Қарабайдай қатайып алыпсың ғой,
Ата, Сен, шыныменен алжыдың ба?! Сен солайсың, Ләйлім менің, сенбе маған, сен мейлің.. Мың Мәжнүн мендей, сірә, тебіренбеген шығар-ау, Күшім бар деп, күшіндей Алпамыстың, Келсін шамам келмесін, шаруам жоқ, Геркулеспен келеді арпалысқым (М.Мақатаев).
Ақын К. Салықовтың«Мадам Баттерфляйға» (Қ. Сартбаеваға) арнау өлеңінде:
...Сұлусың Баттерфляйдің дәл өзіндей, Таң қалды Мәскеу нәзік әншілікке. Пинкертон келмей қалса, ренжіме, Орнына мен келемін Алатаудан. Мұнда прецеденттіліктің жіктеуші белгісі ретінде екі белгі алынып отыр: Дж. Пуччинидің «Чио-Чио-сан» операсының басты кейіпкері – америкалық офицер Пинкертонға тұрмысқа шыққан жапон гейшасы Баттерфляйдің сұлулығы мен әншілік өнері ПЕ арқылы апелляцияланған. Осы ақынның «Абылайдың суреті» өлеңінің мына үзіндісінде:
Қырынан салған суретке де таңданамын, Сайын дала Сократын көргендей. Ұлттық ПЕқазақ ханы Абылайдың бейнесін жіктеуші белгілері арқылы: «сырт ұқсастығы» мен «кемеңгерлігі, ойшылдығы» әмбебап ПЕ ежелгі грек ойшыл - философы Сократпен теңестіріліп отыр.
Байқағанымыз, ПЕ мәтінде, қатысым барысында жеке «таза» түрде қолданылуымен қатар прецеденттік жағдаят, прецеденттік айтылым құрамында да кездеседі. Бұл жерде прецеденттік айтылым деп қазақ тіліндегі тұрақты тіркестерді айтамыз, олар негізінен прецеденттік мәтіндерде қолданылады.
Алдымен ПЕ-нің шығу тегі, көзі қандай, ол қай жерде жиі қолданылады деген сауалға жауап беру қажет сияқты. Шығу көзі ретінде, ең алдымен, кеңінен танымал фольклорлық, мифологиялық, діни дискурстар, тарихи, көркем әдеби шығармалар, паремиялық, фразеологиялық қор, мақал-мәтелдер т.б. атауға болады. Сондай-ақ ұлттық ПЕ-ге ақиқат өмірде болған жалпыұлттық когнитивтік базаның өзегінен орын алатын кеңінен танымал тарихи тұлғалар (хандар, батырлар, билер, ақындар т.б.); Кеңес үкіметі тұсындағы пролетариат көсемдері, қоғам, өнер, ғылым қайраткерлері және т.б. реалды денотаты, референті бар есімдерді жатқызуға болады.
Жеке тілдік тұлға және ұлттық когнитивтік кеңістікте денотаты нөлге тең (оларды виртуалды кеңістік денотаты деп атауға болады) фольклорлық, мифологиялық, діни ПЕ-ді жатқызуға болады. Зерттеуші В.Красных жалпы ПФ-ді үш деңгейде қарайды: 1) әлеуметтік-прецедентті; 2) ұлттық-прецедентті және 3) әмбебап-прецедентті (адамзаттың когнитивтік кеңістігіндегі есімдер – Р.Қ.).
Прецеденттік есімдер қатарына прецеденттік топонимдер де жатады. Жалпы қазақ тілі прецедентті ономастикалық кеңістігінің басым бөлігін антропонимдер, поэтонимдер, топонимдер, хрононимдер құрайды. Мысалы:
1) прецеденттік антропонимдер: Қорқыт, Асан қайғы, Қ.Жалаири, Райымбек, Махамбет, Абылай хан, Абай, А.Байтұрсынов, Ә. Молдағұлова, М. Мәметова, Н. Назарбаевт.б. көптеп келтіруге болады.
2) прецеденттік поэтонимдер: шығарма (дискурс) атаулары: Күлтегін жазуы, Құтадғу білік, Абай жолы, Көшпенділер т.б.
3) прецеденттік топонимдер:Мекке-Медине, Балқантау, Түркістан, Күлтөбе, Ұлытау, Сарыарқа, Еділ-Жайық, Сырдария т.б.
4) прецеденттік жағдай хрононим (уақыт, тарихи кезең атауы) түрінде репрезентталады: Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, Аңырақай шайқасы, алтын ғасыр, зар заман, қайта құру кезеңі, Желтоқсан көтерілісіт.б.
Ономаст ғалым Г.Мадиеваның көрсетуінше: «В когнитивном сознании значительное место занимают прецедентные имена, которые не соотносятся с какой-либо конкретной ситуацией, но их владельцы обладают какими-либо качествами, имеющими ценность для социума, или совершали общественно значимые деяния». Зерттеушінің бұл ойы ұлттық лингвомәдени қауымдастық мүшелерінің барлығына немесе басым көпшілігіне танымал тұлғалар есімдері жеке прецеденттік мәртебеге ие екендігін растай түседі.
Қазақ тіліндегі ономастикалық атаулардың прецеденттілік нышандары кезінде проф. Т.Жанұзақтың зерттеулерінде көрініс тапқандығын айту керек. Прецеденттілікке негіз болатын оның құрамындағы жіктеуші, іріктеуші белгілерді Т.Жанұзақ ономастикалық атаулардың бейонимдену құбылысын қарастыру барысында, адамзатқа ортақ әмбебап антропонимдер Дон Кихот, Дон Жуан туралы «Сервантестің әйгілі геройы Дон-Кихот бастапқы ақыл-ойдың шынары болған жағымды қасиетін жоғалтып, ақымақ есер ретінде танылады. Ал Дон-Жуан болса, әйелдерді алдаушы, бәтуасыз адам ретінде көрінеді», дейді де қазақ әдебиетіндегі танымал жалқы есімдерге тоқталады, мәселен, Қарабай жалпы есім сипатына ауысып, «малқұмар, дүниеқоңыз», пасық, сараң адам, Шығайбай – сараң, қытымыр, пес деген сипатқа ие болатындығын айтады. Сондай-ақ ғалым, Қодар (қара күш иесі, дөкір), Мырқымбай (кім болса сол), Жантық (араға от салушы, арандатушы), Көсе (қу, сұм) т.б. көптеген мысалдарды келтірген.
Прецеденттік айтылымдарды Е.С.Бриченкова мәтіндегі қызметіне қарай канондық және трансформацияға ұшыраған деп ажыратады. Канондық деп бұл жерде прецеденттік айтылымның бастапқы «таза» нұсқасы, денотатпен тығыз байланыстылығы танылады. Трансформацияланған прецеденттік айтылым коммуникация барысында, көркем дискурста, БАҚ дискурсында қызмет ету барысында түрлі өзгерістерге ұшырайды, оған әртүрлі бағалауыштық, эмоционалдық коннотациялар үстемеленеді. Мысалы: Түркістан прецеденттік топонимі туралы М.Жұмабаев: «Көп түрік енші алып тарасқанда қазақта қалған қара шаңырақ», – деп, оны қазақ халқының «қара шаңырағына» теңейді.
Е.Бриченкова прецеденттік айтылымдарды олардың мағына деңгейі бойынша қарай контексте актуалдануын үш топқа бөледі: үстірт (поверхностное), терең (глубинное) және жүйелі (системный) мағына.
Бұл топтастыруды ПЕ қатысты да қолдануға болады. Біздің пайымдауымызша, бұл құрамында үстірт мағыналы ПЕ бар прецеденттік айтылымдарға да қатысты. Мұндай прецеденттік айтылым тиісті прецеденттік феноменді, нақтырақ айтсақ, ПЕ-нен хабардар болмай-ақ оның функционалдық (этномәдени) мағынасын түсінуге болады. Мысалы: Қорасан келгір!немесе Қорасан шыққыр! - малға, адамға айтылатын қарғыс. Қазақ тілінде жұқпалы (шешек) аурудың эвфемистік қолданысы ретінде қалыптасқан. Бұл прецеденттік тіркестің мазмұнындағы мәдени код (аялық білім, энциклопедиялық ақпарат) жақсы таныс (белгілі) болмауы мүмкін және ол міндетті де емес. Өйткені ол ұлттық-лингвомәдени қауым өкілдеріне негізінен тек қарғыс түрі ретінде белгілі, яғни денотаты дерексізденген.
Ал бұл прецеденттік бірліктің ішкі формасына үңілсек, Ә.Қайдардың жазушы А.Сейдімбектің сөзіне сүйене отырып келтірген пікірі бойынша бұл фразеологизмнің тірек компоненті болған қорасан лексемасы Иран провинциясындағы VІІІ-Х ғ.ғ. ежелгі Хорасан қаласының атымен байланысты қойылған. Шығыстың діни (мұсылман) орталығы болған Хорасан қаласына Мекке мен Медине қалалары сияқты зиярат жасаушы діни қауымның жұқпалы аурудан емделу үшін садақаға қой береді екен. Осыған байланысты «Қорасанға қой айту» фразеологиялық тіркесі де қалыптасқан көрінеді. Кейінірек Хорасан қаласының аты қазақ тілінің фразеологиялық құрамына еніп, індет, жұқпалы ауру түрінің атауы, қарғысқа айналған. Бұл фразема ішкі формасынан арылып, денотаты дерексізденіп, мәдени коды ғана өзектеліп, тек қарғыс ретінде қолданылып тұр.
Құрамында топонимдік атау кездесетін ұлттық лингвомәдени қауымға кеңінен таныс үстірт мағыналы тағы бір прецеденттік айтылымды келтіруге болады: Қоқан-лоқы - «жалған сес көрсету, қорқыту» мағынасындағы фразеологизм. Ә.Қайдар бұл фразеологизмнің этимологиясын нақты бір тарихи-әлеуметтік оқиғаларға байланысты қарастырады.
Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік бөлігінде Қоқан хандығының үстемдік жүргізу кезеңімен байланысты қазақ халқының өткен тарихының эпизоды, аялық білімдер қатарындағы, көпшілікке аса танымал емес, беймәлім экстралингвистикалық деректер, мәдени код жатыр.
Яғни жоғарыда екі прецеденттік феномен өздерінің прецеденттік мәтін немесе прецеденттік жағдаятпен байланысын үзгендігін көреміз. Реалды коммуникативтік жағдаятта мұндай ПФ алғашқы денотаттарымен байланыстыру мүмкін емес және оның қажеті де жоқ.
Терең мағыналы ПФ түсіну үшін де оған дереккөз болған мәтінді білудің қажеті болмайды, ол имплицитті түрде жүйелі мағынада көрініс табады. Мысалы, Сырдың суы сирағынан келмеу«көзсіз батырлық, ештеңеден қорықпау», – деген мағынаны білдіріп тұр, алайда реалды денотатынан түпкілікті қол үзбеген, лингвомәдени қауымдастықтың когнитивтік кеңістігіндегі танымал референтті меңзейді, яғни жарым-жартылай деректі болып келеді. Дегенмен бұл жерде имплицитті түрде оның (судың) тереңдігіне ғана қатысты компонент қосалқы түрде актуалданып тұр.
Алғашқы дереккөз мәтінмен немесе жағдаятпен байланыстырғанда ғана түсінуге болатын жүйелі мағына құрамында онимдік бірлік кездесетін прецеденттік айтылымдарды оны тудырған мәтін, жағдаяттан бейхабар коммуникант дұрыс түсінбейді. Мысалы: