Су аяғы – Қорқыт
Мәдени код: «ауыс. Қорқыт атаның өмір сүрген (VІІІ-ІХ) қаласы Жаңакент Сыр өзенінің Арал теңізіне құйылар жерінде тұрғандықтан, осылай аталып кеткен болуы керек (Қорқыт Ата кітабы, 3)».
Сүмбіле туар жылтиып, ат семірер қылтиып
Мәдени код: «Сүмбіле көтеріліп, көкке шыққан мезгіл – шопандар өміріндегі бір жақсы кезең. Күн ұзарып, өсімдік сарғаяды, шөп піседі, мал семіреді. Шопандар қойларын түн асырып жаяды. Шүйгін шөп, көкорай шалғынға оттаған мал жақсы күйлейді, қуаттанады, әсіресе жылқы малы жақсы семіреді. «Оңтүстік елі Таразы туа тау етектеп, Сүмбіле туа суы суып, күзеуге бет алады» (Х.Әбішев) деу де, міне, осыдан».
Достарыңызбен бөлісу: |