Жер иесі – Майдан (Мырқайдар)
Мәдени код: «қазақ егіншілері егін дәнін (бидай, арпа, тары т.б.) қырманға тасып алып, дәнді желге ұшырып, тазалау кезінде «дән көп болсын, қауыз-топан аз болсын, Майдан ие, қолдай көр!» - деп тілек айтады. Кей жерде: «Мырқайдар, Мырқайдар! Қара тұман бұлт айдар!» дейтін ырым бар. Халық жадында қалыптасып қалған мифтік ұғым, аңыз сарыны».
Өлдің Мамай – қор болдың
Мәдени код: 1. Орақ – Мамай екі батырдың өліміне байланысты айтылып қалған бір тәмсіл; тіршілікте қанша даңққа ие болып, атағы жер жарса да, өлгеннен соң көп адам әркімнің сөзіне ілігіп, бұрынғы беделінен алыстауы мүмкін. 2. ауыс. Адам тірісінде, Мамай батыр тәрізді қанша мықты болса да, өлгеннен соң ол мықтылық ұмыт болады, оның атына көрінген сөз келтіріп қорлауы және мұндай жағдай кез келген адамның басында болуы мүмкін демекші.
Бұл прецеденттік мәтіннің бірінші мағынасы да, екінші мағынасы да мәдени кодқа жататын тәрізді.
Достарыңызбен бөлісу: |