М.Қ. ҒЫлым философиясы және тарихы барлық мамандықтары бойынша оқитын магистранттарға семинар сабақтарын және МӨож орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Өскемен 2014



бет18/56
Дата04.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#109030
түріСеминар
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
Байланысты:
История и философия науки. Методические указания

Гностиктер - (грек, gnosis - білім) - христиан теологиясын Көне Шығыс діндерімен, неоплатонизм және пифагореизммен біріктірген діни

Философиялық ағым. Гностиктердің түсінігі бойынша, Құдайды тану мүмкін емес. Оны тек материядан тыс кұрылуынан танисың. Себебі материя - зұлымдық, қасірет. Философия тарихында iзi қалған гностиктер ретінде мысырлық Валентинді және сириялық Валентинді атауға болады. Eкeyi де 2 ғ. өмip сүрген.



Генезис - 1) Шығу, пайда болу тегі; дамып жатқан құбылыстың кұрылуы немесе қалыптасу үдерісі. (грек. - пайда болу, қалыптасу) - генетикалық- диахрондық әдістемеде дамушы құбылыстың, нәрсенің, болмыс бітімдерінің бастапқы кезеңі шығу тарихы, қалыптасу сатылары. Генезис ұғымы мәдениеттану ілімінде кеңінен қолданыс табады. Тарихи мәдениеттануда тарихи-мәдени типтердің қалыптасуына үлкен мән беріледі. О.Шпенглер, Н. Данилевский, А. Тойнби оқшау мәдени типтерді зерделегенде, олардың бастапқы қалыптарын талдау нәтижесінде алынған ерекшеліктерінен кейінгі даму бағыттарын айқындайды. Мифология санада генезис хаостан (ретс1здштен) гармонияға (үйлесімділікке) өту ретінде қарастырылады. Антиктік мәдениетте генезис табиғи және әлеуметтік нақтылы болмыс бітімдерінің қалыптасуы түрінде зерделенген (логос, атом, стихиялар, субстрат пен субстанция). Жаңа заманда Гердер, Кант, Гегель жэне т.б. генезис ұғымын жалпы даму ілімінің аумағында қарастырады. Эволюциялық теорияның қалыптасуы генезис ұғымын жан-жақты толықтырды. К. Юнг генезис ұғымын дамудың бастапқы үлгілері - архетиптер тұрғысынан зерделейді Феноменологияда ғылыми зерттеудің статикалық және генетикалық әдістемелері негізделеді. Қазіргі мәдениеттануда құрылымдық-синхрондық зерттеулердің генетикалық-диахрондық ізденістермен 6ipге жүргізілуі маңызды әрі нәтижелі болады деп есептеледі.

Герменефтика - (грек, hermeneutike -тусіндіру өнері) - алғашқы мазмұнында көнеліктен немесе көпмаңыздылықтан түсініксіз мәтіндерді түсіндіру өнері және ілімі. Герменевтика ежелгі антик дәуірде көне ақындардың (ең алдымен Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, кұпиялап айтуларды тусіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Ортағасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта өрлеу дәуірінде герменевтика антик мәдени мұралардың тілін тipi, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф.Шлейермахер еңбектерінде герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тэжірбие сенімнің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірбиесі арқылы ecкi діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Ал Г.Гадамер герменевтиканы «тұлғалық түсінуші тәжірбиемен» байланыстырады.

Ғылым - 1) Әлем туралы объективтік, жүйелі ұйымдастырылған және негізді білімдерді кұрауға бағытталған танымдық қызметтің ерекше турі 2) ғылыми танымдық қызметтің жұмыс icтеуін қамтамасыз ететін әлеуметтік институт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет