1. Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?
2. Есім салған ескі жол (еңсегей бойлы Ер Есім), Қасым салған қасқа жол …
3. Күлтөбенің басында күнде жиын.
Ә.Қайдар бірінші прецеденттік айтылымға қатысты нақты тарихи оқиғаны және оның ауыспалы мағынасын келтіреді: «1. Абылай ханның ұлан-ғайыр тойға айналған асына қылқұйрық мінген қазақтың бірі қалмай түгел тыраңдағаны – ел жадында сақталған бір үзік тарихи оқиға; 2. ауыс. Ел есінде қалған осы тәрізді ерекше үлкен қуаныш үстінде елден озып, бәйге алмасаң да, қолдан келгенше тыраштанып қалу - иісі қазаққа тән ата салты» дегенді аңғартады».
Достарыңызбен бөлісу: |