Ұлттық мәдени кеңістіктегі жалқы есімдердің прецеденттік сипаты



бет2/15
Дата07.02.2022
өлшемі195 Kb.
#86624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Жалқы есімдердің прецеденттілік сипаты

«Прецедентное имяиндивидуальное имя, связанное или широко известным текстом (например, Печорин, Теркин) или с прецедентной ситуацией (например, Иван Сусанин, Стаханов)». Сөздік авторлары прецеденттік атауларды күрделі белгі деп есептейді, себебі коммуникацияға қатысушылар мұндай атаудың денотатына сүйенбейді, оны ерекшелендіріп тұрған белгіге, белгілер жиынтығына сүйенеді. Қазақ тілінен мысал келтірсек, көбінесе қатысым барысында Алдар Көсенің жеке басы, жеке тұлғасы емес, оған тән қасиеттер – «қулығы», «тапқырлығы» сынды ассоциативтік белгілері өзектеледі.
«Прецедентное высказывание – репродуцируемый продукт речемыслительной деятельности, законченная и самодостаточная единица, которая может и не быть предикативной». Бұл ұлттық лингвомәдени қауым өкілдерінің сөзжұмсамында дүркін-дүркін қайталанып тұратын күрделі құрылым. Оларға халық арасында кеңінен танымал дәйексөздерді, мақал-мәтелдерді жатқызуға болады.
Ұлтымыздың сандаған ғасырлар бойы қалыптасқан этномәдени, тілдік кеңістігінде ерекше орын алатын прецеденттік ономастикалық атаулар бар. Мысалы, топонимдер: Жерұйық, Қазығұрт, Жетісу, Сарыарқа, Көкше, Отырар, Түркістан т.б., антропонимдер (эпостық, мифологиялық, фольклорлық т.б.): Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз Жібек-Төлеген, Қожанасыр, Асан қайғы, әдеби (Мырқымбай) т.б. Осы қатарды қазақ ономастикасының өзге топтарына қатысты әрі қарай жалғастыра беруге болады.
Қазақ ономастикасында прецеденттік есімдер: топонимдермен қатар антропонимдер және өзге де онимдік топтағы атаулар әлі күнге арнайы зерттеу нысаны бола қойған жоқ. Сондықтан құрамында прецедентті атаулар бар ПФ-ді біз жұмысымыздың негізгі зерттеу нысаны – жер-су атаулары екендігін ескере отырып, айтылған жайттармен байланысты кеңірек, өзге онимдік топтардағы ПЕ-ді де қарастырғанды жөн көрдік.
Ұлттың тілдік концептосферасында прецеденттік онимдер спецификалық этноцентристік концептілерге ұйымдасады. Прецеденттік онимдердің әдетте прецеденттік мәтін мазмұнында болуы шарт. Ю.Н.Караулов тілдік тұлға құрылымында прецеденттік мәтіндердің қызметін төмендегідей деңгейлерге бөліп қарастырады: 1) танымдық және эмоционалдық тұрғыдан қайсыбір тілдік тұлға үшін мәні бар; 2) жеке тілдік тұлғадан жоғары тұратын сипатқа ие, яғни нақты тұлғаның ауқымды ортасына және оған дейінгі және оның замандастарына жақсы таныс; 3) нақты тілдік тұлғаның дискурсында бірнеше дүркін жаңғырып отыратын мәтінге ден қоюы.
Яғни басқаша айтқанда, прецеденттік мәтін, прецеденттік онимдер нақты халықтың тілдік ғалам бейнесінде мәдени феномендік факт ретінде тіркеліп, қалыптасады.
Кез келген тілдің вербалды коды мен оны қолдану ережелерін біліп қана қоймай, оның әлеуметтік, лингвомәдени кодтарын игеру адресат пен адресант арасындағы мәдениетаралық коммуникацияның нәтижелі, сәтті өтуінің кепілі болмақ. Мәселен, қатысым барысында коммуниканттың біреуі сөйлесімдегі прецеденттік айтылым, прецеденттік атаулардағы мәдени ақпараттан бейхабар болса, коммуникация сәтсіздікке ұшырап, өзара түсіністікке қол жеткізілмейді. «ПФ –ұлттық-лингвомәдени кешен тұтынушыларының барлығына етене таныс, олар оның бар екендігінен хабардар және оны қабылдаудың жалпылама, ұлттық детерминденген, ықшамдалған инварианты болып табылады».
Үнемі ПФ-ге жүгіну барысында оның «жаңғырып отыруы» ықтимал сипатта болады, яғни жүгіну жиі болмағанымен, олар міндетті түрде коммуникантқа – қосымша түсіндірме, анықтамасыз-ақ түсінікті болуы тиіс. Сондықтан В.Красных ПФ басты айырымдық сипаты ретінде оның: 1) мәдениет эталонының рөлін орындауы; 2) сығымдалған метафора ретінде қызмет етуі; 3) қандай да бір феномен, жағдаяттың символы болу қабілетін атайды. Біз ПФ қатысты когнитивтік базадағы преценденттік бірліктердің ішінен прецеденттік мәтін мен прецеденттік есімдерге арнайы тоқталуды көздеп отырмыз. Көптеген ғалымдар прецеденттік есімдерге ұлттық-лингвомәдени қауымдастық өкілдеріне кеңінен танымал мәтінмен немесе прецеденттік жағдаятпен байланысты жеке есімдерді жатқызады. Бұл күрделі тілдік белгі коммуникация барысында денотатына емес, прецеденттік есімнің айрықша белгілері жиынтығына жүгіну арқылы жүзеге асады, мысалы: асанқайғыға салыну. Зерттеуші В. Красныхтың пайымдауынша, прецеденттік есім қандай да бір құрылымға ие, оның өзегін іріктегіш белгілер, ал перифериясын түрлі атрибуттар құрайды, мұны сурет түрінде былай беруге болады:

Сурет 5 Прецеденттік есім құрылымы


ПЕ жіктеуші белгілері қандай да бір сипаттамалардың жай жиынтығы емес, олар күрделі жүйе құрайды. «Собственные имена реализуют свой выразительный потенциал не в идентифицирующей, но в характеризующей функции. Референт имени выступает в таком случае как совокупность свойств, и в этом механизм уникального воздействия этих слов. Собственные имена могут содержать такой набор семантических признаков, которые не имеют внутренней логической связи между собой и существуют благодаря одной уникальной реализации в конкретном лице или месте».


ПЕ сырт бейнесі жіктеуші белгісіне қатысты болады. М.Мақатаев Әбділда Тәжібаевқа арнаған өлеңінде ақынның сырт кейпін әмбебап ПЕ болып табылатын Иван Грозныймен теңестіреді.
Тұрғанда ұйқы-тұйқы ақ самайың,
Мен қалай,
Әбе, сені жат санайын.
Абыржып асаңды ұстап отырғаның,
Ашулы Грозный патшадайын.
ПЕ атрибуттарына сол есіммен тығыз байланысты, оны сигнификаттауға «көмектесетін» қандай да бір ерекше «элементтерді» – заттарды жатқызады, мысалы, Сталиннің (түтікшесі), Құрманғазының домбырасы, Қорқыттың қобызы, Сәкеннің (сұлу) мұртындай т.б. Жоғарыдағы өлең үзіндісінде асатаяқ ұстаған қазақ ақыны Ә.Тәжібаевтың сипатталған кейпімен И.Грозныйдың патшалық атрибуты – асатаяғымен тұтас «сұсты» бейнесін ұқсатып тұр. Ал өзіміздің Алдар көсенің бейнесі қолданыс жағдайына, мәтін ерекшелігіне қарай (интертекстуалдық жағдайда) көбіне «қулық» жіктеуші белгісі прецеденттікке негіз болады, кейде оның (сақал-мұртсыз) «көселігі» жіктеуші белгісі болуы мүмкін.
Көбінде коммуникация кезінде жіктеуші белгілері мен элементтерінсіз-ақ ПЕ өзі де жеткілікті болады. Оны төменгі мәтін үзінділерінен көре аламыз.
Қазақ ақын-жазушыларының, журналистерінің шығармаларында танымал ұлттық тұлғаларды орыс халқының және әлемдік танымал тұлғаларымен салыстыру, балау жиі кездесетіндігін байқадық. Мысалы,
1) Публицистикалық (газети) дискурста: Астында жарамды аты, жүйрік тазысы, қыран бүркіті, оған қосымша кезінде Абай ағасы сыйлаған винчестер мылтығы бар Шәкәрім бұл шақта өз еркімен Шыңғыстаудың Робинзон Крузосына айналған («ЕҚ») немесе «Ермұхан Бекмаханов – қазақ тарихының Геродоты» («Жас қазақ», 11.04.08.).
Азамат соғысы дискурсындағы Павел Корчагиннің есімі қазақ тілді газет мәтінінде төмендегідей қолданыс тапқан: «Туғанына биыл 80 жыл толып, мерейтойы облыс көлемінде аталып жатқан қазақтың Корчагині атанған белгілі құрыш қаламгер Зейнолла Шүкіровтен «Алаш» сыйлығының лауреаты, танымал жазушы Қуаныш Жиенбайды ұшырып шығарған теңізбен келген тынымсыз тіршіліктің арқасында осылай біртіндеп көкке көтеріліп бара жатты» («ЕҚ» 03.11.07.).
2) Көркем, поэтикалық мәтіндерде, қазақ авторлары шығармаларында әмбебаптық және ұлттық ПЕ қатар қолданыс тапқандығын көруге болады.
С.Мәуленовтың «Еңлік-Кебек зиратында» өлеңінің мына жолдарында:
Қыр үстінде Еңлік – Кебек қоштасты,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет