Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу – қазақ халқында ежелден келе жатқан үрдіс


Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу – қазақ халқында ежелден келе жатқан үрдіс



бет4/4
Дата01.04.2017
өлшемі386,14 Kb.
#13348
1   2   3   4

Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу – қазақ халқында ежелден келе жатқан үрдіс. Адамзаттың ақыл-ойы, парасатының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы. Олай болса, сіздерге өзімнің орта буында «Абайтану әліппесі» электронды оқулығы бойынша жүргізіп жүрген сабақтарымның үлгісін ұсынғым келіп отыр.

«Абайтану әліппесі» электронды оқулығында баланың білім алуы мен дамуы кешенді құрылым ретінде ұсынылады. Жақсы шәкірт тәрбиелеудің негізі - мектеп, отбасы, қоршаған орта арқылы жүзеге асатындығы басты ұстаным.

Сондықтан бұл оқулықта ұстазға, ата-анаға бала тәрбиесіне қажетті ақыл-кеңестер Абай тағылымы арқылы берілген.

7-сыныпта бағдарлама бойынша өтілген «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңдері мен «Жиырма тоғызыншы қарасөзін» өткеннен кейін оқушылардың Абай шығармаларынан алған білімдерін жинақтап, қайталау үшін 1 сағат уақыт бөлінген. Осы сабақта балалардың өздік ізденісін, шығармашылығын, тіл саптауын, алған білімін және тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Абайтану әліппесі» электронды оқулығын пайдаланып, қайталау сабағын өткіздім.
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының шығармашылығы бойынша «Ұлы суреткер» тақырыбындағы ізденіс сабағы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Абай шығармалары бойынша алған білімдерін жинақтау, бекіту.

Абай шығармаларының поэтикалық тілі мен көркемдігіне талдау жасау;



2.Дамытушылық: Белгілі бір тақырып төңірегінде ой толғауға дағдыландыру, ізденушілік дағдысын, жазбаша тіл мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;

3.Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық сезімін ояту, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, ақын тілімен салынған көркем суреттер арқылы түрлі көңіл күйді ұғына білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, әдеби-теориялық талдау жұмыстары.

Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану, этнопедагогика.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, «Абайтану әліппесі» атты электронды оқулық.

Электронды оқулықта Абайдың «Жастықтың оты, қайдасың?», «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың...», «Есек», «Он тоғызыншы сөз», «Отыз бірінші сөз» атты шығармалары берілген. Оқушы осы шығармалар бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.

Әр оқушы өз жұмыс орнындағы компьютерді пайдаланып, өзінің атынан портфолиосын толтырады.

1-тапсырма. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін». Таңдаған шығармасын оқулықтан тауып оқу және электронды нұсқасын тыңдау. Оқушы өзінің даусын да мәнерлеп оқи отырып, компьютерге жаза алады және тыңдай алады.

2-тапсырма. Абай тілінің сөздігімен жұмыс. Шығармада кездесетін мағынасы қиын сөздермен сөздік жұмысын жүргізеді. Ол үшін мәтіндегі қызылмен жазылған сөздердің үстіне батырманы баса отырып, сол сөздің түсіндірмесін алады. Бұл сөздерді әдебиет пәнінің жұмыс дәптеріне жазып алуларына болады.

Бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы, қоқым.

Қиқым
Мысалы

3-тапсырма. «Абайды оқы, ерінбе».Оқушының мәтін мазмұнын түсінуіне негізделеді. Жеке шумақтарды оқу, мазмұнын түсіну үшін, оқушы әр шумақты жаттап, түсіп қалған сөздерді орнына қою арқылы өз білімін тексере алады.

4-тапсырма. «Абайды оқы, таңырқа». Абай шығармасындағы құнды сөз, құнарлы ойларды тауып, берілген кестелерді толтырады. Жазған жауабын дұрыс жауаппен салыстыра алады.

Құнды сөз:

Метафора


Ойының көзі, бір ғылымнан басқаның кеселі.

Метонимия


Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға.

Эпитеттер


Шенді шекпен

Оқалы тон

Ақыл көз

Құнарлы сөз:

Құнарлы ой:


  1. Миың болса жолама,

Бос желігіп шапқанға.

Бір бес надан, оңбассың,

Нансаң, онын қосқанға.


  1. Жайы мәлім шошқаның,

Түрткенінен жасқанба.

Бір білімнен басқаның

Кеселі көп асқанға.



  1. Одан үміт кім қылар,

Жол табар деп сасқанда?

Үйтіп асқан жолығар,

Кешікпей-ақ тосқанға.

5-тапсырма. Зерделе. Абай шығармасы мазмұны жағынан соған ұқсас басқа шығармамен салыстырылып, кестелерді толтыру арқылы салыстырмалы талдау жұмысы іске асады.


«Болыс болдым, мінеки» өлеңі Ұқсастықтары «Мәз болады болысың» өлеңі


Екі өлеңде де көтерілген тақырып пен идея ұқсас. Халық қамын емес, өз қара ба сының қамын ойлаған ел басшыларын сынау.
Көтерген тақырыбы Көтерген тақырыбы


Болыс болып басы қатқан болыс психологиясын ашу.

Ел әкімі болыстың бейнесінің қыр-сырын ашу.

Идеясы Идеясы




Бар малын беріп, шығынданып, билікке қол жеткізген іс-әрекетін сынау.

Ұлықтың таққан шеніне мәз болып, ел қамын ойлаудан қалған болыстың екіжүзді бейнесін жасау.

6-тапсырма.Білім сынағы оқушының мазмұнды қабылдауын тексеруге арналған. Мәтінге, оның мазмұнына байланысты сұрақтар қойылып, оқушы сол сұрақтардың дұрыс жауабын тест түрінде тексереді. «Үйрен» сынағында оқушының тест тапсырмаларының дұрыс жауабын қарай отырып, есте сақтаына мүмкіндік жасалса, «Тексер» сынағы оқушының мәтін бойынша алған білімін сынауға арналған.



Білім сынағы


  1. «Үйрен» сынағы

  2. «Тексер» сынағы

7-тапсырма. «Айтарым бар..». Бұл тапсырмада оқушы берілген мәтінге талдау жасай отырып, бүгінгі күнмен салыстырады. Мысалы, «Болыс болдым, мінеки» өлеңі бойынша болыстың мінез-құлқына талдау жасай отырып, мінездеме береді де, бүгінгі күнгі ауыл, ел басшыларының мінез-құлқымен салыстырады.


Тақырыбы:


Болыстың мінездемесі:



(Осы жерде ұлылардың ел басшысы туралы ойларын салыстыру үшін ғаламтор көзінен Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігін», әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» шығармаларын алып, оқи отырып, салыстыруды жүзеге асыруға болады).

8-тапсырма. «Жазғым келгені». Мәтіндегі «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» білдіретін сөз тіркесін немесе сөйлемді пайдалана отырып, еркін көзқарас тұрғысында ойтолғау, эссе немесе шығарма жазады.

Мысалы: Абайдың 7-сыныпта сыныптан тыс оқуға ұсынылатын «Есек»

9-тапсырма. Сиқырлы қалам. Шығарма тақырыбындағы негізгі ойды оқушы өзі ұқсатқан қимыл-қозғалысқа немесе басқа да бір құбылысқа келтіре отырып, сурет салады.

Міне, электронды оқулықтан осындай тапсырмаларды орындағаннан кейін, оқушы жасаған жұмыстарын өзінің портфолиосында сақтап, өз өрісінде қалдырады.

Мұғалім әр оқушының портфолиосына кіріп, жасаған жұмыстарын тексереді және бағалайды.



Бұл электронды оқулық оқушыны 3 деңгейде жұмыс жасауға баулиды.

1-кезеңде оқушы білімді түсіну, қабылдау, меңгеру үшін еңбектенсе, 2-кезеңде қабылдаған білім негізінде мәтін мазмұнын талдау, салыстыру, іздену сияқты жұмыстарды жүзеге асырады. Ал 3-кезең оқушының шығармашылығын, жазбаша тіл мәдениетін дамытып, өзіндік сөз саптауын қалыптастырып, жан-жақты шығармашыл тұлға дамытуға ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет