ерекшелігі бар. Мәселе мынада, Қазақстанда бір ғана ұлт – сандаған жылдар бойы өз аумағында тұрып келе жатқан және осында ұлт ретінде қалыптасқан қазақ ұлты. Көптеген елде және бірнеше миллион қазақ диаспорасы тұрғанымен, әлемдегі ешбір елде қазақ ұлты жоқ. ҚР 1995 жылғы Конституциясы осы – “байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құрып отырған” “Кіріспе) тарихи фактіні таныды және оны орнықтырды. Бұдан қазақ ұлты мемлекеттілігін құруға құқылы екендігі табиғи түрде туындайды. Және мұндай тану ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңындағы, сияқты ҚР 1993 жылғы Конституциясында да жарияланды. Алайда, Қазақстанда тұратын халықтың жартысынан астамын басқа ұлттың өкілдері құрайды. Сонының көптігіне қарамастан оларда ұлттық белгілер жоқ. Мысалы, Қазақстанда сан жағынан көп орыстар, украйндар, өзбектер, корейлер, ұйғырлар және тағы басқалары тұрады. Осы этникалық топтардың ықылым заманнан тиісінше өз ұлттары тұратын байырғы отандары бар, бірақ олар ҚР азаматы болып табылатындықтан, оларға мемлекеттік салада өзін-өзі тануына құқық берілген.



ІІ- сабақ.

1.Қазақстан Республикасы – біртұтас мемлекет, оның әкімшілік-аумақтық құрылымы


Шекарасы айқын белгіленген аумағы мемлекет егемендігінің елеулі белгісі болып табылады. Мемлекет аумағының қалыптасу жолдары тарихтан мәлім. Бір халықтар өз мемлекетінің аумақтық тұтастығын сақтай алды, екінші бір ел өзінің мемлекетігін де, аумақтық тұтастығын да сақтап қала алмады, ал үшіншісі басқа мемлекеттердің аумағын басып алып, оларға өз өктемдігін жүргізді.

Қазақстан халқы қазір ҚР кеңістік негізін құрайтын өзінің ежелгі аумағындағы өмір сүруде. Қазақ халқының ықылым заманнан тіршілік көзіне айналған осы аумақты заңдық тұрғыдан тану мәселесі әсерсіз де емес. Осы аумақты тек тарихшылар мен саяхатшылар ғана “қазақтың сай- даласы” деп есептеп қойған жоқ, сонымен бірге патшалық ұлы державалық заңдарда да ол нақ осылай танылды.

Қазақстан Ресейге қосылу процесі аяқталып болмаған ХІХ-ғасырдың 20-жылдарынан басталық. Сол кезеңнің патшалық құжаттарында қазақтардың Еділден Ертіске дейін, есіл мен Тобылдан, Сырдария мен ілеге дейін қандай аумақты мекендегені анық көрсетілген. Барлық осы кеңістік заң тұрғысынан қазақ жері деп танылды. Патша өкіметі осыған сүйене отырып, қазақтардың әкімшілік- аумақтық құрылымын жүзеге бөлінушілік негізінде жүргізді. Қанаушылардың іс қағаздары құжаттарында Орынбор қазақтары туралы, Сібір қазақтары туралы айтылды.
Саяси пікір алуандығы - ҚР Конституциясы идеологиялық және саяси көпқырлылықты жақтайды. Идеологиялық көпқырлылық дегеніміз әр түрлі, тіпті, бір-біріне қарама-қарсыға дейінгі идеологиялық көзқарастар мен ағымдардың өмірде орын алып, әрекет етуіне жол ашылуын білдіреді.

Саяси партиялар туралы Заңында саяси партиялар ұғымы беріледі. Саяси партиялар деп ҚР азаматтарының мемлекеттік билікті жүзеге асыруда олардың саяси еркін білдіріп, жариялауға өздерінің өкілдерін қатыстыру арқылы ықпал ететін ерікті түрдегі бірігуі танылады. Саяси партиялар қоғамның саяси өміріне қатысу, азаматтардың саяси еркін қалыптастырып, жүзеге асыруға және заңда көзделген тәртіппен мемлекеттік билік органдарын қалыптастыруға қатысу үшін құрылады.

Әр түрлі саяси партиялардың пайда болуы, олардың қоғамдағы ролінің өсуі, олардың қызметінің нысандары мен әдістерінің ролінің өсуі, олардың қызметінің нысандары мен әдістерінің күрделенуі олардың құқықтық институтқа айналуына алып келеді.

ҚР саяси партиялардың институционалдануы өзара байланысты екі бағытта: Конституцияға негізгі қағидаларын, олардың мәртебесін енгізу арқылы және саяси партиялар туралы арнаулы заңдарды қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.

ҚР Конституциясының 5-бабы саяси партиялардың негізгі қағидаларына арналған.

Қоғамдық бірлестіктердің конституциялық – құқықтық мәртебесі.

Бірлесуге бостандық құқығы Қазақстан адамдары мен азаматтарының аса маңызды конституциялық құқықтарының бірі болып табылады. ҚР заңдары бойынша Конституцияға, мемлекет заңдарына қайшы келмейтін, олардың ортақ мақсаттарын жүзеге асыру үшін құрылған саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады. ҚР қоғамдық бірлестіктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, белсенділігі мен өзіндік қызметін дамыту, кәсіби және өзі құмартқан мүдделерін қанағаттандыру, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамыту, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған табиғи ортаны қорғау, қайырымдылық іс-шараларға қатысу, мәдени - ағарту, спорттық сауықтыру жұмыстарын өткізу, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, патриоттық және гуманисттік тәрбие, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және басқа мақсаттарда құрылып, жұмыс істейді.

Әдебиеттер.

1. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы 2004

2. Сапаргалиев Ғ. ҚР конституциялық құқығы Алматы 2004

3. Жоламанов Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелов А.Н.

“Мемлекет және құқық теориясы Алматы Каз Мзу 1999

4. Зиманов С.З. Конституция и Парламент РК Алматы 1996

5. Котов А.К. Суверенный Казахстан; Гражданин, нации, нород Алматы 1997

6. Ашитовтер З.О.Казахстан егемен құқығы Алматы 1995

7. Бейсенова А., Біржанова Л. ҚР мемлекет және құқық негіздері

оқып- үйренуге көмек Алматы 1997



Нормативтік құқықтық актілер

8. ҚР Конституциясы 1993 ж.



  1. ҚР Конституциясы 1995 ж.

  2. ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі Алматы 1995 ж

  3. “ҚР сайлау туралы” Заңы 1995 жылы 28 қыркүйек Халық кеңесі 1995 жыл 30 қыркүйек

Лекция 6
Тақырып: 6
Қазақстан Республикасының саяси-партиялық жүйесі

Жоспар:

І- сабақ:

  1. Қазақстан мемлекеті конституциялық құқықтық институт ретіндегі мемлекет ұғымы.

  2. Қазақстанда біртұтастық проблемалары.

Әлемдегі бүкіл ілім бір пікірде: мемлекет саяси институт болып табылады. Бірақ мемлекеттің мәніне сипаттама берілгенде мүлдем кереғар пікір айтылады. Марксизм ілімі бойынша, мемлекет - қоғамның антогонистік таптарға жіктелуінің көрінісі және ол алпауыттардың (қанаушылардың) үстемдік етуінің қаруы деп есептеледі. Басқа тұжырымдама мемлекетті таптар мен байланыстырмайды, ол ортақ мақсатты – “ортақ игілік” жетістіктеріне жетуді, мемлекет пен халық, ұлт, әлеуметтік топтардың өзара қатынастарын орнықтыруды, реттеуді көздейді дейді. Егер мемлекет ұғымына тарихи тұрғыдан келсек, онда аталған тұжырымдамалар бірін-бірі теріске шығармайды.

Қазіргі Қазақстан мемлекеті – еркше тарихи оқиғалардың жемісі. 1917 жылғы Конституция бойынша жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті болып есептелді. Қазақ АСР-ның 1978 жылғы Конституциясында “бүкілхалықтық социалистік мемлекет дегеніміз республикадағы барлық ұлттың жұмысшыларының, шаруаларының және нителлегенциясының, еңбекшілерінің еркін білдіруші” деп жазылды. Айтылғаннан көрінгендей, Қазақстан КСРО-ның құрамындағы мемлекет. Одан әрі Қазақстан мемлекетінің таптық мәні байндалды.

1. ҚР Конституциясы бойынша саяси билік мемлекетке берілген. Ол саяси көпқырлылықты тану аясында жүзеге асырылады. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктердің, оның ішінде саяси партиялардың ісіне заңсыз араласуына жол берілмейді. Мемлекет саяси және өзге қоғамдық институттардың қызметіне араласпау арқылы, олардың қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Сонымен бірге Конституцияда мемлекеттік органдарға саяси және басқа қоғамдық институттар тарапынан болатын теріс әрекеттердің жолын кесу өкілеттігі берілген. Мемлекеттік органдар мемлекеттің қауіпсіздігін бұзуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздатуға бағытталған саяси, сондай-ақ жалпы қылмыстық сипаттағы қылмысты әрекеттерді болдырмауы тиіс.

2. Қазақстан мемлекеті экономикалық қызметті де жүзеге асырады. Біріншіден, мемлекетке мемлекеттік меншікпен бірге жеке меншікті де қорғау жүктеледі. Меншіктің барлық нысандарын кімнің тарапынан болсын заңсыз араласушылығынан қорғай отырып, мемлекет оларды пайдалану, кеңейту үшін қолайлы жағдай жасайды. Жер және оның қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Мемлекет аталған экономикалық қатынас саласын тікелей басқару мен реттеуді жүзеге асырады.

3. Қазақстан мемлекеті құқықтық негіздері Конституцияға енгізілген әлеуметтік қызметті жүзеге асырады. ҚР Конституциясына сәйкес адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең құнды қазынасы болып табылады. Қатал экономикалық дағдарысқа қарамастан мемлекет өз қызметін бірте – бірте жолға қойып келеді. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым, мәдениет және басқа салалардың мемлекеттік бағдарламалары жасалуда. Қоғам үшін қолайсыз жағдай қалыптаспауы үшін Қазақстан мемлекеті әр түрлі ұлттық топтардың, еңбек пен капиталдың арасындағы қатынастарды реттеуге үлкен назар аударады.

Мемлекеттіліктің қалыптасу, экономикалық дағдарысты жою, қатынастың әлемдік жүйесіне кіру деңгейіне орай бұл қызметтің өрісі кеңейіп, күрделілене түсетін болады.
ІІ- сабақ.

1. Қазақстандағы негізгі саяси партиялар

ҚР саяси партиялары туралы Заңында саяси партиялар ұғымы беріледі. Саяси партиялар деп ҚР азаматтарының мемлекеттік билікті жүзеге асыруда олардың саяси еркін білдіріп, жариялауға өздерінің өкілдерін қатыстыру арқылы ықпал ететін ерікті түрдегі бірігуі танылады. Саяси партиялар қоғамның сайси өміріне қатысу, азаматтардың саяси еркін қалыптастырып, жүзеге асыруға және заңда көзделген тәртіппен мемлекеттік билік органдарын қалыптастыруға қатысу үшін құрылады.

Әр түрлі саяси партиялардың пайда болуы, олардың қоғамдағы ролінің өсуі, олардың қызметінің нысандары мен әдістерінің күрделіленуі олардың құқықтық институтқа айналуына алып келеді.



ҚР Конституциясының 5-бабы саяси партиялардың негізгі қағидаларына арналған.

  1. Идеологиялық және саяси әралуандық тану әр түрлі идеологияға негізделген әр түрлі саяси партиялардың пайда болуы үшін конституциялық негіздердің жасалғандығын білдіреді. Сөйтіп, өздерінің қызметін өз идеологиясына негіздейтін саяси партиялар конституциялық тұрғыдан заңды болып табылады.

  2. Саяси партиялар дербес саяси партиялар болып танылады. Басқаша айтқанда, саяси партиялар мемлекеттік органдарға қосылып кетпейді, олар мемлекеттік органдардан тәуелсіз жұмыс істейді. Осы конституциялық қағиданың айрықша маңызды мәні бар ол мемлекеттік партияға айналып, сол арқылы мемлкеттің түбіне жеткен Кеңес Одағы Коммунистік партиясының тарихи теріс тәжірибесінен алынған тағылым іспеттес. Мемлекет пен саяси партиялардың қосылып кетуіне жол бермеу үшін Конституция мемлекеттік органдарда саяси партиялар ұйымдарын құруға тыйым салады.

  3. Конституция барлық саяси партиялардың заң алдында теңдігін белгілейді. Бұл бірде – бір партияға ерекше жағдай тудырылмайтынын, артықшылықтар берілмейтінін білдіреді. Бірақ мұндай жағдайда оларға басқа партиялардың алдында қайсыбір артықшылықтар берілуі туралы талаптарды білдіруге негіз болып табылмайды. Барлық саяси партиялар да Конституцияны, саяси партиялар туралы заңдарды сақтауы тиіс.

  4. Конституция мемлекеттік саяси партиялардың ісіне араласуға тыйым салады. Саяси партиялардың Конституциясында, саяси партиялар туралы заңдарда көзделген және бекітілген мәртебесін бұзатындай әрекеттері мемлекеттің, оның органдарының заңсыз араласуы деп түсініледі. Егер олар Конституцияға, заңдарға сәйкес әрекет етсе, онда ол мемлекеттің саяси партиялардың ісіне заңсыз араласуы болып есептелмейді.

  5. Конституцияда саяси партияларға мемлекеттік органдар қызметін жүктеуге жол берілмейтіндігі белгіленген. КСРО – ның 1977 жылғы Конституциясы қоғамның саяси жүйесінің, мемлекеттік ұйымдарының негізі Коммунистік партия деп таныды Осы конституциялық идея ұдайы жүзеге асырылады. Аталған қағиданың айғағы жергілікті өзін - өзі басқару органдарының жергілікті мемлекеттік органдардан бөлінуі болып табылады.

  6. Конституция саяси партияларды мемлекеттік қаржыландыруына тыйым салады. Саяси партиялар мен ұйымдар өздерінің қаржысымен, ҚР азаматтары және заңды тұлғалар бөлген қаржымен өмір сүре және қызмет ете алады. Қазақстанның саяси партиялары шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардан, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан қаржылай жабдықтар алмауы тиіс. Сондықтан Қазақстанның саяси партияларын шетелдік ұйымдар мен тұлғалардың, шет мемлекеттердің қаржыландыру мемлекеттің егемендігіне нұқсан келтіруі мүмкін.

  7. Конституцияның мақсаты мен әрекеті – конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық діни, топтық – тектік және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған саяси партиялар құруға және олардың қызметіне тыйым салу.

  8. Конституция ҚР басқа мемлекеттердің саяси партияларының қызметіне жол берілмейтіндігін белгілейді. Басқа мемлекеттердің саяси партияларының қызметіне жол бермеу ҚР егемендігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуден туындайды.

  9. Конституция саяси діни негіздегі қызметіне тыйым салады. Аталған конституциялық қағиданың екіжақты мәнін түсінген жөн. ҚР 1996 жылғы 2-шілдедегі “ саяси партиялар туралы” Заңы саяси партиялар құрудың құқықтық негіздерін, олардың құқықтары мен міндеттерін, қызмет кепілдігін белгілейді, саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын реттейді.


Әдебиеттер.
1. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы 2004

2. Сапаргалиев Ғ. ҚР конституциялық құқығы Алматы 2004

3. Жоламанов Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелов А.Н.

“Мемлекет және құқық теориясы Алматы Каз Мзу 1999

4. Зиманов С.З. Конституция и Парламент РК Алматы 1996

5. Котов А.К. Суверенный Казахстан; Гражданин, нации, нород Алматы 1997

6. Ашитовтер З.О.Казахстан егемен құқығы Алматы 1995

7. Бейсенова А., Біржанова Л. ҚР мемлекет және құқық негіздері

оқып- үйренуге көмек Алматы 1997

Нормативтік құқықтық актілер

8. ҚР Конституциясы 1993 ж.

9. ҚР Конституциясы 1995 ж.

10.ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі Алматы 1995 ж

11. “ҚР сайлау туралы” Заңы 1995 жылы 28 қыркүйек Халық кеңесі 1995 жыл 30 қыркүйек
Лекция 7

Тақырып: 7

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі

Жоспар:

І – сабақ.


  1. Сайлау жүйесінің түсінігі және сайлау органдары

  2. Сайлауға қатысу принциптері

ҚР сайлауға әзірлік пен оны өткізуді мемлекеттік сайлау органдары ұйымдастырады. Бұл органдар біріңғай жүйе құрады. Мемлекеттік органдардың біріңғай жүйесіне:

- Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;

- аумақтық сайлау комиссиясы;



  • округтік сайлау комиссиялары;

  • учаскелік сайлау комиссиялары кіреді.

Сайлау комиссияларының өкілеттіктерінің мерзімі бес жыл.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) республиканың сайлау комиссиясының біріңғай жүйесін басқарады және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. ОСК Республика Президентінің ұсынысымен Парламент Мәжілісі қызметке сайлайтын және қызметтен босататын төрағадан, төраға орынбасарларынан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. ОСК төрағасының және хатшысының жоғары заң білімі болуы тиіс. Тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік орган ретінде ОСК-ның өз аппараты болады. ОСК-на кең өкілеттіктер берілген

Президентпен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға әзірлік пен оның өткізілуін ұйымдастырады; парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау комисияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешімдерін кері қайтарады және тоқтата тұрады; олардың арасында сайлауға берілген қаражатты бөледі; аумақтық және округтік сайлау комиссияларының шешімдеріне және әрекеттеріне жасалған өтініш пен шағымды қарайды;

Президент және депутат сайлаулары бойынша дауыс беру үшін бюлетеньдердің, сондай-ақ Президенттікке кандидатты қолдаушы сайлаушылардың қолын жинау, сондай-ақ Сенат депутаттығына кандидатты қолдаушы таратқыштардың қолын жинау, сондай-ақ Сенат депутаттығына кандидатты қолдаушы таратқыштардың қолын жинау үшін қол қойылатын парақтың нысандары мен мәтінін, басқа да сайлау құжаттарын белгілейді;

Парламент Мәжілісі және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау кезінде аумақтық сайлау комиссиялары құрылады. Олар республиканың әкімшілік – аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, шамамен сайлаушылардың тепе-тең санымен құрылады. Облыс көлемінде, республикалық маңызы бар қалаларда және республика астанасында сайлау огругтеріндегі сайлаушылардың сан жағынан айырмашылығы 25 проценттен аспауы тиіс.

ҚР Президентін сайлау кезінде сайлау округтері құрылмайды. ҚР бүкіл аумағы Президент сайлауы жөніндегі бір сайлау округі болып табылады.



ІІ- сабақ.

  1. Референдумның конституциялық негіздері

Референдум тікелей демократия, яғни халықтың мемлекеттік мәселелерді шешуге тура қатынасу нысандарының бірі болып табылады. Референдумға мемлекеттік сайлау құқығы бар барлық азаматтары қатысады.

Конституциялық құқықта референдумның мынадай;

Императивтік, консультативтік, мемлекеттік, жергілікті түрлерін ажыратып көрсетеді.

Императивтік референдум халықтың тура еркін білдіру жолымен референдум кезінде қабылданған шешімнің міндетті заңдық күші болатындығын білдіреді. Консультативтік референдум кезінде мемлекеттік билік органдары қайсы бір маңызды мәселе бойынша шешім (заң, басқа да нормативтік құқықтық актілер) қабылдаған кезде халықтың пікірі айқындалды. Конституцияялық референдум кезінде конституцияның немесе оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын бүкілхалықтың дауыс беруімен қабылдау туралы әңгіме болады.

Заң шығарушы референдум халықтың дауыс беруімен заң шығаруға байланысты өткізіледі. Міндетті референдум конституция, конституциямен белгіленген шарттарға орай, құзіретті органға референдум өткізуді міндеттейді.

Факультативтік референдум құзіретті органның заңда (конституцияда) көзделген мәселелер бойынша өз қалауымен (бастамасымен) референдум тағайындай алатындығын білдіреді. Референдум мемлекеттің бүкіл көлемінде немесе мемлекеттің белгілі бір аумағында өткізілуі мүмкін.

Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясында мемлекеттік билікті халықтың халық депутаттары Кеңестері арқылы жүзеге асыра алатындығы көзделген. Басқаша айтқанда, азаматтар мемлекет өмірінің барлық мәселелерін шеше алатын өкілетіктері бар өкілдерін Кеңестерге сайлайды. Қазақ КСР Конституциясында мемлекет өмірінің барынша маңызды мәселелері бүкілхалықтық талқылауға енгізіледі, сондай-ақ бүкілхалықтық дауысқа (референдумға) қойылады. Тек халықтың еркінің қандай императивтік немесе консультативтік сипатта ма болатыны түсініксіз еді. Мемлекет өмірінің ең маңызды мәселелерін халық емес, оның орнына Коммунисттік партия шешетіндіктен, референдумның айқындалмаған сипаты оның маңызына жәй қарай салудың салдары болды. Бұл КСРО-ны сақтауға орай 1991 жылы Коммунистік партия және ол құрған мемлекеттің күшімен бір ақ рет өткізілген референдумда да осындай “ ащы әзіл” болып шықты.

ҚР 1995 жылғы Конституциясы республикалық референдумға қатысты мәселелерді жаңаша шешті.

Біріншіден, Президент республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы бірден-бір субьект болып табылады. Оның үстіне мұндай шешімді Президент жеке бастамасы бойынша қабылдай алады. Екіншіден, Парламент республикалық референдум өткізу туралы бастамасын Президенттің қолдауына да қолдамауына да құқығы бар.

Үшіншіден, 1995 жылғы Конституция республикалық референдумды республика қызметінің негізгі принциптерінің бірі ретінде орнықтырды. Конституцияның 1-бабында мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелері, республикалық референдумдағы дауыс беруді қосып есептегенде, демократиялық әдістермен шешілетіндігі айтылды. Конституцияда мұндай мәселелердің бірі Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылатындығы белгіленген. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені республикалық референдумға шығаруды немесе Парламенттің қарауына беруді Президент шешеді. Егер осы мәселе Президент шешімімен Парламенттің қарауына енгізілсе, онда Парламент оны Конституцияда көзделген тәртіппен қарайды. Конституцияның 62-бабының 3-тармағына сәйкес Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының кем дегенде төрттен үшінің көпшілік даусымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Әдебиеттер.
1. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы 2004

2. Сапаргалиев Ғ. ҚР конституциялық құқығы Алматы 2004

3. Жоламанов Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелов А.Н.

“Мемлекет және құқық теориясы Алматы Каз Мзу 1999

4. Зиманов С.З. Конституция и Парламент РК Алматы 1996

5. Котов А.К. Суверенный Казахстан; Гражданин, нации, нород Алматы 1997

6. Ашитовтер З.О.Казахстан егемен құқығы Алматы 1995

7. Бейсенова А., Біржанова Л. ҚР мемлекет және құқық негіздері

оқып- үйренуге көмек Алматы 1997

Нормативтік құқықтық актілер

8. ҚР Конституциясы 1993 ж.

9. ҚР Конституциясы 1995 ж.

10.ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі Алматы 1995 ж

11. “ҚР сайлау туралы” Заңы 1995 жылы 28 қыркүйек Халық кеңесі 1995 жыл 30 қыркүйек

Лекция 8


Тақырып: 8

Қазақстан Республикасының Президенті.
Жоспар:

І-сабақ.
1. Президенттің құқықтық мәртебесі

  1. Президенттің сайлану тәртібі

  2. Президенттің өкілеттігі

Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. ҚР 1993 жылғы Конституциясында Президент туралы тарау Жоғарғы Кеңес туралы тараудан кейін орналастырылады. Ол Жоғарғы Кеңестің кең өкілеттік берілген бірден – бір заң шығарушы және жоғары уәкілетті орган ретінде танылғандығын білдіреді. Конституция мемлекетті парламенттік республика құруға бағытталады. ҚР 1995 жылғы

Конституциясы мемлекеттік билік органдары жүйесінде бірінші орынға Президентті қойды. Сөйтіп, ҚР Президенттік басқару жүйесінің орнықтырылғаны туралы Конституциялық қағиданы бекітті.

ҚР Президентін сайлау Конституцияға (41-бап) және Президенттің “Сайлау туралы” Жарлығына сәйкес белгіленген.

ҚР Конституциясына сәйкес Президент болып жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Президент сайлауының баламалығын Конституция көрсетпейді. Бұл принцип Президенттің “Сайлау туралы” заң күші бар Жарлығында бекітіледі.

Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі талаптарды белгілеп берді. Мемлекеттің басшысы және жоғары лауазымды тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірибе жинақтаған болуы керек. Осыны ескере келе, Президенттікке ҚР кемінде 40 жасқа толған азаматының сайлана алатындығы белгіленді. Көптеген елдерде Президенттікке кандидатқа жас шектеуі қойылмаған. Барынша кең тараған норма бойынша, Президенттікке 35 жасқа толғандар сайлана алады. Президенттікке тілек білдіргендерге АҚШ-та, Мексикада, Австрияда, Венгрияда, Португалияда, Ирландияда осындай жас шектеуі қойылған.

ҚР 1995 жылғы Конституциясы бойынша рұқсат етілетін ең жоғары жас шегі белгіленген болатын 1998 жылы бұл шектеу алынып тасталды. Жастың жоғары шегін белгілеудің бір ғана себебі бар еді; қабілетсіздігіне қарамастан, адамдардың әбден қартайғанша билік басынан кетпейтін кеңестік кезең тәжірибесін қайталаудан сақтану.
Президенттің өкілеттігі - ҚР Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізілімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы “ҚР Президенті туралы” Конституциялық заң күші бар Жарлығы мен белгіленген кең өкілеттіктер берілген.

Президенттің Парламентке қатысты өкілеттігі- Президент Парламенттің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттік өкілеттік мерзіміне Сенатқа жеті депутатты тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады; Параламент депутаттарының Қазақстан халқына антын қабылдайды; Сенат Төрағасы лауазымына кандидат ұсынады; Парламент Палаталарының кез келген бірлескен және жеке өткізілетін отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқылы; Үкімет мүшесі заңдарда орындамаған жағдайда парламент Сенатының немесе Мәжілісінің оларды қызметінен босату жайындағы өтінішін қарайды; Конституцияда көзделген жағдайларда және тәртіппен Парламентті тарата алады.


ІІ- сабақ.

  1. Президенттің құқық шығармашылығы

  2. Президентті орнынан кетіру жағдайлары

1990 ж. 24 сәуірінде қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі “Қазақ КСР президентінің қызметін құру және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” заң қабылданды. Қазақ КСР Конституциясына “ Қазақ КСР-ның басшысы болып танылады. Президентке құқық шығармашылығына тікелей қатысты бірқатар өкілеттіктер берілді.

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі “Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация” қабылдады. Оның тек 1991 жылғы 10 желтоқсанға дейін ғана солай аталғанын кез келді. Ол күні Қазақ КСР “Қазақ КСР-ның ататуын өзгерту туралы” екі тармақтан тұратын заңы қабылданды:


  1. Қазақ Кеңес Социалистік республикасы ҚР деп қайта аталсын.

  2. Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) және Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларацияға, Қазақ КСР-ның мемлекеттік органдарының заңдары мен өзге актілеріне тиісті өзгертулер енгізілсін. Сонымен, аталған заң тұрғысынан 1991 жылдың 10 желтоқсанынан бастап осы тарихи құжатт “ҚР мемлекеттік егемендігі туралы декларация” деп атау керектігіне күмандануға болмайтын шығар.

“Декларация” туралы президенттің Мәртебесінің елеулі өзгеруіне байланысты мен айтып өттім. “Декларация” Республикадағы мемлекеттік билік оның заң шығармашылық, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөліну принципі бойынша жүзеге асырылатынын бірінші рет анық, ашық жариялады. Заң шығармашылығы билігін Жоғарғы кеңес жүзеге асырады; Президент Республиканың басшысы болып табылады және жоғарғы өкімшілік – атқарушылық билікке ие.

1990 жылғы 20 қарашада “Қаз КСР-дағы мемлекеттік билік пен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” заң қабылданды. Президенттің өкілетттігі айтарлықтай жаңа жағдаймен толықтырылды: ол құқықтық саясатты айқындайтын болды. Л Қаз КСР-ның 1991 жылғы 25 тамыздағы “Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” заңы “республикада жүзеге асырылатын саяси және экономикалық өзгерістерді одан әрі дамыту, оның мемлекеттік егемендігін және президенттік билік институтын нығайту мақсатында” қатарына Президенттің “құқықтық саясат қалыптастыру” бойынша өкілеттіктері бар жаңа нормалар енгізіледі деп тікелей жазылды. Бұл дегеніңіз президентке құқықтық реформаны жүзеге асыру жолын анықтауға құқық беру дегенді білдіреді. Президентке тек өзінің заң шығармашылығына қатысу жөніндегі құқықтарын сақтап қана қоймай, сонымен Жоғарғы Кеңестің заң шығармашылығы қызметіне концептуалды түрде ықпал ету өкілеттігі берілді.



Әдебиеттер.
1. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы 2004

2. Сапаргалиев Ғ. ҚР конституциялық құқығы Алматы 2004

3. Жоламанов Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелов А.Н.

“Мемлекет және құқық теориясы Алматы Каз Мзу 1999

4. Зиманов С.З. Конституция и Парламент РК Алматы 1996

5. Котов А.К. Суверенный Казахстан; Гражданин, нации, нород Алматы 1997

6. Ашитовтер З.О.Казахстан егемен құқығы Алматы 1995

7. Бейсенова А., Біржанова Л. ҚР мемлекет және құқық негіздері

оқып- үйренуге көмек Алматы 1997

Нормативтік құқықтық актілер

8. ҚР Конституциясы 1993 ж.

9. ҚР Конституциясы 1995 ж.

10.ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі Алматы 1995 ж

11. “ҚР сайлау туралы” Заңы 1995 жылы 28 қыркүйек Халық
Лекция 9

Тақырып: 9

Қазақстан Республикасының Парламенті

Жоспар:

І- сабақ.

  1. Парламент депутатының өкілеттігі және депутаттық әдеп ережесі

  2. Парламент құзыреті мен жауапкершілігі

Парламент ҚР Жоғарғы Кеңесіндегі аталған “бір буынды” өкілетті органының орнына келді. Жоғарғы Кеңес жоғарғы өкілді орган ретінде 1937 жылғы ҚСР Конституциясымен белгіленді. Қазақ АСР-нің 1978 жылғы Конституциясы да Жоғарғы Кеңесті мемлекеттік биліктің жоғары органы ретінде таныды. Ол КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясында көрсетілген республика құзырындағы барлқ мәселелерді шешуге құқылы болды. Басқаша айтқанда, Жоғарғы Кеңес еліміздің мемлекеттік өміріндегі барлық мәселелерді шешу құқығын иеленеді.

Парламент палаталарының депутаттары – Сенат екі тәсілмен қалыптасады: 1) депутаттардың бір бөлігі әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және республиканың астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан және республика астанасынан барлық өкілетті органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады; 2) Сенаттың жеті депутатын Республика Президенті парламент өкілеттігі мерзіміне тағайындайды, Сенат мүшелілігіне тағайындалғандардың өкілеттігі алынған немесе тоқтатылған жағдайда Президент 10 күндік мерзімде олардың орнына Парламент өкілеттігінің қалған мерзіміне Сенат депутаттарын тағайындайды.

Парламент депутатының өкілеттігін қолданылуы ауқымына қарай екі топқа бөлуге болады:



  1. ҚР лауазымды адамдарына, органдарына қатысты өкілеттік;

  2. Басқа мемлекеттердің лауазымды адамдары мен мемлекеттік органдарына қатысты Парламент атынан берілетін арнайы өкілеттік.

ҚР Парламенттінің жауапкершілігі - Заңи жауапкершіліктің дәстүрлі төрт түрі теориялық түрде негізделеді және заңнамалық түрде регламенттеледі Олар: азаматтық – құқықтық, қылмыстық – құқықтық, әкімшілік – құқықтық және тәртіптік – құқықтық жауапкершілік. Демократиялық мемлекеттің құқық жүйесін қалыптастыруда және дамытуда Конституцияның маңызын алдыңғы орынға қоятын жаңа саяси – құқықтық болмыс құқық танушылардың алдында бұрын арнайы зерттеулердің мәні болмаған проблеманы шығарды. 1999 жылы ресейлік “Государства и право” журналы басқалардың қатарында конституциялық жауапкершілік туралы мәселе көтерілген құқықтық жауапкершілік проблемаларына арналған Дөңгелек үстел ұйымдастырды. Конституцияны тиімді қорғау тетігін құру конституциялық жауапкершілікті заңи жауапкершіліктің дербес бір түрі ретінде мойындамаусыз мүмкін емес деген пікір айтылды.

Парламент жауапкершілік пен Парламенттің жауапкершілігін ажырата білу керек. Парламенттің жауапкершілік парламенттің жауапкершілігіне қарағанда анағұрлым күрделі құбылыс. Парламенттік жауапкершілікті біз Парламенттің, Парламент депутаттарының, Үкіметтің, Үкімет мүшелерінің, басқа жоғарғы санаттағы саяси қызметшілердің Парламенттің алдындағы жауапкершілігі деп түсініеміз.



ІІ- сабақ.

  1. Мәжілістің құзыреті

  2. Сенаттың құзыреті

  3. Парламентті тарату жағдайлары

ҚР парламенті Мәжілісінің құзіреті құрама екі бөліктен:

    1. Мәжілістің ерекше қарауына жататын өкілеттік,

    2. Кезегі мен қарау арқылы әуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта жүзеге асырылатын өкілеттік.

Парламент Мәжілісінің ерекше қарауына Конституция мынадай мәселелерді жатқызады.

  1. Заң жобаларын қарауға қабылдау және қарау. Конституцияның осы қағидасы (53-бап, 1-тьармағы) мен Конституцияның Парламент Палаталарының бөлек отырыстарында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы заң қабылдайды делінетін 54-бабының арасында қайшылық бар сияқты көрінуі мүмкін. Аталған жағдайда қайшылықтан гөрі, техникасының олқылығы орын алған.

  2. Республика Парламенті қабылдаған заңға Президенттің наразылығы бойынша ұсыныстар әзірлеу Мәжілістің ерекше қарауына жатады. Мәжіліс комитеттері Президент наразылығын зерделейді және өзінің қорытындысын Мәжілістің қарауына береді. Қорытынды Президент өкілінің қатысуымен әзірленеді. Мәжіліс қорытындыны, Президенттің наразылығы мен заңның қзін қарайды және шешім шығарады. Аталған мәселе бойынша Мәжіліс депутаттарының жалпы санының төрттен үшінің көпшілік даусымен қабылданған Мәжіліс шешім, басқа материалдармен қоса зерделеу үшін Сенатқа жәберіледі, сондай-ақ бұрын ад айтылғандай Палаталардың бірлескен отырыстарының қарауына беріледі.

  3. Президенттің ұсынысы бойынша республиканың орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, оның орынбасарларын, хатшысы мен мүшелерін қызметке сайлау және қызметінен босату Мәжілістің ерекше қарауына жатады.

Президент аталған тұлғалар бойынша Парламентке жазбаша ұсыныс енгізеді. Ол комитеттерде қаралып, олар Мәжіліске өз қорытындыларын береді. Мәжілісте Президент немесе ол уәкілдік берген лауазымды тұлға әр кандидатты жеке-жеке ұсынып, сөз сөйлейді. Ұсынылған кандидаттар бойынша талқылау мен дауыс беру әр кандидатқа жеке-жеке жүргізіледі.

4. Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау және оның кезектен тыс сайлауын белгілеу Мәжілістің ерекше қарауына жатады. Кезекті сайлау тамыздың бірінші жексенбісінен кешіктірілмей хабарланып, желтоқсан айының бірінші жексенбісінде бес жылда бір рет өткізіледі. Президенттің кезектен тыс сайлауы Президен қызметінен босаған немесе қзметінен кетірілген күннен кейінгі екі айлық мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі.

5. Екі депутатты Әділет біліктілік алқасының құрамына екі жылға жіберу Мәжілістің ерекше қарауына жатады. Жіберу рәсімі Мәжілістің жалпы отырысында ашық дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Депутаттар Әділет біліктілік алқасындағы жұмысты Палата комитеттеріндегі қызметін үзбей жүргізеді.

6. Республика Президентіне қарсы мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағу Мәжілістің ерекше қарауына жатады (56-бап). Тағылған айыпты тексеруде Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелері Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. (47-бап). Тиісінше, Мәжіліс айып таққанмен, іс жүзінде бұл мәселені түпкілікті шешпейді.

Жобасы Мәжіліс арқылы өткен заңды Парламент қабылдайды. Мәжіліс заң жобаларын қарауға қабылдайды және қарайды. Бұл мәселені Мәжіліс Регламенті егжей-тегжейлі реттейді. Мәжілістің заң шығару құқығын жүзеге асырудан басталады.

Заң шығару бастамасы арнайы принциптерімен ерекшеленеді.


Әдебиеттер.
1. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы 2004

2. Сапаргалиев Ғ. ҚР конституциялық құқығы Алматы 2004

3. Жоламанов Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелов А.Н.

“Мемлекет және құқық теориясы Алматы Каз Мзу 1999

4. Зиманов С.З. Конституция и Парламент РК Алматы 1996

5. Котов А.К. Суверенный Казахстан; Гражданин, нации, нород Алматы 1997

6. Ашитовтер З.О.Казахстан егемен құқығы Алматы 1995

7. Бейсенова А., Біржанова Л. ҚР мемлекет және құқық негіздері

оқып- үйренуге көмек Алматы 1997

Нормативтік құқықтық актілер

8. ҚР Конституциясы 1993 ж.

9. ҚР Конституциясы 1995 ж.

10.ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі Алматы 1995 ж

11. “ҚР сайлау туралы” Заңы 1995 жылы 28 қыркүйек Халық
Лекция 10

Тақырып: 10.

Үкіметтің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері.

Жоспар:

І- сабақ.

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғары органы.

  2. Үкіметтің құзыреті.

  3. Үкіметтің қызметін ұйымдастыру.


1. ҚР Үкіметі – атқарушы биліктің жоғары органы.

ҚР Үкімет атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. (64-бап). Үкімет ҚР атқарушы билігінің жоғарғы органы болып табылды. Мұндай анықтама ҚР Үкіметінің заңдық табиғатын ашады, мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі орнын көрсетеді және оның қызмет сипатын бағалайды. Барлық атқарушы органдарды басқаратын олардың қызметіне басшылық жасайтын жоғары атқарушы орган ретінде ол елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан Конституция Үкіметтің емлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды, биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін белгілейді. Конституция Үкімет пен Парламенттің, Үкімет пен Президенттің өзара қарым-қатынасын анықтап, тежемелік және тепе-теңді механизмін белгілейді. Үкіметтің сот билігімен де белгілі бір құқықтық байланысы бар.

Үкімет атқарушы биліктің Бірыңғай жүйесіне кіретін министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен басқа да ведомстволардың (бірқатар “пәрменді”министрліктер мен ведомстваларды қоспағанда) жұмысын бағыттайды. Үкімет атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің Конституциялық заң күші бар Жарлықтарымен, басқа да нормативтік жарлықтарымен оның қарауына жатқызылған мәселелерді жеке шешеді. Үкімет өз құзыретінің шегінде нормативтік және өзге де актілер қабылдайды, заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады, өзге де халықаралық шарттар жасасады, барлық атқарушы билік органдарын басқарады, олардың қызметін бақылайды және заңдардың бұзылуын болдырмау үшін тиісті шаралар қолданады.

Үкімет қызметінің құқықтық негізі Конституция, заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары болып табылады.
ІІ- сабақ.

1. Үкіметтің құрылуы және құрамы.

Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Президент құрады. Жоғарыда айтылғандай, Премьре-Министрге кандидатураны Президенттің өзі іріктейді және кандидатураға келісімін алу үшін оны Парламенттің қарауына енгізеді. Парламенттің келісімін алғаннан кейін Президент оны Премьер-Министр қызметіне бекітеді. Президент құрамында Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратыныңы басшысы, Министрлер, Мемлекеттік комитеттердің төрағалары бар Үкіметті құрады. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсынысты Премьер - Мимнистр тағайындалғаннан кейінгі он күндік мерзім ішінде Премьер-Министр енгізеді. Үкімет мүшелері халыққа және Президентке ант береді.

Республика Үкімет Президентінің өкілеттік мерзім шегінде жұмыс істейді және жаңа сайланған Президент алдында өзінің өкілеттігін тоқтатады. Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекігенше орындайды. Үкіметтің өкілеттігін тоқтату және оның кез келген мүшесін қызметінен бсату туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша шешім шығаруына құқығы бар. Прем ьер-Министрді қызметінен босату бүкіл үкіметтің өкілеттігін тоқтатуды білдіреді.

Үкімет және оның кез келген мүшесі егер өзіне жүктелген қызметті одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе, өзінің орнына түсетінін Президентке мәлімдеуге құқылы. Қандай жағдайда Үкіметтің тұтас немесе оның жекелеген мүшесінің орнынан түсетінін мәлімдей алатындығы заңда көзделмеген. Егер Үкіметтің орнынан түсуін Үкімет мәлімдесе, оған Парламентпен өзара қарым-қатынасына қатысты емес әр түрлі мән-жай негіз болуы мүмкін.

Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген кезде Конституцияда көзделген жағдайларда: 1) егер Үкімет бағдарламасын Парламент екінші мәрте қайтарса; 2) егер Парламент Үкімет енгізген заң жобасын қабылдамай тастаса Үкімет өзінің орнынан түсетіні туралы Президентке мәлімдейді. Республика Президенті он күн мерзім ішінде орнынан кетуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені қарайды.

Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі бір айдың ішінде Үкімет қызметінің бағдарламасы туралы мәселені шешеді. Осы мерзімде Премьер-Министр Үкімет қызметінің бағдарламасын әзірлейді және ол туралы Парламентке баяндама ұсынады. Нақ осы мерзім ішінде Үкіметтің жаңа құрамы Парламентке осының алдындағы Үкімет құрамының Бағдарламасын қоладау туралы және өз қызметтерінде соны басшылыққа алғысы келетіндері туралы Парламенте мәлімдей алады.

Атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Үкіметке Қазақстан Республикасы Конституциясымен және Президенттің “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” 1995 жылғы 18 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығымен орнықтырылған кең өкілеттіктер берілген.

Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық жәнге тактикалық шараларын әзірлейді; экономикалық бағдарламаларды, республикалық бюджетті әзірлейді және оның орындалуы туралы есебін құрады, оның орындалуын қамтамасыз етеді, республиканың қаржы жүйесін әзірлеп, оны нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асырады; волюталық, қаржылық және материалдық ресурстарды құру және пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді; құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады; бағаның құрылуы жөһніндегі мемлекетьтік саясатты әзірлеп, жүргізеді, мемлекетпен реттелуші баға қолданылатын өнім, тауар және қызмет номенклатурасын белгілейді; мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оның қорғалуын қамтамасыз етеді.


Әлеуметтік салада Үкімет мемлекеттік саясаттың, мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарын әзірлейді; еңбекке ақы төлеудің жүйесі мен шартын, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын, мемлекеттік тұрғыдан әлеуметтік қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қамсыздандырылуын белгілейді; аймақтарды әлеуметтік дамыту мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; жастар, дене мәдениеті мен спорт, туризм, әлеуметтік әріптестік проблемеларын шешуге ықпал етеді.

Ғылым, техника, білім мен мәдениет саласында Үкімет ғылыми-техникалық даму жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады; ғылым мен техниканы, мәдениет пен білімді дамыту, жаңа технологияны енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүзеге асырады.

Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет консультативті кеңесші органдарды құрып, таратады. Үкіметтің ұрамына кірмейтін министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың қызметін басқарады, олардың Президет пен Үкіметтің актілерін орындауын бақылайды; министрліктердің орынбасарларын қызметке тағайындап, қызметтен босатады; жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі қызметін басқарады, олардың заңдарды орындауын бақылайды.

Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту саласында Үкімет құқықтық реформаның жүзегеасырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін, республиканың қауіпсіздігімен қорғаныс қабілетін, мемлекеттік шекараның аумақтық тұтастығымен қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп, жүзеге асырады.

Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөз жүргізіп, үкіметаралақ келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнінде шаралар әзірлейді; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара ынтымақты қарым-қатынас орнатады.
ІІІ- сабақ.


  1. Үкіметтің қызметін ұйымдастыру.

Үкіметке Премьер-Министр басшылық етеді, оның өкілеттігі Республика

Конституциясымен және Президенттің Үкімет туралы Жарлығымен бекітіледі. Премьер-Министрдің мынадай өкілеттігі болады:

Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және өзінің орынбасарлары мен Үкімет мүшелерінің арасында қызмет міндетін бөледі;

Президентпен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас Прокуратурамен, басқа да мемлекеттік органдармен қатыата Үкімет атынан сөйлейді немесе оны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады;

Халықаралық қатынастарда Үкімет атынан сөйлейді немесе мұны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды;

Республика Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен орталық атқару органдарын құру, қайта құру және тарату туралы Үкімет Аппаратынын басшысы, министр қызметіне тағайындалатын кандидатуралар туралы; мемлекеттік комитеттің төрағасы, облыс, республикалық маңызы бар қалалар және республика Астанасы туралы; аталған тұлғаларды қызметінен босату туралы ұсыныс түсіреді;

Премьер-Министрдің және Үкіметтің қарауына Үкімет құрамына кірмейтін тиісті орталық атқару органдарының басшылықтарын қызметіне тағайындау және қызметінен босату туралы ұсыныс енгізеді.

Премьер-Министрдің орынбасарлары Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа да қызметтер атқарады.

Республиканың Премьер-Министрінің жанынан Үкіметтің тұрақты жұмыс істейтін органы ретінде Төралқа құралады. Үкіметтің Төралқасының құрамына лауазымы бойынша Премьер-министрдің орынбасарлары және Үкімет Аппаратының басшысы кіреді. Премьер-Министр Төралқа құрамына Үкіметтің басқа мүшелерін енгізуге құқылы, Үкімет Төралқасының отырыстарын әзірлеу және өткізу тәртібін Регламент белгілейді.

Үкімет отырысына айына кем дегенде бір рет өткізіледі. Отырысты Премьер-Министр не Президент шақырады. Аса маңызды мәселелер бойынша Үкімет қарауы кезінде оның отырыстарына Президент Төрағалық етеді. Егер оған оның мүшелерінің кем дегенде үштен еісі қатысса ол құқылы болып есепделеді. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша отырыс ашық өткізіледі, Үкімет отырысы жабық өткізілуі де мүмкін.

Қазақстан Республикасының Үкіметі өз қызметінде біртұтастық принципін, мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу, заңдылық, жариялылық,қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары принциптерін басшылыққа алады.
Әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 2002

  2. Конституционное право Республики Казахстан. Сборник конституционно-правовых актов. Алматы, 2002

  3. Қазақстан: мемлекеттік кезеңдері (конституциялық актілер). Алматы, 1997

  4. ҚР Конституциясы. Ғылыми-құқықтық түсініктеме. Алматы, 1999

  5. ҚР Конституциясы. Схемалы альбом. Алматы, 1998

  6. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы

  7. Баишев Ж. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы, 2001

  8. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. (Екінші бөлімі). Алматы, 2001

  9. Мухамеджанов Э.Б. Избирательное право Республики Казахстан. Алматы, 2001

  10. Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. Алматы, 2001

  11. Сафинов К.Б. Правительство Республики Казахстан на переходном этапе. Алматы, 2002.

  12. Нурпеисов Е.К., Котов А.К. Государство Казахстан: от ханской власти к президентской республике. Алматы, 1999.



Каталог: CDO -> Sillabus -> Kuk


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет