Еңсегей бойлы Ер Есім
Есім, сені есірткен
Есіл де менің кеңесім.
Ес білгеннен, Есімхан
Қолыңа болдым сүйесін.
Қолтығыңа болдым демесін.
Мен жоқ болсам, Есімхан,
Ит түрткіні көресің
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?
Көруші едім, Есімхан,
Ханымды күнім, сізді айымдай (Жиембет жырау) немесе Марғасқа жыраудың жыр жолдарында:
Ей, Қатағанның хан Тұрсын
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың.
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың!
Еңсегей бойлы Ер Есім
Есігіңе келіп тұр.
Алғалы тұр жаныңды
Шашқалы тұр қаныңды!
Жиембеттің жыр жолдары прагматикасында ханға деген реніш, наз эмоциясы басым. Марғасқа жыраудың Қатаған ханға деген сөзінде ашу-ыза, агрессия толы эмоциялық коннотация қолданылса, Есім хан туралы сөзінде оны арқа тұтып, мадақтау, құрметтеу коннотациясы орын алады.
Күлтөбенің басында күнде жиын прецеденттік айтылымындағы Күлтөбе оронимі –тарихи топонимдік кеңістікте реалды денотаты болған Сырдария алабындағы төбе аты. Сондай-ақ Сайрам жерінде Мәртөбе, Түркістанда Битөбе болған. Прецеденттік айтылымның ауыспалы мағынасы нақты тарихи жағдаяттан абстрактіленіп «маңызды мәселелерді шешу үшін үнемі не жиі бас қосатын жиналыс» дегенді білдіреді. Дереккөз инвариантына жүгінсек, қазақ жерінде ХVІІ ғ. Тәуке хан билік құрған нақты тарихи кезеңмен байланысты. Ол атақты би, шешендер, батырлар мен өзге атқамінерлерді жинап, елдің сыртқы, ішкі жағдайы туралы ортақ шешім қабылдау үшін осы Күлтөбеде кеңес, мәслихаттар өткізіп тұрған. «Частота употребления этого выражения и распространение в широкой массе народа сделало его устойчивым и придало ему фразеологическое и поговорочное значение. Фразеологизм структурно устойчив и вводится в речевую ситуацию при помощи соединительного элемента дегендей, деген екен и пр.».
Байқағанымыздай, жоғарыдағы үш прецеденттік феномендерде кең аялық білім, энциклопедиялық тарихи ақпарат, мәдени код қатталған. Коммуникация нәтижелі болу үшін екі жақ коммуниканттарынан жоғары тілдік құзыреттілікті қажет етеді. Өзге тілдік ортада тиісті мәтінді аударғанда аудармашы мұндай ПФ-ге қажетті түсініктеме бермесе, бұл ақпараттың өзге тілді коммуникантқа, оқушыға мәдени коды ашылмай, түсініксіз, жабық күйінде қалады.
Прецеденттік мәтінге жататын, оның құрылымында онимдік бірліктер кездесетін қазақ тіліндегі жұмбақтар мен кейбір тұрақты тіркестердің прецеденттілік деңгейі күмән тудыратын қызықты ой-тұжырымға келдік.
Мысалы, жұмбақтар:
Достарыңызбен бөлісу: |