Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет24/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Uқл = T нқ / (T нқ – Tқл)

мұндағы: Tнқ және Tқл – сәйкесінше негізгі қорлардың нақты және қалдық қызмет мерзімі.


Сапалық тозу:


Ui1 = 1- Kқк / Kбқ


Ui2 = Эж / Эб – 1

мұнда: Ui1 және Ui2 – тиісінше I және II текті сапалық тозу;


Kққ; Kбқ - негізгі қорлардың қалпына келтіру және бастапқы құндары;
Эж және Эб - негізгі қорлардың жаңа және негізгі түрлерінің тиімділігі.

Негізгі капиталды тиімді түрде пайдаға асыру - кәсіпорынға түсетін пайданы арттырудың маңызды шарты болып табылады.


Негізгі капиталды барынша толық пайдалануда өндіріс көлемін арттыра отырып, жаңа өндірістік қуаттарын жаңартуға деген қажеттілікті төмендетуге алып келеді, демек кәсіпорынның пайданы одан әрі дұрыс пайдалануына әкеліп соғады (тұтыну қорына пайдадан түсетін төлемдер үлесі артады, жинақтау қорының едәуір бөлігін өндірісті механикаландыру мен автоматтандыруға, басқаруды автоматтандыру үшін жұмсауға және т.с.с. бағытталады)
Негізгі қорларды пайдалану жағдайы мен дәрежесі өндірістің техникалық деңгейін, оның даму қарқыны мен ауқымын, оның тиімділігін көрсетеді.
Негізгі қорлардың тиімділігі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде өндірілген өнім көлемімен немесе негізгі қорлар қайтарымымен анықталады.
Негізгі қорларды өндірісте пайдалану тиімділігі бірқатар факторларға тәуелді:

  • біріншіден, кәсіпорынның негізгі қорларының жалпы құнындағы белсенді бөлігінің меншікті үлес салмағына, яғни олардың құрылымына, себебі өнім өндіруді тікелей осы белсенді бөлік қамтамасыз етеді;

  • екіншіден, қайсыбір машина, құрал-жабдық түрін қолдану дұрыстығын анықтайтын бастапқы сапалық сипаттамаларына (сенімділігі, ұзақмерзімділігі, автоматтандыру мен жөндеуге ыңғайлығы, түзілісінің жетілу дәрежелері, бірлік қуаты);

  • үшіншіден, осы кездегі кәсіпорындағы негізгі қорлардың күйіне (құрал-жабдықтың жасы, тозу дәрежесі, жаңартылу ауқымы, істен шығу ауқымы, өсім мөлшері);

  • төртіншіден, негізгі қорларды кәсіпорында пайдалану деңгейіне (құрал-жабдықтар құрамы қаншалықты толығымен пайдаланады, оның қуаты, жыл ішіндегі жұмыс уақыты).

Негізгі қорларды пайдаланудың ақиқатты көрінісін сипаттайтын негізделген жеке және жалпы көрсеткіштер жүйесі арқылы анықтауға болады.
Біріншісі негізгі қордың жеке түрінің пайдалануын, олардың жеке кезеңдерде пайдалануын, әрбір өндірістік үдеріс уақытында және оның кезеңдерінде пайдалануын, жеке сәттердің сипаттамасын нақты, белгілі бір шеңберде шеше алады.
Кәсіпорын жұмысының тиімділігі, көбінесе, негізгі өндірістік қорлар құнының жұмыскерлер санына (жұмыскерлер, өнеркәсіптік-өндірістік персонал) қатынасымен анықталатын қормен жабдықталу деңгейімен анықталады. Бұл шама әрдайым жоғарылап отыруы тиіс, себебі оған техникалық жарақтану, демек еңбек өнімділігі тәуелді болады.
Қорқайтарымы, мәні жағынан түсінікті көрінгенімен, оның мәселесі әлі осы уақытқа дейін өз шешімін таппаған. Әлі күнге дейін қорқайтарымының ақиқатты беталысы туралы, оны жоспарлау тәртібі туралы әр жақты пікірлер айтылуда. Мұнда дау тудыратын мәселелер мыналар: қорқайтарымын есептеу әдісі (құндық немесе табиғи түрінде); есептеуге қолданатын өнім өлшеуіштері (жалпы, тауарлық, сатылу немесе таза өнім); негізгі қорларды бағалау әдісі (бастапқы, қалпына келтіру немесе қалдық құны бойынша); қорқайтарымын санау тәсілі (өнім құнының немесе пайданың негізгі қорлар құнына қатынасы түрінде) және өндіріс тиімділігін анықтау тұрғысынан алғанда, техникалық серпілістік жағдайында қорқайтарымы өзгерісінің заңды бағыты қандай болмақ (оның өсуі міндетті ме, әлде жоқ па)?
Ең маңызды міндеттердің бірі – қорқайтарымын анықтау кезінде пайдаланылатын элементтерді өлшеу тәсілін анықтау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет