Ұлттық мәдени кеңістіктегі жалқы есімдердің прецеденттік сипаты


Дүбір-дүбір төртеу, Есенгелді



бет8/15
Дата07.02.2022
өлшемі195 Kb.
#86624
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Жалқы есімдердің прецеденттілік сипаты

Дүбір-дүбір төртеу, Есенгелді екеу, Жағалбайлы – жалғыз, оның таңы – қарбыз (түйенің төрт аяғы, екі құлағы, құйыршығы);

  • Төлей байдың баласы төбелесіп келді, Егізбайдың өгей ұлы ерегісіп келді (түйенің аяғы, өркеші);

  • Мың қойым суға кетті,

    Байжан ақсақал қуа кетті (шаш пен ұстара)
    Жұмбақтардағы антропонимдердің қызметі қандай десек, олар прецеденттіліктің ешбір деңгейі мен мағыналық тобына жатпайды. Ал олардың денотаты виртуалды, нөлдік денотат деуге болады. Жұмбақтар мәтініндегі антропонимдер негізінен ұйқас үшін енгізілген тәрізді. Өйткені олар ешбір қосымша мәдени ақпарат беріп тұрған жоқ. Сондықтан қызметі жағынан жұмбақ мәтіндеріндегі антропонимдер есімдік сипатқа көбірек ие, дерексіз онимдер қатарына жатады.
    Жалқы есімдердің прецеденттілігіне, сондай-ақ, мақал-мәтел, жұмбақ құрамындағы кейбір жалқы есімдердің прецеденттілігіне А.В.Суперанская күмән келтіреді. Есім таңдауды ол негізінен ұйқасқа негізделген деп табады. Мысалы: На всякого Егорку есть поговорка;
    Каков Сава, такова, ему и слава;
    У всякого Федорки свои отговорки.
    «С.Н.Смольников называет подлинные имена потенциальными, условными, неиндивидуальными, обозначающими «общую категорию людей с детализацией пола, национальности и пр.». Но они прежде всего обозначают людей, относящихся к известной социальной группе – русское крестьянство, и за каждым именем может стоять любой человек, мужчина или женщина. Поэтому непонятно, что в них прецедентно. Они ближе всего по функциям к местоимениям».
    Ғалым ПЕ-ге қатысты лингвомәдени әлеуеті жоғары, көпшілікке, тілдік ұжым мүшелерінің барлығына дерлік белгілі көптеген жалқы есімдер ішінен аз ғана бөлігін кейбір ғалымдар прецеденттік деп атайтындығы туралы пікір келтіреді де ойтүйін орнына: «то, что в последние годы называют прецедентными именами, не составляет целостного явления. Это различные виды и степени апеллятивации имен собственных», – дегенді айтады [54]. Прецеденттік терминіне аталмыш ономаст-ғалым оң қабақ таныта қоймағанмен, бұл термин «үлкен лингвистикада» кең ғылыми айналымға еніп кетті. Ресейде, Украинада, ішінара Қазақстан тіл білімінде прецеденттік феномендерге арналған докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалып жатыр.
    Шындығында, кез келген жалқы есім прецеденттік сипатқа ие емес екендігі белгілі, ойымызды нақтыласақ, халықтың когнитивтік базасынан өзекті орын алатын, күнделікті қолданыста жиірек тілге тиек болып, қайталанып отыратын ұлттық лингвомәдени қауымдастық мүшелеріне етене таныс жалқы есімдер корпусы прецеденттілікке ие.
    Прецеденттік есімдердің прецеденттілік деңгейі мен прецеденттілік қызметіне қарай «таза» дербес прецедентті есім және прецедентті айтылым, прецеденттік мәтін құрылымындағы ПЕ деп шартты түрде бөліп қараған деп санаймыз.
    «Таза» ПЕ-ге жоғарыда мысал келтірген болатынбыз, олар жеке тұрғанда да, қандай да дискурс, мәтін құрамында да прецеденттік әлеуеті, яғни лингвомәдени әлеуеті жоғары атаулар. Мысалы, тек Түркістан атауын алсақ, ол топонимдік концепт ретінде де ұлттық прецеденттік ономастиконның өзегінен орын алады.
    «Түркістанда түмен бап» деп басталатын танымал прецеденттік мәтін құрамында, сондай-ақ, Мағжан Жұмабаевтың төмендегі поэтикалық жолдарында:
    Түрік кіндігі – Түркістан
    Түркістан –
    Ертеде Түркістанды Тұран дескен
    Тұранда Ер Түрігім туып-өскен;
    Түркістан – екі дүние есігі ғой
    Түркістан – Ер Түріктің бесігі ғой
    Тамаша Түркістандай жерде туған
    Түріктің тәңір берген несібі ғой!
    Меккеміз біздің – Түркістан.
    Осы сынды ПЕ қатысты көптеген мысалдарды келтіре беруге болады.
    Қазақ халқының когнитивтік базасында ұлттық сипаттағы ПЕ-ден өзге, әмбебап, жалпы адамзаттық прецеденттік атаулар да орын алады.
    Айтарын ашып айтқан абайламай,
    Дариға-ай,


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет