Лекциялық материалдың мазмұны



бет1/6
Дата04.08.2017
өлшемі1,05 Mb.
#22618
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Мазмұны

Типтік бағдарлама ..................................................................................................................2

Пәннің жұмыс бағдарламасы.................................................................................................7

Студентке арналған пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус)................................................................................................................................20

Лекциялық материалдың мазмұны.......................................................................................27

пәнінің семинар жоспары және әдістемелік нұсқауы....................................................................................................................................30

Лекция материалдары..........................................................................................................................35.

Студенттің оқытушының басшылығымен игеретін тақырыптары(СОӨЖ) және әдістемелік нұсқау..................................................................................................................45

Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары.(СӨЖ)..............................................................................................................48

Глоссарий ...............................................................................................................................51

Студенттердің білімін бағалау жүйесі..................................................................................54

Курсты оқыту саясаты және процедурасы...........................................................................56

Аралық бақылау тапсырмалары............................................................................................58

Реферат сұрақтары..................................................................................................................60

Әдебиеттер...............................................................................................................................61

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы..............................................................62

Типтік оқу бағдарламасы

Жоғары кәсіптік білім



Тарихи өлкетану.

050114- тарих мамандығы бойынша.

Еңбек көлемі – 2 кредит (90 сағат)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Алматы-2006
Алғы сөз.


  1. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы жасаған және ұсынған.




  1. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006 ж, Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңнс жиналысының Хаттама шешімімен бекітілген және пайдалнуға рұқсат етілген.

3. «Тарихи өлкетану» типтік оқу бағдарламасы ҚР-ның Білім және Ғылым министрлігінінң № 489 бұйрығына сәйкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген.


4. Типтік оқу бағдарламасы 050114- тарих мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білм стандартына сәйкес жасалған.


  1. Бағдарламаны абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетеінң Тарих факультетеінң кеңесі ұсынған.

Типтік бағдарлама Қазақсьтан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз көбейтілмейді және таратылмайды.



Тарихи өлкетану.
І.Пәнді оқытудың мақсаты.
Қазақстан жоғары мектебінің алдына қойылған міндеттерді орындаудың маңызды жолдарының бірі болып тарихи өлкетану табылады. Өлкетану деп белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеп-тану ісін айтамыз. Әдетте, ондай зерттеуге өлкенің әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи және мәдени дамуы, сондай-ақ, оның табиғи сипаты нысан болады.

Өлкетану- мазмұны мен жекелеген зерттеу әдістері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін, бірақ, бір тақырыптық жиынтықты құрай отырып, өлкені ғылыми тұрғыдан жан-жақты тануға мүмкіндік беретін бірнеше ғылыми пәндер кешені.



ІІ. Пәнді оқытудың кешендері.
Студенттерге туған өлке тарихы бойынша блгілі бір ғылыми принциптерге негізделген нақты білім беру-басты міндет. Оқу-тәрбиелік міндеттермен қатар тарихи өлкетану қоғам мүддесіндегі міндеттерді ді шешеді. Ол, өз кезегінде, студенттердің бойында қоғамдық пайдалы істерге деген дағдыларды қалыптастырып, сонымен бірге, оларды тарихи жәдігерлерді қорғауға ынталандырады.

ІІІ. Студент белгілі бір ғылыми принциптерге негізделген тарихи өлкетану бойынша негізгі тақырыптық мәселелерді білуі, сондай-ақ, жоғары оқу орнында оқытылатын тарих курсы мен туған өлкені зерттеп-тану барысында алған білімдері мен дағдылары арасындағы байланыстарды бақылап, айқындай алуы қажет. Сол сияқты, өлкенің тарих және мәдени ескерткіштерін өз бетімен ғылыми зерттеу тұрғысынан тану жұмыстары дағдыларын меңгеру гегорафиялық ортадағы орындарын белгілей білу, ауданның белгілі бір бөлігіінң қоныстану тарихы туралы, сол ауданның топонимикасы туралы түсініктерді меңгеру, жекелеген аудан немесе облысқа сипат дарытатын ерекшеліктерді ажыратып, айқындай білу әдістемесін меңгеріп практикалық жұмыс барысында қолдана білу осылардың барлығы өлкетану бойынша білімін құрайды.

ІҮ. Тарихи өлкетану пәнінің шектес пәндермен байланысы.

Өлкетану тарихы, география, археология, этнология, қосымша тарихи пәндермен т.б. тығыз байланысты.



Пәннің мазмұны


  1. Кіріспе.

  2. Тарихи өлкетанудың міндеттері, пәні және әдістері.

  3. Тарихи өлкетандың пән ретінде дамуы.

  4. Өлкетану жұмысының бағыттары (жаратылыстанушылық, тарихи, экономикалық, әдеби және т.б.)



Туған өлке тарихы бойынша заттық, жазба және ауызша дерек көздер.

Археологиялық дереккөздер және оларыдң өлкетану жұмыстарына пайдаланылуы.

1.Қазақстан туралы археологиялық деректер.

2.Елді мекендер және қорымдар.

3.Археологиялық материалды өңдеу.

4.Орыс географиялық қоғамы және археологиямен әуестенушілердің Түркістан үйірмесінің Қазақстан территориясындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеудегі рөлі.




Этнология, оның туған өлке тарихын оқып-білудегі рөлі.

  1. Этнология және оның әдістері.

  2. Этнологияның Қазақстанда дамуы.

  3. Этнология бойынша мағлұматтардың өлкетануда пайдаланылуы.


Тарих және мәдени ескерткіштері.

  1. Қазақстан территорясындағы тарихи ерекшеліктер.

  2. архитектура ескерткіштері.

  3. Өлкетану жұмыстарынадағы тарихи және мәдени ескерткіштері.



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мұрағаттардағы құжаттық материалдар.


  1. Мұрағат мекемелері және олардың өлкетану жұмыстарындағы рөлі.

  2. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты.

  3. Облыстық, аудандық мұрағат мекемелері және олардағы материалдарыдың өлкетану жұмыстарында пайдаланылуы.



Топонимика-туған өлкенің тарихын оқып-зерттеудегі дереккөзі ретінде.

  1. Топонимика әдістері.

  2. Топонимика әдістері.

  3. Топонимика материалдарының өлкетану жұмыстарында пайланылуы.



Қазақстандағы тарихи өлкетану.

Қазақстандағы өлкетану ісінің бастаулары.

Қзазақстанда өлкетану жұмыстарынң басталуы. Негізгі кезеңдер. Орыс саяхатшылары мен тарихшыларының қазақ халқының тарихын зерттеудегі рөлі. Ш.Уәлиханов және оның іс-қайраткерлігі. Абай Құнанбаев, Ы. Алтынсарин және олардың туған өлкені зерттеп-танудағы рөлі.
Қазақстанды зерттеп-тану қоғамы-Республикалық өлкетанушылық жұмыстарының орталығы.

ХХ ғ 20- жылдарындағы ғылыми қоғамдар және олардың өлкетану жұмыстарына қалыптастырудағы рөлі. Қазақстанды зерттеп-тану қоғамының қызмет қайраткерлері М.Тынышбаев, А.Диваев, А.Затаевич және тағы басқалардың іс-қайраткерлігі. Қазақстандағы өлкетану жұмыстарының қазіргі уақыттағы барысы.


Мұражайлық өлкетану және ескерткіштерді қорғау ісінің дамуы.

Мұражай ісінің Қазақстанда дамуы. Тарихи-өлкетану мұражайлары (Орынбор, Семей, Жетісу т.б. мұражайлары) Қазақстан мұражайларын қорғау қоғамы және оның өлкені зерттеудегі қызмет-қайраткерлігі.


Ғылыми еңбектердің өлкетану жұмыстарына пайдаланылуы.

Орта ғасыр авторларының еңбектері және өлкетану жұмыстарыныдағы рөлі.

Рашид-ад-Дин жылнамалары жинағы. Әбілғазы және оның «Шаджа-ра-ат түрік» атты еңбегі, Қадырғали Жалайыри және оның «Жамиғат Тауарих» атты еңбегі, Махмұт Хайдар Дулати және олардың еңбектерінің туған өлкені зерттеп-тануда қолданылуы.
Орыс авторларының Қазақстан тарихын зерттеуі.

П.И.Рычков және оның «Оренбург топографиясы » еңбегі (1962), А.Левшин- «қырғыз-қазақ қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» еңбегі (1832) Н.Аристов, Потанин, Радлов, Харузин, Гродековтардың еңбектері.


ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғ басындағы қазақ демократиясы өкілдерінің еңбектері мен іс-қайраткерлігі. Ш.Құдайбердіұлы, М.Жүсіп Көпейұлы, Н.Наушабаев, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Бабажанов, Х.Досмұхамедов және басқалары.
Қазақстандағы өлкетану жұмыстарының қазіргі жай-күйі.

Қазақстанда өлкетану жұмыстарының дамуы. Тарихи және мәдени ескерткіштер. Өткен заманның мәдени мұраларын өлкетану жұмыстарын дамыту міндеттері және келешегі.



Әдебиеттер.

1.Ашурков В.Н. Кацюба Д.В. Матюшин Г.Н. Историческок краеведение. М. 1980.

2.Пронштейн А.П, Кияшко В.И. Тарихи қосалқы пәндер. А, 1978 г.

3.Акишев К.А. Байпаков К. Вопросы археологии Казахстана. А, 1979 г

4.Маргулан А.Х. Акишев К.А. Кадырбаев М.К. Древняя культура Центрального Казахстана А, 1965.

5.Ахметова С.Ш. Историчемкое краеведение в Казахстане. А, 1982 г.

Типтік оқу бағдарламасын Абай атындағы ҚазНПУ тарих факультетінің арнайы пәндер оқыту технологиясы кафедрасының аға оқытушысы Сәрсенбаева Г.С.дайындаған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет