Лекциялық материалдың мазмұны



бет4/6
Дата04.08.2017
өлшемі1,05 Mb.
#22618
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Жоспары:

1. Қазақстанда өлкетанудың қалыптасу кезеңдері. ХІХ ғ. зерттеушілердің өлкетануға қосқан үлесі.

2. Өлкетанудың дерек көздерінің бастауы.

3. Жергілікті тарихты зерттеуге орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының үлесі.

Орталық Қазақстанның өте құнды археологиялық ескерткіштеріне ертеден-ақ саяхатшыларының назарын аударған болатын. Олар туралы өз еңбектерінде шығыс тарихшылары (араб, иран) Х-ХҮІ ғасырларды жазып кетті. Олар Ибн Фадлан, Әл-Бируни, Мұхаммед Хайдар және т.б. болды.

Орталық Қазақстанның бай археологиялық ескерткіштері туралы Тобольскіден Түркістанға дейін Солтүстік және Орталық Қазақстан далалары арқылы барған Петр біріншінің Тәукеге жіберген елшілері Ф.Скибин мен М.Гринин айтады. Осы даланың оба қазыналары туралы алғаш рет қоғам қайраткері Крижинович хабарлайды.

Осы өңірдің ескерткіштеріне Г.Миллер де баса назар аударды. Оны әсіресе сол кезде толық сақталып тұрған ертедегі балқыту пештері, тас құрылыстар қызықтырды.

ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл жерлерге көптеген зернттеушілер келеді. Осы аймақта екінші академиялық экспедицияның мүшелері, оның ішінде И.П.Фальк, Х.Барденес, И.Г.Георги, П.С.Паллас, П.И.Рычков және басқалар болды. Қазақстанды археологиялық зерттеулер жұмысын 1768-1774 жылдар екінші академиялық экспедициясын жалғасытырды.

Қазақстанның географиясын зерттеуде Н.П.Рычклвтың үлесі зор. Орталық Қазақстанның археологиялсы туралы деректерге байланысты оның «Топография Оренбургская» атты еңбегінде аталып өтеді. 1771 жылы Торғай және Есіл өзендері бойында жасаған саяхат күнделігінде, Ұлытау және Атбасар аудандарының ескерткіштеріне сипаттама береді. Қараторғай өзені бойындағы үлкен қорғандар оны таң қалдырады. Ол былай деп жазады: «Ежелгі қарапайым халықтың молалары жай жермен көміліп, 15 құлашқа дейінгі биіктікке көтерілген, ал ол үлкен моланы 135 кіші қорған қоршап жатыр».

Орталық Қазақстанға алғашқылардың бірі болып, 1815 жылы тау-кен инженері Б.Герман келді. Оның экспедициясы Үй қорғанынан Арғанатты тауына дейінгі, Қараторғай өзенінің жоғарғы ағасымен жүріп өтті. Қараторғай өзені, Арғанаты тауының, солтүстік Ұлытау етектеріндегі тарихи ескерткіштерге арнайы мақала жазған А.Генс басқарған экспедиция болды. Ол «остатки зданий и целых поселениях, о развалинах замков, крепостей служивших убежищем для владельцев», - деп жазып, ортағасырлық қалалардың бір бейнесін көз алдымызға әкеледі.

Ал осы ғасырдың екінші жартысында археологиялық нақты мәліметтерді Н.М.Ядринцев, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Н.М.Коншин сияқты зертеушілер жүргізді. В.В.Радлов Орталық Қазақстандағы археологиялық зерттеуде арнайы ғылыми тәсіл қолданды және сараптау бойынша кезеңдерге бөлуде нақты жұмыс жасады. Орта ғасырлық ескерткіштер тас үйінділер және орта ғасырлық құрылымдар жайлы мәліметтерді В.Никитиннің еңбектерінен кездестіреміз.

Әдебиет: [Н-8,9,10, Қ-20,26].

Тақырып №9. Қазақстанның зерттеудің Қоғамы – Қазақстан Республикасындағы - өлкетану зертеудің орталығы.

Мақсаты: Қазақстанның зерттеу қоғамымен, оның міндеті мен тапсырмасымен таныстыру

Жоспары:

1. Қазақстанды зерттеудің қоғамының құрылуы.

2. Қазақстанды зерттеуді қоғамның міндеті мен тапсырмасы.

3. Алғашқы өлкетану-ғылыми съезінің қорытындысы мен маңызы

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары алғашқы археологиялық 1933 жылы құрылған ГАИМК-нің (Государственная Академия истории материальной культуры)Нұра экспедициясы жүргізді. Оның құрамында белгілі археологтар П.С.Рычков, М.И.Артомонов, И.В.Синицын болды. Экспедицияның басты міндеті Шерубай-Нұра өзені бойындағы, Қарағанды қаласынан оңтүстікке 60 км жердегі Дәндібай мәдениетін ашу болды. Бұл ескерткішті қазу кезінде қола кезеңдеріне тән емес, құрылыс типтері мен керамикалық материалдарды берді.

Орталық Қазақстанның археологиялық зерттеуіне геология және жаратылыстану ғалымдарының өкілдері, оның ішінде П.Л.Драверт, Қ.И.Сәтбаев, В.А.Селевин, А.В.Мухля, А.Н.Фомозов, Г.Н.Щерба т.б. басқалары баға жетпес үлес қосты.

Академик Қ.И.Сәтбаев, археология және ежелгі кен орындарының кей сұрақтарына жауап іздеді.

Бірақ ХХ ғасырдың 40 жылдарының басына дейін бұл аймақта кең және жүйелі түрде зерттеу бола қойған жоқ.

Орталық Қазақстанның тарихын нақты және кеңінен зерттеудің жаңа кезеңі Ұлы Отан соғысынан кейін басталды және Қазақ КСр-ы Ғылым Академиясының құрылуымен байланысты болджы. Ғылым Академиясының жанынан Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы құрылды, оған ғылыми жетекшілікті 30 жылдан астам академик Ә.Х.Марғұлан жүргізді. Ғылыми зерттеу бағыттарын анық белгілеу, қысқа уақыт ішінде бірнеше кезеңдегі ескерткіштерді ашуға мүмкіндік берді.

Орталық Қазақстан экспедициясы үш бөліктен тұрды. Біріншісін А.М.Оразбаев, екіншісін, Ә.Х.Марғұлан, үшіншісін М.К.Қадырбаев басқарды. Алғашқы зерттеу-барлау жұмыстарынан кейін экспедиция өз назарын Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Қарқаралы аудандарына аударды. Экспедиция жүргізген қазба жұмыстары мен барлау жұмыстары мен барлау жұмыстары тек қамтылған территориялық ауқымымен ғана емес, сонымен қатар, зерттелген ескерткіштердің хронологиялық диапозонымен де ерекшеленді.



Әдебиет: [Н-8,9,10].
Тақырып №10. Туған өлкені зерттеудегі қазақ ғалымдары, ағартушыларының рөлі және қызметі.

Мақсаты: Туған өлкені зерттеудегі қазақ ғалымдары, ағартушыларының рөлі және қызметін көрсету.

Жоспары:

1. Ш. Уәлиханов – шығыстанушы, этнограф, тарихшы және саяхатшы.Еңбектерін көрсету.

2. Абайдың қазақ мәдениеті мен тарихындағы рөлі

3. Ы. Алтынсариннің қазақ топографиясы мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесі.


ХІХ ғасырдың ортасы орыс этнографиясының тарихында маңызды меже болып табылады. 1845 жылы Ресейде этнография бөлімі бар Орыс георафиялық қоғамы (РГО) құрылды. Осы бөлім аз уақыт аралығында елдегі этнографиялық жұмыстардың негізгі орталығына айналды. Бұл мекеменің іс-әрекеті 1845-1861 жж. Реформа қарсаңындағы жағдайда, Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланыста өтіп жатты.

Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы Қазақстанның және көп ұлтты Ресейдің басқа да халықтары проблемаларының өзекті тұстарын қамтиды. Шоқанның қазақ халқының құрылуы, ХҮІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік және саяси тарихы, қазақтардың Ресей бодандығын қабылдауы, Орта Азия мен Шығыс Түркістан халықтарының рухани және материалдық мәдениетінің тарихы проблемаларына арналған ғылыми зерттеулері Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тұрмысын зерттеуге аса бағалы үлес болып қосылып, замандастарының орасан зор ынтасын туғызды. Ол бүкіл Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халықтарының географиясын, этнографиясын мен фольклорын зерттеуге үлкен үлес қосты.

90-жылдарға қарай Батыс Сібір географиялық қоғамы бөлімінің мүшелері қатарында Қазақстан аумағында қызметте жүрген және саяси жер аударылған көптеген адамдар: Ф.А.Щербина (Омбы), Л.К.Чермак, А.И.Янкцевич (Петропавл), М.И.Суворцев (Семей), В.А.Рогалевич (Атбасар), Е.П.Михаэлис (Өскемен), Н.Я.Коншин (Семей), Л.А.Кузнецов (Петропавл), Г.А.Галимонт (Семей) болды. Бөлім қызметкерлері арасында Верный, Зайсан, Лепсі, Атбасар, Көкшетау және басқа қалалардан келген адамдар жұмыс істеді.

ХХ ғасырдың 60-90 жылдарында қазақ зерттеушілері дүниетанымының қалыптасуына халықшылдық идеология көп әсер етті. Олар айдаудағы халықшылардың көзқарастары мен әдіс-тәсілдерін меңгерді. Алайда олардың арасында идеялық алшақтықтар да болды. Олардың бір бөлігі үстем тап позициясын ұстанып, өткенді дәріптеді. Ал тұтас алғанда, қазақ қоғамдық ой-пікірі патриархаттық қалдықтарынан, идеялдағы жетілмеушіліктен, нысандарындағы толыспаушылықтан арыла бастады. Қазақ ағартушылары. Көқшпелі қоғамдағы тоқыраушылыққа қарсы шықты, егіншілктің және тұтас қоғамдық өмір дамуының маңыздылығын түсінді.

Әлихан Бөкейханов Орыс географиялық қоғамында, оның Батыс-Сібір бөлімінде өзінің ғылыми ынта-ықыласын мейлінше толық көрсете білді. Мәселен, революцияға дейінгі Рсейдегі іргелі еңбектердің бірі – «Ресей. Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы, ХҮІІІ т. Қазақ өлкесі» еңбегі авторларының бірі болған Ә.Бөкейханов бүкіл Ресейдің қалың оқырмандарына қазақ халқының тарихи өткен кездің дұрыс көрінісін, оның мәдениетін жеткізе білді. Ә.Бөкейханов сол кездегі қазақ қоғамы өмірінің терең ғылыми көрінісін жасады, орыстың қалың оқырмандарын» Абайдың өмірімен және қызметімен тұңғыш рет таныстырды, сол кезеңдегі орыс өмірінің проблемаларына зор түсінікпен қарады.

Оның ізінше ғылыми қоғамдық еңбектерінде Ж.Акбаевтың, М.Шормановтың басқа да бірқатар қазақ тілшілерінің мақалалары жарияланды.



Әдебиет: [Н-8,9,10].
Тақырып №11. Өлкетану библиграфиясы өлкетану дерек ретінде. ХІХғ екінші жартысымен ХХ ғ. басындағы қазақтардың баспасөз кітабы және олардың басылымдары.

Мақсаты: ХІХғ. екінші жартысы мен ХХғ. басындағы қазақ баспасөз кітабы мен басылымдарымен танысу.

Жоспары:

1. Қазақ тілінде баспа кітаптардың пайда болуы.

2. Қазандағы Азиялық типография. Қазақстанда кітап басудың дамуы.

Өлкетанудың библиографиясы - өткен кезең мен қазіргі кезеңдегі әдебиеттердің ақпарат жиынтығы оның міндеті жаңадан шыққан әдебиеттерді анықтау, есебін жасау, өлкетануға қатысты әдебиетті насихаттау болып табылады.

Өлкетанудың библиографиясының объектісіне – баспасөз материалдары, кітаптар, карталар, сирек қолжазбалар және басқалар жатады.

Баспа түрлері: библигорафиялық көрсеткіштер, жергілікті кітапханалардағы баспа катологтар, кітаптың ішкі библиографиялық көрсеткіші, пайдаланған әдебиет тізімі, көрсеткіші, мақалалар библиографиясы. Баспасөз материалдары ішінде күнделікті баспа және өткен кезеңнің баспа деректерін алынады. Өлкетану библиографиялық орталықтары болып – республикалық, облыстық, қалалық, аудандық кітапханалар болып табылады.

Өлкеге қатысты негізгі дерек – кітаптар, баспасөз материалдары, жаңадан шығып жатқан баспа материалдары. Өлкетанушыға үлкен көмекті анықтамалық баспалар көрсетеді. Баспа материалдарынан көптеген әртүрлі бағыттағы материалдарды алуға болады.

Негізгі дерек көзінің бірі – мемлекеттік статистика, картографиялық көрсеткіштер.

Өлкетануға қатысты маңызды деректер ХІХ ғасырдың аяғындағы – ХХ ғ. басындағы баспасөз материалдары, сирек кітаптар, қолжазбалар, карталар болып табылады.

Әдебиет: [Н-8,9,10].
Тақырып №12. Тарихи-өлкетану мұражайларының қалыптасуы.

Мақсаты: Тарихи-өлкетану мұражайларының қалыптасуын көрсету, дамуына тоқталу.

Жоспары:

1. Орталық мемлекеттік мұражай.

2. Қазақстандағы мұражайлар тарихы.

Тақырыптың хронологиялық шеңберінде Семей мұражайының жұмысына тоқталып өту қажет, өйткені оның жұмысы Орыс географиялық қоғамымен көп дәрежеде байланысты. Мұражайдың өзі 1883 жылы облыстық, статистика комитетінің ағартушылық жұмысы шеңберінде пайда болды. 1893 жылы ол бастауыш білім туралы Қамқоршылық қоғамына берілді. 1902 жылы мұражайды Семей бөлімшесі қабылдап алды. К. Рычковтың атап өткендей, «Бөлімше мұражайды тәртіпке келтілірді, - бар заттар көрме қоры тізіміне топтастырылып, өз кезегінде, олар бес бөлімге бөлінді». Бұл мұраждайға жұрттың келуіне игі әсер етті, егер 1893-1894 жылдарда мұражайға 163 адам келсе, 1903 жылдан бастап оған келушілер құрт өссіп, 720 адамнан 1913 жылы 2873 адамға дейін жетеді. Мұражайдың жұмысына қоғам мүшелері Н.Я. Коншин, В.Н. және А.Н. Белослюдовтер, И.Е. Мирошнеченко және басқалар белсене қатысты. Сонымен бірге қазақтардың этнографиялық өмірін зерттеуге, бұлардың аумағына да зор көңіл бөлді. Мәселен, Ресейдегі белгілі Дашков мұражайында А.П. Федченкодан алынаған Түркістан өлкесі заттарының көрме жиынтығы болды, оған А.Н. және Н.М. Харузиндердің қайырымдылық сыйлықтары түсті.

ХХ ғ. басында зиялылар халықтық оқулар ұйымдастыру жөніндегі салауаттылық қоғамдарының ашылуы туралы шешімді зор жігермен қарсы алды, сондықтан орыс географиялық қоғамның қайраткерлері оларға белсене қатысты. Мәселен, Семей облысындағы Халықтық оқулар ұйымдастыру жөніндегі коммисияның төрағасы – орыс географиялық қоғамының қайраткерлері көп еді. Нақ сол Семейдегі В.Н. Белослюдов, В.С. Усов, Н.Я. Коншин және басқалар Халықтық оқулар ұйымдастыру жөніндегі комитетінің лекторлары болды.

Жұмыстың мұндай нысандарымен қоса, қоғам мен оның бөлімдері алуан түрлі көрмелер ұйымдастыру мен өткізуге үнемі және қызу қатысты. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басында жұмыстың бұл нысаны тәжірибе алмасуға да, ғылыми жұмыста жаңа бағыттар іздестіруге де, зерттеу жұмысындағы жетістіктерді көрсетуге де қызмет етті. П.П. Семеновтың пікірі бойынша, Батыс Сібір далалық тобы коллекцияларының тамаша толықтығы ерекше болып, келушілерді көптеп тартқан. Орыс географиялық қоғамның мүшелері одан кейінгі көрмелерге де шама-шарқынша қатысты.



Әдебиет: [Н-4,6, Қ-8,9,16.]
Тақырып №13. Қазақстан Республикалық мемлекеттік мұрағат құжаттары

Мақсаты: Мұрағат құжаттарының түрлері мен мазмұнын ашып көрсету.

Жоспары:

1.Революцияға дейінгі мұрағаттар.

2.Мемлекеттік мұрағаттар. мұрағаттар мазмұны олардың жеке өзіндік мекемелер ретінде немесе бөлімдерінің өлкетану ісінде мақсаты мен міндеті, мекемелерде құжаттар жұмысы жеке қоғамдардың істері,жалпы өлкетану саласындағы қызметтер.

3.Облыстық мұрағаттар.

Мұрағаттар бұл жеке өзіндік мекеме болып табылады. Мұрағаттар құжаттық материалдар, баспасөз материалдары сақталады. Дерек құжаттары мемелекеттік мекемелерінің іс-қағаздары сақталады. Мұрағаттың міндеті жалпы қоғамның ақпараттық талабына жауап беру. Басты міндет ұлттық бағалық құндылықтарды сақтау, тарихи сана ретінде қалыптастыру болып табылады.

Құжаттар ең аса маңызды ақпарат көзі болып есептеледі. Құжаттық материалдар қайталанбайтын ерекше болып келеді. Қазақстан мұрағаттар өзінің қалыптасуы тарихын 1794 жылы Бөкей ордасының мұрағатымен басталады, сол жылдан бастап мемлекет қарамағына алынды.

1921 жылдың 1 қыркүйегінде Орынбор губерндік архиві негізінде Орталық өлке архиві құрылды, кейін мемлекеттік архив болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің мұрағаты:



  • ҚР ұлттық архиві

  • ҚР ОМА

  • ҚР КФФҚ (кино-фотоқұжаттар)

  • ҚР ҒТМ (ғылыми-техникалық құжаттар)

  • ҚР Президантінің мұрағаты

  • Облыстық мемлекеттік мұрағаты

  • Қалалық және аудандық мұрағаты

Әдебиет: (Н-3,5.)
Тақырып №14-15. Мектептегі өлкетану. Мектептегі өлкетанудың міндеті

Мақсаты: Өлкетану мектебі жайында түсінік алу.

Жоспары:

1. Өлкетану мектептегі тарих сабағында. Өлкетану сабақтарының негізгі түрлері.

2. Өлкетануға қатысты факультатив сабақтарының бағыттары. Өлкетану үйірмесін ұйымдастыру.

Тарихи өлкетану мектеп бағдарламасында кеңінен қолданылады және жалпы білім беретін мектепте ақпарат беретін негізгі сала болып табылады. Өлкетану оқушылардың аөзқарастарын кеңейтеді, отанщылдық тәрбие қалыптастырады.

Өлкетану мектеп қабырғасындағы тәрбиелік маңызы бар пәннің бірі болып табылады. Оқушыларды іздену жұмыстары дамытады. Тарихи өлкетану мектепте факультативтік сабақ ретінде өтіледі, мектептен тыс тапсырмалар беріледі. Жергілікті материалдар Отандық тарихтың бөлінбес бір бөлігі болып табылады.

Туған өлкені зерттеу ерекше қанағаттандырлық алатын, қоғамдыық ой-пікірді қалыптастыратын сала болып табылады. Жергілікті материалдар негізінде таихи өлкетанудың тәрбиелік маңызы бар. Басты тәрбиелік дерек ретінде жергілікті дәстүр болып табылады. Яғни ол әр түрлі студенттерінен зерттеушінің қызыығушылығын туғызады. Өлкенің тарихы – бұл әдептігімен, уақыт кезенінде де өте күрделі болып келеді.

Тарих мұғалімі оқушыларда өткеге қатысты білоім қалыптасуна тырысу керек. Басты нәрсе өлкеге қатысты жан-жақты ақпарат беру.

Әдебиет: [Н-1,2,3.,Қ-7,8,9,11.]
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

Студенттердің оқытушының басшылығымен игерілетін жұмыстардың жоспары

Қостанай , 2009 .


Студенттің оқытушының басшылығымен игерілетін жұмысы бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.



Р/н

Тақырыптың аты және мазмұны

Сағат саны

Тексеру түрі

1

Облысымыздың тарихи –географиялық орналасуы

1

Карта сызу

2

Облысымыздың тарихына байланысты археологиялық зерттеулер

3

Әңгімелесу

3-4

Облысымыздың тарихына байланысты топонимикалық материал жинау

2

Конспект жасау

5

Өлкені зерттеудегі этнологияның маңызы

2

Конспект жасау

6

Қазақстан территориясындағы тарихи ескерткіштер

3

әңгімелесу

7

Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағаты:

1. Қазақстан мұрағатының құрылуы және қалыптасу

2. Қазақстан мұрағатының тағдыры

3.Қазақстан мұрағаты даму жолында



3

Микроконференция өткізу

8-9

Қазақстанды зерттеу қоғамы-Республикадағы өлкетану жұмысын зерттеу орталығы.

3

Реферат қорғау

10

Ерте түрік жазба ескерткіштері.

2

Брейн-ринг

11

Менің туған өлкем

3

Эссе жазып талдау

12

Жібек Жолы бойындағы Қазақстанның ежелгі қалалары.

3

Презентация.

13

Қазақ баспасөзі.

2

Дөңгелек стол

14-15

Тарих сабақтарында Қостанай облысының материалдарын пайдалану.

1. Мұғалімнің сабаққа дайындығы

2. Сабағының әдістемелік негіздері

3.Облыс тарихына байланысты материалдарды пайдалана отырып,сабаққа жоспар құру

4. Сабақтың мақсаты мен міндетін анықтау,оның түрлері


3

коллоквиум




Барлығы:

15




Каталог: files -> umo
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет